Дежурный по стране

Обнародовать имена "гоняющих" водителей предложил Багдат Мусин
Цель не в том чтобы всю страну перештрафовать, а именно научить правильной аккуратной езде!...
Багдат Мусин, председатель Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры РК

Мы в соц сетях:

  • Matritca.kz в Facebook
  • Matritca.kz в Вконтакте
  • Matritca.kz в Twitter
Сколько реально получают депутаты?

Сколько реально получают депутаты?...

Кому нужен английский в Казахстане? (ВИДЕО)

Кому нужен английский в Казахстане? (ВИДЕО)...

НЕ ТРОГАЙ ПРЕДКОВ, АТАМБАЕВ, ОСТАНЕШЬСЯ БЕЗЫМЯННЫМ!

НЕ ТРОГАЙ ПРЕДКОВ, АТАМБАЕВ, ОСТАНЕШЬСЯ БЕЗЫМЯННЫМ!...

Как аул может вытащить страну?!

Как аул может вытащить страну?!...

Может быть ректор Мутанов ответит за декана Заядана?!

Может быть ректор Мутанов ответит за декана Заядана?!...

Деловой туризм: управление рисками в нестабильном мире

Деловой туризм: управление рисками в нестабильном мире...

И все-таки что стало причиной массового падежа сайгаков в 2015 году?

И все-таки что стало причиной массового падежа сайгаков в 2015 году?...

Регионы
Казахстана

Темы:


100 ЖЫЛДЫҚҚА ТАРТУ ЕМЕС… ТАЖАЛ СЫЙЛАМАҚ!?.

100  ЖЫЛДЫҚҚА ТАРТУ  ЕМЕС… ТАЖАЛ СЫЙЛАМАҚ!?.
Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының туып-өскен жері, қасиетті Торғай өңірінен Ресей полигоны ашылмақ!..

Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның бастауында тұрған Алаш қозғалысыына биыл 100 жыл толды. ЭКСПО-ның екпініне есі кеткен биліктің бұл жалпыұлттық мереке болуға тиіс мерейтойға жеткілікті көңіл аудармай, жетім қыздың тойы ғұрлы да өткізер түрі жоқ. Ал біз биліктен ұлы тойға лайықты тарту күтіп жүргенде –тажал сыйлап жатыр!..

Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының туып-өскен жері, қасиетті Торғай өңірінен Ресей полигоны ашылмақ. Ресейге бұрын да талай жерімізді жалға беріп отырған Қазақ үкіметі сынақ жүргізу үшін енді тағы Қостанай облысы Жангелдин ауданынан 76 мың гектар жер бөліп беруге келісім жасауда. Кең байтақ киелі Торғай өңіріне енді Байқоңырдан ұшатын Ресейдің «Союз-2» зымырандарының қатерлі бөліктері құлай беретін болады.

Алаш ордасы болған ұлы Абайдың отаны Семейді әлемге әйгілі полигонымен жарты ғасырдай жалмап, Алаштың екінші астанасы Қызылордадағы Байқоңырдың барын сорып, Қорқытың көрін қазып, енді Алаш арыстары туған Торғайдың тоз-тозын шығару Ресей үшін түк те қиын болмай тұр… Бір алаңдатарлығы осы экологиялық қатерлі өңірдің барлығында 100 пайыз қазақтар тұрады…

«Қостанай таңы» газетінен белгілі болғандай, Торғай өңіріне барған Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов пен Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов жергілікті елмен кездесіп, жер беру мәселесін шешіп қойыпты… Бұл туралы 31 арна дабыл қақты.

Бұрын бұған қарсы болып, қарғып тұрып, үкіметке хат жазған ауыл ақсақалдары Жангелдин ауданына жыл сайын бөлінетін 151 миллион теңгеге құлап түсіпті… Сонымен бірге полигонның нақ іргесінде орналасқан Ақкөл мен Қарасу ауылдарына жедел жәрдем бөлініп, ауыз су тартылмақ екен.

Үкіметтің жедел жәрдемі – «Жедел жәрдемге » айналып кетпейтініне нық сеніп отыр ма екен ауыл белсенділері?

Ақкөліміз – Ажалкөл, Қарасуымыз – Қандысу болып жүрмей ме?

151 миллион теңге алған ауданның полигонның экологиялық апатынан табатын қасіреті миллиардтармен де өлшене алмай қалмай ма ертең?..

Торғай өңіріне бейбіт мақсатпен бармаған Бейбіт Атамқұлов бұған кепілдік бере ала ма? Қасиетті өңірді қорғай алмаған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі ертең бұл қатерлі шешімнің сұрауы ауыр болатынын сезер ме екен? Бүгін үкімет не десе де, үндемей келісе салған облыстың жері мен еліне жауапты әкім Архимед Мұханбетов мырза ертең не дейді?

Жер Ресейге 3 жылға жалға берілді дейді… 1956 жылы Өзбектанға 30 жылға деп берілген жер жәннаты Бостандық ауданы қайда қазір? Кейін жалға берілген Жетісай, Мақтарал, Киров аудандарын кейін зорға жылап жүріп үштен бір бөлігін ғана зорға қайтарып алдық. Қалған жерімізден өзбектер бір облыс ашып алып, жайнап отыр…

Осы өңір Өзбекстанға берілетін кезде қызмет істеген республика басшыслары мен министрлерді, облыс, аудан басшыларын, елді келістіруге ерекше күш салған белсенділерді қазір ар жақтағы қазақтар да, бер жақтағы ел де қарғап отырады… Бұл сөзді мен қазіргі үкімет басшылары, министр мен облыс, аудан әкімдері үшін ғана емес ауыл ақсақалдары мен белсенділері үшін де айтып отырмын…

Қазақтың мылтықсыз-ақ жазылмас қауіпті дертке ұшырап, қырыла беруіне қарап отыра береміз бе сонда?

