27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



МЕКТЕПТЕ 5-6 САҒАТ ХИДЖАБСЫЗ ЖҮРГЕН ҚЫЗ МҰСЫЛМАНДЫҚТАН ШЫҒЫП КЕТПЕЙДІ - МАМАН

14 сентябрь 2017, 12:25
МЕКТЕПТЕ 5-6 САҒАТ ХИДЖАБСЫЗ ЖҮРГЕН ҚЫЗ МҰСЫЛМАНДЫҚТАН ШЫҒЫП КЕТПЕЙДІ - МАМАН Мектепте міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау заң талабы және Мемлекет басшысының шешімі саналады. Ислам шариғаты тұрғысынан алғанда, заңға және басшыға мойынсұну міндетті. Ал оларға қарсы шығу исламда бүлік шығарушы ретінде айыпталады. Сондықтан мектепте 5-6 сағат хиджабсыз жүрген қыз мұсылмандықтан шығып кетпейді. Бұл туралы Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу талдау орталығы директорының орынбасары Тұрар Әбуов айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оның пікірінше, Қазақстанда діни сенім бостандығы бар. Өзге дін өкілдерімен қатар мұсылман азаматтар да бес парызын өтеп, діни құлшылығын кедергісіз жасап жатыр.

«Ал мектеп қабырғасында хиджабқа рұқсат берілмеу себебі білім мекемесінің ішкі тәртібі зайырлылық қағидаттарына сәйкестендірілген. Мектептен тыс орындарда бұл мәселеге қатысты ешқандай тыйым жоқ», - дейді ол.

Тұрар Әбуов «Қазақстан Республикасы Білім туралы заңының» 47-бабында білім алушылардың мектеп формасын сақтауға, ал 49-бабында ата-аналардың мектеп формасын сақтауды қамтамасыз етуге міндетті екені айтылғанын атап өтті. Сонымен қатар 2016 жылғы 14 қаңтарда ҚР Білім және ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 26 бұйрығы жарияланған.

«Аталған ережелердің барлығы заң талабы, Мемлекет басшысының шешімі саналады. Ислам шариғаты тұрғысынан алғанда, заңға және басшыға мойынсұну міндетті. Ал оларға қарсы шығу исламда бүлік шығарушы ретінде айыпталады. Құранда «Бүлік шығару – кісі өлтіруден де ауыр күнә» деген аят бар («Бақара» сүресі, 191-аят). Сондықтан мектептегі хиджаб мәселесін көтеруші азаматтар сенім бостандығына мүмкіндік беретін заңға және басшыға бағынудың әрі азаматтық міндет, әрі мұсылмандық парыз екенін түсінгені жөн», - деп түсіндірді директордың орынбасары.

Оның айтуынша, хиджаб кию мұсылмандықтың тікелей көрінісі болып саналмайды.

«Ислам шариғаты бойынша «Лә иләһә илла Аллаһ, Мухаммад расулаллаһ» деп иман келтірген, осы кәлиманы тілмен айтып, жүрегімен сенген адамның мұсылман екеніне шүбәлануға ешкімнің құқығы жоқ. Яғни мұсылмандықтың негізгі шарты – иман келтіру.

Қазақстан мұсылмандары үшін дәстүрлі болып табылатын ханафи мазхабының негізін салған Әбу Ханифа (Имам Ағзам): «Кім Алланы және одан түсірілгендерді тілмен де, жүрекпен де мойындаса, онда ол Алланың алдында да, адамдар үшін де мұсылман» деп жазады.

Мұсылман әйелдердің орамал тағуы Құранда бұйырылғандықтан, ол парыз амал болып есептеледі. Парызды мойындамау – күпірлік, ол діннен шығуға алып барады. Ал орамалдың парыз екенін мойындаса, бірақ белгілі бір себептермен (біздің мысалымызда – мектеп формасын сақтау қажеттілігінен) таға алмаса, ол әйел немесе қыз бала мұсылмандықтан шыққан болып саналмайды. Яғни жүрегінде иманы бар болса, орамал тақпаған әйелді «мұсылман емес, кәпір» деп ешкім айта алмайды. Керісінше, бұл жағдайда Мұхаммед пайғамбардың: «Кімде-кім бауырына: «Ей, кәпір!» десе, егер ол адам шынымен кәпір болмаса, онда айтқан адамның өзі кәпір болады» деген қатаң ескертуін есте ұстау орынды. Ислам шариғаты бойынша иман келтірген мұсылман адамды «кәпір» деп айыптауға болмайды», - дейді Тұрар Әбуов.

