24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ӨРТЕНІП КЕТКЕН ӘКІМНІҢ ТУЫСТАРЫ ОҚИҒАНЫҢ ҚАЛАЙ БОЛҒАНЫН АЙТЫП БЕРДІ

ӨРТЕНІП КЕТКЕН ӘКІМНІҢ ТУЫСТАРЫ ОҚИҒАНЫҢ ҚАЛАЙ БОЛҒАНЫН АЙТЫП БЕРДІ Ақтөбе облысында өрттен қаза тапқан ауыл әкімінің туыстары төтенше жағдай кезінде жауапты мекемелердің қамсыз болғанына наразы. Сондай-ақ, олар аудан басшылығы қате ақпарат берді деп отыр. Ал Төтенше жағдайлар департаменті мен аудан әкімінің орынбасары, қолдан келген көмектің бәрін жасадық, адам өліміне ауа-райының тосын мінезі кінәлі дейді. Бұл туралы "Астана арнасы" хабарлады.

Естеріңізде болса, Әйтеке би ауданының Сұлукөл ауылы маңында ауыл әкімі қызыл жалынның ортасында қалып қаза тапқан еді. Тағы үш адам ауруханада көз жұмған.

Ауыл әкімі Батырбек Бірлепесовтың туыстары осы қайғылы жағдайға қатысты бірқатар деректі жайып салды. Айтуларынша, аудан басшылығы мен Төтенше жағдайлар департаменті мамандары дер кезінде әрекет етпеген. Амалы таусылған сұлукөлдіктер қызыл жалынмен өздері күресуге мәжбүр болған.

«Ауылдан өртті сөндіретін 20-30 адам ғана шығады. Одан көп шықпайды. Соларды бір оқытып, өрт шыққанда былай істеңдер деп оқытып, жанбайтын, өртке шыдамды киімдер беріп, соның 10 комплектін болса да, біздің әкімдікке тапсырып, міне, мынаны бір жерге қой, өрт болғанда кигізесің демей ме? Дайын болмағаннан кейін шықпау керек еді дейді. Қалай шықпайды? Өрт үйдің іргесіне келіп тұр. Қатын бала-шағасы өртеніп кете ме?», - дейді марқұм Б. Бірлепесовтың ағасы Кенжеғали Қошанов.

Бұған дейін жергілікті басылымдардың бірінде аудан әкімінің сұқбаты жарияланды. Ол ауыл әкімі Бірлепесовтің өрт кезінде сырқаты сыр беріп, құлап қалғанын айтқан. Ал марқұмның туыстары оны жоққа шығарып отыр. Медициналық сараптама өлімнің себебі күйіктен болғанын көрсетті, әрі бауырымыздың ешқандай сырқаты болған емес дейді.

«Ол ауру болып бір жерде учетта тұрса мейлі. Ибрашев жолдас неге сүйеніп айтты екен? Ол ақпаратты білмеймін, газетке «опровержение» берсін ол кісі», - дейді марқұм жездесі Төке Ерімбетов.

Ал аудан әкімінің орынбасары «басшысының сөзін газет тілшісі қате түсініп қалған болуы мүмкін» деген уәж айтты.Сондай-ақ, марқұмдардың туыстарына қажетті көмектер беріліп жатқанын жеткізді. 4 адамның қазасы табиғаттың тосын мінезінен болды дейді.

«Дауылды жел өрттің бағытын өзгертіп, 380 градусқа бұрып жіберген, сол өрт сөндірушілердің үшеуі отқа оранып, күйік шалады. Аудан әкімдігі тарапынан ол кісілердің үйіне көмектесіп, көңіл айттық», - дейді Әйтеке Би ауданы әкімінің орынбасары Темірбек Рахметов.

Белгілісі, сол күні аудандағы 7 селолық округте дала өрті болған. Ал, облыс орталығынан өрт сөндіретін бір көлік қана көмекке барған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының айтуынша, Сұлукөл ауылында да мамандар жұмыс істеген. Бірақ, олар ауыл әкімі қаза тапқан сәтте қасында болмаған.

«Сұлукөлге өрт сөндірушілер барған, оған дәлел бар. Қанша адам, қанша техника шыққаны біздің журналда тіркелген. Ол жерде біздің адамдар 2 қыркүйектен бастап жұмыс істеді. 200, 160, 120 шақырым жерлерге күштер мен құралдарды жіберіп жатырмыз», - деп түсіндірді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов.

Дегенмен, марқұмдардың туыстары ауылға өрт сөндіруге арналған арнайы киімдер бөлінбегенін және еріктілер дер кезінде оқытылмағанын айтады. Жауапты тұлғалар болса, шынымен солай болды ма, жоқ па, жалпы мәселенің мән-жәйі тексеру жұмыстары аяқталған соң ғана белгілі болады деп отыр.
Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.
Просмотров материала: 3 234

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 051 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 873 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 844 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 783 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 765 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 480 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 235 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 262 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 719 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 847 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 980 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 309 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 481 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 391 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 307 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 507 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 460 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 657 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 190 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930