20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"ДАИШ-ТЫҢ МҰНАЙ МИНИСТРІНІҢ" БЕКБОЛАТПЕН ҚАНДАЙ БАЙЛАНЫСЫ БАР?!

24 август 2017, 15:50
"ДАИШ-ТЫҢ МҰНАЙ МИНИСТРІНІҢ" БЕКБОЛАТПЕН ҚАНДАЙ БАЙЛАНЫСЫ БАР?!
Жақында ғана ҚР Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мырзаның Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұлы Біләл Ердоғанмен кездескені белгілі болды. «Кездескен шығар, онда не тұр деуіңіз» әбден мүмкін. Дұрыс айтасыз. Іскерлік кездесу болған шығар-ақ. Тек оқырман, Біләл Ердоған жайлы не біледі? оСы сұрақтың жауабына келейік.

Жұрт білетін Бекболат Тілеухан


Әуелі, Бекболат Қанайұлы Тілеуханға тоқталайық. Қазақ Парламентінің ең іскер депутаттарының бірі. Өнерпаз ретінде қалың қазақтың сүйіспеншілігіне бөленген Бекболат Қанайұлы Мәжіліске қатарынан бірнеше рет депутат болды. Қазір де депутат. Жер дауы, тіл мәселесінде үнсіз қалған емес. БжҒМ-ның былыққа толы реформаларын сынап, шамасы келсе, әліппені мектеп бағдарламасына қайтару мәселесіне бел шеше кіріскенін білеміз.

Мұның сыртында Бекболат Тілеухан мырза ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығын тізгіндеп отыр. Жыл сайын өтетін «Алтын Тұлпар» аламан бәйгесі де Бекболат Қанайұлының бастамасымен жүзеге асып келеді.

Айтпақшы, Бекболат мырза туралы соңғы кездері алып-қашпа әңгімелер көп айтылып жүр. Дәстүрімізге жат, дүмше діннің (кейбір БАҚ сәләфизммен байланысы бар деп айыптайды) дағуатшысы екен дегенді де жиі естиміз. Бекболат Қанайұлы бұл туралы эфирлерден сөйлеп, өзінің тура жолда екенін, айтылғандардың тек өсек екенін бірнеше мәрте мәлім етті. Бірақ, депутаттың уәжінен гөрі, жұрттың аузындағы сөз күшейіп барады.

Мұхамеджан Тазабек сүйіншілеген ақпарат


Жә, әңгіме Бекболат Тілеуханның «тура жолында» емес.

Белгілі айтыскер, кезінде елдің де, Ермановтың да сүйіктісі болған, айтыстың жаңа Сүйінбайы атанған Мұхамеджан Тазабеков. Суретті «Инстаграммға» салған осы кісі. «Асыл арнаның» директоры, дін насихатшысы т.б. Мұхамеджанның да мәзхабына қатысты мың түрлі пікірлер айтылып қалады. Әсіресе, соңғы бір-екі күннің ішінде «Фейсбукте» «Мұхамеджанды ақтау науқаны» дейтін науқан жүріп жатыр дейді жұрт.

Сол Мұхаң - Мұхамеджан Тазабек Бекболат пен Біләлдің бірге жүрген суретін жариялады.

"ДАИШ-ТЫҢ МҰНАЙ МИНИСТРІНІҢ" БЕКБОЛАТПЕН ҚАНДАЙ БАЙЛАНЫСЫ БАР?!

(Мұхамеджан Тазабектің "Инстаграммда жариялаған суреті")


Е, кездескен шығар. Онда не тұр?! Біздің Бекболат Тілеуханның да, Мұхамеджан Тазабектің де жеке басында еш шаруамыз жоқ. Біз Біләл Ердоған туралы айтпақпыз.

Біләл кім? Президенттің ұлы жемқор ма?


Түркиялық БАҚ Режеп Тайып Ердоған мен оның ұлы Біләл Ердоған туралы жиі жазады. Әсіресе, Біләл Ердоғанның есім-сойы 2013 жылғы жемқорлық рейді кезінде жиі аталды.

