19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТҮСКЕН КЕЛІН ҚАЛЫҢ МАЛЫН ТӨЛЕТІП АЛЫП ҚАШЫП КЕТКЕН

12 сентябрь 2017, 14:40
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТҮСКЕН КЕЛІН ҚАЛЫҢ МАЛЫН ТӨЛЕТІП АЛЫП ҚАШЫП КЕТКЕН Алматы облысында өзін алып қашқан жігіттің үй-ішін тақырға отырғызып, барынан айырған «алаяқ келін» елдің ашуына тиді. Бастапқыда жас жігітке жар болуға келісімін берген қыз қалың мал, киіт сынды жоралғыларды орындап, оқуының ақшасын төлетіп алған соң үйіне кетіп қалған, деп NUR.KZ хабарлайды.

Алматы облысындағы елді-мекеннің бірінде болған жайт ауыл тұрғындарының жағасын ұстатқан. Қайын інісінің алып қашқан қызы алаяқ болып шыққанын айтқан жеңгесі жағдайдың қалай болғанын айтып берді.

«Дулат өте жуас, бала сияқты. Қазір ол 27-де. Әлі үйленген жоқ. Менің ойымша бірнеше жыл бұрын алаяқ қызға тап болған соң, оның қыздардан көңілі қалған. Ешкімге артық ауыз сөз айтпайды. Ол бір қызды сыртынан ұнатып жүрді. Ол қыздың да бұдан кетәрі емес екенін көрген. Сөйтіп, достарымен ақылдасып, ол қызды алып қашқан. Барлық туыс-достарымыз жиналып, келінді үйге кіргіздік. Сүп-сүйкімді қыз өзі де жылап-сықтаған жоқ. Тіпті күлімсіреп, келісіп отырды. Егер келіспесе жылайтын еді. Қатты көндірудің де қажеті болған жоқ.

Артынша туыстарынан кешірім сұрауға бардық. Олар да көп созбай келісімін берді. Қыздың әкесі жоқ, анасы ғана бар еді. Сөйтіп, барлық жөн-жоралғыны орындадық. Киіт беру, қалың мал, тіпті оның оқуының ақысын да төледік. Енді аз уақыттан соң той жасамақ болып, дайындалып жүрген едік», — дейді жігіттің жеңгесі.

«Бір күні Дулаттың әке-шешесі таңертең тұрса, келіні үйде жоқ. Дулаттан не болғанын сұрап жанұшырған ата-ана оның алаяқ екенін сонда ғана біліпті. Тіпті біздің жуас Дулат онымен төсектес де болмаған екен. Ана қу қыз оны маңына жолатпапты. Соның барлығына шыдап, алып қашқаны үшін өзін кінәлі санап жүрген екен Дулат.

Келін оны алдап жүргенін, оқуын төлетіп алғысы келгенін, сол үшін барлығына шыдап жүргенін, әйтпесе Дулатты жек көретінін бетіне айтыпты да, кетіп қалыпты. Ал біздің Дулат ешнәрсе деместен, депрессияға түсіп кетті. Содан бері үш жыл өтті. Әлі үйленген жоқ», — дейді ол.

Жеңгесінің айтуынша, қыздың анасы да оларға күмәнді көрінген.

«Киіт кигізіп, қалың мал беру үшін қыздың үйіне барғанымызда үстелдің үстінде корейдің сәбіз бен капустадан жасалған салаты, бір-екі жерден тәттілер тұрғанын ғана көрдік. Шошыдық шынымды айтсам. Аста-төк дастарханға үйренген қазақпыз ғой. Мынауы қызық екен деп, қатты таңғалдық та қойдық.

Сөйтсек, мұның барлығы қалың мал алып, ақшалы болып қалудың ғана амалы екен ғой. Мұндай сұмдықты бұрын-соңды көрмеппіз», — деп таңданды Дулаттың жеңгесі.

«Ол қыздың үйіне бардық. Бірақ анасы ондай қалың малды қайтармайтынын кесіп айтты. Содан өзімен кетсін дедік те, сол алты жүз мыңға байыса байып кетсін деп қолды бір сілтедік. Әйтпесе оның оқуына да қалың малдан бөлек төрт жүз мыңдай төледік. Киітке де оңай ақша кеткен жоқ. Қаншама алтын, жағалы киіммен алдық. Абай болу керек екен», — деді ол.
Просмотров материала: 4 888

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 573 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 395 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 365 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 300 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 280 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 438 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 201 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 225 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 658 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 791 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 691 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 293 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 252 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 440 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 403 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 419 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930