26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



НЕСИЕНІ ҚАЗАҚ ЖЕТІСКЕННЕН АЛА МА?

НЕСИЕНІ ҚАЗАҚ ЖЕТІСКЕННЕН АЛА МА? "Несие алған адам анасымен 7 рет ойнас жасағанмен тең" депті, бір "ғұлама". Әй бояушы бояушы дегенге елдің бәрін үркіте бермесеңдерші а? Айналаға көздеріңді ашып қарап, пәтуа шығарсаңдар жөн болар еді. Әйтпесе, білімге кредиті немесе кредитке білім, баспана алғың келсе - иппотекалық кредит, кәсіп ашқың келсе - кредит, қыл аяғы мал баққың келсе де кредит.

Кредитті қарапайым халық зина жасағысы келіп алып жатыр деп ойлайсыңдар ма? Қазақ қайбір жетіскеннен қарызға кіріп жүр дейсің? Бүгінгі қайыршы тірлігінің бетін бүркемелеу үшін, өзін әйтеуір бір кәсіппен алдап, нан табу үшін, бала-шағаны жерге қаратпауы үшін, екі бетін шарық қылып қарыз алып, оны қарызбен жауып жүр.

Сөйтіп, өзі зорға жүрген бейшараны енді кеп, "несие алғаның анаңның қойнына қол салғаның" дегені қай сасқаны?! Несиені өсімімен беріп отырғандар туралы әңгіме басқа, алған адам қыжалат болғасын алады да?! Шешесіне қол жүгірту үшін алады дейсің бе? Жалпы, осыны айтып отырғандағы мақсат не? Не пиғыл?

Тағы бір дүмшелер келіп, мына дүниеде азып-тозып, бірді бірге жалғап зорға күн кешіп жүрген жұртты ана дүниедегі тозақпен, қыл көпірмен т.б. қорқытып, үркітіп, намаз оқымасаң анаусың, ораза тұтпасаң мынаусың, сақал өсір, мұртыңды қыр, өйт бүйт дейді.

Әй уағызшылар, осы әкелеріміз, әжелеріміз сендер құсап ұрсып зекімей ақ, ойбайлап-байбайламай ақ, тозағымен үркітіп, шайтанымен шошытпай ақ бәрімізді тәрбиелеп өсіріп еді ғой. Не болды, сендерге? Ораза мен намаздың, обал мен сауаптың не екенін қазақ жақсы біледі. Оны неге үркітіп уағыздауымыз керек.

Жалпы Ислам діні мына дүниеде керек пе, әлде ана дүниелік дін бе? Маған осыны түсіндіріңдерші. Неге біз Исламды тек ана дүниеге дайындық үшін ғана керек қылауымыз керек?

Сендердің әсіредіншілдіктеріңнен өзіміздің қазақы діндарлығымыз мың есе артық. Несие аламын!!! Отбасымды көшеде қаңғытып қоймау үшін -баспана алуға, көрінгенге қол жайып көше жағалап кетпеу үшін - кәсіп ашуға, балам дұрыс білім алып, сауатты болып өсуі үшін - білім алуға және басқа да қажеттіліктер үшін, және осы несиені адал тапқан ақшамнан қайтарып беремін.

Ал ана дүниеге барғанда ешкім ешкім үшін жауап бермейді. Мен үшін немесе басқа қазақ үшін жандарың ауырып, кеңірдектеріңді созып, күре тамырларың білеуленіп "уағыз" айпай ақ қойыңдаршы.

Жұртты жақсылыққа, мейірімділікке, адалдыққа шақырғандарыңның түрі осы ма? Осы әңгімелеріңмен елді Исламға ұйытамыз деп ойлайсыңдар ма?

Дәулетхан Жиенқұлов, журналист

Facebook

Автор: Дәулетхан Жиенқұлов - НЕСИЕНІ ҚАЗАҚ ЖЕТІСКЕННЕН АЛА МА?
Просмотров материала: 3 552

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 330 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 151 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 122 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 064 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 049 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 495 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 251 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 275 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 739 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 873 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 080 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 599 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 746 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930