20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



МЕНТТЕР КОДЫН БҰЗУ НЕМЕСЕ ПОЛИЦИЯ РЕФОРМАСЫН НЕДЕН БАСТАУ КЕРЕК?

16 август 2017, 19:16
МЕНТТЕР КОДЫН БҰЗУ НЕМЕСЕ ПОЛИЦИЯ РЕФОРМАСЫН НЕДЕН БАСТАУ КЕРЕК? Атақты америкалық режиссер Альфред Хичкок бір ретте «Мен полицияға қарсы емеспін, одан мен өлермендей қорқамын» деген екен. Бәріміз де солай. Рас, ешқайсымыз полиция атауымен жойылуы керек демейміз. Өмірімізге қауіп-қатер төнетін болса, қасымызда басқа емес, қазақ полициясының болғанын қалаймыз. Бірақ бізге қандай полиция керек?

Жаңарған қазақ полициясы ма, әлде кеңестік-сталиндік милиция ма? Шынымен де өміріміз бен тыныштығымызды, қауіпсіздігіміз бен болашағымызды ойлайтын болсақ, осы сұраққа жауап іздемесек болмайтын аса маңызды мәселе. Осы туралы аз-маз ойланып көрсек.

Өткен аптада барша қазақтың назары тек полицияға тірелді. Погонды азаматтардың күн сайын интернетке ілінген «ерліктері» – жамбылдық полиция басшыларының бір-бірімен пышақтасуы, керекулік полицейлердің көшедегі азаматтармен төбелесіп, аяусыз тепкіге салуы, полиция қызметкерлерінің жекелеген азаматтарға жасаған озбырлығы – қазақ қоғамында қызу талқыланып, ашу-ызасын тудырып бас тақырыпқа айналды. Жүздеген, мыңдаған белсенді азаматтарымыз әлеуметтік желілерде «Осы біз кімнен көбірек қорқуымыз керек: қылмыскерлерден бе, әлде полицейлерден бе?» деп жұртшылыққа сұрау салып жатты.

Полицияның, қылмыс пен былыққа батқан полицейлердің онсыз да төмен беделі ғарыштық жылдамдықпен құлдилап құлап жатты.
Елімізде тәуелсіздік алғаннан бері үздіксіз реформаланып, дамылсыз өзгеріп келе жатқан бірден-бір сала болса, соның бірі – құқық қорғау органдары. Қарап отырсақ, шынымен де әрбір жаңа басшы келген сайын полицияның құрылымы қайта қаралып, атаулары өзгеріп, формасы жаңарып жатады. Кеше ғана милиция болса, бүгін батыстық үлгімен полиция атанды. Учаскелік полицейлерді көтермелеп, америкашалап «шериф» деп арқасынан қағып қоямыз. Әлсін-әлсін полицияның санын қайта қарап қысқартқандай боламыз.

Жемқорлықты азайтамыз деп полицейлердің қолындағы таяқшасына дейін тартып алдық. Полицейлер жаяу жүрмесін, тасада тығылып отырмасын деп барлығына дерлік көлік әпердік, барша қалаларымызға видеокамераларды қойып тастадық. Полицейлер аш жүрмесін деп жалақысын да көтердік. Лаңкестер тиіспесін деп әрбір полиция бекетін тас дуалмен қоршадық.

Анда-санда барша полицейлерді сандалтып, аттестациялап, жұрт алдында сергелдеңге салып жүгіртіп жатамыз. Барша тірліктің мақсаты игі: полицияға бейімі бар, іскер, білікті, білімді, жаны мен жүрегі таза, қарынға емес, заңға қызмет ететін кадрларды тарту, заңды құрметтемейтін, қылмысқа бейім қызметкерлерден құтылу. Бәрі де қисынға келетін сияқты.

Алайда баяғы жартас – сол жартас. Ішкі істер органдарында жасалып жатқан реформалар, оңтайландырулар, трансформациялар лайықты, көңілге қонымды нәтиже берер емес. Қарапайым азаматтар үшін полиция қорған емес, қорқыныш, үрей тудыратын құбыжық. Алыстан полиция қызметкерін көрсең өзіңді қауіпсіз сезінудің орнына одан алысырақ жүруге, бұрылып кетуге, жақындамауға тырысатын жағдайдамыз.

