4 июля 2020 г.

Мы в соц сетях:



ІІМ ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН ХАЛЫҚТЫ АСТАНАДАН ҚУМАҚ ПА?!

08 сентябрь 2017, 17:14
ІІМ ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН ХАЛЫҚТЫ АСТАНАДАН ҚУМАҚ ПА?! Қазақстанның ішкі істер министрлігі Астана жұртына құлаққағыс жасады. Үш айдан бері қазақ және шетел туристерін қонақ еткен әйдік шаһар тұрғындарына халықаралық көрменің жабылуы кезінде қала сыртына шығып кетуге кеңес берді. Иә, қалыс естіп, шалыс оқыған жоқсыздар. Анау-мынау емес, министр Қалмұхамбет Қасымов мырза жетекшілік ететін министрліктің өзі Астана халқын қаладан шығып кетуін қалап отыр. Бұл ақпаратты «Today.kz» порталы таратты.

Анығырақ айтсақ, бұл жайды қауіпсіздік шаралары туралы бұқаралық ақпарат құралдарына баяндап, брифинг өткізген ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төраға орынбасары Талғат Мұсаханов мәлім еткен.

«Шараның ресми жабылуы кезінде бізде Ислам мемлекеттерінің саммиті өтеді. 18 мемлекеттің Президенті келеді деп күтілуде. Тағы 20-сы белгісіз. Шынымен де, қала қарбалас болады. Әр Президентке біз жол бастап жүреміз. Олар 8 қонақ үйге және 2 резиденцияға орналасады. Олар тағы ЭКСПО-ның жабылуына қатысады. Оған қоса концерттік бағдарлама тағы бар. Біз қалада қауіпсіздікті арттыру үшін құқық қорғау органдарының барлық күшін жұмылдырып отырмыз. Шыдай тұру қажет. Жалпысы 30 мемлекет қатысады. Олардың әрқайсысына жол бастап жүру керек», – дейді Талғат Мұсаханов.

Министрлік өкілінің мәлімдегені осы. Сондықтан да, қалада қолайсыздық туындамауы үшін қаланың сыртына шығып кетуге, әрине уақытша, кеңес беріпті.

Айтпақшы, дәл осы күні қала тұрғындары жеке көліктерін қолданбағаны да жөн екендігін ескертті.

«Біз қала тұрғындарына жеке көліктерімен жүрмеуге, мүмкіндігінше қала территориясынан шығып кетуге кеңес береміз», – дейді министрлік өкілі.

Министрліктің бір комитетін тізгіндеп отырған Талғат мырза, астаналықтарға осылай деді.

Енді тарқатып айтайық. Бұл не үшін керек болды дегенде, қауіпсіздік пен қолайлылық үшін екен. Қауіпсіздікті бұзатын кім, қолайсыздықты тудыратын кім? Әлде Астанадағы миллионға жетер-жетпес жұрт қалаға сыймай қалды ма?

Астана халқы үш ай бойы шетелдік туристерді қонақ етті. 3 миллион турист келді. Қалаға сыйды, халықтың сыйын көрді.

Ол аз десеңіз, көрмеге 115 мемлекеттің өкілі қатысты. Халықаралық ұйымдар тағы бар. Олардың әрқайсысы ұзын-ырға делегациясымен келді. Біздің төр үйге олар да сыйды. Есептей беріңіз. Қатысушылармен қоса есептегенде 4 миллионға жуықтайтын жұрт емін-еркін Астанаға сыйып жүрмеді ме?. Енді жабылуына келетін 30 президент үшін ел-жұртты қаладан қашырып жіберу неге керек?

Айтпақшы, көрменің ашылу салтанатына да 17 мемлекеттің басшылары мен үкімет басшылары келіп қатысқан-тын. Ол кезде бәрі тыныш өткенін өздеріңз де білесіздер.

Енді міне, көрменің жабылуы салтанаты секілді дүниежүзі көз тіккен шара кезінде өз азаматтарымызды өзектен тепкендей, өз үйлерінен қуып не көрінді?

Біз бұны қауіпсіздік шарасы үшін қажет деп тапқан болар деп түйдік.

Өткенде ғана «Абу-даби плазада» болған келеңсіз жайттың ізі суған жоқ. Ел жұрт әлі күнге ақ-қарасын айыра алмай, даудың басы неден басталғанын талқылап жатыр. Әлеуметтік желінің беті қазақ-үнді қақтығысының қайдан шыққаны туралы ақпаратқа толы.

Астана билігі осы сипаттағы тағы бір оқиғаның қайталанбасы үшін барлық шараны қолдануға бар екендігін, Тәкеңнің мәлімдемесінен аңғаруға әбден болады.

Билік өкілінің бұлай кеңес беруінің бар шындығы – халық бірдеңені бүлдіре ме деген қауіп. Рас, жұрт қалада болмаса, қала да тыныш. Айтпағымыз, бұл Астана билігінің өз азаматтарына сенбейтіндігінің көрінісі ме, жоқ әлде қауіпсіздікті бұзатын негізгі нысан – халық деген түсінік пе?

Айтпақшы, 2010 жылы Елордада ЕҚЫҰ саммиті өткені елдің есінде. Ол кезде де бас ал десе, шаш алатын полиция елордалықтарға «балконға шығуға болмайды» деп бұйрық соққан еді. Бұл жолы, мүлде қаладан кетуге кеңес беріп отыр. Иә, бұйрық емес, кеңес.

