19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ЛЕҢГІР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ СУСЫЗ ОТЫР

ЛЕҢГІР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ СУСЫЗ ОТЫР Леңгір қаласының тұрғындары 5 күннен бері сусыз отыр. Тіршілік нәрін беру құбырдағы апатқа байланысты тоқтатылған. Тұрғындар мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ дейді. Ашынған халық шағымын айтып, әкімдіктен бастап талай есікті тоздырғандарын айтады. Нәтижесінде сөзін тыңдар адам таппаған жұрт енді журналистерден көмек сұрады, деп хабарлайды Отырар кз.

Осы күнге дейін лай су ішіп келген жұрт енді мүлдем ауызсусыз қалды. Тозығы жеткен құбырларды жаңартамыз деп, 4 млрд теңгені талан-таражға салғандардың кесірінен бүгінде Ленгер қаласында мыңға жуық тұрғын суды сатып алып ішуге мәжбүр. Бұл мәселе бүгін көтеріліп отырған жоқ. Бұрын құрт судың өзі сағаттап берілсе, енді аптап ыстықта бір тамшы суға зармыз деп ашынады тұрғындар.

ЛЕҢГІР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ СУСЫЗ ОТЫР


Евдакия Абилова, Леңгір қаласының тұрғыны: “Бізге жаңа құбырға қосылыңыздар деді. Біз барлығымыз сасық, лай судан құтылдық па деп қуанғанымыз сол еді, енді мүлдем суды өшіріп тастады. Қашанға дейін бұл қорлықты көруіміз керек? Мынадай ыстықта қалай сусыз өмір сүреміз? Бұрынғы лай судан денсаулығымызды құрттық! Биліктегілер қайда қарап отыр?”

Ұлдаркүл Исабекова: “Былтыр құбыр жүргізіп, әр метріне 800 теңгеден төлегенбіз. Осы күзде су болады деп еді, міне, екінші жыл болды – су жоқ. Бүгін екі күн болды – су жоқ, оның алдында тағы екі күнге өшірген еді. Ал бұрынғы су – лай, оны тұндырып ішеміз.”

Ал жаңа құбыр орнатуды мойнына алған мердігер компаниясының өкілдері былығы бетіне шыққан жұмысына жауап беруден қашып жүр дейді жергілікті билік. Өйткені, 7 жыл бұрын басталған ауыз су жүйесін тарту жұмысы әлі аяқталмағаны былай тұрсын, тіпті, сапасы талапқа сай келмеуіне байланысты “Леңгір су” мекемесі жобаны қабылдаудан бас тартыпты.

Айтбай Тәжібаев, “Леңгір су” мекемесінің апатты жұмыс бөлімінің басшысы: “Судың жоқ болуының себебі – мердігер компания қоспаған. Ашық айтқанда, олар қаражатымыз жоқ дейді. Ал ескісі жарамсыз. Ол ескі құбыр жарылды. Оны жөндей алмаймыз. Жөндеуге келмейді. Ал олардан біз жаңа линияны қабылдаған жоқпыз, өйткені ақаулары бар.”

Жауаптылар, сондай-ақ, барлау жұмыстарын тиянақты тындырмаған мердігердің кесірінен бұл елдімекенге су жақын күндері қосылмайтынын да ашық айтты. Айтуларынша, қазір ақауы көп құбырлардың кемшіліктерін жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол үшін аудандық бюджеттен 46 млн теңге бөлініпті.

Сержан Дүйсебаев, Төле би ауданы әкімінің орынбасары: “Олар жұмысын толық бітірмей кеткен. Мердігерлер. Ол жердің құбыры шіріп кеткен. Су бергеннің өзінде жарамайды. Өйткені ескі құбырға жалғап кеткен. “Шымкент газ монтаж” компаниясы қысқа дейін бәрін жөндемесе болмайды. Қазір біз ішкі істер департаментіне арыздандық. Тергеу жүріп жатыр. Сондықтан қазір су мәселесі өте қиын болып жатыр.”

Десе де бұл іске жауаптылар әу бастан-ақ немқұрайлылық танытқандай. Енді Ленгірдегі ауыз су мәселесін дәл қазір түбегейлі шешу мүмкін емес дейді билік өкілдері. Осылайша ел қазынасынан миллиардтаған қаржы жұмсалған бұл істің игілігінен шикілігі көп болып тұр. Түптеп келгенде бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған халық қалаулысына тиесілі компанияның проблемасы жақын күнде шешілмесі анық. Ал судың зардабын тартқан халық енді Елбасыға үміт артып отыр.
Просмотров материала: 2 964

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 649 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 471 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 440 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 375 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 357 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 441 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 204 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 228 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 662 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 797 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 720 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 276 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 442 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 427 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 822 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930