29 ноября 2021 г.

Мы в соц сетях:



"МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАУ ҚАЖЕТ"

25 сентябрь 2017, 8:30
"МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ ҚАБЫЛДАУ ҚАЖЕТ" Белгілі саясаттанушы Дос Көшім Abai.kz порталына өте тұшымды сұхбат беріпті. Солтүстіктегі ахуал, бұ жақтағы қазақ тілінің жағдайы туралы айтыпты. Көшім бар, Жұмалы бар, Сарым бар тағы басқа азаматтар осымен төртінші жыл еліміздегі орысы көп шоғырланған елді мекендеріне барып, мемлекеттік тілге қатысты жиындар өткізуде екен.

– Аға, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында іссапарда жүр екенсіздер? Бұ сапардың мәнін оқырмандарға түсіндіріп берсеңіз…

– Жалпы, біз Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетімен бірлесіп орыстілді қауым көп шоғырланған өңірлерге барып, мемлекеттік тілдің мәнін, маңызын түсіндіру ісімен төрт жылдан бері айналысып келеміз. Бұл сол жұмыстың жалғасы. Осы сапардың өзінде Солтүстік Қазақстан облысында ауқымды — 9, Қостанай облысында — 9 кездесу ұйымдастырылды. Қазір Ақтөбе облысында жүрміз. Ақтөбеден кейін Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарын аралауды жоспарлап отырмыз.

– Жалпы, бұл кездесулерде не айтылады? Орыстілді аудиторияның қазақ тіліне деген көзқарасы қалай екен?


– Кездесу болғаннан кейін әртүрлі пікірталастар болып қалуы заңдылық. Десе де қазір сонау тоқсаныншы жылдардағыдай біржақты сыңарезулеп кету жоқ. «Орыстілділерге мемлекеттік тілді меңгерту үшін не істеу керек?» деген секілді сұрақтарға жауап іздеп, оларға ой салатындай әңгіме айтуға тырысамыз. Лингвистиканы ұлттық мәселеге айналдыруға болмайтынын, ұлтаралық жанжал туғызудың зардаптарын тігісін жазып түсіндіреміз.

Біз барған елдімекендерде 25/30 пайызы ғана – қазақтар. Тілдік орта жоқ.

Олар осыны алға тартып, ақталуға тырысады. Десе де, мемлекеттік тіл қазақ тілі екенін, қазір еліміздегі қазақ тілді аудиторияның үлес салмағының артып келе жатқанын мысалдар келтіре отырып, болашақты да ойлау керектігін алға тартамыз.

– Кейде кейбір азаматтар тарапынан қарсылықтарға тап болатын шығарсыздар?

– Жоқ, сондайлық дәрежеде мемлекеттік тілге қарсы болып отырған ешкімді көрген жоқпын. Керісінше, «бұл мәселені тәуелсіздік ала сала неге бізге келіп түсіндірмедіңдер?» дейтіндер көп. Тіпті, «Нан» деген сөздің астына «хлеб», «Абай көшесі» дегеннің жанына «Улица Абая» деп жазып қоясыңдар. Біз сондайлық «нанның» аудармасы «хлеб» екенін білмейтін сауатсызбыз ба?» дейтіндер бар. Рас.

Кейбір азаматтар мемлекеттік тілге басымдық берілсе, Ресейге кететінін айтады.
Олардың өз құқығы. Біз оларды «кетпеңдер» деп ұстап отыруға хақымыз жоқ. Әр адам қайда тұрғысы келсе, сонда кетуге құқылы екенін де түсіндіруге тура келеді. Орыстілділер көшіп кетті екен деп, ырысымыз кеміп қалмайды.

– Мұндай жиындар өткізу үшін үлкен дайындық қажет шығар, аға?!

– Әрине, әр жиынға тыңғылықты дайындалуға тура келеді. Кез-келген сұраққа нақты, әрі бұлтартпас жауап беру керек. Мен қасыма ылғи да Расул Жұмалыны ертіп жүремін. Кей жиындарға Айдос Сарым келеді. Бұл екі жігіт кез-келген жағдайда, кез-келген адамға мемлекеттік тілдің қажеттілігін нақты деректермен түсіндіріп бере алады. Статистиканы білу керек. Нақты өмірден мысалдар келтіру керек.

Жалаң ұран, жалған патриотизммен орыстілді аудиторияның бетін бері қарату мүмкін емес.
Тіл мәселесі дегенде тек бір проблемамен шектеліп қалмаймыз. Бұл өңірлер сонау тәуелсіздік алған жылдардағы қалыптан көп өзгеріске түспеген. Елді мекендердің атауы әлі ауыспаған. Ономастика жайын да, ескі кеңестік атаулардан арылу керектігіміз де дәлелдермен түсіндіріледі. Латын әрпін енгізу жайын да насихаттаймыз.

– Бұл жобаның басталғанына төрт жыл болыпты. Төрт жылда не өзгеріс болды?

– Төрт жылда бәрін қиратып жібердік дей алмаймын. Бірақ, осы төрт жылда орыстілді аудиторияға мемлекеттік тілдің маңызын түсіндіретін 120-дай кездесу өткізіппіз. Бастапқы кездегідей емес, елдің беті бері қараған. Олар 28 жылдан бері біздің нақты қадамдарға бара алмай келгенімізді біліп отыр. Бұл мәселеде қорқақтық таныта беруге болмайтынын анық байқадым. Мәселен Павлодарда Руза Бейсенбайтегі деген белсенді азаматша шықты. Мен ол қызды «Ұлт тағдыры» қозғалысының Павлодар облыстық филиалының басшысы еткен едім, бір кездерде. Сол қыз жалғыз өзі Павлодарда мемлекеттік тіл үшін күресіп жүр. Біз жиындарымызда осы Рузаны мысалға келтіре отырып, қазақ тілділердің шыдамы таусыла бастағанын, енді олар кез-келген қазақстандық азаматтан мемлекеттік тілді талап ете бастайтынын ескертеміз.

