29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АУЫЗ СУДЫҢ АЗАБЫ немесе сайлаушылар аманатына адалдық танытпаған депутат

06 октябрь 2017, 13:41
АУЫЗ СУДЫҢ АЗАБЫ немесе сайлаушылар аманатына адалдық танытпаған депутат Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы мен оны кезең-кезеңмен жүзеге асырудың жолын көрсеткен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында елдің әлеуметтік ахуалын айтарлықтай жақсартудың межелері көрсетілген болатын. Ұлт жоспарына жүгінсек, тұрмысқа қажетті таза ауыз су, көгілдір отын, тұрақты электр энергиясы халыққа қолжетімді болуы тиіс.

Бұл мақсатта судың сапасы барлық белгіленген санитарлық нормаларға жауап беруі қажет екендігі, со­ны­мен қатар жерасты сула­рының әлеуетін кеңінен пайдалану, сумен қамтудың жа­ңа желілерін салу кезінде жүйелілік қағидатын қолдану керектігі айтылып, «2020 жы­­лы орталықтандырылған су­мен қамтуға қол жеткізу қа­лаларда 100 пайызды құрауы тиіс. Ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 2 есеге артып, 80 пайызға жетуі керек»,­ ­ делінген еді.

Алайда, Мақ­тарал ауданы Құрбан ата ауы­лы тұрғындарының ша­ғымына зер салсақ, Елбасы тапсырмасына сәйкес атқа­рылатын міндеттемелердің жер­гілікті жерде сапасыз­ орындалып жатқанын аң­­ға­рамыз. Өкініштісі, бұл ке­леңсіздік аудандағы сайлау­шы­лар қолдап дауыс берген Оңтүстік Қазақстан облыс­тық мәслихатының депута­ты Шералы Қаныбеков бас­қа­ратын «Мақтарал-Сер­вис» кәсіпорнындағы жа­уапсыздықтың салдары­нан орын алып отыр.

Арыз­­­­­шағымның азаюына соң­­­ғы жылдары жаңа форматта жұмыс істеп жатқан жергілікті әкімдіктердің өңір­де көрсетілетін мем­лекеттік қызметтердің сапа­сын жақсарту, әкімшілік ке­дергілерді жою мақса­тындағы «Ашық әкімдік» қызметі де септігін тигізуі тиіс еді. Алайда Мақтарал ауданы әкімдігі сайтындағы ақпараттың кейбірі күмән тудырады.

Аудан әкімдігінің ресми сайтында «Еліміз тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде 182 елді мекеннің 60 елді мекені (33%), 165 мың халық (54%) табиғи газбен қамтылса, 350 мың халық 100% ауыз сумен қамтамасыз етілген» деген ақпарат бар. Бірақ аудандағы елді мекендердің тұрғындары әлі күнге ауыз суды көрші ауылдардан тасып ішетінін айтады.

Мақтарал аудандық прокуратурасы анықтаған деректер де тұрғындардың ауыз сумен толық қамтылмағанын айғақтайды. Яғни аудан халқы 100% ауыз сумен қамтамасыз етілгені жөніндегі мәлімет көзбояушылық, тек қағаз жү­зіндегі көрсеткіш болып отыр. Мақтарал ауданы Құрбан ата ауылы тұрғындарының сапалы ауыз суға зәру екені жүз­ пайыздық көрсеткішке кү­мән келтіріп тұр. Ауыл тұр­ғындары бұған дейін де құ­зырлы органдарға, атқарушы билікке арызданғанымен, одан еш нәтиже болмағанын айтады.

Сапасыз су берген басшылар халықтың денсаулығын неге ойламайды?

Кейбір жерлерде сол сапасыз судың өзі де жоқ. Мақтарал ауданындағы ауыз судың жағдайы тиісті талаптарға жауап бермейді. Биыл 19 мамырда аудан прокуратурасы біздің жазған арызымыз бойынша тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуге жауапты «Мақтарал-сервис» мекемесінің жұмысындағы заңсыздықтарды анықтап, аудан әкімі Ғ.Исмаиловқа ұсыныс хат жолдаған болатын.

Алайда арада төрт ай өтсе де кінәлі азаматтарға ша­ра қолданылмай келеді», дейді шағымданбасқа шарасы қалмаған тұрғындар. Мақтарал ауданы про­ку­рорының міндетін атқа­рушы А.Досаевтың аудан әкі­мі Ғ.Исмаиловқа 19 мамыр күні жолдаған ұсыныс хатында Құрбан ата ауылы тұрғындарының жазған арызы бойынша «Мақтарал- Сервис» кәсіпорнына тексеру жұмыстары жүргізілгені, бірқатар фактілердің анық­талғаны баяндалған.

