29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



РЕСЕЙ ЫДЫРАСА НЕ БОЛМАҚ?

23 август 2017, 12:07
РЕСЕЙ ЫДЫРАСА НЕ БОЛМАҚ? АҚШ-тың өте беделді сараптама орталығы – Stratfor алдағы онжылдықта Ресей Федерациясы ыдырап кетеріне болжам жасады. Оның орындалуы алғаш қарағанда күмәнді көрінеді. Тіпті Мәскеуге шүйліккен батысты одан әрі арандату ісі сияқты көрінеді. Дегенмен Stratfor-дың бұған дейінгі болжамдарының басым бөлігі шындыққа айналғанын ескерсек, тереңнен ой қозғау артықтық етпейді.

Мәселен, 1980 жылдардың басында Совет Одағы күйрейді деген сөзге кім сенді? Немесе мызғымастай көрінетін араб режимдері бірінен кейін бірі құлайтынын, ал бауырлас, ағайынды Ресей мен Украина қас дұшпандай қанды соғысқа түседі деп кім ойлаған? Ешкім де. Міне, адам сенгісіз осы сценарийлер өмірдің ащы шындығына айналды.

Сөйтіп, «мүмкін емес» деген ұстаным халықаралық саясат сахнасынан сырғып түсті. Тиісінше тұрақтылықтың тұғырын сақтау болуы мүмкін барлық жорамалдарды жете талдап, қақтығыстар мен күрделі құбылыстардың алғышарттарын алыстан орап кетуге тәуелді етті.
Мақалаға өзек болған Ресейге оралайық.

Осы елдің жетекші саясаткерлері мен саясаттанушылары Ресей тұтастығының ыдырау мүмкіндігін жай жорамал емес, айналып өтуге болмайтын кезең ретінде қарастырады. Сергей Илларионов, Николай Сванидзе, Леонид Гозман, Михаил Касьянов, Ирина Хакамада сияқты танымал тұлғалардың пікірталасы негізінен «ыдырау» үдерісі қашан басталып, қалайша өрбитініне тіреледі.

Яғни оларда алып мемлекеттің ыдырауы мүмкін емес деген сенім жоқ. Қайта кейбіреулері бұл үрдіс алдағы екі-үш жылдың еншісіндегі іс десе, қалғандары бұл мерзімді 10-15 жылға созады.

Олардың болжамынша, ыдыраудан соң Ресей Федерациясы алты немесе сегіз дербес мемлекетке бөлшектенеді ( 25 жеке мемлекет болады дейтіндер де бар). Сарапшылар жаңадан құрылуы мүмкін бұл мемлекеттер бір-бірімен тату көрші болуы, ынтымақ пен сыйластықта қарым-қатынас жасауын неғайбыл іс деп санайды.

Қайта саяси-экономикалық, идеологиялық, ұлтшылдық, діни, басқа да кикілжіңдерден шиеленіс, тіпті соғыс өрті тұтануы әбден мүмкін дейді.
Егер осындай күрделі құбылыстар түбі болатын болса, Ресей ішіндегі қақтығыс пен тартыстар, экстремизм, заңсыз миграция, босқындар, қару-жарақ таралуы, қылмыстың етек жаюы сияқты мәселелер көрші мемлекеттерге кері әсерін тигізері анық.

Қазіргі Кремль Ресейді күші тасыған, мемлекет дамуы тұрақты деп көрсетуге тырысады. Алайда ондай үгіт-насихатына сенім аз. Шын мәнісінде Ресейдің бүгінгі қалпы мүшкіл.

Ел экономикасы соңғы бес жылда рецессия, яғни экономикалық құлдырауға түсті. Алтын-валюта қоры екі жарым есе азайды. Шетелге тұрғылықты көшуші ресейліктер саны рекордты деңгейге жетті.

Мұнай бағасының күрт арзандауынан Ресей экономикасының әлемдегі үлесі 2,5 пайыздан 1,5 пайызға дейін қысқарды. Нәтижесінде тек ресми статистика бойынша 20 миллион азамат кедейліктен де төмен деңгейде күн көріп қалды.

Ал Қырым аннекциясы мен Донбасстағы авантюрадан кейін Мәскеудің қос бүйірін халықаралық санкциялар қысып тастады. Путиннің саясатына наразылық күннен-күнге еселеп өсуде.

Жемқорлық жайлап алған, технологиясы көш соңында шаң жұтып қалған, «Орыс әлемі», «Сколково», «Сібір қуаты», «Солтүстік ағыс», «Оңтүстік ағыс» сияқты сан алуан саяси-экономикалық алып жобалары басталмай жатып тығырыққа тірелген бұл елде қоғам наразылығы оттай қызып тұр. Сорақысы сол – Ресей билігі мемлекетті тығырықтан алып шығатын алғышарттарды мүлдем көрмей тұрғандай.

