19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЛҒЫЗ БАУЫРЫ ОРЫС ПА?...

06 октябрь 2017, 12:30
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАЛҒЫЗ БАУЫРЫ ОРЫС ПА?... Неге екенін қайдам, маған бүгінгі Қазақстан билігінде отырғандардың көпшілігі өмірге, осынау жарық дүниеге көзқарасы қалыптаспаған, іс-әрекеті бірде – олай, бірде – бұлай, аумалы-төкпелі, мінез-құлқы, сөйлеген сөзі, айтқан ой-пікірі қысқа күнде қырық құбылып тұратын, сөйте тұра мол байлыққа, топан ақшаға кенелудің жылт еткен сәтін қалт жібермейтін дүниеқоңыз, той-думанға тоймайтын жасөспірім, «переходный возрасттағы» жігіт-желең, қыз-қырқын сияқты көрінеді де тұрады. Және олардың бүйту себебі ықылым заманнан осы жердің, осы елдің иесі қазақ бола тұра бұл мемлекетті Қазақ Елі, Қазақ Мемлекеті деуге кім көрінгеннен қорқасоқтап Қазақстан Республикасы деп атауының кесірінен болған сияқты.

Қашанда бір мемлекеттің саясатының желі қалай қарай соқса, оның қарапайым халқы соның ығына қарай жығылатыны тарихтан белгілі. Өйткені, халықтың бүкіл сана-сезімі биліктің ақпарат құралдары арқылы, қала берді күшпен басқарылып отырады. Оны несіне айтып отырсың дейсіз бе? Қараңыз!

1.Қазір көшеде де, көпшілік-қоғамдық орындарда да қазақтарды тыңдап отырсаң, ғасырлар бойы қазақтың жер-суын, байлығын талап-тонап, өзін аштан қырып, қорлап-зорлап, тілін бүлдіріп, ұрпағын сол тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен айырып келген Ресей емес, әлдеқашан жер бетінен жойылып кеткен Жоңғария деген бір ел екен деп қаласың. Бұл – арғы-бергісін білмейтін жасөспірімнің сөзі емес пе?

2.Қазір сана-сезіміне биліктің әнжі саясаты сіңіп қалған қазақтар қыздарымыз қытайларға күйеуге тиюде деп зарлайтын болды. Ау, қазақ қыздары кімге қатын болмай жатыр?! Қыздары орысқа тигеніне мақтанатын, баласы орыстан қатын алса «интернациональная семья» болдық деп күмпілдейтін қазақ емес пе едік?

Оны былай қойғанда қазақ қыздары Ресей асып, италиялыққа, испанға, канадалыққа, чехқа, зәңгінің түр-түріне қатын болып кетіп жатыр ғой! Соны мақтан тұтып жүрген қазақтың "қыздарымыз қытайға тиюде" деп неге қайғыратыны мүлде түсініксіз. Әлде орыстан, ағылшыннан, еврейден туған жиен қазақ болып шығады деп ойлай ма екен?! Бұл да қазақтың өз пікірі, өз көзқарасы қалыптаспаған, соңғы 26 жыл ішінде әлі толық ержетпеген бозбала қалпында қалғанының дәлелі емес дей аласыз ба?

3.Ресейдің қалың қазақ тұратын Орынбор, Орск (Жаман қала), Сарытау (Саратов), Хажы-Тархан (Астрахань) аймақтарында қазақ мектебі түгіл қазақ сыныбын аштырмайды. Шындығында оның бәрі орыстар тартып алған қазақ жері. Ал Қытайда бірнеше телеарна күндіз-түні қазақша сарнап тұр. Ондай телеарна Қазақстанда жоқ. Қытайда қазақ балаларына қазақ мектебі көп. Не көп, қазақша газет-журнал көп. Ресей қазақтары түгіл Қазақстан қазақтары өз тілін білмейді.

Ал 2 млY. Қытайда тұратын қазақтар сөзіне бір ауыз қытай сөзін араластырмай сөйлейді. Сонда қазақтың тіліне, дініне, салт-дәстүріне қауіп қытайдан ба, орыстан ба? Тәуелсіздік алдым дегеніне 26 жыл болған Қазақ тілі әлі кімнің тілінің бұғауынан шыға алмай отыр? Қазақстанда қытайға қазақша сөйлесең, жауапқа тартылмайсың, ал орысқа қазақша сөйлесең жауапқа тартыласың деп қорқытып қойғанын біле тұра қазекем қытайдан қорқатыны несі? Бұл ержетпеген «переходный возрастта» қалғанының белгісі емей немене енді?

Айта берсең, бұндай мысал шаш етектен. Қысқасы, қазір Қазақстанда қазақтың ең жақын досы, бірге туған бауыры қазақтың мұңын-мұңдап, жоғын-жоқтайтын тек орыс деген саясат жүргізілуде.

Оның бәрін қойшы, қазір қазақтардың санасын исламға қарсы қою саясаты да жоқ емес. Бұл – қазақ халқын әлемдік исламнан, ислам елдерінен алшақтатудың бір тәсілі. Бұл орайда Қазақстан дінбасылары сыртқы саясаттың жетегінде кеткелі де көп болды.

Ал сыртқы саясат қашанда ойнамалы, құбылмалы, бүгін-былай, ертең-былай боп өзгере береді. Міне, қаншама жылдан бері Ауғанстанда, Иракта, Ливияда, Палестинада одан беріде Шамда (Сирия) мұсылмандарды жүзмыңдап қыру жүріп жатыр. Ал Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы соның бірде бірінде, қаза тапқан бір мұсылманға арнап бір мәрте де дұға оқыған емес.

Бұны не деп білесіз? Оның орнына исламның қазақ салт-дәстүріне қайшы тұстары деген сөз жиі айтылатын болды. Біздің білуімізше, қасиетті ислам діні ешбір халықтың тіліне, дініне, салт-дәстүріне тыйым салмайтын бірден-бір дін емес пе еді?

Жақында белгілі дінбасылардың бірі Қайрат Жолдыбайұлы деген азамат «Қазақ әдебиеті» газетіне сұхбат беріпті. Сонда журналист «дінді мемлекетіміздің өркендеуіне ықпал ететіндей етіп қолдануымыз үшін қандай ислам керек?» деген сауал қояды. Бұл сауалда арабтар мен араб елдері туралы сыңар ауыз сөз жоқ бола тұра Қайрат Жолдыбайұлы әй-шәй жоқ «қазір араб елдерінің бізге берер түгі жоқ. Осыны терең ұғынайық.

Сондықтан біз бұрынғы түркілік исламға қайта үңілуіміз керек» дей келіп, «түркілердің ислам дінін мүлде бөлек түсінгеніне көзім жетті»-депті. Жасы 26-ға келсе де ой-өрісі жасөспірім күйінде қалған көптеген қазақ бұдан не түсінеді. Арабтан үлгі алма, қытайдан қорық, өзбек те басып алуы мүмкін, украиндар да оңбағандар! Міне, бүгінде осы уағыз, осы насихат етінен өтіп сүйегіне сіңген қазақтың миына жер бетінде жалғыз бауырың – орыс деген саясат жүріп жатқан сияқты...

Дереккөз: abai.kz
Просмотров материала: 2 981

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 674 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 496 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 466 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 401 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 384 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 443 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 205 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 230 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 664 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 798 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 728 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 284 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 443 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 434 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930