20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?

12 сентябрь 2017, 12:40
Жақында Атырауда ақындар Хамит ЕРҒАЛИЕВКЕ (Атырау мемлекеттік университеті тұсындағы жағалауға), Әбу СӘРСЕНБАЕВҚА (Алмагүл ықшамауданындағы саябақта) және күйші Қаршыға АХМЕДИЯРОВҚА («Қазақстан» қонақ үйінің жанына) арнап ескерткіш орнату жұмыстары жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы директорының орынбасары Фархат БАЙДӘУЛЕТОВ хабарлады.

Сонымен бірге, біз одан біздің өңірдегі тарихи орындар туралы кеңірек айтып беруді сұрадық, деп "Ақ Жайық".

- Атырау облысының аумағында 313 ескерткіш жергілікті, 4 нысан республикалық тізімге енген. Олардан бөлек тағы 604 нысан алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген. Инспекция ескерткіштерге мониторинг жүргізіп, қадағалап отырады. Шілде, тамыз айларында біз кезекті рет ескерткіштерді аралап қайттық. Ал, дәл қазіргі уақытта Жылыой ауданындағы Үстірт, Желтау аумағында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - дейді Ф.Байдәулетов.

Ол бізге облыс көлеміндегі халық біле бермейтін тарихи орындар туралы мәліметтер берді.

1. Алып ана қорымы – Қызылқоға ауданы Сағыз селосынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 шақырым жерде орналасқан. 18-19 ғасырлар аралығында пайда болған.

Аңыз бойынша, қорымның «негіздеушісі» (эпонимі) әйел адам, яғни, Алып ана болып табылады, оның моласы қорымның батыс жағында шырақ және қадамен белгіленген. Әуелде осында күйдірілген кірпіштен қаланған кесене болған болуы керек, бүгінде оның тек тікбұрышты ізі ғана сақталған. Қорымды негізінен әк-құмды тастан жасалған ескерткіштер құраған тақталы күмбездерден тұрады. Төбесі күмбезделіп жабылған.

Қорымда уақыты шамамен 19-ғасырдың ІІ жартысына жататын, күйдірілген кірпіштен қабырғалары сыртына шығыңқы қаланған түрі сирек кездесетін мазарлар бар. Осындағы құлпытастар безендірілуі мен түрі жағынан әртүрлі болып келеді. Бұлардың көпшілігіне бедерлі түрде әшекейлер, мәсі, кебіс сияқты әйелдің тұрмыстық заттары бейнеленген. Алып анада көбінесе Кете және Адай руының өкілдері жерленген.

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?


2. «Таскран» шекаралық белгісі – Аққыстау селосынан оңтүстік-батысқа қарай 2 шақырым жерде, Атырау-Астрахан автокөлік жолының бойында орналасқан. 19-ғасырдың 1870-жылдарының басында саман тас пен қамыстан тұрғызылған. Орал өңірі өз алдына облыс болып Орынбор губерниясынан бөлініп, Астрахан губерниясына берілгенде екі губернияның арасын бөліп тұрған шекарадағы белгі болған.

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?


3. Иманқара үңгірі – Иманқара тауының батыс сілемдерінің етегінде орналасқан ерте темір дәуірлік үңгір, Жылыой ауданы Құлсары қаласынан солтүстік-шығысқа 60 шақырым жерде орналасқан. Үңгірдің биіктігі 2, ені 2,5 метр. Тереңдігі 25 метр. Тік төртбұрышты болып қазылған.

3 дәлізден және қосалқы қуыстардан тұрады. Үстіндегі жазықта 18 қорған орналасқан. 1989-1991 жылдары 6 обаға археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Б.э.д. 5-ғасырға жататын қабірлер ашылды. Оларда адам сүйектері жерленіп, қастарына қанжар, қола жебе, қола айна, шыны моншақ, қыш ыдыстар қойылған. Батыс Қазақстан археологиясының жетекшісі Зейнолла Самашевтің зерттеуінше, бұл қорғандарда сарматтар жерленген.

Иманқара тауы ерте кезден қасиетті тау болып есептелген. Ерте темір дәуірінде, орта ғасырларда адамдар табынатын киелі жер болған. 1944 жылы бұл үңгірге неміс фашистерінің диверсиялық топтары жасырынған деген әңгімелер бар. Ол туралы Серік Шәкібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуі» деген кітабында баяндалған.

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?


