19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Субсидия – ақшаны таратып бере салу емес...

01 сентябрь 2017, 21:07
Субсидия – ақшаны таратып бере салу емес... Ауыл шаруашылығы саласының тірлігі қашанда қауырт. Жыл он екі ай жұмысы еш саябырсыған емес. Соңғы кездері бұл салада үлкен реформалар жасалуда. Әрине, бұл өзгерістерге сын көзбен қараушылар да көп. Содан болар, ауыл шаруашылығы саласының жұмысын әңгіме ете қалсаң, ел лезде қызу пікірталасқа айналдырады. Яғни жұртты мазалайтын мәселе жетерлік. Міне, премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовпен болған әңгімеде осы саланың түйткілді мәселелері кеңінен айтылды.

– Асқар Исабекұлы, қазір ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру жұмысы жүріп жатыр. Бұл жап-жақсы идея. Дегенмен де көптеген шаруашылықтар әлі де бірігуге асығар емес. Бұл үгіт-насихат жұмыстарының кемшіндігінен бе, әлде басқа бір кілтипан бар ма? Жалпы, ірілендіру жұмысында қандай проблемалар бар?

– Алдымен ұсақ шаруашылықтардың басын қосатын кооператив туралы кеңірек айта кетсек. Еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының алдыңғы бағдарламалардан айырмашылығы – ол басты назарын ауыл кооперациясын дамытуға бағытталып отыр.

Қарап отырсаңыз, еліміздегі ет пен сүттің 70 пайызы қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Кейбіреулер мұның бәрі серіктестіктер, акционерлік қоғам сияқты ірі құрылымдарда өндіріліп жатыр деп ойлайды. Жоқ, мұның көбісі жеке шаруашылықтардың үлесінде. Кешегі кеңес дәуірінен қалған әртүрлі зауыттар бар, одан беріде тәуелсіздік жылдары біраз жаңа зауыт салынды.

Оларға үдемелі индустриялық даму бағдарламасы, жол картасы бойынша мемлекеттік қолдаулар көрсетілді. Дегенмен сол зауыттардың бүгінгі таңдағы жүктемесі 50-60 пайыз ғана. Яғни жартылай жұмыс істеп жатыр.

Қазір нарық заманы. Шекара ашық. Осыған байланысты бәсекелестік қабілеттілікті күшейту керек. Импорттың үлесі арта бастады. Оған төтеп беру үшін не істеу керек? Тек өзімізде өндіріліп жатқан өнімнің көлемін ғана көбейтіп қоймай, бәсекелестік қабілетін күшейту қажет.

Кейбір адамдар мемлекет кооператив құруға көп мән беріп жатыр, содан басқа проблема жоқ па деп айтады. Кооператив құрудың есебінен жүктемені 80-90 пайызға дейін көтеруге болады. Мен сізге айтайын, биыл осы кооперативтерді құруға байланысты 52 миллиард теңге бөлінді. Бұл ауқымды іс биыл алғаш рет қолға алынып отыр. Бұған дейін мұншама қомақты қаржы бөлінген емес.

Биылғы жылдың 8 айында 629 бірлік тіркелді. 4183 отбасылық қара мал бордақылау алаңы құрылды. Онда 68 376 мал бордақылануда. Ауылшаруашылық тауарлы өндірісіне 53,5 мыңнан астам жеке және шағын шаруа қожалықтары тартылды.

Кооперативтің тағы бір тиімділігін айта кетсек, ол –ветеринария мәселесі. Оған да қыруар қаржы қаралады, вакцина алынады, малға егіледі. Сонда малдың иесі дәрі егілді деп қол қойып беруі керек. Өткенде сібір жарасы анықталған кезде малдың иесі актілерге қол қоймағаны анықталды. Кооперативтің малын, сүтін алсаң, малға вакцина салынған ба, жоқ па – бәрі жазылады. Вакцина егілмесе, сүт пен ет өткізе алмайды.

