29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ТАРИХИ САНАДАН - "ТАРИФИ" БОЛМЫСҚА?!

08 сентябрь 2017, 15:32
ТАРИХИ САНАДАН - "ТАРИФИ" БОЛМЫСҚА?! Президент парламенттің күзгі сессиясының ашылуында сөйледі. Біраз мәселенің басын шалды. Бір қызығы, Ақорданың ресми сайтында жарияланған қысқа ғана мәтіннің аясынан асып, экспромт жанрына да ойысып кетіп тұрды. Сол тұста айтқан ойлары ерекше әсерлі болды. Өйткені көмекшілері әзірлеп берген тезистерді емес, өзінің көкейінде жүрген ащы жайттарға тоқталды. Онысы жақсы әсер қалдырды. Әсіресе қалың жұртшылықты толғандырып, мазалап жүрген бірқатар маңызды проблема туралы ашық айтты. Соларға тоқталайын.

Біраз уақыт бұрын мемлекет басшысы Н.Назарбаев өзі мұрындық болған билік тармақтарының өкілеттіктерінің тепе-теңдігін жасау үшін Конституцияға тиісті өзгерістер енгізіп еді.

Енді: «Мен сіздерге ашық айтайын, біздің сорымыз (онда менің де кінәм бар шығар) мынада: билік тармақтарының бастамашылдығы сын көтермейді. Міндетті түрде оларды жетектеп жүру керек, тіпті өз аяқтарын алып жүре алмайды, оған да көмектесу керек... Бұлай жалғаса беруі мүмкін емес. Конституцияда бәрі жазылып қойған. Әрбір министр өз саласына өзі жауап беруі тиіс», – деп өзі мойындап отыр.

Шындығында, солай емес пе? Теледидарды қосып қалсаң болды – министр не әкім кез келген шаруаны «президенттің тікелей тапсырмасының арқасында» деп заржақ боп жатпай ма?! Кей кезде «осылар дүниеге де әке-шешесіз, тура президенттің тапсырмасы бойынша келген бе» деп қаласыз.

Бірақ «батпандап кірген құлдық сана мысқалдап шығатыны» да рас. Рас, Конституцияға тиісті өзгерістер енгізілді. Мәселен, енді парламент өз шешімімен министрді отставкаға жібере алады. Бірақ біздің жоғарыға қарап қалған депутаттардан ондай «көзсіз» батырлық күтуге бола ма? Ескі кадрлар жаңаша талаптар үдесіне шыға қоймайтыны да анық. Сонымен бірге ол үшін парламентте билік партиясына қарсы пікір айтып, оның өкілі – министрді жерден алып, жерге сала алатындай мықты оппозиция болуы да шарт. Ондайлар біздің парламентте жоқ.

Оның үстіне билік тармақтарының аражігін ажыратып, өзара тепе-теңдігін қалыптастыру ісі де жарты жолда қалып қойған сияқты: өзгерістердің өзі өнбестей жартыкеш, сол себепті түбегейлі жаңаруды күтудің өзі ыңғайсыз. Және де жаңалықты қалап, өз өкілеттіктерін күшейткісі келетін үкімет те, депутаттар да көкжиекте көрінбейді. Сол баяғы «сен тимесең, мен тимен, бадырақ көз» синдромы.

Президент қалың жұртшылықтың сөзсіз қарсылығын туғызатын екі нәрсені айтты.

Алғашқысы коммуналдық төлемдерге қатысты.

«Егер де біз тұрғын үй-коммуналдық жүйедегі электр энергиясы, жылу, су және тағы басқа тарифтерді көтермесек, инвесторлар келмейді. Әрбір инвестор маған келіп, «мен станция салсам, электр энергиясын қаншадан сата аламын, жылу қанша тұрады?» деп сұрайды. Бұдан қорқудың керегі жоқ, оны біз бастан кешіргенбіз.... Біздегі электр энергиясы постсоветтік кеңістіктегі ең арзаны».

Әрине, нарықтық экономика заңдарына сәйкес, энергия, жылу, су – бәрі де тауар, олар үшін төлеу керек. Бірақ неліктен тарифтер бұрын, мемлекет бюджеті мен елдің жағдайы біршама жақсы кезде, дағдарыс пен девальвация болмай тұрғанда ұзақ мерзімді бағдарлама ретінде біртіндеп көтерілмеді? Сол кездері билікте коммуналдық салаға кімдер жауап берді?