Құзырлы орган анықтағандай, Абибулла, Құрбан ата, Алғабас, Таубай ата, Қазыбек би, Жамбыл, А.Оспанов елді мекендеріне судың берілу уақыты 12 са­ғат­тан аспайды. Ал ауыл тұр­ғындарының айтуынша, су 8-10 сағат қана беріледі.

Судың сапасы төмен, тұзды. Құрбан ата ауылындағы жағдай тіптен нашар. Тексеру барысында Т.Мергенбаев көшесінде орналасқан су мұнарасының тесілгені, нысанның есігі жоқтығы, ішінде сиырлардың жүргені анықталған. Ауыз су ауылдағы 323 абоненттің 150-ге жуығына ғана жетеді. Қалған абоненттерге су жетпегендіктен, олар көрші жатқан Алғабас, Абибулла елді мекендерінен тасып ішеді.

«Мақтарал-сервистің» қызметі сапасыз болғанымен төлемақысы қымбат. Адам басына 220 теңгеден белгіленген. Ал кейбір отбасылардан айына 500-1000 теңгеден жинап алады. Ауыз су қызметіне жауапты оператор бақылаушылардың жалақысы да мардымсыз.

Бір оператор 23 мың теңге, ал келесісі айына бар-жоғы 12 мың теңге жалақы алады. Ауылда екі «Омега» су қондырғысы жұмыс істейді.

Бір литр су 1 теңгеден сатылады екен.


Сонда тұрғындар 1 тек­ше метр су үшін қанша ақша төлейтінін есептей беріңіз. Облыстық мәслихат депутаты Шералы Қаныбеков бас­қарып отырған «Мақтарал-Сервис» кәсіпорнының жұмы­сын бұған дейін аудандық тұты­нушылардың құқығын қор­ғау басқармасы да тексеріп, кемшіліктерін көрсеткен. Тек­серу барысында Құрбан ата, Жам­был елді мекендеріндегі су нысандарының санитарлық жағдайы талапқа сай еместігі анықталды.

Судың сапасын бақылау, су құбыры желілеріне дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу үшін лицензиялық құқығы бар арнайы мекемемен келісімшарт түзілмеген. Бұдан басқа да көптеген ке­лең­сіздіктерді көрсете келе, тұ­тынушылардың құқығын қор­ғау басқармасы Әкімшілік кодекстің 462-бабының 3-бөлі­гімен хаттама толтырады. Бірақ хаттамада көрсетілген ескер­тулер орындалмаған. Ес­кер­тулерге құлақ аспаған соң басқарма сотқа жүгінген.

Мақтарал аудандық со­ты «Мақтарал-Сервис» кәсіп­орнына қатысты арнайы қау­лы шығарып, әкімшілік айып­пұл салады. Қаулыда 2016 жылдың 21 қазанына дейін бұзушылықтарды жою туралы 13.09.2016 жылғы №206 санды нұсқаманың орын­далмағаны, яғни Қазыбек би ауыл­дық округінің Құрбан ата, Жамбыл елді мекендері, Жаңа ауыл ауылдық округінің Ынтымақ, Жаңа ауыл елді мекендері, Жылысу ауылдық округінің Байқоныс, Баққоныс елді мекендері, Ділдәбеков ауылдық округінің Күрішті елді мекені, Жаңа жол ауылдық округінің Фердоуси елді мекені су ұңғымаларында су жинағыш мүкаммаларының санитарлық қорғаным аймағы толығымен қор­шалмағаны, жөндеу жұ­мыс­тары жүргізілмегені жа­зыл­ған.

Барлық елді мекен­дердегі жабдықтау көзінің бірінші белдеу аумағы са­ни­тарлық талапқа сәйкес көгал­дандырылмаған, күзетпен қам­тамасыз етілмеген. Ауыз су сапасының гигиеналық нор­маларын сақтауды және қауіп­сіздігін, санитарлық-тех­никалық жағдайын бақылауды қамтамасыз ететін іс-шара жос-пары жасалмаған. Құзыр­лы мекемелер анықтаған кем­шіліктер жетерлік. Қыс­қарта айтсақ, көптеген бұзу­шылықтарды назарына алған сот «Мақтарал-Сервис» кәсіп­орнына 100 айлық есептік көр­сеткіш көлемінде (212 100 теңге) айыппұл салады. Кәсіпорынның жұмысы екі күнге тоқтатылады.

Тұтыну­шылардың құқығын қорғау басқармасы әкімшілік хаттаманы кәсіпорынның басшысы Ше­ралы Қаныбековтің үстінен толтырған. Демек кәсіпорын бас­шысы Ш.Қаныбеков жауап­кершілікке тартылуы тиіс еді. Бірақ жұмысты ұйымдастыра алмаған, өз міндетіне жауапсыз қараған басшы емес, кәсіпорын «кінәлі» болып шы­ға­ды. Ақпанда шыққан соттың қау­лысынан кейін де «Мақ­тарал-Сервистегі» жағдай оңал­маған. Мамырда тексеру жүргізген прокуратура жағдай­дың бәз-баяғы қалпында екен­дігіне көз жеткізеді.

