29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚАЗАҚСТАНДА ТЕМЕКІ БАҒАСЫ 1000 ТЕҢГЕДЕН АСУЫ МҮМКІН

14 сентябрь 2017, 14:12
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕМЕКІ БАҒАСЫ 1000 ТЕҢГЕДЕН АСУЫ МҮМКІН Темекі тағы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы "КТК" телеарнасы хабарлады. Еуразиялық коалиция шылымның бағасын еуропадағыдай өсіруді ұсынды. Обыр мен өкпе ауруларының өрши түскенін алға тартқандар бәленің бәріне тым арзан акцизді кінәлауда. Түтіннің кесірінен өлім-жітім көбейді деп ұрандатқандар Үкімет басшысына хат жолдап та үлгеріпті. Десе де, жұрттың денсаулығына жаны ашыған белсенділердің әрекеті өндірушілер мен темекі шегушілерге ұнамай қалды.

Денис темекінің қымбаттайтынын естіп, оны жиі тартатын болған. Жігіт бастамашыл топқа деген ашуын солай басып жүр. Соңғылар темекіге қарсы күресті күшейту мақсатында акциз құнын еуропадайғыдай өсіруді ұсыныпты. Десе де, Денис одан шылымқорлар азаймайды деп отыр.

«Әрине, темекінің қымбаттауына қарсымын. Тек мен ғана емес, шылым шегетіндердің бәрі қарсы. Олар бізбен есептеспейді. Күштеп темекіні тастатқызғысы келеді. олай жасауға болмайды ғой. Әр адам саналы түрде темекіден бас тартуы керек. Ал бағасын қымбаттату деген нағыз барып тұрған арандатушылық», - дейді «Қазақстандағы темекі шегушілердің құқығы» қоғамдық қорының ұйымдастырушысы Денис Ибрагимов.

Темекіге қарсы белсенділердің кезекті әрекеті бизнесмендерге де ұнамай қалды. Тіпті, жүйкесіне тиіп отыр. Себебі, акциз құны өссе, дүкен сөрелерінде контрабандалық тауар қаптай түспек. Ал бұл кезде компаниялардың саудасы жүрмей қалады.

«Темекі бағасының күрт өсуі контрафактінің көбеюіне әкелді. Салдарынан, бюджетке түсетін салық та азаяды. Қазірдің өзінде ешқандай акциздік таңбасы жоқ 100-150 теңгелік шылымдар базарларда толып тұр. Сапасы қандай екені белгісіз. Денсаулыққа нағыз зиян солар ғой», - дейді Темекі компаниясының бас директоры Евгений Никольский.

Десе де, темекіге қарсы күрескерлер алған беттерінен қайтпақ емес. Тіпті, Бақытжан Сағынтаевқа хат жолдап қойып, ұпайы түгел боп отыр.

«Біз кеше Үкімет басшысына арнайы хат жолдадық. Онда акцизді Еуропа елдеріндегідей 70 пайызға өсірмесек те, тым болмаса 50 пайызға көтеруді сұрап отырмыз. Бұдан Үкімет тек ұтады. Өйткені, акциздердің есебінен бюджет толығады. Ал ең бастысы, біз азаматтарымыздың өмірін сақтап қаламыз. Өлім-жітімді азайтамыз», - дейді «Темекі түтінінен азат Қазақстан» қозғалысының жетекшісі Жәмилә Садықова.

Соңғы рет темекі бағасы мамыр айында 340 теңгеге өскен. Коалицияның ұсынысы қабылданса, бір қорабының құны мың теңгеден асып түспек. Темекі шегушілер қауымдастығына сенсек, елде 4,5 миллион тұрғын шылым тартады екен. Қымбатшылықпен бірге бюджетке олардан түсетін кірістің азаятынын ескерсек, есесіне осыншама адамның денсаулығын сақтап қалуға болады екен.
Просмотров материала: 2 232

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 608 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 447 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 434 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 371 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 327 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 636 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 397 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 313 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 226 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 293 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 380 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 447 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031