Неліктен мәселені ертеректе түбегейлі шешпей, ақырына дейін созып келген олар жауапқа тартылмайды?

Сөз жоқ, әлемдік нарықта коммуналдық тарифтер біршама жоғары, бірақ ол елдерде халықтың өмір сүру деңгейі де біздікінен анағұрлым жоғары емес пе? Олай болса алдымен халықтың табысын – жалақысы мен зейнетақысын – әлемдік деңгейге жеткізейік, содан кейін тарифтерді көтере берейік. Ол кезде бұл қымбаттауға қарсылардың аузына құм құйылар еді. Әйтпесе бұл реформа да біржақты болып кетеді.

Екінші жайт міндетті медициналық сақтандыру жүйесін қалыптастыруға қатысты. Ілгеріректе осы жұмысқа жауапты министрлер «өзін-өзі жұмыспен қамтушылар да осы қорға ай сайын төлем жасап тұруға міндетті» деп айтқан болатын.

Назарбаев болса бұл жолы «өз күнін өзі көруші» 2,7 миллион қандастарына қатты айтып салды:
«Барлық уақытта да әлеуметтік қорғау министрлерінен «әлемде «өзін-өзі жұмыспен қамтыған» сөзі қайда бар?» деп сұраймын. Бұл – салық төлеуден тікелей жалтару. «Өзін-өзі жұмыспен қамту» дегеніміз – осы».

«Ол өз ісімен айналысуға мүмкіндік бергені үшін мемлекетпен есеп айырысуы тиіс. Ол не, жұмыссыз ба? Біз жұмыссыздар үшін шешім қабылдадық, егер жұмысың болмаса, онда ауылда шағын несие береміз. Екі сиыр сатып алып, сат немесе бақша өсіріп, мемлекетке төле. Жақсы жұмыс істесең, келесі жылы бес есе (шағын несие) береміз. Ал мұнымен кім айналысқысы келмей қалаға барса, онда тегін оқытып, жұмысқа тұрғызамыз».

Бұған қоса, президент «мемлекет адам ресми түрде жұмысқа тұрып, адал түрде қазынаға салық төлеуі үшін барлық жағдай жасалған» деп санайды екен. Мұндай ақпаратты ол қайдан, кімнен алған екен?

Президент шынымен де елде жұмыссыздық мәселесі толықтай шешіліп қойған деп есептей ме? Олай болса біз президентке жалған есеп берген министрлер мен әкімдерді сынаймыз ба, әлде тек солардың ақпаратына ғана сүйеніп қалған оның өзіне түсінбестігіміз бен ренішімізді білдіреміз бе?!

Меніңше, дәл осы екі әлеуметтік категорияға қатысты мемлекет басшысының тұжырымдарының тікелей және де көп уақыт күттіре қоймайтын қоғамдық-саяси салдары болмақ.

Өйткені коммуналдық тарифтердің өсуі (Назарбаевтың өзі айтып отырғаннан кейін ол шарықтамай қоймайды!) мен 2,7 миллион адамның кепілді медициналық қызметтен қағылуы қоғамдағы тұрақтылық пен өзара келісімге өз әсерін тигізбей қоймайды.

«Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көретін» болсақ, толқу мен наразылықтың көкесі де сол кезде болмақ. Ал оның өзі неге ұласып кетерін бір Құдайдың өзі біледі.

Кеше ғана «Әбу-Даби Плаза» құрылыс алаңында екі адамның төбелесінен басталған халықаралық деңгейге дейін жеткен қақтығыс кезінде не істерін білмей, арнайы күштеу органдарына сүйенген билік ондай акциялар кезінде не істемек? Жаңаөзен кезіндегідей тағы да аяусыз жаншып тастай ма? Оған ашынып отырған жұрт шыдай бере ме?!

