24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АУРУХАНАНЫ ЖАПҚАНЫМЫЗ АСЫҒЫСТЫҚ БОЛДЫ

АУРУХАНАНЫ ЖАПҚАНЫМЫЗ АСЫҒЫСТЫҚ БОЛДЫ «Артық қылам деп тыртық қылды». Атырау облысындағы құрт ауруының жағдайы осы сөзге сұранып тұр. Алдымен аймақтың республика бойынша ұзақ жылдардан бері туберкулез дертінен алдыңғы орында жүргенін айта кетейік. Атыраудағы «Астана» оқу-клиникалық орталығының директоры Дина Камелованың айтуынша, бұрын тұрғындардың міндетті түрде флюорографиялық тексеруден өтуі және оқушылардың манту екпесін алуы қатаң тексеріліп отыратын.

Мәселен, осындай шаралардың атқарылуы өзге өңірлерде 50-60 пайызды қамтығанын айтып жатса, Атырауда 100 пайыз болуы қатаң қадағаланатын. Уақыт өте келе құрт ауруының көрсеткіштері төмендеп, туберкулезге қарсы ауруханалар диспансер деп аталатын болды. Ал былтырдан бастап диспансерлер де «оңтайландыру» деген желеумен бірінен кейін бірі жабыла бастады.

Қызылқоға ауданындағы тубдиспансер 2009 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған-ды. Типтік жобамен бой көтерген су жаңа ғимарат былтыр басқа мекеменің балансына өтіп, барлық қызметкері аудандық ауруханаға жұмысқа орналастырылды. Жылыой, Исатай, Құрманғазы аудандарындағы тубдиспансерлер де біртіндеп жабылды.

Олардың кейбірінің медициналық құрал-жабдықтары әзірге жұмыс істеп тұрған Атырау облыстық және Махамбет аудандық тубдиспансерлеріне таратылған. Енді диспансерлердің орнын аудан орталықтарындағы ауруханалар жанынан ашылған бөлімшелер басатын болады. Кейбір дерек көздері диспансерлерді жабуға олардың «жылдық жоспарды орындамай отырғаны» себеп болып отырғанын айтуда.

Дегенмен бұл жерде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиеваның БАҚ беттерінде берген түсіндірмесі қисынға қонымды-ақ. Оған сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа стратегиясы аясында туберкулезбен күресу үшін «интеграциялық бақылау» жобасы қолға алынған. Ол ұсақ емдеу мекемелерін ірілендіріп, біріктіруді білдіреді. 2015 жылы Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарында қолданылған «интеграциялық бақылау» енді бүкіл республикаға енгізілген.

Денсаулық сақтау саласындағы бітпейтін шалағай реформаның тағы бірі жыл өтпестен-ақ теріс нәтижесін көрсетіп, қаптаған сынның астында қалды. Аймақтық коммуникация қызметінің брифингінде облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Өмірзақ Зинуллин жыл басынан бері 217 облыс тұрғынының құрт ауруымен ауыратыны тіркелгенін, оның 32-сі кәмелетке толмағандар екенін жеткізді. Аурудың белсенді түрімен ауыратын 1065 адам есепте тұр.

Биылғы жарты жылдың ішінде 100 мың адамға шаққанда орта есеппен 35,6 адам туберкулезбен ауырған болса, өткен жылдың осы мерзіміндегі дерек 34,7-ні көрсетіп, науқастар санының артқанынан хабар береді. Оның үстіне мұнайлы өңірде діни сенім-нанымына байланысты балаларын ектіруден бас тартатындар санының көбеюі де аса қуантып тұрған жоқ.

Себебі бұл ауруға жол бермеудің бірден-бір тиімді жолы – бала жастан ектіру болып табылады.
Жақында жоғары категориялы дәрігер Басарулла Харасов «туберкулез диспансерлерін жапқанымыз асығыстық болды» деген пікірін ашық білдірді. Дәл қазір олар ауруханалардың арнайы бөлімшелерінде басқа науқастармен бірге емделеді.

Науқастың құрт ауруының ашық түрімен ауыруы әбден мүмкін екендігін ескерсек, осы жайдың өзі-ақ қауіп туғызатыны анық. Бұған қазіргі күні тұрғындарға бұрынғыдай жылына бір рет флюорографиялық тексеруден өтудің қатаң міндеттеліп отырмағанын қосыңыз. Оның үстіне Атырау облысында басқа жақтан келіп жұмыс істеп жатқандар көп. Олардың денсаулық жағдайын кім қадағалапты?!

Не нәрсені де бүлдіру оңай, ал қалпына келтіру қиын екені анық. Осы біз «қолымызды мезгілінен кеш сермеуді» қашан қояр екенбіз?

Құралай ҚУАТОВА
Атырау облысы

Дереккөз: Жас Алаш
Просмотров материала: 2 638

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 976 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 799 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 770 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 708 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 689 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 476 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 232 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 259 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 713 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 842 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 949 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 308 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 481 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 631 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 981 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930