Мұн­дай­ жауапсыздық ауыл тұр­ғындарын ашындырып, жер­гілікті биліктің жұмысына қа­тысты күмәнді ойларға жетелеп отыр. Осы арада айта кетелік, тұрғындардың арыз-шағымына негіз болған кәсіпорын басшысы әрі облыстық мәслихаттың депутаты Шералы Қаныбеков кезінде сайлаудың үгіт-насихат шаралары басталмай жатып басы дауға қалғанымен, додадан сол жолы шеттетілмеген еді. Шеттетілмегені былай тұр­сын, сайлауда тағы да бағы жа­нып, кезекті рет депутаттық мандатты иеленді.

Ал депу­таттық мандат дегеніңіз ха­лықтың аманаты емес пе? Алай­да ауыл тұрғындары ха­лық қалаулысының ама­натқа адалдық танытпай, өзі басшылық ететін «Мақтарал-сервис» кәсіпорны жұмысына жауапсыз қарап, жұрттың на­разылығын тудырып отыр­ғанын айтуда. Қайбір жыл­дары жергілікті ақпарат құ­рал­дарында Мақтарал ауда­нындағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ете­тін «Мақтарал-сервис» кәсіп­ор­ны ауыз су жүйелерін ағым­­дағы жөндеуден өткізу үшін бюджеттен қомақты қар­жы алғаны, қаржының бір бө­лі­гінің құрдымға кеткені жазылған еді.

Нақты цифрларға тоқ­талсақ, «Мақтарал-Сервис» құ­бырларды жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 2012 жылы 192 миллион теңге, 2015 жылы 273 миллион тең­ге алған. Бірақ қазынадан алын­­ған қомақты қаржының нә­тижесі байқалмайды. Ауыз су­ға зәру ауыл тұрғындары Ш.Қаныбеков депутаттық мандатты жауапкершіліктен жалтару үшін де пайдаланып отыр, сайлаушыларының талап-ті­легін орындаудан қызмет орнын сақтауды көбірек ойлайды деп есептейді. – Жергілікті атқарушы би­лік­тегілер Ш.Қаныбековті шектен шыққан кемшіліктер үшін жұмыстан босатудың орнына оған қолдау көрсетіп келеді.

Ералы Қаныбеков былтыр 5 қарашада зейнеткерлік жасқа толды. Аудан әкімдігі онымен арадағы келісімшартты 1 жылға ұзартты. Бір қызығы ке­лісімшарт арада екі айдай уақыт өткенде 2017 жылдың 5 қаң­тарында жасалады.

Бұл жерде де заң талаптары бұзылып тұр.

Оған қоса мемлекеттік ме­кемелерде басшылық қыз­мет атқаратын талай адам зей­неткерлік жасқа тола салысымен қызметімен қош айтысып жатқанынан хабардармыз. Ендеше баршаға ортақ дейтін заң күші Қаныбековке келгенде пәрменсіз болып қала ма? – дейді Құрбан ата ауылының тұрғындары. Жоғарыда ай­тыл­ған мәселелер бойынша хабарласқанымызда, аудан әкімінің орынбасары Бақыт Асанов ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жерасты суларын іздеу-бар­лау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Сондай-ақ­ келесі жылы жобалау-сме­талық құжаттарын жасауға қар­жы қаралмақ. Демек ауыл тұр­ғындарына сапалы ауыз суды тағы екі жылдай күте тұруға тура келеді. Тұрғындар ауыз суды көр­­ші ауылдан тасымалдап,­ амалдай тұрар. Алайда ауыл­дағыларды ашындыратын жә­не арыздануға мәжбүр еткен – тиісті органдар анықтаған кемшіліктердің жойылмауы, заң бұзушылықтарға жол бергендерге шара қолданылмауы дер едік.

Егер кемшіліктер бо-йынша жұмыс атқарылып, шара қолданылғанда, ауылдағылар Астанаға арыздануға құмбыл бол­мас та еді. Елбасы Н.Назар­баев тамыз айының соңын­да Ақордада өткен Ұлттық комиссия кеңесінде халықтың Президент Әкімшілігіне арыз-ша­ғымы азаймай тұрғанына қатысты сын айтқан болатын.

Ал арыз-шағымның азаймауы-на елдің жанайқайына қыз­меттің құлағын ұстаған адам­дардың еті өліп кеткендіктен елең етпеуі, бұған жергілікті атқарушы биліктегілер жете назар аудармауы, дер шағында шара қолданбауы септігін тигізуде. Жоғарыда айтылған халықтың жанайқайы осыған дәлел.

Дереккөз: Егемен Қазақстан
Просмотров материала: 2 143

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 532 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 371 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 359 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 297 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 252 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 620 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 277 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 429 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031