Ал біздің айтарымыз, халық көрменің жабылуы салтанаты деген ақта-төк шараны жұрт қатарлы тамашалағысы келеді. Және көреді. Оған толық құқылы да. Ендеше, жұртты қаладан қуалағанша, сақтықтың сау түрін, сауатты түрін қарастырған абзал.

Түйін

Дүние жүзі көз тіккен көрменің ашылуына қара халық қажет болды. Көрмені көруге де қазақ елінің түкпір-түкпірінен мұғалім-дәрігерлерді қойдай иіріп әкелгеніміз және бар. Сонда біздің билік халықты қайда айдағысы келсе, сонда жібере ме? Кеңес беру деген жай сөз. Мұны бұйрық деп қабылдайтын шолақбелсенділер Астанадағы халықтың құқығын таптап, қолына қамшы алмасына кім кепіл?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Дереккөз: Абай.кз
Просмотров материала: 2 062

Поделиться материалом


18:41 Партии в соцсетях: Полное доминирование партии Nur Otan... 289 Просмотров

18:03 Атаулы әлеуметтік көмек алатындар үшін жағымды жаңалық... 327 Просмотров

18:02 Применение ИВЛ российского производства приостановили в... 282 Просмотров

17:52 Хабиб Нурмагомедовтің әкесі қайтыс болғаны хабарланды... 459 Просмотров

17:52 Врач, уволенный после скандального видео с перчатками,... 351 Просмотров

17:41 Жителей пятиэтажки эвакуировали из-за пожара в ВКО... 295 Просмотров

17:31 Балаларды қабығымен қарбыз жеуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды... 349 Просмотров

17:22 Информацию о разработке вакцины из плазмы Н.Назарбаева... 357 Просмотров

17:18 Назарбаевтың қанынан вакциана әзірленетіні туралы ақпарат... 316 Просмотров

17:10 12,2 млрд тенге выделили на борьбу с коронавирусом в Алматы... 314 Просмотров

17:00 Футболдан Қазақстан чемпионаты уақытша тоқтатылды... 327 Просмотров

16:56 Заставил есть арбузные корки: Задержан автор видео с... 310 Просмотров

16:45 АҚШ-та сайлау жақын. Трамп Байденді жеңу үшін түрлі иттікке... 318 Просмотров

16:42 В 5 раз выросло число заболеваний ОРВИ и пневмонией в Алматы... 282 Просмотров

16:30 2020 жылдағы ең ірі айыппұл Мәдениет және спорт... 314 Просмотров

16:29 Платные мобильные бригады скорой помощи будут выезжать к... 310 Просмотров

16:22 Ключи от квартир получили кокшетауцы ко Дню столицы... 162 Просмотров

16:18 Мужчина угнал автомобиль у своей сожительницы в Актау и... 219 Просмотров

16:15 Қазақстандық шенеуніктер 37 мектеп салатын ақшаны жеп қойған... 213 Просмотров

16:05 Двухлетний ребенок выпал из окна в Уральске... 226 Просмотров

15:58 Қарбызды қабығымен жегізеді. Желіде қорлық көрген... 207 Просмотров

15:55 В растрате бюджетного кредита на 26 млн тенге обвиняется... 214 Просмотров

15:40 Сарыағашта екі қарақшы кәсіпкердің 700 мың теңгесін тартып... 219 Просмотров

15:35 Мужчина заставил детей есть арбузные корки в наказание за... 241 Просмотров

15:27 5 шілдеден бастап Қазақстандағы екі қала жабылады... 227 Просмотров

15:22 Чемпионат РК по футболу снова приостановили... 216 Просмотров

15:13 Бизнес емес, халықтың амандығы маңызды - сарапшы карантин... 209 Просмотров

15:12 Въезд в Усть-Каменогорск и Семей закроют с 5 июля... 206 Просмотров

14:56 Енді қазақстандықтар жедел-жәрдем қызметіне ақша төлейді... 378 Просмотров

14:40 Қарағандыда инкассаторларға шабуыл жасаған қылмыстық топ... 231 Просмотров

14:30 Алматыдағы локдаун: шенеуніктер 42 500 теңгелік төлем жайлы... 190 Просмотров

14:17 Мыңға жуық мемлекеттік қызмет үйде көрсетілді... 185 Просмотров

14:05 Қазақстанда Елбасыға арналған ескерткіш ашылды... 177 Просмотров

14:03 О новом механизме адресной социальной помощи рассказали в... 198 Просмотров

13:49 В Минздраве ответили, где чиновники лечатся от COVID-19... 237 Просмотров

13:35 "Граждане должны отсрочить время своего заражения"... 197 Просмотров

13:13 Коронавирус: 44 100 зараженных и 200 летальных случаев... 219 Просмотров

13:02 Той барлық өңірде болып жатыр - Бас мемлекеттік санитарлық... 195 Просмотров

12:58 С пониманием просят относиться к врачам скорой помощи в... 183 Просмотров

12:56 Қазақстанда пандемия кезінде неше дәрігер қаза тапты... 194 Просмотров





Опрос


«    Июль 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031