Полиция заң мен тәртіптің синонимі емес, антониміне айналып бара жатыр. Басқа–басқа, жай қызметкер емес, полиция басшылары көшедегі ішкіштер сияқты пышақтасып жатса, қатардағы қызметкерлері қорған болудың орнына азаматтарды қорлап, ұрып-соғып, қинап-зорлап, тіпті өлтіріп жатса амалсыздан «сенген қойым сен болсаң» демеске шарамыз жоқ.

Әрине, біз барша полиция қызметкерін біліксіз, қылмыскер деуден аулақпыз. Арасында шынымен де мықты мамандар, шынайы кәсіби тергеушілер, әділ заңгерлер, адал тәртіп сақшылары жеткілікті. Елімізді қылмыс пен хаостың басып кетпегені осы бір көп ішіндегі топтың арқасы деп білеміз. Алайда көптің аты – көп. Көптің ішінен кім, не шықпай жатады? Себебі, анығын айту керек, Қазақстан – адам санына шаққандағы полиция қызметкерлері саны жағынан әлемдік көшбасшы елдердің бірі, әлем бойынша алтыншы орында тұрған мемлекет.

«Форбс» журналының зерттеуіне сенетін болсақ, бүгінгі Қазақстандағы күштік құрылым қызметкерлерінің саны қайтадан кеңес заманындағы көрсеткіштерге жеткен екен. Бүгінде 100 мың адамға шағар болсақ, елімізде 32,2 прокурор, 12,8 судья, 608,8 полиция қызметкері, 488,2 әскери қызметкер, 35,3 кеденші, 52,1 салық жинаушы, 19,9 қаржы полициясының қызметкері жұмыс істеп жатыр. Есесіне кеңес заманында 100 мың адамға шаққанда 28,7 прокурор, 3,7 мың судья, 222,6 милиция қызметкері, 1111,8 әскери қызметкер, 18,8 кеденші, 24,7 салық жинаушы, 4 БХСС қызметкері болған екен. Салыстырып қарасақ, кеңес заманынан бері тек әскерилер мен судьялардың саны ғана кеміген.

Есесіне қалған күштік құрылымдардың барлығының дерлік саны еселеп өскен. Оның ішінде полиция-милиция қызметкерлерінің саны үш еседей артқаны айқын көрініп отыр. Бұл аз ба, көп пе? Біздің ойымызша, аса көп.

Кеңес заманын да бекерден-бекер еске алып отырғанымыз жоқ. Себебі бүгінгі полицияның басты проблемасы техникалық немесе қаржылық мәселе емес. Басты мәселенің барлығы дерлік, айналып келгенде, адам факторына, менталдық-психологиялық, институционалдық факторларға барып тіреледі. Себебі қанша реформа жасалса да, өзгермеген бір дүние бар: ол – полиция басшылары мен қызметкерлерінің отарлық санасы, репрессивті сана-сезімі, тоталитарлы түсінік-түйсігі. Бүгінгі қазақ полициясы кеңес заманындағы милиция қызметкерінен еш алыстап кеткен жоқ.

Кеңестік-сталиндік жүйеде қалыптасқан тоталитарлық сана мен философияның басты құрбаны да, басты тұтқыны да осы біздің қазақ полициясы. Кеңестік милиция о баста құрылған кезде адамды, адам құқығын, Конституция мен заңды қорғау үшін құрылған жоқ. Кеңестік милицияның басты мақсаты саяси режимді қорғау, соған қарсы шыққандармен аяусыз, барша әдіс пен тәсілді қолдана отырып күресу болатын. Кеңестік милицияның түсіне адам құқығы, азаматтың құқығы деген ұғымдар кіріп те үлгермеген.

Қысқасы, ол милиция тоталитарлық басып-жаншу құралы мен институты болатын. Сондай-ақ кеңестік милиция қызметінің тағы бір ерекшелігі болды: бұл қызмет ешқашан да қоғамдық пікірге тәуелді болып көрмеген. Оның жасақталуы, есеп-қисабы, тыныс-тіршілігі тек атқарушы билікке байланысты еді. Тек елдегі жағдай асқынып, қылмыс қаптап кетіп, қоғам көтеріліп, дүмпуге жақындап, саяси биліктің бүгіні мен болашағына қауіп төнген кезде ғана өзгерістер болып отырған. Онда да тек саяси биліктің тікелей нұсқауы мен тапсырмасының арқасында.