– Бұл жоба негізінен ағартушылық, насихат жұмыстарымен айналысады екен. Бұл істердің нәтижелі болуы үшін мемлекет тарапынан не істелуі керек деп ойлайсыз.

– Менің көзім жеткен бір ақиқат бар. Осыдан 28 жыл бұрын қабылданған мемлекеттік тіл туралы Заңды қайта қарау қажет. Ол заңды қайта жазатын кез келді.
Ескі заң біздің аяғымызға байланған кірдің тасы секілді. Оны бұлай сүйретіп жүре беруге болмайды. Осыдан алты жыл бұрын бірнеше ұйымдармен бірігіп, «Мемлекеттік тіл туралы» заңды дайындап, Парламентке ұсынған едік. Парламент «мұны қабылдауға әлі ерте» деп тайқақтап шыға келген. Сол Заңды Парламентке қайтадан ұсынуымыз керек.

Қазіргі Заң біздің елді қостілді етуді көздейді. Бұл Заңмен жүре берсек, қазақ тілі жанама, аударма тілі болып қала береді. Мемлекеттік тіл үстемдікке ие болуы үшін бел шеше кірісетін уақыт келді деп ойлаймын.

– Әңгімеңізге рахмет.
Просмотров материала: 2 212

Поделиться материалом


12:55 Юрист обманывал алматинцев, обещая беспроцентный кредит... 612 Просмотров

12:43 Мамай и Иманбаева не явились на заседание суда по... 606 Просмотров

12:13 Свыше 14 тысяч незаконных административных дел прекращены в... 607 Просмотров

11:34 К.Павлов: В стране с 15 декабря вводится запрет на экспорт... 640 Просмотров

11:20 На 92 млн тенге оштрафовали актюбинцев за нарушение... 567 Просмотров

11:02 Штормовое предупреждение объявлено в 11 регионах... 594 Просмотров

10:46 Подозреваемый в изнасиловании сбежал из СИЗО в Актюбинской... 617 Просмотров

10:30 17 человек умерли от коронавируса за сутки в Казахстане... 601 Просмотров

10:21 905 новых случаев заболевания COVID-19 зарегистрировано за... 611 Просмотров

20:47 Что должно быть в аптечке дошкольника?!... 779 Просмотров

17:55 Поддельную водку популярных марок производили в Алматинской... 777 Просмотров

17:34 Два человека госпитализированы после ДТП с участием лошадей... 774 Просмотров

17:19 В Акмолинской области идет активное строительство объектов... 844 Просмотров

17:13 Житель Карагандинской области незаконно получал пособие... 714 Просмотров

16:48 Эксклюзивно на IVI: премьера первого документального... 712 Просмотров

16:33 Сильные морозы ожидаются в Казахстане... 468 Просмотров

16:22 Мать семерых детей убили в Кульсары... 482 Просмотров

16:01 В ВКО продлили ограничительные меры... 424 Просмотров

15:45 Двое студентов продавали несуществующую одежду в Алматы... 431 Просмотров

15:32 Возврат денег в бюджет оставил детей в Кызылординской... 430 Просмотров

15:11 Предпринимательница понесла миллионные убытки из-за... 430 Просмотров

15:05 Медсестра получала деньги за фиктивную вакцинацию в... 459 Просмотров

14:50 Пассажиры пострадали при столкновении двух автобусов в... 442 Просмотров

14:28 Для некоторых граждан взяточничество стало образом жизни -... 429 Просмотров

14:10 Нотариус переоформила на себя квартиру жительницы ВКО... 333 Просмотров

13:55 "Выносили лимонад и квас": скандальное видео с сотрудниками... 317 Просмотров

13:40 На 10 лет осудили алматинца за изготовление и сбыт... 295 Просмотров

13:32 Директор больницы начислила сыну "зарплату" на 2 млн тенге... 408 Просмотров

13:22 В Шымкенте после урока физкультуры скончался ученик 7 класса... 313 Просмотров

13:00 Нұр-Сұлтанда лифт есігіне түкірген ер адам ұсталды... 763 Просмотров

12:39 Атырау облысында аурухана директоры студент баласына 2... 15 297 Просмотров

12:32 Күйеуінің соққысына шыдамаған бес баласы бар әйел үйінен... 1 612 Просмотров

12:30 Школьник скончался после урока физкультуры в Шымкенте... 381 Просмотров

10:43 Коронавирустың жаңа және жұқпалы мутациясы анықталды... 460 Просмотров

10:35 Касым-Жомарт Токаев провел переговоры с главой Европейского... 359 Просмотров

10:25 Шымкентте 7-сынып оқушысы мектепте есін жоғалтып,... 781 Просмотров

10:20 Нұр-Сұлтанда лифтке кірген үшеудің әрекеті жұрттың ашуын... 1 774 Просмотров

09:31 422 казахстанца с коронавирусом находятся в тяжелом... 344 Просмотров

09:11 Жамбыл облысында баласын сатқан жезөкше ұсталды... 655 Просмотров

17:59 Минтруда дежурно ссылается на отсутствие бюджетных средств,... 512 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930