Ол кезде премьер, қазір Түркияның президенті Тайып Ердоған: «Үлкен пара» операциясының негізгі нысаны – менмін», - деген еді. (http://www.panarmenian.net/rus/news/174445/ ).

"ДАИШ-ТЫҢ МҰНАЙ МИНИСТРІНІҢ" БЕКБОЛАТПЕН ҚАНДАЙ БАЙЛАНЫСЫ БАР?!

(Әкелі-балалы Ердоғандар)


2013 жылы Анкара мен Ыстамбұлда жүргізілген операция кезінде министрлер мен үлкен лауазымды шенеуніктердің балалары бастаған 52 адам тұтқындалған. Оның ішінде Біләл да бар еді. Кейін әкесі Ердоған антикоррупциялық операцияны жүргізген 350 полицейді қызметінен қуып жіберді.

Тіпті, түркиялық БАҚ-та әкелі-балалы Ердоғандардың телефон арқылы сөйлескен жазбасы жария болды. Онда Тайып Ердоған Біләлға нұсқау беріп, үйінде тұрған 30 миллион еуроның көзін жоюды, антикоррупциялық операцияның басталғанын және бірнеше министрдің балаларының тұтқындалғанын шұғыл жеткізеді (https://lenta.ru/news/2014/04/10/erdogan/).


(Біләл мен Режеп Тайып Ердоғанның телефон арқылы сөйлескені де жария болды)

Италия Проукратурасы Біләл Едоғанға қатысты қылмыстық іс қозғаған


Британиялық «The Telegraph» ақпаратына көз жүгіртсек, Италияның Болония прокуратурасы Біләл Ердоғанның үстінен қылмыстық іс қозғап, ұрлықы ақшаны жуып-шайды деген айып таққан болатын (https://utro.ru/articles/2016/02/18/1271585.shtml).

2015 жылы Ердоған отбасымен Болонияға барыпты. Баласы Біләл «Жон Хопкинс» университетінде Халықаралық қатынастар бойынша жоғарғы диссертация қорғап, дәреже алмаққа келген екен. Ал «РИА Новости» (https://ria.ru/world/20160218/1376817257.html) мен «КП.ру» (https://www.kp.ru/daily/26495.4/3364035/) Ердоғанның Италияға сапарын бөлек бағалапты. Ресейік БАҚ-тың жазуынша, ақшаны заңдастыру процессін дәл осы қалада жүзеге асырған. Сондай-ақ, алда-жалда қуғындалып кетердей болып жатса, бас сауғалау үшін саяси баспана іздеп келген-міс.

Біләл Ердоған ДАИШ-тың Мұнай министрі ме?


Бейресми ортада әм шетелдік БАҚ-та Біләлді ДАИШ-тың «мұнай министрі» деп атайды. ДАИШ Қазақстанда және көптеген мемлекетте тыйым салынған радикалды, діни әм террористік қозғалыс.

"ДАИШ-ТЫҢ МҰНАЙ МИНИСТРІНІҢ" БЕКБОЛАТПЕН ҚАНДАЙ БАЙЛАНЫСЫ БАР?!

(Біләл Ердоғанның ДАИШ содырларымен түскен суреті. Твиттер.)


Ал Президент Ердоғанның «парақор» ұлы ДАИШ содырларымен суретке түсіп, оны ашық жариялады. Сирияның жарты бөлігін басып алған содырлардың ұрлықы мұнайын Түркия билігі сатып алып отыр деген ақпарат 2015 жылы пайда болған.

Біләл Ердоғанның иелігінде «BMZ» дейтін Халықаралық транспорттық фирма бар. Міне, дәл осы фирма, ДАИШ мұнайын шетелге тасымалдаумен тікелей айналысады екен. Бұл туралы Сирияның Ақпарат министрі Омран әз-Зауби айтты (https://www.caravan.kz/news/handelsblatt-syna-ehrdogana-nazyvayut-quotneftyanym-ministrom-daishquot-360211/).