Ең сорақысы, милиция-полиция институты – қазақы құндылықтардан ада институт. Атам қазақта ешқашан біз білетіндей полиция-милицияның болмағанын ескеретін болсақ, бұл институтты патшалық, кейіннен кеңестік отарлау жүйесінің мызғымас бір бөлігі ретінде қабылдауымыз керек. Қазақтың жүріс-тұрысын, көші-қонын, еркіндігі мен бостандығын шектеген билеп-төстеуші институт.

Патшалық кезеңдегі қарашекпенділер мен Кеңес өкіметінің алғашқы 30 жылында милицияның қазаққа еш қатысы болған жоқ, оның болмысына жат, ұлт наразылығын күшпен басып, билікке қарсы шыққан қазақты қырып-жою құралы болғаны тарихи факт. Бүгінгі полиция қызметкерлерінің өздеріне тиесілі аймақты жекеменшігі, тіпті отары деп қарайтыны да осыдан болар, кім біледі?!

Тіпті кейіннен милицияға қазақ қызметкерлерін көптеп тартқан заманның өзінде, бұл күштік құрылым басқа да құрылымдар сияқты туземдік-бұратана жұртшылықты отарлаушы, империяның заңына бағындырушы күш болды. Қазақ милиционерінің азат ойы, қазақы сипаттағы жеке-дара азаматтық ұстанымы сол заманда болған емес. Кейіннен әскери коммунизм сатысынан шыққан соң, милицияға кеңестік сипаттағы корпоративтік этика мен қызметтік идеология келді. Жақсы болсын, жаман болсын бұл идеология мен этика милиция қызметкерлерін саяси және рухани азғындаудан сақтауға мүмкіндік жасады, күштік құрылымның тек құлқын мен қарынның құлына айналуынан сақтады.

Алайда 1970-80 жылдары басталған коммунистік идеяның әлсіреуі, өзін-өзі келемежге айналдырып, рухани-саяси пәрменін жоғалтуы бірінші кезекте партократтардың, екінші кезекте партияға қызмет ететін қызметтердің, оның ішінде милицияның жемқорлыққа салынуына алып келді. Милиция карьера қуғандар, мансап пен бақ қуғандар үшін ғажайып әлеуметтік лифтіге, яғни өсу, баю құралына айнала бастады. Милицияның біраз басшы қызметкері қылмыс жолына түсіп, өзі күресуге тиісті қылмыстық топтармен етене жақындаса, ауыз жаласа бастады.

Қоғамнан тыс, жабық, тек өзіндік ішкі командалық заңдылықтарға бағынған әскери корпорация, автономиялы каста үшін бұл үдеріс аса қауіпті болды. Жабық ортада кез келген аурудың тез әрі жылдам тарайтыны баяғыдан белгілі емес пе? Және де милицияның басқа қызметтерден айырмашылығы – адамдарды басып-жаншитын, билеп-төстейтін, езіп-жаншитын репрессивті мүмкіндігі бар. Ал осындай шексіз, шектеусіз, кедергісіз билікке ие болу адами болмысы мен табиғаты әлсіз жандарды мүлдем азғындатып, аздырып жіберетініне тарихымызда талай рет көзіміз жеткен болатын.

Билікпен ауыз жаласып, айтқанынан шықпасаң, өзіңе қатысты аймақтағы қылмыстық жағдайды бақылап, қылмыскерлерді есіртпей, қылмыстық статистиканы қадағалап, уысыңда ұстап отырсаң жеткілікті: саған ешкім аузын ашпайды, жұмысыңа араласпайды. Бұдан артық адамға қандай билік керек? Мұндай милиция қызметкерін кеңес заманында жұртшылық «мент» деп атайтын. Кеңес милициясы бірте-бірте, әсіресе КСРО тарауға жақын жылдары «менттер корпорациясына» айналып біткен болатын.

