26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ НЕМЕСЕ КӨШІ-ҚОННЫҢ ЕКІ ЖАҒЫ ТУРАЛЫ

04 сентябрь 2017, 9:34
ЕЛ БОЛАМ ДЕСЕҢ БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ НЕМЕСЕ КӨШІ-ҚОННЫҢ ЕКІ ЖАҒЫ ТУРАЛЫ Көші-қон сынды құбылыстың бір-біріне қарама-қарсы қос қыры бар: иммиграция, яғни елге келу және эмиграция, яғни елден кету. Америкалық Boston Globe басылымы жақында иммиграция үшін ең оңтайлы әрі ыңғайлы елдердің тізімін жасақтаған екен, онда Қазақстан 46-орынды иеленіпті. Зерттеу 80 елді қамтып, онда экономикалық тұрақтылық, табыстар теңдігі, еңбек нарығы мен бизнес-лидерлері және элита өкілдерінің елдегі жағдайы туралы ой-пікірлері негізге алыныпты.

Осыған орайлас тағы бір ақпарат: Ranking.kz агенттігінің мәліметінше, 2017 жылдың бірінші жартысында Қазақстаннан шетелге 15 мың адам қоныс аударып, бізге 9 мың азамат көшіп келген.

Осы статистиканың ұлттық сипатына келсек, елден кеткендердің ішінде орыс, неміс және украиндар көп. Сонымен бірге 5,2 мың қазақ атажұртқа оралған. Ал 613 қазақ Қазақстаннан басқа елге қоныс аударған.

Әрине, кез келген рейтингке құлай сенуге болмайды.

Мәселен, мұнай бағасына тәуелді «экономикалық тұрақтылық» та тұрлаусыз емес пе? «Табыстар теңдігі» мен «еңбек нарығы» сияқты критерийлердің біздегі жағдайы да шартты.

Өйткені ең байлар мен ең кедейлер табыстарының арасындағы алшақтық Қазақстанға келем деушілерді қатты ойландыруы тиіс. Немесе олар міндетті түрде мұнай не газ саласының топ-менеджерлері қатарына қосылуы тиіс.

Әйтпесе шоқ басуы әбден мүмкін. Сондықтан да бізге келсе, экономикалық жағдайы қиын мемлекеттердің кәсіби деңгейі төмен азаматтары ғана келуі мүмкін. Ал басқа ұлттан осындай біліксіз мамандардың Қазақстанға ұмтылуы бізге қажет пе?

Әрине, батыстық рейтингтегі 80 елдің қақ ортасынан орын табу мақтанарлық та, күйінерлік те жайт емес, мектептегі бағаға салсақ, толыққанды «үштік» қой. Бірақ осы орынға қатысты екі ой бар.

Біріншіден, біздің экономика мен қоғамдық өмірдің шынайы жағдайы мен шетелде жүргізіліп жатқан мемлекеттік пиардың арасы жер мен көктей.

Оның үстіне біздің билік түрлі халықаралық саммиттер мен ЭКСПО сияқты имидждік жобалар жасауда біраз машықтанып алған. Оған қыруар қаржы жұмсалып, шетелдің аты дардай, қаламақысы зордай лоббистік компаниялары жалдануда.

Екіншіден, сол иммиграция бізге керек пе?! Шетел кадрларына біз соншалықты зәруміз бе? Оның есесіне о баста биліктегі баз біреулер «оралман» деп кемсітіп қойған, қандас, отандастарымыздың Қазақ еліне оралуы туралы ойлануымыз қажет емес пе?

Тиісті заңнамаға соңғы кездері енгізілген өзгерістер ұлы көшке өз кесірін тигізді, атажұртқа оралған қазақтардың азаматтық алуына белгілі бір дәрежеде кедергілер қойылғаны да рас. Неге осы қолдан жасалған кілтипандарды шешпейміз?!

Осы орайда, ұлттық реңкі бар бір мәселеге ерекше тоқталғым келіп тұрғаны.

Ресейлік басылымдар ұлардай шулап, «Қазақстанда орыстілділер өз құқықтары бұзылғандықтан Ресейге қоныс аударуда-мыс» деген тезиспен бізді тістеп қалғысы келеді.

Оларға айтар қарсы уәжім мынадай: «Әр ұлт өкілінің өзінің тарихи Отанына оралуы – заңды әрі орынды процесс. Ресей патшалары мен большевиктерінің отаршылдық саясатынан кейін қалыптасқан ұлтаралық, демографиялық статус-квоны қайта қарайтын уақыт келді.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін миллионнан астам неміс те өз Германиясына қайта оралды емес пе? Сондықтан нақ орыстардың Ресейге көшуін тым саясиландырудың әсте де қажеті жоқ. Жаңа Қазақстандағы жаңа жағдаймен санасатындары осы бастан-ақ балаларын қазақ мектебіне беріп жатыр».

Өз басым кез келген ұлт өкілінің өз атажұртына оралуын табиғи әрі қисынды ғаламдық процестің бір бөлігі деп білемін. Мұндай тенденция басқа да елдерде бар. Ал Казақстан жалпыадамзаттық үрдістен тыс қала алмайды.

Сонымен бірге мені қазақтардың Қазақстаннан эмиграциясы қатты мазалауда. Қолынан іс келетін, білімді де бақуатты азаматтар шабуын таппай кетіліп, шетел асуда. Олар елдегі жағдайдан түңіліп: «Әділеттік пен шындық жоқ.

Қандай да бір тірлік жасайын десең пара беру керек, міндетті түрде бір олигархтың қол астына кіруге мәжбүрсің. Бизнес пен карьера жасауда өркениетті бәсеке жоқ», – дейді. Туған жерге ту тіккенге не жетсін.

Бірақ қазіргі жаһандану, экономикалық және рухани интеграция жағдайында «Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген мақалдың да жайы бөлек боп қала ма дейсің. Оны біз ашық мойындауымыз керек.

Өз елінде басын тасқа соғып, дегеніне жете алмаған азамат шетелде өз мүмкіндігін жүзеге асыра алса, «жеріңнен бездің» деп оны қалай айыптай аламыз?! Бұл өзі жаһандану сияқты үрдістің кез келген тәуелсіз елге қояр жаңа шарты мен талабы.

Ел болам десең, есігіңді түзе! Есігің «кетем» деген басқа ұлт өкілдеріне, «келем» деген әрбір қандасыңа айқара ашық болуы тиіс.

Әміржан Қосанов

Дереккөз: Жас Алаш
Просмотров материала: 2 498

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 394 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 213 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 185 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 128 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 112 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 499 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 255 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 279 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 743 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 878 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 101 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 617 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 145 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 765 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930