18 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ТІЛІНЕ ЖАНЫ АШЫМАҒАН АДАМ КІМГЕ ЖАНЫ АШИДЫ?

ТІЛІНЕ ЖАНЫ АШЫМАҒАН АДАМ КІМГЕ ЖАНЫ АШИДЫ? Қарағандыда «Тіл жанашыры» байқауының жеңімпаздарына облыс әкімінің сыйлығын тапсырудың салтанатты рәсімі болып өтті, деп qasym.kz хабарлайды. Кәдімгі салтанатты жиын, дәстүрлі марапаттау болуы керек еді...

Алайда Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов сөз алғанда, шара салмақтана түскендей көрінді. Қошанов мырза күтпеген жерден бірқатар мәселелерді ашық айтты.

Бұл шара сценарий бойынша неге өтпеді? Қошанов не себепті өз орынбасарын өткір сынға алды? Қойшының қызы кім? Тіліне жаны ашымаған адам кімге жаны ашиды? Толығырақ тарқатып көрейік.

«Әкім келе жатыр»

Салтанатты жиынның басталуына 5 минут қалғанда, ұйымдастырушылар «әкім келе жатыр» деп, жанталасып, жиынға келгендерді орнына жайғастырып жатты. Бірер минуттан кейін облыс әкімі залға кіріп, шараның шымылдығы ашылды. Дәстүрлі ән мен күй. Алғашқы сөз Ерлан Қошановқа берілді.

Облыс әкімі жиналғандарды Қазақстан халқы тілдерінің мерекесімен құттықтап, шараның маңыздылығына тоқталды.

— Бүгінгі салтанатты жиынға ана тілімізге шын жаны ашитын қоғам өкілдері жиналып отыр деп ойлаймын. Ұлттың жаны – ол әрине, оның тілі. Тіліне жаны ашыған адам – ол ұлтына, еліне, халқына жаны ашиды деген сөз. Сондықтан бүгін осы залда тіл жанашырлары ғана емес, ұлт жанашырлары жиналып отыр деп ойлаймын, - деді сөз басында.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов жаһандану заманында ағылшын тілін білудің және латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар «Тіл жанашыры» деген тек тілді білу, тілді құрметтеу дегенді білдірмейтінін жеткізді:

— Жанашырлық деген ол сонымен қатар – үйрету және үйрену. Сондықтан біз қазақ тілінде еркін сөйлейтіндерді ғана емес, шын ниетіммен үйренем және үйретем деген адамдарды да ынталандыруымыз қажет. Туған тілін жетік меңгергендер қолдауға соншалықты зәру емес қой. Олар ол тілді туғаннан біледі. Сондықтан, қазақ тілінің болашағы дегенде, осы екі негізге ерекше көңіл бөлуіміз қажет: үйреніп және үйретіп жатқандарға. «Тіл жанашырының» негізгі мақсаты осы болуы тиіс. Бұл – менің жеке ойым, жеке көзқарасым,-деді.

«Қойшының қызы қой келгенде іс тігеді»


Облыс әкімі тілге қатысты қандай да бір мониторинг жүргізіле ме, кім үйренді, қайдан үйреніп жүр, мекемелерде қазақ тілі қандай деңгейде екенін сұрады қарамағындағылардан:

— Осыны бақылайтын әрі үйлестіретін орган немесе орталық бар ма? Болмаса, оны ойластыру қажет деп есептеймін. Ол сапалы әрі жүйелі түрде жұмыс істеуі қажет. Менің орынбасарым, Жандос Ақылсерікұлы, «Қойшының қызы қой келгенде іс тігеді» дегендей болып жүрмесін,-дегенде әкімнің орынбасары орнынан атып тұрып, басын изеумен болды.

Әкім: «Бір аптаның ішінде шешіңіз!»

Облыс әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасары Жандос Әбішев орнына отырып үлгергені осы еді, облыс әкімі оны тағы бір өткір сынға алды.

— Бұдан бөлек, айтуға тура келіп тұр, облыстағы Қазақ тілі қоғамы 3 жыл болды, кеңсесіз жүр. Баспана неге әлі жоқ?! Бұл сонда қандай жанашырлық біздің тарапымыздан?! Орынбасарым, мен бұдан бұрын сізге айтқан едім ғой. Созып жүріп алмай, 1 аптаның ішінде шешіңіз, - деп тапсырма берді Е.Қошанов.

Расымен де, Қарағанды облысында Қазақ тілі қоғамы құрылғаннан бері, тұрақты мекенжайсыз жүр. Тіл жанашырлары, жергілікті зиялы қауым өкілдері бұдан бұрын облыстың экс-басшысы Нұрмұхамбет Әбдібековке бірнеше рет шағымданған-тын. Алайда жабулы қазан бірде-бір рет ашылмаған еді.

«Әкім кетіп қалды»

«Әкім келе жатыр» деп басталған шара «Әкім кетіп қалды» деп аяқталды. Дегенмен, облыс әкімінің қатысуымен өткен шаралардың барлығы дерлік «сценарийсіз» өтетінін жергілікті журналистер сөз етіп жүр.
Просмотров материала: 2 733

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 534 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 356 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 326 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 261 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 241 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 437 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 200 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 224 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 657 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 790 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 677 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 292 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 371 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 241 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 440 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 392 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 184 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930