Сондықтан дәрілеуді ең алдымен малдың иесінің өзі талап етеді. Яғни экономикалық ынталандыру пайда болады. Демек, малды дәрілеу, асылдандыру мәселесін кооператив арқылы жолға қоюға болады. Біз кооператив-кооператив дейміз де, оның ар жағында жатқан дүниені ашып айтпаймыз. Бізде кооператив дегенде тек несие аласыңдар деп, қыруар қаржымен ғана қызықтырады. Кооператив тек бас біріктіріп қана қоя салу емес, осы салада қордаланып қалған мәселелерді жүйелі түрде шешу.

– Ауылдық жердегі адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін не істеу керек?

– Әрине, әрбір ауылға бір-бір зауыт салу мүмкін емес. Ауылдағы ағайын, амал жоқ, мектеп, балабақша, емхана сияқты әлеуметтік мекемелерге жұмысқа тұрғысы келеді. Бірақ бәріне бірдей ол жерден жұмыс табыла бермейді ғой. Бұл қиындықтан шығудың бірден-бір жолы – кооператив құру.

Ауылдағылардың қорасындағы 5-6 малы мен жекеменшігіндегі жерінің тиімділігін арттыру. Қазір ауылдағы шаруаның қорасындағы екі сиырдың жағдайы белгілі. Арық, ілініп-салынып әрең жүреді. Орта есеппен алғанда бұл екі сиыр күніне 10-15 литр сүт берсе, одан өздері тұтынады, сонда қалған 4-5 литрді апарып сату тиімсіз.

Яғни ауылда әр үйден сүт жинап, оны салқындатып, зауыттарға жіберу мәселесін ұйымдастыру қажет. Олар сиырды сауғаны болмаса, оны сату мәселесінде ешқандай қиналмауы қажет. Осының бәрі бағдарламада қарастырылған. Қаншама сүт таситын көлік, сүт сақтайтын танкерлер, сапасын сақтау үшін қандай қосымша қондырғылар керек, ветеринарлық зерттеулер – бәрі-бәрі саналған.

Алты пайызбен несие беріледі. Бүгінгі таңда мұндай жеңілдетілген несиелер жоқ деп те айтуға болады. Сосын бұрынғыдай 2 миллион емес, 18 миллион теңгеге дейін несие беруді қарастырып отырмыз. Осының арқасында отбасылық мал бордақылау шағын алаңшалары көбеюде. Бұл – атакәсіп. Қаншама адам осы кәсіппен бұрыннан айналысып жүр.

Енді соларға несие беруді бастадық. Бірақ бір шарт қойдық. Егер сен осы кәсіппен айналысамын, жеңілдетілген несие аламын десең, жеке кәсіпкер деген статусқа өтуің керек. Бүгінгі таңда 10 мыңнан аса отбасылық мал бордақылау шағын алаңшалары ашылды. Яғни осыншама адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.

Кейде біреулер енді тауарлы шаруашылық дамымай ма деген қауіптерін де айтады. Жоқ, дамиды. Осы жасап отырған тірліктің бәрі тауарлы шаруашылықты дамытудың алғашқы қадамы. Кооперативтердің барлығы тауарлы шаруашылыққа өтудің бастамасы.

Жалпы алғанда, кооперативтер құру – ауылды дамытудың бірден-бір жолы. Өз басым ауылды дамытудың басқа жолын көріп отырғаным жоқ. Қараңыз, кезінде колхоз-совхоздар тарап, жеке адамдар пай үлестерін алды. Енді сол 5-10 гектар жерін өңдеуге қолы қысқа, техникасы жоқ. Ауыспалы егісті енгізу үшін жердің көлемі керек. Оған да мүмкіндігі жоқ.

Енді олар кооперативке біріге отырып, жердің иесі өздері боп қала береді. Ешкім тартып ала алмайды. Бірігудің арқасында бір кооперативтің жері 100 гектарды құрайтын болса, қаншама жұмыстарды жоспарлауға болады. Біразына бидай егеді, тағы біразына жоңышқа егеді дегендей... Тіпті ет пен сүттен бөлек, есігіңнің алдындағы 5-6 сотық жерге егілген картоп, басқа көкөністеріңді кооперативке өткізуіңе болады.

– Сонда кооператив соның бәрін сатып ала ма?

– Әрине, мұның бәрін кооператив арқылы шешуге болады. Қазіргі басты мәселе – өнім өндіруде емес, тиімді сатуда. Шаруаның қолын байлап отырған мәселе осы. Дегенмен де кей жерлерде кооператив құру мәселесі жақсы жолға қойылуда, кей жерлерде әлі де төмен.

