29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



МАРАТ ТӘЖИН -ПРЕЗИДЕНТТІК САЯСАТТЫҢ ИДЕОЛОГЫ

08 сентябрь 2017, 14:56
МАРАТ ТӘЖИН -ПРЕЗИДЕНТТІК САЯСАТТЫҢ ИДЕОЛОГЫ Қазақстанға өзінің ұлттық идеологиясы қажеттігі туралы әңгіме талай жылдан бері айтылып келеді. Әсіресе соңғы жылдары бұл мәселені қозғау трендке айналды. Әлеуметтік желіден бастап, республикалық газет-журнал беттерінде осыған қатысты жүздеген материал жарияланды. Қоғам өз идеологін іздеумен айналыса бастады. Көптеген деструктивті күштер бұл мүмкіндікті пайдаланып қалды. Осылайша ''идеологтар'' қаптап шыға келді. Әр кімде өз ''идеологы'' пайда болды. Идеологиялық вакуум жағдайында бұл қалыпты құбылыс.

Қазақстан Республикасының идеологиялық қызметі соңғы бес жыл ішінде әлсіреп, мемлекеттің басты идеологиялық штабы статусынан айрылған болатын. Оның басты себебі — идеологиялық қызмет мемлекеттік мүддені қорғауға қабілетсіздігінде еді.

Ішкі саясатқа жауапты болған жоғарғы лауазымды шенділер мемлекеттік мүддені қорғау тұрмақ, президенттің баяндамаларын дайындауға шамалары әрең келетін. Ол туралы бірнеше жыл бұрын президент әкімшілігі жұмысы бойынша өткен жиналыстың бірінде Елбасы: «Баяндамалар тезистері өте сауатсыз, бірнеше бөлім дайындаумен айналысады.

Соңында бүкіл материалмен танысып, баяндамаларды өзіме жазуға тура келеді. Ондай болса аппарат не үшін қажет?!» деп, сынға алғаны белгілі.

Мемлекеттің ішкі саясатын бақылау штабында қарапайым ғана жұмысты жүргізе алмай, саяси-идеологиялық жұмысты осындай жауапсыз, шетелдің мүддесіне қызмет еткен шенеуніктер атқарғаны соңғы бірнеше жылда орын алған көптеген дау жанжалдарға, ең белгілісі ''жер дауы'' сияқты өрескел қателіктерге алып келген болатын.

Идеология өзіне деген немқұрайлықты, жүйесіздікті, тиянақсыздықты кешірмейтінін тарих айқын дәлелдеді. Ақпараттық қауіпсіздік сақталмай, діни ахуал ұшығып, оппозициямен жұмыс жүргізудің орнына репрессиялық құралдар қолданылып, әлеуметтік-экономикалық проблемалар саясиланып кетуге жағдай жасалды.

Қазақстанның ішкі саясаты дағдарыс жағдайында жақындап келді. Идеологиялық қызмет өзі дағдарыс жағдайына негіз жасап, дағдарыста жұмыс істеді. Мемлекет ішкі саясатының дағдарысы көптеген проблемаларға жол ашты.

Қордаланып қалған идеологиялық күрделі мәселені шешуді Президент өз қолына алды. Елбасы алға қойған міндеттерді жүзеге асыруды Марат Тәжинге жүктеді.

Марат Мұханбетқазыұлы мемлекетіміздің ішкі-сыртқы саясатының архитекторларының бірі. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда алдына жан салмайтын мемлекетшілдік қасиеті зор тұлға.

Нұрсұлтан Назарбаев 2001 жылы Марат Тәжинді ҰҚК басшы етіп тағайындаған кезде, ол туралы былай деген болатын: «Бізге мемлекеттің қауіпсіздік мәселелерін жаңа жағдайда қалыптастыру керек.

Сол үшін Тәжинді тағайындадым. Тәжин Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатын білетін, білімі терең, аппаратта істеген адам. Ұлттық қауіпсіздік саласын реформалай алады».

"Тәжиннің реформаторлығы, қазақ тарихын, әдебиетін, мәдениетін, дала философиясын түсініп өте нәзік дүниемен жұмыс жасай білуі қазіргі кезде өте сирек кездесетін қасиет."

Салыстырмалы қысқа уақыт арасында елдің ішкі идеологиялық, ақпараттық саясат саласын орын орынға қойып, жаңа идеологиялық жоспарды құрды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалы мақаласы негізінде туындаған мета идеологиялық концепция, мемлекетшілдік бағыттағы соңғы маңызды әрі жағымды жаңалықтар Тәжин мырзаның саяси технологияларының нәтижесі екені жасырын емес.

«Қазақстанның ең мықты саяси технологтары аз ғана тұлғалардан тұрады. Бірінші орында президент Назарбаевтың өзі болса, екінші орында Тәжин» деген тезис отандық саясаттанушыларымыздың нақыл сөзіне айналған.

Бұл тұрғыда, Совет одағында КПСС бас хатшысынан кейінгі мемлекеттік саяси биліктегі екінші адам — идеология бойынша хатшы болғаны көп нәрсені аңғартады.

Марат Тәжин атқарып жатқан бүгінгі жұмыс: Президент құрған мемлекеттік саясатты мықтап ұстанып, кезең-кезеңмен жүргізудің механизмдерін іске қосу. Жыл басында Президент Назарбаев Тәжинді Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындаған кезде, коғам да, сарапшылар да бұл шешімді құптап, орынды бағасын бергені есімізде. Бүгінгі күні сол үміт ақталып жатқанына куәміз.

Марат Тәжин Қазақстанның ішкі саясат кураторы, идеологы болып тағайындалғанына аз уақыт қана болса да, үлкен жұмыс атқарылып, жоспарға сәйкес жүзеге асуда. Осы жыл профессор Тәжиннің әдістері ұлттық мүддені қорғау мен мемлекеттік саясатты күшейту логикасында қолданыс табады деп айтуға толық негіз бар.

Дереккөз: qamshy.kz
Просмотров материала: 2 496

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 526 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 365 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 353 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 291 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 246 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 620 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 277 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 429 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031