20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚАРАҚАЛПАҚТАР МИРЗИЕЁВТЫҢ МАЗАСЫН АЛЫП ЖАТҚАНЫ РАС ПА?

02 октябрь 2017, 9:32
ҚАРАҚАЛПАҚТАР МИРЗИЕЁВТЫҢ МАЗАСЫН АЛЫП ЖАТҚАНЫ РАС ПА? Тақырыпты талқыға тастаған біз емес. Шетелдік басылымдар. Қайдан ши шығармағы белгісіз. «Қарақалпақтар Қазақстанға қосылғысы бар» депті.

Мұны қайдан шығарған?

Еurasiareview сараптамалалық порталының сөзіне сенсек, Өзбекстанда қарақалпақ сепаратизмі бой көтеруде екен. Тіпті, қозғалыс құрып та үлгерген. Ұйым белсенділері Кәрімовтің өмірден өтер сәтін күтіп отырған. Портал бұл ретте, былай деп жазған, қаз-қалпында бердік.

«Олар тәуелсіздік талап етпекші, кейіннен Қазақстанға қосылып тынбақ. Мұндай бастамалар бұдан бұрын да көтерілген-тұғын. Ол тұста Кәрімовтың көзі тірі еді. Басып тастайтын. Бесігінде тұншықтыратын мұндай үндеулерді. Билік ауысқасын Кәрімовтың тұсында тасаға тығылғандар қайта «тірілді». Қарапалпақ сепаратизмнің тізгінін ұстағандар өзбектен іргесін аулақ салғысы келетінін аңғарта бастады, тағы да. Қарақалпақия қандай ел? Өмір сүру ұзақтығы төмен. Өлім-жітімі жоғары. Орта Азия аймағындағы тақыр кедей ел. Геосаяси тұрғыдан өте маңызды аймақ, бірақ. Қазақстан мен Өзбекстан өз алдына, бұл аймақта Мәскеудің де мүддесі жатуы мүмкін», – дейді Еurasiareview.

ҚАРАҚАЛПАҚТАР МИРЗИЕЁВТЫҢ МАЗАСЫН АЛЫП ЖАТҚАНЫ РАС ПА?


25 жыл бұрын…

Порталдың жазғанындай, осыдан 25 жыл бұрын Қарақалпақстан Өзбекстанның «өз ішінде» тәуелсіздігін жариялаған. Құжаттың күші шамалы-тұғын. Бірақ, бір мақсатын орындады. Құжатта қарақалпақтардың бір кездегі Қызыл империя қамытынан құтылған республикалардай жеке отау құруға конститутциялық құқығы бар екені көрсетілген.

20 жылда не өзгерді?

Қазақстан құлпырды. Қарақалпақстан құлады. Құрдымға. Кедейшіліктің қамытын киді, жоқшылықтың зардабын тартты. Тартып та келеді. Осы тұста кейбір қарақалпақтар Қазақстанның құрамына қайта оралу туралы айта бастады, жаза бастады (хабардар болсаңыздар 20 ғасырдың бірінші жартысында қарақалпақтар Қазақстанның құрамында болған).

Осыдан 24 жыл бұрын Ташкент пен Нүкістің (қарақалпақтар астанасы) арасында үкіметаралық құжатқа қол қойылып, алдағы 20 жылда Қарақалпақстан Өзбекстан құрамында қалады деп сөз байласқан. Мерзім бітті. Келісімнің мерзімі бітті. 2013 жылы. Кәрімов тақта отырған тұс еді бұл. Ташкент билігі белсенділердің референдум туралы талабын құлағына да қыстырған жоқ.

Сағидуллаев не сұрап отыр?

Кәрімов тағында өлді. Ол жоқ. Осыны пайдалағанғысы бар қарақалпақ белсенділері, оның ішінде, ұлттық қозғалыстың көшбасшысы Аман Сағидуллаев ОБСЕ-ге өтініш айтыпты. «Ташкент Нүкістың талабына құлақ түрсін» деп…

Сағидуллаев не сұрап отыр?