Мемлекет басшысының осы жолғы баяндамасында өзінің бұрынырақ айтқан тұжырымдарына қарама-қайшы келетін тұстар да табылып жатты. Мәселен, осыдан біраз уақыт бұрын жеке банктерге мемлекеттік қазынадан 2 триллион теңге көлемінде көмек көрсетілген болатын. Ол да елбасының ұсынысына сәйкес қолға алынған еді. Енді президент:

«Мұның бәрін доғару керек. Ондай банктерге ақша төлегенше, олардың көзін құртып, өзімізге алу қажет. Неліктен біз өзі жұмыс істеп, пайда тауып жатқан жекеменшік иесіне қаржы, субсидия беруіміз керек? Немесе анау миллион гектары бар латифундистерге ше, олардың өз бидайы бар, өндіріліп жатқанның бәрі – солардікі, мемлекет болса оларға қосымша ақша беріп жатыр...»

Өте дұрыс айтылған. Бірақ қолды мезгілінен кеш сермеп жатқан жоқпыз ба? Таусылмайтын дағдарысты сылтау етіп, ол банктер бюджет қаржысына бір емес, бірнеше рет кенеліп, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болып отыр емес пе?

Осы орайда мынадай бір ұсыныс айтқым келеді.

Жә, міндетті медициналық сақтандыру мен ауыл шаруашылығына көмек көрсету үшін қаржы тапшы болып тұр екен. Шынымен де бюджеттің түюі тесіліп қалды. Олай болса неліктен біз сол банктерге кезінде берілген триллиондарды бюджетке қайтару мәселесін қозғамаймыз? Мәселен, Барак Обама 2008 жылғы дағдарыс тұсында АҚШ банктеріне үкімет тарапынан қол ұшын бергенде, сол қаржыны кейін біртіндеп мемлекет бюджетіне қайтару туралы шартты нақтылап айтқан еді ғой. Біз де неге солай етпейміз? Солай міндеттеп қойсақ, банктер де мемлекеттік көмек мәселесіне келгенде жеті рет өлшеп, бір кесіп, мейлінше абай болар еді, әлеуметтік салаға да қосымша қаржы табылып қалар еді...

Әрине, жекенің аты – жеке, өз бизнесіне, оның табысты не табыссыз болуына өзі жауап береді. Бірақ президенттің дәл осы универсалды нарықтық принципті барлық ауылшаруашылық кәсіпорындарына қатысты қолдануға өз басым қарсымын.

Президент айтады:
«Біз нашар, тиімсіз жұмыс істейтіндерге либералды (тым жұмсақ) қараймыз. Ауыл шаруашылығының түбіне жеттік. Қарызды ала бердік, ала бердік, ала бердік – енді тығырыққа тіреліп, не істерімізді білмей жатырмыз. Не істеу керек? Банкрот ету керек. Одан қорқудың керегі жоқ. Америкада 1 миллион фермер банкрот боп жатса, сол сәтте 1 миллионы қайтадан пайда болып жатыр...»

Меніңше, жеке банк пен ауыл шаруашылығы кәсіпорны секілді екі ұғымды бір қатарға қоюға болмайды, екеуі екі бөлек нарық субъектілері. Алғашқысының бизнесі белгілі – сырттан қаржы алып, оны одан үлкен үстемемен елге үлестіріп, пайда таба береді.

Ал ауыл тірлігінің мәні мүлдем басқа: табиғаттың қабағына қарап қалған табанақы, маңдай тер. Және де Қазақстан өзінің аграрлық статусынан әлі де айырыла қойған жоқ. Ауылға көмек – әлеуметке көмек, керек десеңіз, қазаққа көмек.

Сондықтан да миллиардтаған долларды жеке банктерге немесе ЭКСПО секілді түкке қажеті жоқ мақтампаз жобаларға жұмсағанша, нақ осы ауыл шаруашылығына беру қажет еді. Оның үстіне Еуроодақ елдерінің өзі аграрлық секторына дотацияны да, субсидияны да тоқтата қойған жоқ. Керісінше, ғаламдық бәсеке тұсында олар банкротқа ұшырамау үшін отандық фермерлерге қаржылық көмекті көбейтіп те жатыр.