– Не кедергі? Әлде шаруаларда жерімнен айырылып қаламын деген қорқыныш бар ма?

– Жоқ, ондай емес. Меніңше, ел ішінде үгіт-насихат жұмыстары әлі де толық жүрмей жатқан сияқты. Әрине, ел құлақтанып қалды, түсіне бастады. Дегенмен әлі де не болар екен деп дағдарып тұрғандар көп. Кооперативке мүше болған кезде бір адам – бір дауыс алады. Кез келген уақытта шығамын десең, ешқандай проблема жоқ.

Тағы мына бір мәселеге назар аудару қажет. Заң бойынша үш-ақ адам кооператив құруға болады. Сонда қарап отырсақ, әкесі, баласы, келіні үшеуі бірігіп, бір кооператив құруына болады. Бірақ біз кем дегенде 15-20 адам болуы керек деп айтып жатырмыз.

Неге? Өйткені мемлекет осыншама қаржы бөліп, жағдай жасап отырған кезде үш-ақ адам байымауы керек. Олар күшейіп, бүкіл ауылға үстемдігін жүргізбесіне кім кепіл?

«Сенің сүтіңді осындай бағамен сатып аламын, өйтемін де бүйтемін» деген әңгіме болмауы керек. Неғұрлым көп адам мүше болса, соғұрлым адамды жұмыспен қамтуға, әділ бағаны қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Бүгінгі күнге дейін 10 мың тонна ет, 36 мың тонна сүт өндірілді. Бір оқпен екі қоянды атып отырмыз. Біріншіден, шикізаттың тиімділігін арттыру, сосын қаншама халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Осындай табанды жұмыстардың арқасында қазір 53 мың ұсақ шаруашылықтың басы бірікті. Біздің жоспарымыз – бағдарламаның аяғына дейін осы санды 500 мыңға жеткізу. Бұл жасауға болатын дүние.

– Көктем жылт еткеннен ауылшаруашылық өнімдері қымбаттап шыға келеді. Ауыл шаруашылығы саласына қаншама субсидия бөлініп жатса да, отандық азық-түлік бағасын ұстап тұру мүмкін болмай тұр. Бірақ осы қымбат тауарлардан шаруаға ешқандай пайда жоқ сияқты. Бағаны арадағы делдалдар көтеріп отыр. Бұған тыйым бола ма?

– Рас, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарларын сату кезінде делдалдардың қатысу мәселесі бар. Кооператив құру жұмысында біз сегіз мәселені қолға алсақ, соның бірі – көтерме сауда орталықтары, сауда логистикалық орталықтарын құру.

Қазір Қытай, басқа да елдердің нарықтары ашылып жатыр. Біз тауарымызды сол жаққа жеткізу үшін заманауи қоймалар керек. Кооперативтердің барлығын сол сауда логистикалық орталықтарына байлағалы отырмыз. Осы орталықтарға тікелей делдалсыз беретін болса, олар ары қарай өздері таратар еді.

Одан бөлек, бұл мәселені заң жүзінде де реттеуге ұсыныстар жасалып жатыр. Жасыратыны жоқ, кейде нарық қалыптастырған бағаны емес, төрт-бес ірі сауда орындары бірігіп алып, бағаны қолдан көтеретін кездері болады.

Мәселен, қараңызшы, статистика деректері бойынша биылғы жылғы маусымда өндірушілердің бағасы пияз үшін бір келісі 34,3 теңгені құраса, бөлшек саудада 131 теңгеден саудаланып жатыр. Дәл осылайша бір келісі 49 теңге тұратын картоп 162 теңгеден, қырыққабат 39 теңгеден емес, 128 теңгеден, 44 теңге тұратын сәбіз 133 теңгеден сатылуда. Бұл шаруаны таза қанау ғой.

Сондықтан табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi және тұтынушылардың құқығын қорғау жөнiндегi комитетi әкімдіктермен бірлесіп, сауда саласындағы себепсіз бағаның өсуіне қатысты шаралар қабылдау қажет. Қабылдап та жатырмыз.

