29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АНАСЫ ӨЗ ҚОЛЫМЕН МҮГЕДЕК ЕТКЕН БАЛА БӨТЕН АДАМНЫҢ ҮЙІНДЕ ТҰРЫП ЖАТЫР

АНАСЫ ӨЗ ҚОЛЫМЕН МҮГЕДЕК ЕТКЕН БАЛА БӨТЕН АДАМНЫҢ ҮЙІНДЕ ТҰРЫП ЖАТЫР Оңтүстік Қазақстан облысында анасы өлімші етіп сабаған 7 жасар бала ауруханадан шығарылды. Асыл Батталғазиев бес күннен бері Ордабасы аудандық білім бөлімінің қорғаншылық, қамқоршылық бөлімінің әдіскері Еркінай Жамалованың үйінде тұрып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері мүгедек болып қалған баланың үйінде заң аясында уақытша тұрып жатқанын айтады. Әбден психологиялық тұрғыда зардап шеккен жеткіншек онсызда үш айдан бері ауруханада жатқан.

Енді балаға отбасы жылуы қажет дейді маман. Қазір жеті жастағы Асыл өзге балалармен ойнап, қалыпты жағдайға келе бастапты. «Асыл үйде балалармен ойнап, өзін еркін сезініп жүр. Ол үш-төрт айдан бері ауруханада жатқаннан кейін біз оны үйдегі мейірімді сезінсін, балалармен аралассын деп ойладық. Оның үстіне құжаттары да әлі толық рәсімделіп біткен жоқ.

Заңда да баланы уақытша жанұялық мейрім алуы үшін отбасыда тұруы қарастырылған екен. Сол заң аясында мен аудандық білім бөлімінің басшысына тілхат беріп, үйге алып келіп отырмын.

Жалпы қазіргі жағдайы, тамақ ішуі, ұйқысы жақсы. Бірақ баланың ақыл есі өз деңгейінен сәл төмендеу. Бір жерде тұрақты ойнай алмайды, әрнәрсеге жүгіре береді. Балаға әлі психологиялық тұрғыда жұмыс жасау керек, тәрбие беру қажет», - дейді Еркінай Жамалова. Қазір педагогика саласында 30 жылдық еңбек өтілі бар маман баланы біртіндеп ортаға үйретіп жатыр.

Өзге балалармен ойнауға, тақпақ айтуға бейімдеуде екен. «Асыл жақсы сөйлей алмайды, тілі жақсы дамымаған. Толыққанды мейірім да қажет. Қазір мен оған тақпақ үйретемін. Ол сол тақпақтарды айтып, ұмтылуға тырысады.

Талпынысы бар. Оның өмір сүруге деген құлшынысы керемет. Немерелеріммен ойнаған кезде жай сөйлейді. Мен оған айтамын айқайлап, еркін сөйле деп. Солай еркіндікке үйретіп жатырмын. Қазір құжаттар рәсімделіп жатыр.

Оған 15 күндей кетеді. Егер үйдегі балаларым бауыр басып жатса, өзім Асылды қамқорлығыма алуым мүмкін», - дейді білім бөлімінің әдіскері. Еркінай Жамалованың айтуынша бала өз анасын көп есіне ала бермейді.

Тек кей кездері үйіне барғысы келетінін айтатын көрінеді. Ендігі кезекте жеткіншектің мүгедектігін анықтау үшін арнайы қыркүйек айында арнайы медициналық тексеруден өтеді.

Себебі, анасынан таяқ жеп, денесін күйік шалған Асыл Батталғазиев бүгінде мүгедек болып қалғаны белгілі. Ол соңғы айларда ауруханада ем қабылдап, енді ғана өзіне келе бастады. Еске салайық, осы жылдың мамыр айында Ордабасы ауданында 7 жасар баланың ес-түссіз, ауыр халде ауруханаға түскені мәлім болған.

Ол кезде өңірдің тәртіп сақшылары жеткіншекті туған анасы сабап тастағаны анықталған болатын. Кейіннен жеткіншектің шешесіне қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бабы бойынша іс қозғалып, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі 26 жастағы келіншекке қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Безбүйрек әйел сондай-ақ туған баласынан ресми түрде бас тартып, қолхат берген болатын. Осыдан кейін сот шешесін аналық құқынан айырды.
Просмотров материала: 5 438

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 571 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 411 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 399 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 336 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 290 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 622 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 220 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 223 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 432 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031