4. Алтын қорымы – Махамбет ауданы Ортақшыл селосынан солтүстік-шығысқа қарай 4 шақырым жерде, кішкене төбенің үстіне орын тепкен. Қорымда белгілі қазақтың атақты билерінің бірі Айтуар би Үсенұлы жерленген. Зираттың орталық және батыс бөлігінде 200-ге тарта дәстүрлі құлпытастар шоғырланған. Бірқатар ескерткіштердің өрнектелуі мен эпиграфикасына Еділ татарларының жерлеу дәстүрі әсер еткендігі байқалады. Қорымда көбіне Беріш руының өкілдері жерленген.

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?


5. Тас кешу керуен сарайы – Мақат поселкесінен шығысқа қарай 38 шақырым жерде, Мақат, Қызылқоға, Жылыой аудандарының шекара қиылысында, Сағыз өзенінің сол жақ жағалауында, Алтын Орда дәуірінде Үстірт қыраты арқылы Сарайшық пен көне Үргеніш қаласын қосатын «Ноғай жолы» бойында орналасқан.

Керуен сарай сауда керуендері мен саяхатшыларға қызмет ететін қонақ үй қызметін атқарған. Көлемі 55х55 метр болатын ғимарат түгелімен күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Ғимараттың ортаңғы алаңында қонақ үй, ас үй, монша қызметін атқарған бөлмелер орналасқан. Сарайдың бұрыштары мен сыртқы қабырғаларының орта тұстарында алыстан келе жатқан керуенге бағыт беру мақсатында мұнаралар салынған.

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?


6. Ұшқан ата қорымы – Жылыой ауданы Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Қорымның атауы осы жерде жерленген әулие Ұшқан атаға байланысты. Алайда, басқа да жорамалдар бойынша атау «үш аққан» немесе «үш қан» сөзінен шыққан делініп, 18-ғасырдағы қалмақ-торғауыттар мен қазақтар арасындағы қанды қырғындармен байланыстырылады. Уақыты 14-20 ғасыр аралығын қамтиды.

Зират тұщы сулы бұлағы бар Алтын Орда дәуіріндегі қалашықтың жанында пайда болған. Ұшқан ата қорымында екі мыңнан астам қабір бар. Мұндағы шикі кірпіштен тұрғызылған ортағасырлық ескерткіштер нашар сақталғанмен, кейінгі уақытта салынған кесене-мазарлардың күні бүгінге дейін алғашқы қалпы көп өзгермеген. Құлпытастардағы таңба мен эпиграфикаға қарағанда Ұшқан ата қорымында Адай, Кете, Шекті, тағы да өзге рулардың өкілдері жерленген.

Бүгіндері Ұшқаната қорымына жергілікті және көрші облыстардан адамдар келіп зиярат етеді.

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?


7. Қорғанша қалашығы – Қызылқоға ауданы Қаракөл аулының солтүстік-шығысында 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Қорғанша қаласы туралы аңыз әңгімелер халық арасында көп тараған. Көлемі 375х375 м, сыртқы қорған жалының биіктігі 3 м. Қала құрылыстары мен қорғаны шикі кірпіштен қаланған. Қаланың көлемі мен қорған жалының биіктігіне қарап оның қорғаныс қызметін атқарғандығы айқын. Қорғанша қаласына 2006-2007 жылдары археолог Марат Қасеновтың жетекшілігімен АГУ археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, қорғанның 15-18 ғасырларда салынғандығын анықтады.

Қала туралы жазбаша деректер жоқ. Оның бұрынғы атауы басқаша да болуы мүмкін. Негізгі дереккөз – жыр-дастандар мен аңыздар. Аңыз бойынша, Асан Қайғы Еділден бері көшкенде бірнеше жүз адаммен сол жерге үй салып, он жыл отырған. Ол туралы Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» деген жыр толғауында кездеседі. Ал, Шынияз Шанайұлы ақын Қорғаншаны Нұралы хан салдырған деп жырлайды.

Мұндай қалаларға жаугершілік замандарда қала маңындағы адамдар келіп тығылып, жауға қарсы соғыс жүргізген. Ортасындағы ашық алаңға мал қамалған. Оны биік қамалы мен сыртындағы су толтырылған оры, жауға алғызбайтын жойқын қамал-бекініске айналдырған. Ол ұзақ уақыт шабуылға төтеп берген.

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?


8. Қайнар діни-тұрмыстық кешені – Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 196 шақырым жерде орналасып, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарымен шектеседі. Кешенде 2 мазар, 1 мешіт-медресе, 35 сағанатам (қабір үстінде тұрғызылған үйлер), 75 қойтас, 350 құлпытас, 80 қоршау және 300-ден астам қабір үйінділері бар. Кешеннің тұрған орны – көлемі үлкен әрі кең ойыс.