– Ауыл шаруашылығы өкілдеріне мемлекеттен қаржылай көмек алу әлі күнге күрделі күйінде қалып тұр. Әсіресе субсидия мәселесі...

– Айтайын деп тұрған ойыңызды түсіндім. Президент ауыл шаруашылығына байланысты жиындардың барлығында «субсидияның тиімділігін арттыруымыз керек» деп айтып келеді. Субсидия деген шаруаларға ақшаны бөліп-бөліп бере салу емес. Оның мақсаты – шаруаларды ынталандыру. Сондықтан нағыз зәру салаларға ғана берілуі тиіс.

Қазір субсидияның 65 түрі бар. Осының бәріне толық талдау жасадық. Соның нәтижесінде тиімсіз деп 11 түрін қысқарттық, 40-ына өзгеріс енгіздік, 14-і ғана еш өзгеріссіз қалды. Ол өзгерістің барлығын кабинетте отырып жасай салған жоқпыз. Әрбір шаруа қожалықтары, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялармен ақылдасып талқыладық.

Ол жерде де айтыс-тартыс болды. Ешқайсысы субсидиядан айырылғысы келмейді. Дегенмен бәрін дәлелдедік. Тиімсіз деп танылған 11 субсидияның арқасында жыл сайын 25 миллиард теңге үнемделетін болды. Бұрын субсидия ретінде қаншама қаржы жұмсалатын, қайтарым жоқ. Өнім де көбеймейді. Енді үнемделген 25 миллиардты қаржы жетпей жатқан басқа салаларға қайта бөлдік.

Өзгеріске түскен субсидияның 40 түрі бұрынғы қаржының есебінен ауылшаруашылық өнімдерінің 30 пайызға көбеюіне мүмкіншілік берді. Мысал келтірейін, бұрын мал бордақылау үшін үш түрлі субсидия берілетін. Жасыратыны жоқ, шаруалар қажетті критерийлерді қолдан жасап, субсидияны негізінен 3000-нан аса мал басы бар ірі шаруа қожалықтары алып отырған. Оған екі есе артық субсидия төлейді.

Ал тексеріп барсаңыз, ол жерде 3000 бас емес, 1000 болмаса 600-700 бас мал жүреді. Сол сияқты 400 бас малға арналған бордақылау алаңшалары бар. Екеуінің де өндіріп отырған еттері бірдей. Еттерінің сапасында ешқандай айырмашылық жоқ. Бірақ анаған төленетін субсидия екі есе артық, мынаған төленетіні екі есе төмен.

Осы мәселені реттеудің арқасында ауылшаруашылық өнімдерінің 30 пайызға көбеюіне қол жеткіздік. Сиыр етін шығаратын тауарлы шаруашылықтар бұрын 175 қана болса, бүгінгі күні 522 тауарлы алаңшалар бар. Соның бәрін 100 пайыз субсидиямен қамтыдық. Сол сияқты бұрын 50 шақты ғана шаруашылық жүн өңдеумен айналысып келсе, қазір оны 3,6 есеге көбейттік. Соның есебінен жүн өндіру екі есеге артты. Өндірілетін сүттің көлемі 40 пайызға көбейді.

– Алма ағашын еккендерге субсидия берілетін болғалы елімізде баудың көлемі қаншама гектарға ұлғайды? Облыстарда субсидияның қаржысын алу үшін ғана ағаш егіп, бір-екі жылдан кейін тастап кеткен шаруашылықтар көп көрінеді. Мұндай шаруашылықтар жазаға тартыла ма? Жалпы, бау егуді қолға алғандардың жұмысы қатаң қадағалана ма?

– Жалпы, жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын субсидиялау бағдарламасы 2008 жылдан бастап іске асырылады.

Егер 2007 жылда жеміс-жидек дақылдарының және жүзім алқаптары 44,7 мың гектарды құраса, 2016 жылда осы көпжылдық көшеттер алқабы 56,1 мың гектарды құрады немесе 11,4 мың гектарға ұлғайды. Субсидияларды пайдалану мониторингін облыстардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

– Бірқатар облыстарда мал соятын ірі кешендер ашылып, бірақ әлі күнге жұмысын толыққанды жүргізе алмауда. Мұның себебі неде деп ойлайсыз? Жалпы, мұндай кешендердің болашағы бар ма? Шетелге ет шығаруда қандай қиындықтар бар?