Оның үстіне мынаны да ескеру керек сияқты. Кез келген кәсіп өз қызметкерлерінің санасы мен психологиясына әсер етпей қоймайды. Күн сайын өлім мен ұрлықты, зорлық пен сұмдықты көру, оны жасаған қылмыскерлерді іздеу, құрықтау оңай шаруа емес. Қоғамдағы азғындаған, адами болмысын жоғалтқан қылмыскерлермен күніге кезігу, сөйлесу, пікірлесу адам жаны мен миына түсетін аса ауыр салмақ. Адамдарды билеп-төстеуге, бас бостандығынан айыруға, құқығын шектеуге берілетін құқық та аса ауыр жүк.

Лайықсыз, ішкі дайындықсыз, биліктің, жауапкершіліктің не екенін білмейтін адамға бес минутқа билік беріп көріңіздерші, қандай болады екен?! Жабық күштік корпорацияның азғындауына төтеп беру үшін қашанда кемі төрт фактордың қосындысы: 1) шынайы мемлекетшілдік, патриотизм, моральдық императив; 2) заңға сөзсіз бағыну, заңды дәріптеу идеологиясы; 3) бірізді, девальвацияға ұшырамайтын принциптер мен асқақ мұратқа негізделген корпоративтік идеология мен этика; 4) соларды жүзеге асыратын, екіұдай пікір мен практикаға жол бермейтін, сөз бен істің арасын алшақтатпайтын, ең биіктен – ең төменге дейін баршаға ортақ тәртіп пен талап қажет.

Кеңес заманының аяғында милицияда осының бірі де болған жоқ. Тәуелсіздік алған кезде бізге мұра болған кеңес милициясының жайы осы еді. Бүгінгі полициямыз формасын қанша өзгертсе де, сол «менттер корпорациясының» коды мен кодексін үздіксіз жалғастырушы. Тіпті полиция қызметіне жақында ғана кірген жастардың өзі аға буын дәстүрі мен жазылмаған заңдылықтарын мүлтіксіз қабылдап, оның жібін үзбей, ізін жалғастырушылар ғана болып қалмақ. Себебі өзге тың дәстүрді, бөлек үрдісті көріп-сезінер емес.

1991 жылдан бастап қанша реформаласақ та, атын да, затын да өзгертсек те, полициямыздың сол баяғы кеңестік «мент» жүйесі болып қалуы жалпы қоғамымызға қатысты құбылыс. Ендігі кезде қазақ полициясын шын және шынайы реформалаймыз дейтін болсақ, ең алдымен қоғамымыз бен мемлекетімізді посткеңестік қамыттан, постотарлық қалыптан шығаруға тырысып-тырмысуымыз керек. Мұнсыз кез келген реформа нәтижесіз, баянсыз болып қала бермек. Ал егер «менттер кодын» бұзғымыз келсе, оның кем дегенде бес үлкен рухани-саяси қағидатты негізге алу керек сияқты.

Біріншіден, полиция шын мәніндегі қазақ ұлттық полициясына айналуы тиіс. Яғни оның болмысы мен руханияты ұлт-азаттық идеяларға негізделіп, соның қайнар көзінен сусындауы керек. Қазақ полициясы кеңестік милициядан жерініп, онымен ат-құйрығын үзісуі міндет. Қазақ полициясы отарлық милицияның ізбасары емес, жаңа мемлекет пен жаңа қоғам азаматтарының арман-мұраты мен мүддесінен туған, туындаған егеменді институтқа айналуы қажет.

Екіншіден, полиция өзінің қайнар көзін атқарушы биліктен емес, қоғамнан табуы тиіс. Атқарушы билік өзгереді, басшылар ауысады, ал қазақ қоғамы мен халқы мәңгілік қала бермек, жасай бермек. Олай болса полицияның қайнар көзі, бастауы, тұғыры – жекелеген тұлғалар мен азаматтардан құралатын отарсыздану үдерісін басынан өткеріп жатқан қазақ қоғамы. Айналып келгенде, полицияны құрайтын да осы қазақ қоғамының өкілдері. Полиция осы қоғамды басып-жаншитын, билеп-төстейтін отарлаушы стихия немесе тоталитарлы-репрессивті құбыжық, химералық ағза емес, керісінше, сол жекелеген адамдардың жиынтығы – қоғам мен халыққа қызмет етуші құрал, жалдамалы қызметкерлерден тұратын маңызды институт.