Орамалдың парыз екеніне сену – иман мәселесі, ал оны тағу – амал мәселесі. Иман бөлек те, амал бөлек. Амал иманның бір бөлігі де, тікелей көрінісі де емес.

«Бұл жайында Әбу Ханифа Имам Ағзам былай деп жазады: «Алла Тағала иманды амалдардан артық етіп бекітті. Мүминдерді құлшылық етуге, зекет төлеуге, ораза тұтуға, қажылықты өтеуге ұмтылдыратын, Аллаға иман келтіруге шақыратын зекет, ораза немесе қажылық амалдары емес, керісінше, олардың имандары болып табылады. Бұл – осылай, өйткені олар алдымен иман келтірді, содан кейін амалдарды орындауға көшті. Аллаға деген сенім оларды діни парыздарды орындауға жұмылдырды, ал керісінше (болған жоқ, яғни) діни парыздар Аллаға деген иманды олардың жүректеріне қондырған жоқ».

Әбу Ханифа әйелдердің белгілі бір жағдайларда Алла Тағаланың рұқсатымен намаз оқи алмайтынын – парыз амалды орындамайтынын айта келіп: «Егер иман мен амал бір десек, намаз оқымай жүрген кездерінде әйелді иманы жоқ деуге тура келер еді. Бірақ бұл олай емес, сондықтан иман мен амал бір емес» дейді.

Егер орамал мұсылмандықтың басты көрінісі болса, иманды жүректен бір сәт те өшіруге болмайтыны секілді, орамалды бір сәт те шешуге рұқсат берілмес еді. Бірақ ислам шариғатында олай емес – балиғатқа толған қыз бала мен әйел адам жақын туыстарының (махрам) көзінше (ер адам болса да) орамалсыз, тұмшаланбай жүре алады. Яғни иман орамалмен бірге алынып-салынып тұратын заттық дүние емес», - деп түсіндірді Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу талдау орталығы директорының орынбасары

Оның айтуынша, мектеп қабырғасында жүрген шектеулі кезеңде хиджаб кимеу қыз баланы мұсылманшылықтан шығармайтынын шынайы мұсылман толық түсінуі тиіс. Дін формаға емес, мазмұнға сүйенеді, яғни кез келген дін үшін сырттағы киім емес, жүректегі иман маңыздырақ.

«Мұсылмандықтың не екенін Хақ діннің Елшісі – Мұхаммед пайғамбардан артық білетін адам жоқ. Сол пайғамбардың өзі: «Мұсылман дегеніміз – қолымен және тілімен мұсылманға залал келтірмеген адам» деген. Қазіргі қоғамдағы кейбір дін ұстанушылар пайғамбарлық түсініктен алыстап, мұсылмандықты тек формамен байланыстыруға әуестенуде.

Исламның шынайы рухын терең сезінген кешегі қазақ «иманды» деп жүрегінде берік сенімі бар, терең адамгершілік қасиетке ие, ізгі мінез-құлықты жанды айтқан. Аталарымыз қашанда жүректегі иманды басты орынға қойған, «Сырт тазасы не керек, Тазарт әуел ішіңді», деп риякерліктен тыйған. «Сыртқа қасиет бітпейді, Алла Тағала қарайтұғын қалыбыңа, боямасыз ықыласыңа бітеді» деген Абай ақын да осы қисынмен пайымдаған.

Мектеп жасындағы қыздардың хиджаб киюі оның сыныптастарына әрқилы әсер етеді. Сыныптастарының оған тосырқай қарауы да, шеттетуі де мүмкін. Бұл, әсіресе, хиджаб киген қыздың өзіне ауыр. Кей сыныптастарымен тіл табысқанымен, бірқатарымен қарым-қатынасы шектеліп қалары сөзсіз. Хиджабты оқушының мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен мәмілеге келуі де мүмкін болмайды. Өйткені олар заңды негізде мектеп формасын сақтауды талап етеді. Ата-аналары мен ұстаздарын, сыныптастарын қоса алғанда үш оттың ортасында қалғандай өмір сүру қыз бала үшін аз қиындық емес.