Сондықтан қорымды биік жерден, яғни, айналасын қоршай орналасқан төбелердің үстіне шығып, толық тамашалауға болады. Зерттеулерге сүйенсек, мешіт-медресені өз заманының белгілі тұлғасы Досжан ишан (Досеке) (1812-1896 жж.) салдырған. Биіктігі күмбезімен қоса есептегенде 4 метрдей, қабырғаларының қалыңдығы жарты метрге жуық.

Алайда, уақыт өте күмбездері опырылған. Мешіттің қақ ортасында бағана бар. Қалыңдығы 1 метрге шамалас бағанадан төрт жаққа аркалар таралған және ол мешіттің төбесіне тіреу болып тұр.

9. Жолайшағыл құмтөбелі қабірі – Қызылқоға ауданы Қарабау аулынан солтүстік-шығысқа қарай 3,67 км жерде құмшағыл арасында орналасқан. Жолайшағыл құмының көлемі 300х200 метр, биіктігі 3-5 метр солтүстіктен оңтүстікке созылып жатыр. Құмтөбелі қабірлер тек Батыс Қазақстан аймағындағы құмдарда ғана кездесетін ерекше ескерткіштер. 2006 жылы АМУ құмда сарматтық «құмтөбелі қабірде» жүргізілген қазбадан, алтыннан, асыл тастан, темірден, қыштан жасалған заттар табылды.

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?


10. Қарашүңгіл қорымы.

Атырау облысы Жылыой ауданы, Аққұдық ауылынан солтүстікке қарай 12 шақырым жердегі Қарашүңгіл сорында орналасқан. Қорым жаңа заман кезеңінен сақталған Батыс Қазақстанның ең ірі ескерткіштерінің біріне жатады. Пайда болу уақыты ХVІІІ-XX ғасырлар аралығын қамтиды. Қорымның атауын бір деректерде астынан мұнай шыққан сордың аты «қара» «шұңқыр» сөзінен шыққан десе, халық аузынан тарап келген аңыз бойынша қорым аты екі ғашықтың атымен байланыстырылады: Қара атты жігіт пен Шұңғыл атты қыз осы жерде қайтыс болып, осы жерде жерленген деседі.

Қорымның оңтүстік бөлігінде «қасиетті» Қара баба зираты бар. Қарашүңгілдегі шикі кірпіштен қаланған бір камералық кесенелердің көпшілігі киіз үй тәріздес пішінмен салынған. Алайда олардың барлығы дерлік қазіргі уақытта бұзылған. Қорымның жалпы көлемі – 20 га, мұнда мыңға жуық әртүрлі ескерткіштер бар.

Қорым Маңғыстау мен Үстірт арасында көшіп-қонып жүрген Адай, Шекті, Кете, Шеркеш, Есентемір руларының өкілдері жерленген қауымдық қорым ретінде белгілі.

Қорымның батыс беткейінде зиярат етушілерге арнап түнек үй салынған.

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?


11. Жұбан мазары.

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан солтүстікке қарай 90 шақырым жерде биік төбенің үстінде орналасқан. Ол ХІХ ғасырдағы сәулет өнерінің үздік туындысы ретінде республикалық дәрежеде қорғауға алынған.

Мазардың күмбезімен қоса алғандағы биіктігі 9,05 метр. Сырты мен іші әшекейленіп, оюланған мазарды салуға пайдаланған әктас-ұлутас Қобыланды деген жердегі Таскескен карьерінен жеткізілген. Мазардың ішкі қабырғалары түрлі-түсті бояумен өрнектелген. Оның ішінде 5 қабір және Жұбан байдың құлпытасы бар. Әдебиетте Жұбан мазарын (тамын) 1895 немесе 1898 жылдары Нұғман ұста салған деп жазылған. Алайда, мазардың ішкі қабырғасындағы соңғы жазуларға қарағанда құрылысты салушы Шәнен Бекбайұлы делінген. Дегенмен осындай үлкен ескерткішті тұрғызу тек ғана ірі байлардың қолынан келген.

Сақталған мәліметтерге сәйкес, Жұбан мазарының құрылысына 20 мың рубль, 10 жылқы, 122 қой, 1 пұт шәй, 15 пұт секер жұмсалған.

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?

АТЫРАУДА ҚАНДАЙ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕР БАР?


Дереккөз: Ақ Жайық
Просмотров материала: 4 487

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 730 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 553 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 521 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 455 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 439 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 447 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 208 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 233 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 668 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 801 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 750 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 466 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 378 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 302 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 446 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 452 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930