Үшіншіден, полиция қызметі бүге-шігесіне дейін, түп-тұқиянына дейін тоталитарсыздануы тиіс. Полицияның басты құжаты, қасиетті кітабы мен қағбасы – Қазақ Конституциясы, заңдары. Соларда көрсетілген адам мен азамат құқықтарын сақтау, бұлжытпай орындау – полицияның басты және жеке-дара міндеті. Полиция қызметкері жекелеген адамға емес, жоғарыдағы командиріне ғана емес, заңға бағынғанда ғана өз мұратын, миссиясын кіршіксіз, мінсіз атқара алады. Полицияның бекеті – адам мен мемлекеттің тоғысатын жері.

Егер азаматтарымызды мемлекетке деген сенімінен айырмаймыз десек, онда басты міндет осы бекеттің әрбір адамға, азаматқа деген ілтипатын, құрметі мен тағзымын үнемі, үздіксіз көрсетіп, дәлелдеп отыруы заңдылық. Қазақстан азаматы, халық өкілі полицияның ермегі, құлы немесе ойыншығы емес, бола алмайды да!

Төртіншіден, қазаққа, қазақ ұлтына қызмет ету, адам мен азаматты, Отанды, елді, жерді қорғау – аса жауапты, асқан қажыр-қайратты талап ететін миссия. Бұл миссияны тек ары таза, абыройлы, парасатты, мемлекетшіл, намысшыл, білімді, қайырымды тұлғалар ғана атқара алады. Полиция қызметкері болу үшін қажетті талаптар ғарышкер болудан да қиын һәм күрделі болмақ.

Себебі ғарышкер болу үшін сенің жекелеген адами қасиеттерің ақсап та жатуы ғажап емес. Ал қазақ полициясының қызметкеріне қойылар моральдық талаптар мен кәсіби қағидаттар, талаптар аса қатал болуы тиіс. Полиция қызметкері – заңның уәкілі, қорғаны, тірегі. Заң болса екіжүзділікті, принципсіздікті, немқұрайдылықты көтере алмайды. Яғни қазақ полициясының жаңа этикасы, идеологиясы, мәдениеті, дәстүрі қайта жасақталып шығуы тиіс. Жазылған, қағазға түскен мораль мен этикадан тыс қызмет бара-бара кімді болса да қылмысқа жетелейді.

Бесіншіден, реформаланған, жаңарған қазақ полициясы қоғам ішінде ең беделді, ең белсенді институтқа айналуы тиіс. Осы қызметте жүргендер қала мен ауыл тұрғындарының арасында зор беделі, абыройы бар, жұмысы мен ісіне сай құрметке ие кәсіп өкілдері. Полиция – қазақтың жауы емес, қазақтың қорғаны, әрбір азаматының құқықтары мен бостандықтарын қызғыштай қорғаған, сол үшін қажет болса жанын қиюға әзір қазіргінің, бейбіт заманның батырлары. Қазақ қоғамы да полицияның реформасына атсалысып, жаңарып-жаңғырған институттарға жаңа көзқараспен қарап, барынша болысып, кеңес заманында қалыптасқан полицияны жау, құбыжық, әумесер, озбыр санау психологиясынан арылуы парыз.

Қазақ полициясын реформалаудың бес рухани қағидаты – осы. Шын ниет, шын ықылас, шын саяси жігер болса осыны толығымен атқарып шығуға әбден болады. Оған дәлел – күні кеше ғана кеңестік шекпеннен бірге шыққан Балтық елдері мен Грузиядағы полиция реформалары. Нақты жолдары мен тәсілдері баршаға аян. Мұндай реформалар, сөзсіз, оңайлықпен келмейді, бұларды іске асыру үшін де белгілі бір дәрежеде құн төлеуге, ауыртпалығын көтеруге, тіпті туған-туыспен ұрысып, жақынмен араздасуға тура келетіні хақ. Бірақ осыны жүзеге асырмасақ, күніміз қараң, болашағымыз бұлыңғыр болмақ.

Айдос САРЫМ

Дереккөз: Жас Алаш
Просмотров материала: 2 678

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 775 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 598 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 567 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 502 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 484 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 449 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 209 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 234 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 670 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 802 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 766 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 294 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 317 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 468 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 908 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930