– Бұл біздің алдымызда жұмыс істегендерді сынау емес, бірақ, менің ойымша, осы істе ең алдымен жем-шөп мәселесін шешіп алу қажет еді. Ірі-ірі мал сою кешендері салынды. Сонымен қатар жем-шөп өңдейтін кешендер де салынуы тиіс еді.

Шетелден қаншама асылтұқымды мал сатып алынды. Ол жақта күніне мол сүт беретін сиыр мен мол ет беретін бұқа бұл жаққа келгенде алдында азығы болмаса, кәдімгі өзіміздің сиыр мен бұқа болады да қалады. Осы мәселелер шешілмегеннен кейін осындай проблемалар туындап отыр.

Сондықтан жаңа бағдарламада мал шаруашылығын дамыту үшін ең алдымен мал азығын дайындаудың жолдарын айттық. Қараңыз, құрама жем шығаратын зауыттардың да жүктемесі 50 пайыздың төңірегінде. Олар жылына ары кеткенде 1,2 млн тонна ғана өнім шығарады.

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша ол көлемді 1,4-ке жеткізгелі отырмыз. Мұны да субсидияны өзгертудің есебінен істедік. Құрама жемді бермей, малды семірте алмаймыз. Малды семірте алмасақ, ет пен сүттің сапасы болмайды.

Бізде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бар, сол бұрын тек бидаймен ғана айналысатын. Соның жұмысын қайта қарап, ептеп өзгертіп, барлық ауылшаруашылық өнімдерін экспортқа шығаратын агент ретінде қалыптастырдық. Сол корпорацияға сатып алынған арпа, басқа да дақылдардың есебінен құрама жем шығару кәсібін көтеруді қолға алып отырмыз.

Бірақ бір мәселені жасырмауымыз керек. Алла берген кең-байтақ жеріміз бар. Дегенмен де елімізде малдың басы тіптен көбейіп кетті, оны қайда сатарын білмей жатыр деп айту қиын. Шын мәнінде бізде әлі мал басы жетіспейді. Сосын сапасы сын көтермейді. Жақында ғана қой етін Қытайға шығару жөніндегі келісімге қол қойдық.

Былтыр күзде жылқы етіне рұқсат берілген. Қытай жағы қанша ет болса да сатып аламыз деп отыр. Бірақ бізде соншама көлемдегі сапалы ет жоқ. Иран, БАӘ, бірқатар Араб елдері бізден ет сатып ала бастады. Нарық ашық. Бірақ мал саны әлі де аз.

Өткенде Қызылордада болған кезімде отбасылық мал бордақылау алаңшасын құрған бір кәсіпкер: «Сатып алайық десем, жекеменшікте жас бұқашықтар жоқ. Ұрғашы малды бордақылауға рұқсат беріңдер», – дейді. Сонда қалай, оған рұқсат берсек, ертең аналық бас та қалмайды ғой... Бәрін бордақылап сойып тастайды. Көрдіңіз бе, мал басы жетіспей жатыр. Мал сою кешендерінің болашағы бар, бірақ осы мәселе әзірге аяқтарына тұсау болып тұр.

Айта кететін тағы бір жағдай, осы кооперативтер аясында мал сою пункттері ашылуда. Ағымдағы жылдың маусым айында жоспарланған 109 пункттің орнына 199-ы салынды. Бұл жағдай аталмыш пункттерге сұраныс барын көрсетеді. Шетелге ет шығару қиындығы туралы мынаны да айтуға болады.

2016 жылы отандық тауар өндірушілер өз өнімдерін негізінен Ресей федерациясына экспорттады. Ақтөбе және республиканың басқа облыстарында пастереллез ауруы салдарынан малдардың жаппай қырылуына байланысты «Россельхознадзор» 13 мамырдан бастап Ресейге мал кіргізуді тоқтатты. Осының нәтижесінде тауар өндірушілер сиыр етінің белгілі бір көлемі экспортталмай, бұл өз кезегінде экспорт көрсеткішін орындамауға әкелді.