Оның өзбек билігіне қояр 11 талабы бар. Ең алдымен, өзбек әскерлері мен қауіпсіздік қызметі Қарақалпақ жерін тастап шығуы тиіс.

Сөз еркіндігі, ой еркіндігіне ерік берсін. Қазақстанмен интеграциялануға, жаңа республиканы БҰҰ мен ОБСЕ-нің мүшелігіне өткізуге жол ашсын. Шетелдік адам құқығын қорғау ұйымының өкілдерін елге кіргізсін. Жолын бөгемесін олардың…

Сағидуллаевпен сөйлескен, сөйлеспегені белгісіз, бірақ Еurasiareview солай жазыпты.

Мәскеу не бүлдірді?

Сарапшылар не дейді бұл тарапта? Не ойлайды? Қандай пікірде олар?

Саясаттанушы Мейрат Омаров қарақалпақтардың қазіргі жағдайы аянышты дейді. Өзбектен бөлек кеткісі келетіні сондықтан. Тұрмысы ауыр. Өте ауыр.

– Бұдан бұрын Қарақалпақстан Қазақстанның құрамында болды. Кейін «бөліп алда, билей бер» деген саясатты ұстанған Мәскеу алды да, автономияны Өзбекстанның құрамына кіргізе салды. Этникалық факторды ескермеді. Ұлттық шекара дегенді ұмытты.

Экономикалық ахуал ушыға түскенде, осы жайт қарақалпақтардың ойына оралды — дейді Омаров.

Бұдан бөлек, Арал теңізінің қазіргі ахуалы да отқа май құя түсті.

Соған қарамай, саясаттанушы Еurasiareview порталының жазғанын жоққа шығарып отыр. Сенбейді.

«Өзбек билігіне Мирзиёев келгелі жағдай өзгеруде», — дейді ол.

— Қатардағы халықтың көкейінде Өзбекстандағы әлеуметтік-экономикалық тұрмыс түзеледі деген үміт пайда болды, бұл қарақалпақтарға да қатысты.

— БҰҰ-ның мінберінде сөйлеген Мирзиёев күллі әлем назарын Аралдағы ахуалға бұрды. Аралдың құрғауын жаңа ғасырдың экологиялық апаты деп атады. Аманшалық болса, алдағы уақытта бұл аймаққа шетелдік инвестициялар жетуі тиіс, – дейді Омаров.

Сөзінің жаны бар. Күні кеше Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан бірігіп Арал теңізін құтқару қорын құрды.

Теңіз де біртіндеп «тіріліп» келеді. Теңіз тірілсе, тіршіліктің де оянатыны анық.

— Арал маңында тұратын қазақтар мен қарақалпақтың мәселесі бір. Ортақ. Қос тарап та қиындық көріп отыр, — дейді Омаров.

Бар үміт Мирзиёевта

Айтуынша, Кәрімов кеткелі, Мирзиёев келгелі, қазақ-өзбектің арасындағы байланысқа жан біткен. Жылымық бар.

Кәрімовтың тұсында Қазақстанмен бақталасу басым еді.

— Ол кеткесін Назарбаев пен Мирзиёевтың арасындағы диалог мүлде басқа арнаға ауысты. Екеуінің бірқатар мәселеге қатысты көзқарасы ортақ, ұстанымы бір. Өзбектің жағдайы жақсарса, әлгіндей әңгімелер де сап тыйылады, – дейді саясаттанушы.

Омаров қарақалпақтар көшбасшысы Сағидуллаевтың талаптарын әншейін популизм деп отыр. Осы арқылы саяси ұпай жинауда ол.

— Жоқ, рас. Оның түпкі ойын бір құдай біледі. Қалақалпақтар арандап қалмауы керек. Бұл бастама абырой да, пайда да әкелмейді оларға. Күту керек. Өзбекстандағы жағдай міндетті түрде жақсаруы тиіс», – дейді саясаттанушы.

Дереккөз: 365info
Просмотров материала: 2 842

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 721 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 544 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 512 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 446 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 430 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 446 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 207 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 232 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 667 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 800 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 746 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 296 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 465 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 377 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 299 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 445 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 449 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930