29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒА АЛМАЙ ОТЫРҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛУІ МҮМКІН

05 сентябрь 2017, 9:28
КӨПТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒА АЛМАЙ ОТЫРҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛУІ МҮМКІН Елімізде ресми түрде жаңа саяси маусым басталды. Кеше сенаторлар мен мәжілісмендер жазғы каникулдан оралды. Парламенттің 6-шы шақырылымының 3-ші сессиясын президенттің өзі келіп ашты. Мемлекет басшысы әбден тынығып, демалып келген депутаттарға алдағы уақытта қандай заңдарды жаңарту керектігін айтты. Ең алдымен міндетті медициналық сақтандыру туралы заңды жіті қарау, Ұлттық банктің құзыретін кеңейтіп, екінші деңгейлі банктерді қатаң қадағалау, сондай-ақ тергеушілердің қолына түскен әр істі бақылауды тапсырды, деп жазды КТК телеарнасы.

Екі айдан бері бос тұрған парламенттің ғимаратында бүгін қызу тіршілік басталды. Алдымен ауыл-аймақты аралап сайлаушыларымен кездескеннен кейін шекара асып, демалып келген депутаттар тегіс жұмысқа оралды. Олар жылда парламенттің кіре берісінде жазғы каникулды кім қайда өткізгенін жарыса айтып жататын. Биыл халық қалаулылары жұмбақ күйде жүр, демалыстан алған әсерлерімен де аса бөліскісі жоқ.

Ал жаңа маусымды ашқан Президент бірден тапсырма беруге кірісті. Ескертуді Нұрсұлтан Назарбаев міндетті медициналық сақтандыруды келістіре алмай отырған Денсаулық сақтау министрінен бастады. Өйткені, ведомство арнайы қор құрып, азаматтардан 5 миллиардтан астам теңге жинап алған. Алайда жаңа жүйеге толық көшуге дайын емес.

"У нас 2,7 миллиона человек считаются самозанятыми. Я все время задаю всем министрам социальной защиты вопрос - где это такое есть в мире слово "самозанятые"? Это самый прямой уход от налогов, вот что это такое!Министр здравоохранения, я прав или нет? Почему вы говорите, что мы переходим к медицинскому страхованию, если у нас такие вопросы? Давайте этих переведем на страховое, а этим будем платить. Тогда скажет, почему я должен платить, если какая-то часть населения будет бесплатно получать эти услуги? Давайте разбираться", деді ҚР Президенті Н.Назарбаев.

Яғни, басынан дау арылмаған міндетті медициналық сақтандыру тағы 2 жылға кейінге қалдырылуы мүмкін. Өйткені, министр Біртанов қосымша уақыт сұрап отыр. Бұдан кейін Назарбаев депутаттарға Ұлттық банктің құзыретін кеңейтуді ұсынды. Бас банк екінші деңгейлі банктерді қатаң қадағалауы тиіс. Әйтпесе, жеке банктер мемлекеттің мойнына мініп алған. Субсидиялардың қайда жұмсалып жатқаны тағы түсініксіз.

"Банки все частные работали, дошли до ручки – и теперь государство опять финансирует. Надо кончать с этим. Надо эти банки лучше уничтожить и взять на себя, чем им платить. Почему мы должны частника – сам работает, зарабатывает – и ещё и субсидировать?", деді ҚР Президенті Н.Назарбаев.

Назарбаев тергеушілердің арасындағы былықтан да хабардар. Президент қылмыстық істі тергеуді түбегейлі реформалау керек деп отыр. Қазір полицейлер қолына түскен күдіктінің айыбын қалай дәлелдесе де өзі біледі. Қадағалап жатқан ешкім жоқ.

"Человека, допустим, осуждают по какой-то статье, что-то он там проворовался или что-то такое сделал, и смотрит следователь, что не хватает фактов для доказательств... Так вот, ему "припаяют" побочное, что его жена купила какой-то дом. И уже начинают судить по этому. Это в какие рамки лезет вообще? И это делается следствием, потому что нет контроля от начала до доведения до суда. Сейчас мы над этим работаем", деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, президент ұлттық компаниялардың ішкі және сыртқы несиесін қайта есептеуді де тапсырды. Белшеден қарызға батқан квазимемлекеттік мекемелерді шетінен банкрот жасау керек деді Назарбаев.

Яғни, депутаттар президент айтқан осы мәселелерді жаңа заң жобаларында қарауы тиіс. Ал қолы ұзарып, құзыреті кеңейген депутаттар жаңа сессияны жаңа билікпен бастайды. Халық қалаулылары Үкімет мүшелерінің соңына май шам алып түспек. Уәдесінде тұрмаған, міндетін орындай алмаған министрлерді аямаймыз деп отыр.

"Нәтижесі болмаса, , министрге: «рахмет, басқа салаға жол болсын дейміз». Әр бюджеттің тиыны тиімді пайдаланылуы керек", деді мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсова.

Бір сағатқа жуық заң шығарушы органның алдында тұрған міндетті тізбелеген Президент Қазақстанның кибер қорғанысын күшейтіп, хаккерлердің шабуылына қарсы тұратын құжатты да қысқа уақытта қарап шығуға кеңес берді. Себебі қазір интернеттен төнген қауіп-қатер үдеп барады. Ал ұзақ демалыстан соң жұмысқа белсене кіріскен Парламент алдағы сәрсенбіде 12 заң жобасын қарамақ. Жалпы, депутаттар осы сессияда Салық кодексі, Ұлттық банктің қызметі, валюталық реттеу, бюджет сынды маңызды заңдарды қабылдайды.
Просмотров материала: 1 939

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 601 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 440 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 427 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 364 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 319 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 634 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 225 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 290 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 445 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031