– Арнайы мамандар «Шетелден мал әкелу – қылмыс, шетелден малдың тұқымын әкелу керек» деп айтып жатады. Шынында, шетелден әкелінген малдың жерсініп кетуі өте қиын. Бұл бағытта қандай шаруалар атқарылуда?

– Өте дұрыс. Лажы болса, шетелден дайын малды сатып алып келе салмай, ұрығын алып келіп, қолдан ұрықтандыру орталықтары арқылы көбейтсе әлдеқайда тиімді. Кезінде қолдан ұрықтандыруға шаруалардың ынтасы болмады.

Қазір Қазақстанда қанша асылтұқымды мал бар, еркегі, ұрғашысы қанша, бәрі саналып жатыр. Бұлардың санын көбейту керек. Әрине, оны ең алдымен ұрықтың есебіне көбейту қажет. Осыған байланысты үлкен бір жобаны қарастырып жатырмыз.

Алматы облысындағы «Байсерке Агро» үздік шаруашылықтардың бірі. Сол жерде эмбрионды трансплантация, яғни өнімділігі жоғары сиырлардың ұрығын алып келіп, асылтұқымды бұзаулар алу ісін қолға алуда. Расында, шетелден алып келетін малдардың жергілікті жағдайларға икемделу процесі бірталай уақыт алатыны, бұл жағдайлар олардың өнімділігіне әсер ететіні белгілі. Осыны ескеріп, министрлік республикадағы аудандар бөлігінде қандай малдардың, өсімдіктердің тиімді пайдалануын қарастырған схема бекіткен.

– Қымыз өндіру мәселесін де айта кетсеңіз.

– Қымыздың емдік қасиетін жақсы білеміз. Осыған байланысты қымызды экспортқа шығару мәселесі де қолға алынуда. Ең басты мәселе – сапасын жоғалтпай ұнтақ жасау. Қарағандыда осы іспен айналысатын «СауМед» деген фирма ашылды. Сонымен бірге түйе сүтінен шұбат өндіру мәселесі де жақсы қолға алынуда. Оңтүстікқазақстандық ғалымдар шұбаттың ұнтағын жасаудың технологиясын ойлап тапқан.

– Кей кездері ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде біз сападан гөрі санға көп мән беріп кететін сияқтымыз. Өзіңіз ойлаңызшы, жылыжайда өскен қызанақ пен қиярдың, бір жылда түйін салатын алманың дәмін кәдімгі күн көзіне піскен осындай жемістердің дәмімен салыстыра алмайсыз. Осыдан кейін болашақта бұрынғы алма ағаштарының, қызанақ пен қиярдың бұрынғы тұқымы жойылып кете ме деген қаупіміз де жоқ емес. Бұған не айтар едіңіз?

– Жоғалтып алмаймыз деп ойлаймын. Мысалы, «Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің 3,8 мыңнан астам сорт үлгілері бар генеологиялық қоры бар, ал «Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің картоптың 2,1 мың сорт үлгісі және көкөніс-бақша дақылдарының 12,5 мың сорт үлгісін құрайтын генеологиялық қоры бар.

Бұл жерде бәрі нарыққа, сол нарықтағы сұранысқа байланысты. Президенттің органикалық тағам өндіру, оны Қазақстанның брендіне айналдыру, яғни экологиялық тұрғыдан таза тағам жасау туралы тапсырмасы бар. Бұл бағытта жұмыс басталды.

Қанша дегенмен кешегі кеңес заманынан қалған тұқымдар қазіргі нарықтағы тұқымдармен салыстырғанда өнімділігі төмен. Сосын сақталу қабілеттері нашар. Яғни қазіргі алма мен бұрынғы алманың сақталу мерзімі екі бөлек. Кейінгісі көп шыдайды. Әрине, дәмділігі жоғары. Қазіргі кәсіпкерлерге бұрынғы тұқымды ек деп айта алмаймыз. Олар да заманға сай жұмыс істегісі келеді.

– Ауыл шаруашылығы министрі ретінде сізді қандай мәселелер жиі мазалайды?