Ал мұндай жағдайда қыз баланың санасы қалай қалыптасарын ойлап көрелік. Ол екіге жарылмақ. Екі жағы да оңды емес. Егер қыз бала ата-анасының ұстанымымен толық келіссе, өзін тура жолда жүрмін деп санайды, демек басқалардың бәрін адасқандар ретінде қабылдай бастайды. Жасөспірім қыздың бойында: «Менікі ғана дұрыс, басқалардыкі жөн емес» деген астам әрі тұйық пікір қалыптасады. Дәл осы «менікі ғана дұрыс» деген пікір талай шетін көзқарасқа негіз болғанын ұмытпау қажет. Мектеп формасына қатысты талаптардан құлағы жауыр болған қыздың зайырлы мемлекетке өкпесі мол тұлға болып жетілуі әбден мүмкін. Сол өкпе ертеңгі күні оны да осы ортаны тәрк етіп, Қазақстанды кәпірстанға балап, араб елдеріне хижра жасатпайтынына да кепілдік жоқ. Яғни тәкфіршілік көзқарастың балаң санада орнығуы осылай басталуы ықтимал.

Екінші жағына келейік. Егер қыз бала ата-анасының хиджаб киюге қатысты ұстанымымен келіспесе, бірақ сыйлағандықтан немесе қорыққандықтан еріксіз олардың ырқына көнсе (ондай мысалдар да кездеседі), жасөспірім санасында отбасындағы түсініспеушілік пен жалғыздықтан туындайтын барлық психологиялық дерттер дамиды. Бала өзін отбасында бақытты сезініп өспесе, оның санасы ұдайы бақытсыздық пен жалғыздық сезімдеріне бейім болады. Бұған мектеп формасын сақтауды талап етуден туатын келіспеушіліктерді, қатар-құрбының қату көзқарасын қосар болсақ, жағдайдың күрделілігі айқындала түседі», - деп толықтырды маман.

«Балиғатқа толған қыз баланың мектеп табалдырығында жүретін дәурені – орта есеппен екі-үш жыл, оның ішінде әр жылдың тоғыз айындағы сабақ күндерінің бес-алты сағаты ғана. Сол сағаттарды жасөспірімнің сын сағаттарына айналдырмаған жөн. Тұлғалық болмысы толық қалыптаспаған балаң сананы сергелдеңге салмау қажет. Оқушылық өмірдің өзге қиындықтары да аз емес. Бұған қоса хиджаб киген қыздың тұлғасы өзімен бір мектепте оқитын балиғатқа толмаған қыздарға да әрқилы әсер етері сөзсіз. Сондықтан қалыптасу кезеңінен өтіп, мектеп қабырғасынан шыққан соң, бойжеткен қыз бала дін жолын өз еркімен таңдағаны абзал.

Қыздарының мектепте орамал таға алмағанына жекелеген ата-аналардың ренжуі орынсыз. Егер қыз балаға жастайынан үйде берілген тәрбие түзу болса, шынайы иман негіздерімен отбасында сусындап, дұрыс бағытта рухани тәлім алған болса, оның мектепте орамалсыз жүрген бес-алты сағаты қанына сіңген имандылықтан алыстата алмайтыны айқын. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Ал отбасы тәрбиесі түзу болмаса, имансыздық дертінен баланы ешбір жамылғымен сақтап қалу мүмкін емес», - дейді Әбуов.

Ол мемлекетіміз мектептен тыс жерде орамал тұрмақ, бес парыздың ешбіріне тыйым салмайтынын, керісінше барлық азаматтармен қатар мұсылмандардың сенім бостандығына барынша жағдай жасап отырғанын да атап өтті.

«Ел мұсылмандарының сол ізгі заңдарды игілігіне тұтынып, бейбіт Отанына адал қызмет еткені абзал. Өйткені «Отанды сүю – иманнан» деген қағида Мұхаммед пайғамбардың хадисінде айтылған», - деп түйіндеді ол.
Просмотров материала: 3 952

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 424 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 242 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 215 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 159 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 141 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 501 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 256 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 281 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 744 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 881 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 112 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 626 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 775 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930