Қайта одан әрі күшейген санкция соққыларына арқасын төсеп, шикізат бағасы арзандаған сайын тізерлеп барады. Елде оппозицияшыл бағыттағы, оның ішінде жастардың қарсылығы үдеп тұр.

Ал осы үрдіс Ресей билігін ауыстыруы әбден мүмкін. Бірақ алаңдататын мәселе болуы мүмкін осы өзгерістен Ресейде демократиялық қоғамның орнауы, мемлекет пен аумақ тұтастығының сақталып қалуы анық емес.

Жүздеген ұлт пен ұлыстан құралған, орталық пен жер-жердегі элиталары бәсекелес, Орал тауының шығысына қарай аймақтары өте сирек қонысталған алып империяны бір жұдырықта ұстап тұрған құрал – әзірше орталықтың сесі мен күші.

Енді кезінде Совет Одағы ыдырағандай, Мәскеу сол әлеуеттен қол үзуде. Өз-өзін тығырыққа тіреп, әлсіреп тұрған билік жүйесінің еңсесін күні ертең тіктеп, жерге жықпай көтеріп әкетер күш, халық қолдайтын мықты партия, топ, қозғалыс, тірі саяси институттар мен дәстүрлер жоқ. Бұрын олар бар еді. Бірақ Кремль осы күнге дейін оларды жаншып, жойып, ізін қалдырмауға барын салды.

Енді билік басында немесе саяси жүйеде қандай да бір бүлік бола қалса, саяси сахнаға өзара ымыраға келмейтін, мемлекет тағдыры мен тұтастығын түсінбейтін түрлі күштердің шығуы әбден мүмкін.

Мұндай көріністі біз біртұтас Сирияның әйнектей сынып, қайта бірікпестей бөлшектеліп шашылып түскенінен анық көрдік: парша-паршасы шыққан елде асадиттер, күрдтер, шииттер, сүнниттер, зайырлы оппозиция, «Ислам мемлекеті қозғалысы», «Джабхат Ан-Нусра» болып бірімен-бірі итше таласып, кешегі гүлстанды қызыл қанға бояды.

Сирия сабағын бәріміз түсінуіміз керек. Қауіпсіздік, тұрақтылық, сенімді серіктестік кімге болсын ауадай қажет. Көршіден өрт шықса, оның жалыны жетпей қоймайды.

Осы тұрғыдан алғанда жеке билік пен отбасы билігі мемлекеттік биліктен жоғары тұрмауы тиіс. Қазір кез келген саясат мемлекет болашағына қауіп төндірер қатерлерді алыстан байқап, оларды үдетпес үшін бар мүмкіндіктерді дер кезінде ұтымды пайдалануды талап етеді.

Ағымдағы оқиғалар мен үрдістерді кеңінен сараптап, қияли көрінген болжамдарды тереңнен талдап, болуы мүмкін тығырықтан алдын ала айналып өтудің жүз қадамын жасау міндет. Бұл – Ресей билігін ғана емес, Қазақстан билігін де ойландыратын мәселе.

ОРЫСТАР АЗАЙЫП БАРАДЫ

Ресей статистика агенттігінің хабарлауынша, туғандар мен елге келгендерден биыл өлгендердің қатары төрт есеге артып кеткен (былтырғымен салыстырғанда өлім 20 200-ге кем. Ал туғандар саны 107 400-ге аз).

Президент Путиннің өзі маусымдағы тікелей эфирде әрбір 25 жыл сайын туудың азайып бара жатқанына алаңдаған болатын.

Ел үкіметі қандай да бір қадамдар жасағанымен, оның нәтижесі күмәнді көрінеді. Демография институтының директоры Анатолий Вишневскийдің айтуынша, демографиялық дүмпу жасау үшін бала мен анаға берілетін сыйақыны қанша көбейтсе де, одан пайда аз.

Себебі қазіргі Ресейде 1990 жылдары дүниеге келген бала босануы тиіс әйелдер саны тым аз. Мамандар адам санын, яғни енбек күшін мигранттар есебінен арттырған дұрыс дейді. Бірақ бұл амалға да сенім жоқ. Себебі Ресейге сырттан келетін мигранттардың 60 пайызы Украинаға тиесілі еді. Қазір екі елдің қақтығысы мен Украинаның Еуропаға визасыз кіру есігі ашылғалы украиндар Ресейге қарауды қойған.

Ресей экономикалық даму министрлігінің болжамынша, 2020 жылға қарай еңбекке қабілетті адамдардың саны 3 миллионға дейін азаяды. Мамандар «еңбек күшінің жетіспеуі экономикада үлкен қиындықтар тудырады» деп отыр.

Расул ЖҰМАЛЫ

Дереккөз: Жас Алаш
Просмотров материала: 6 491

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 575 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 415 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 403 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 340 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 294 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 108 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 624 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 220 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 223 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 280 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 434 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031