26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ТАЛАП ЕТКЕН AIR ASTANA ЖОЛАУШЫСЫНА АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН (ВИДЕО)

16 август 2017, 10:40
Air Astana әуе компаниясы айналасында тағы дау туды! Өзін журналистпін деп таныстырған Оғыз Доған мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап еткені үшін полиция бөлімшесіне жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ТАЛАП ЕТКЕН AIR ASTANA ЖОЛАУШЫСЫНА АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН (ВИДЕО)


Жолаушы стюардессамен арада болған кикілжіңді видеоға түсіріп алған. Онда борт қызметкері Оғыз Доғаннан телефон камерасын өшіруді ресми тілде сұрайды. Алайда азамат өзінің журналист екенін, болған жайтты халыққа жеткізуге құқылы екенін айтады. Өз кезегінде ұшақ қызметкері оған ескерту қағазын ұсынып, полиция шақыратынын мәлімдейді.

Бұдан кейін жолаушы желіде тікелей эфирге шығып, болған жайтты өз аузымен айтып берді.

“Қазақ қыз жаныма келіп орысшалап бірдеңе деді. Мен түсінбедім. Түсінбегенімді аңғарып ағылшынша айтты. “Мемлекеттік тілде сөйлеңіз” деп едім, қазақ қыз мінезін көрсетіп кетіп қалды. Қазақша білмейді ғой деймін, маған ұнаған жоқ. Басқа қызметкерлерге де айттым. “Қарындас” деп сыйлап сөйлестім. Одан кейін орыс жігіт келіп орысша, ағылшынша бірдеңелер айтты. Мен тағы түсінбедім. Ол да кетіп қалды. Сосын видеодағы орыс қыз келді. Айқайлап бірдеңелерді айтып жатыр.

“Маған қазақ тілінде сөйлеңіз. Түрікше сұрап тұрған жоқпын. Оған қақым да жоқ. Маған мен білетін қазақ тілінде айтыңыз ескертуіңіз болса”, – дедім. Ол қыз да мінезін көрсетіп, кетіп қалды”, – деп түсіндірді азамат.

Алайда азаматтың шамына тиген басты нәрсе бұл емес. Айтуынша, бұдан кейін Алматы әужайында полиция оны бір сағат бойы ұстап, артынша 6800 теңге көлемінде айыппұл салған.

“Жақсы, бұл ештеңе емес. Бірақ мен оларға: “Қазақ тілінде қызмет алғым келгені үшін 1 тиын айыппұл салсаңдар да ұят. Қанша салсаңдар да маңызды емес”, – дедім. Ұлттық компания болса, бұл кісілердің басындағы азамат орыс па, қазақ па, маған бәрібір. Қазақстанда мемлекеттік тілді қорлағаны үшін, ең бастысы, осы орыс қызды жауапқа тартып фирманың ішінде, шара қолдану керек. Сол орыс қыз менен емес, қазақ халқынан, ата-бабамыздан мұратқа қалған қазақ тілінен кешірім сұрауы керек. Мен соны талап етіп отырмын. Маған басқа ештеңе керек емес. Бұл жеке Оғыз Доғанның проблемасы емес, қазақ тілінің проблемасы”, – дейді жолаушы.

Өз кезегінде Air Astana компаниясы аталған ақпаратты жоққа шығарды. Facebook-те жарияланған постқа компания былай деп жауап берді:

“14 тамызда КС 954 рейсіндегі жолаушы қауіпсіздік шараларын орындаудан бас тартқаны үшін ЖІІБ-ге айыппұл төлеуге тартылды. Ол ұшақтың қону кезінде үстелшенің бетін көтеруден бас тартты. Бұл талаптың орындалмауы жолаушыға қауіп-қатер туғызуы мүмкін, сондықтан оны орындау міндетті түрде талап етіледі.

Әуе компания бортсеріктері жолаушыға бірнеше рет қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде үстелшенің бетін көтеруін сұрады. Бірақ жолаушы өтінішті орындамай, өзіне сол кезде ұшақты отырғызуға дайындау рәсімдерімен айналысып жатқан аға-бортсеріктің қызмет етуін талап етті. “Эйр Астана” әуе компаниясы қазақ тілін аса құрметтейді. Қазақ тілін жетік білу барлық бортсеріктерге қойылған бас талаптардың біріне жатады”, – дейді Air Astana өкілі.

Просмотров материала: 4 740

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 309 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 129 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 101 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 043 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 027 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 495 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 251 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 275 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 737 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 873 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 074 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 593 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 139 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 942 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 151 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 740 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930