Менің түйінім төмендегідей.
Президент үкімет жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясатты формалды колдағанымен (сол бағыттарды өзі бекітті емес пе?), оның нақты жүзеге асуына және де кейбір бағдарламаларға көңілі толмайтынын ашық жеткізді. Әрине, президент ендігі жерде сол бағдарламаларды тоқтата салады дегенге мен сенбеймін. Өйткені оның бәрі үкіметтің жалпы стратегиясының ажырамас бір бөліктері. Десек те, мұның бәрі үкіметтің экономикалық стратегиясына ішінара болса да, өзгерістер енгізілуі мүмкін деген сөз. Оның өзі кадр мәселесін қайта қараумен ұштасуы мүмкін.

Меніңше, президенттің қатты сөйлеуінің екі себебі бар.

Бірі – оның айналасындағы ықпалды күштердің өзара тартысы, яғни парламентте сөз сөйлер алдында кездескен әртүрлі топ өкілдерінің оған айтқан ақпаратының, соның ішінде өздері жағындағы министрлерді мақтап, қарсылас лагерьдегілерді даттап айтылған сөздердің бір әсері деп санаймын. Яғни сынның өзі кланаралық сипатқа ие болып бара жатыр. Және оның спикері мемлекет басшысы болып жатыр.

Екіншіден, белсенділігі мен жауапкершілігі тым төмен орындаушылардан президенттің өзі де шаршаған сияқты.

Мәселен, президент ресми мәтінді місе тұтпай, көп нәрсені протоколдан тыс елге жайып салды. Бұл жай ғана техникалық жайт емес. Мұндай тәсілдің артында оның жалпы жағдайға көңіл толмаушылығы, сондай теріс нәтижелерге жеткізген өз нөкерлеріне деген ашуы мен зілі тұрған сияқты.

«Қарғайын десе жалғызы, қарғамайын десе жалмауыз боп бара жатыр». Не болса да Назарбаев елдегі аса өзекті проблемаларға қатысты ойын айтып, осы мәселелер туралы сыни пікір айтып жүрген күштер мен азаматтармен ойы бір екенін сездіріп қалды. Осындайда «біздің президент плюрализм алаңына айналған Фейсбукке өз басы кіріп, біздің жазған сыни пікірлерімізбен таныса ма, қалай?» деп те ойлап қалады екенсің.

Әрине, өзі айтқан сынға тікелей жауапты басшыларды нақтылап, нығыздап атай қоймады, бірақ «жел болмаса... министрдің басы қимылдамайды». Өз басым президенттің осы жолғы сынынан кейін малтасын езіп жүрген кейбір сала жетекшілерінің төбесіне бұлт үйірілді деп ойлаймын. Әйтпесе сын айтамын десе, елбасы оларды бөлек жинап алып немесе жеке-дара сынап-сыбап алар еді ғой.

Және де Назарбаевтың осы іспеттес баяндамаларының ортақ бір кемшілігін айтқым келеді. Ол мынада: президент арагідік өз бастамаларымен ширек ғасыр бойына өзгермей, қатып-семіп қалған жүйенің ішінен реформа жасағысы келеді-ақ. Оны «терапиялық» әдіс дейік.

Бірақ осы жылдар ішінде президенттің жыл сайынғы тапсырмалары толықтай орындалып жатыр деп кесіп-пішіп айта аламыз ба? Жоқ! Жайлы жағдайға үйреніп қалған, төрт құбыласы түгел құбыжық құрылым ондай өзгерістерді қаламай отыр.

Және де президенттің сөз жүзінде үкіметке белгілі бір дербестік беріп отырып, іс жүзінде оның тактикалық шаруаларына араласуы өзі бастап отырған билік тармақтарының өкілеттіктерін арттыру идеясына қарама-қайшы келмей ме?

Сондықтан да ендігі жерде «хирургиялық» әдіс керек сияқты, яғни қоғамның алға ілгерілеуіне кедергі болып жатқан кез келген ескі институт пен тұлғаларды қоғам организмінен скальпельмен сылып тастап, жаңашыл, мемлекетшіл күштерді бойға сіңіру керек. XXI ғасырдағы елді XX ғасырдың әдіс-тәсілдерімен басқаруға болмайды. Басқа жол жоқ. Әйтпесе келесі жылы тағы да осындай баяндамаларды тыңдап бас шұлғып отырамыз.

Әміржан ҚОСАНОВ

Дереккөз: Жас Алаш
Просмотров материала: 2 352

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 538 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 377 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 365 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 303 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 258 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 621 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 218 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 430 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031