– Кез келген әкім мен министр барлық жұмысты бір өзі атқара алмайды. Ең алдымен жүйені қалыптастыру керек. Осы уақытқа дейін атқарылған жұмысты ары қарай дамыту қажет. Өмір бір орында тұрмайды. Талап күн сайын өзгеріп жатыр. Сол заман дамуынан қалмауымыз керек.

Күн сайын «Бүгін қандай тірлікті алдымен атқаруым керек?» деген сұрақты өз-өзіме қоямын. Тиімділікті арттыру үшін қазіргі қолданыстағы заңдардың барлығын қайтадан сүзіп өттік. Бірақ жұмыс осымен аяқталды, бәрі жақсы боп кетеді деп айтпаймын.

Субсидия тауар өндірушілердің небәрі 15-20 пайызына ғана жетеді. Бірақ жылдан-жылға субсидияның көлемі артып отыр. Бірақ осы қаржылардан қаншалықты қайтарым бар? Осы мәселе мені көп ойлантады. Сондықтан жалпы мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктерін қарап жатырмыз. Екінші деңгейлі банктердің несиесі қолжетімсіз. Ең кемі 12 пайызбен несие береді. Мұндай несиемен ауыл шаруашылығын дамыта алмайсың. Әрине, банктерді де кінәлауға болмайды.

Осыдан барып, бәлкім, субсидияны банктердің пайызын төмендетуге жұмсасақ деген ой бар. Сонда барлық кәсіпкердің несиеге қолы жетер еді. Яғни тиімділікті арттырудың осындай төрт-бес мәселесі қаралып жатыр. Тағы бір мәселе – шаруаларды техникамен қамтамасыз ету. Елімізде шаруа қожалықтарын техникамен қамтамасыз ету көрсеткіші 2-3 пайыздың төңірегінде ғана. Кейбір өңірлерде 4 пайызға дейін баруы мүмкін. Бізге керегі, ең кемінде 5-10 пайыз.

Ауыл шаруашылығында тиімділікті ұлғайтамыз десек, ең алдымен қайта өңдеуді қолға алуымыз керек. Арнайы жұмыс тобын құрып, елдегі кәсіпорындардың барлығын аралап шықтық. Қай жылы ашылған, қандай қондырғы тұр, не өндіреді, жүктемесі қандай, қандай мәселесі бар – бәрін қағазға түсіріп, картасын жасадық.

Қазір қой шаруашылығы да қатты ойландырып жүр. Бұл жерде әлеуметтік мәселе де бар. Бүгінгі таңда елімізде 19 миллионнан астам қой басы бар. Қарапайым жұрттың қолындағы малдың басым бөлігі – осы қой.

Енді қараңыз, осы қойдың жүнін өңдейтін кәсіпорындардың қуаттылығы 30 мың тонна болса, сол жүннің өңделетін көлемі 10 пайыздан аспайды. Яғни зауыттардың жүктемесі 10-ақ пайыз деген сөз ғой. 90 пайыз бос тұр. Жылына 38 мың тонна жүн қырқылады, зауыттар жылына 30 мың тонна жүн өндіруге шамасы жетеді, бірақ нәтижесінде өндіріліп жатқаны 10-ақ пайыз.

Әрине, бұл жерде биязы жүн мен қара жүнді бөліп айту қажет. Бұрын қара жүннен тек киіз басу, жауынгердің шинелі мен пимасын ғана жасауға болады деп айтатын. Қазір олай емес. Басқа да инновациялық жолдары бар.

Дамыған елдерде қара жүнді құрылыс материалы ретінде пайдаланады. Сапасы өте жоғары, құны төмен. Жүннен шығатын майды косметика саласында кеңінен пайдаланады. Мұның өзі үлкен индустрия. Қара жүннен май алатын зауыттар салуды жоспарлап жатырмыз. Жүнді тіпті жылуды ұстап тұру үшін жылыжайға да пайдалануға болады.

Міне, осындай ойлар, жобалар, осы тірліктер мені күн сайын, тіпті сәт сайын мазалайды.

– Ашық әңгімеңізге рақмет.

Әңгімелескен Оралхан ДӘУІТ, Жас Алаш
Просмотров материала: 4 280

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 629 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 451 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 420 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 356 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 336 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 440 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 203 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 227 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 661 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 795 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 712 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 270 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 421 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930