Ол ол ма, Біләлдің әпкесі Сумая ханым Сирия шекарасы маңында госпитальға қожалық етеді екен. Бұл ДАИШ содырларын емдейтін орын дейді БАҚ(http://inosmi.ru/politic/20151207/234711171.html).

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған болса, бұл ақпараттарды теріске шығарып, егер дерек дәлелденіп жатса, отставкаға кетуге әзір екендігін жеткізді.

Не керек, түрік, орыс, неміс, британ және италиян басылымдары Президенттің ұлын «парақор», «ДАИШ Мұнайының министрі» деп атады.

Ресей мен Түркия қарым-қатынасы


Ресей мен Түркия арасындағы ұшақ дауынан кейін екі елдің баспасөзінде ақпараттық соғыс қарқын алды. Ресей ұшағын атып түсірген Түркия Қарулы күштері еді. Түркия Премьер-министрі Ахмет Дауытұлы сөз сөйлеп, Әуе шекарасын бұзып кірген Ресей ұшағын атудағы басты себеп, Сирияның шығысындағы түркімен ауылын қорғау болғандығын ресми мәлімдеген еді.

Осыдан кейін ресейлік ақпарат құралдары зерттеу жасап, Біләлдің террористермен байланысы туралы ақпараттарды жария етті.

Сонымен, ұққанымыз – Біләл Ердоғанның теңіз жолымен де ДАИШ мұнайын тасымалдап отырғаны белгілі болды. Біләлдің қожалығында Ливандағы Бейрут пен Түркиядағы Жейхан портында жеке тұрақ бар. Сол арқылы теңізде танкерлер арқылы мұнай тасымалдап отыр деген ақпаратты «Вести» таратты (

Біләлдің содырлармен байланысы туралы ақпарат кең тараған соң, екі тарап келісімге келген болуы әбден мүмкін деген болжам да бар.

Біләл мен Бекболаттың достығы

Сөйтіп, Мұхамеджан Тазабек жариялаған суреттен не ұқтық? Біләл Ердоған арнайы шақыртумен келген. 15-тамыз күні. Шақырған – Қазақстан ұлттық спорт түрлері қауымдастығы екен. Елордадағы «жамбы атудан» Халықаралық турнирге келіпті. Мұхамеджан мырза солай деп жазды.

"ДАИШ-ТЫҢ МҰНАЙ МИНИСТРІНІҢ" БЕКБОЛАТПЕН ҚАНДАЙ БАЙЛАНЫСЫ БАР?!

(Мұхамеджан Тазабектің "Инстаграммдағы жазбасы")

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан мен Біләл Ердоғанның кездесуі қаншалықты дұрыс? Немесе Мұхамеджан Тазабектің бұл суретті жариялауына не себеп болды? Бұндай сұрақ қоюымыздың себебі: Біләлдің биографиясы кісі қызығарлық емес екені анық.

Түркия Президентінің ұлы Біләл де ұлттық спорт федерациясына басшылық ететінін ескерсек, екеуара әңгіме дәл осы бағытта өрбуі мүмкін.

Біләл байдың баласы, бай бала. Ақшасы көп. Бәлкім, Бекболат Қанайұлы «Сирия мұнайының» ақшасынан спонсорлық сұраған болар...

Әрине, Ұлттық спортқа инвестиция тарту құптарлық қарекет. Бәлкім, Бекболат Қанайұлы Біләлдің содырлармен байланысы туралы білмеуі мүмкін. Бек құрметті Бекеңнің «менеджерлері» Біләлдің ресми, бейресми өміріне анализ жасамауы да ықтимал. Жоғарыда айтқанымыздай, депутат Бекболат Тілеуханға өшттігіміз жоқ. Құрметтейміз, сыйлаймыз. Біздікі ескерту ғана.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Дереккөз: Абай.кз
Просмотров материала: 2 383

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 754 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 577 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 546 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 480 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 463 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 448 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 209 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 234 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 670 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 802 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 759 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 310 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 461 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930