Әлеуметтік желіде қатты қарсылықтар басталып кетті. Торғай өңірінің тумасы, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, көрнекті ақынымыз Серік Тұрғынбекұлы мен қостанайлық ақын Нағашыбай Қабылбек, торғайлық жас ақын Саят Әбен қарсылық танытып жазған жырлары әлеуметтік желіде таралып жатыр…

Алаш көсемдері туған өңірде тепсінісіп келгенде теңдік сұрар ерлер аз емес шығар…

Дереккөз: Қазақ үні
Просмотров: (394), комментариев:(0)

Поделиться материалом


11:45 Казахстан превращается в мононациональное государство... 1184 Просмотров 0 Комментариев

10:20 Я буду отстаивать своё право на свободу слова, - Асель... 9008 Просмотров 0 Комментариев

14:37 Сколько реально получают депутаты?... 1422 Просмотров 0 Комментариев

13:18 Картофельный сговор по-казахски?... 942 Просмотров 0 Комментариев

13:04 АСТАНА МЕН ӨҢІРЛЕРДІ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ... 203 Просмотров 0 Комментариев

12:46 Суд вынес приговор жителю Астаны за подделку больничного... 280 Просмотров 0 Комментариев

12:30 В МОН и Минтруда не соблюдают трудовое законодательство –... 1651 Просмотров 0 Комментариев

12:06 Новорожденного ребенка выбросили на помойку в Шымкенте... 270 Просмотров 0 Комментариев

11:32 Проспекты Сейфуллина и Абылай хана планируют сделать... 727 Просмотров 0 Комментариев

11:24 Кому нужен английский в Казахстане? (ВИДЕО)... 669 Просмотров 0 Комментариев

11:13 ҚАЗАҚ ТІЛІН САҚТАП ҚАЛАМЫЗ ДЕСЕК, ЕШКІМНІҢ ПЕРНЕТАҚТАСЫНА... 236 Просмотров 0 Комментариев

10:47 ДВД: водитель трамвая не виновата в наезде на мальчика... 413 Просмотров 0 Комментариев

10:28 Упавший с 3-го этажа в алматинском ТРЦ мальчик пришел в... 206 Просмотров 0 Комментариев

10:24 Умерла жительница Костаная, отказавшаяся от переливания... 144 Просмотров 0 Комментариев

09:42 Более трехсот фур "застряли" на казахстанско-российской... 510 Просмотров 0 Комментариев

09:16 ПОГОДА НА СУББОТУ: осадки и усиление ветра ожидается на... 147 Просмотров 0 Комментариев

23:14 Каждый день в Казахстане от рака груди умирают три женщины... 361 Просмотров 0 Комментариев

22:54 В Кызылорде учительница "поставила" двойку на лице школьницы... 1718 Просмотров 0 Комментариев

20:55 Прослушку родителями детей в школе через "умные часы"... 8893 Просмотров 0 Комментариев

20:31 Самосожжение в Улжане: экс-судью оправдали... 191 Просмотров 0 Комментариев

20:10 Официальной информации об отказе от техпомощи в 100 млн... 298 Просмотров 0 Комментариев

14:15 Бизнесмен пытаясь покончить с собой протаранил газовую... 377 Просмотров 0 Комментариев

13:54 В Казахстане распадается каждый третий брак... 307 Просмотров 0 Комментариев

13:47 Храпуновым предъявили новые обвинения... 203 Просмотров 0 Комментариев

12:27 Дело экс-главы ЕНПФ передано в суд... 212 Просмотров 0 Комментариев

12:10 Капитальный ремонт 17 вокзалов проведут в Казахстане в 2018... 215 Просмотров 0 Комментариев

11:51 Бережно относиться к культурному наследию призвал Даниал... 176 Просмотров 0 Комментариев

11:34 Когда просим для населения - денег нет, на содержание АО -... 19617 Просмотров 0 Комментариев

11:10 Увеличение численности рыбы наблюдается в Жамбылской области... 155 Просмотров 0 Комментариев

11:00 В СКО площади масличных культур увеличат до 1 миллиона... 299 Просмотров 0 Комментариев

10:35 Рекордную сумму собрали предприниматели на форуме «Туған... 346 Просмотров 0 Комментариев

10:01 РЕСЕЙ ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰЛАҒАН «ПРОТОН-М» ЗЫМЫРАНЫ ҮШІН ӨТЕМАҚЫ... 307 Просмотров 0 Комментариев

09:44 Обнародовать имена "гоняющих" водителей предложил Багдат... 314 Просмотров 0 Комментариев

09:03 Водитель Lexus насмерть сбил женщину и скрылся с места ДТП... 332 Просмотров 0 Комментариев

08:49 Уроженка Тараза заявила о своем намерении участвовать в... 467 Просмотров 0 Комментариев

08:43 Электронный паспорт здоровья внедрят в РК в 2018 году... 198 Просмотров 0 Комментариев

08:31 ПОГОДА НА ПЯТНИЦУ: дожди и туман, на юге - без осадков... 165 Просмотров 0 Комментариев

08:20 Курс валют на 20 октября... 181 Просмотров 0 Комментариев

22:02 Водитель автобуса предстанет перед судом за ДТП с... 206 Просмотров 0 Комментариев

20:50 Нацбюро: Куандык Бишимбаев погасил государству ущерб в 1,2... 281 Просмотров 0 Комментариев








Опрос


«    Октябрь 2017    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031