26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ЖУРНАЛИСТИКА ӘРКІМНІҢ ТАЛАУЫНА ТҮСІП БОЛДЫ

10 август 2017, 11:42
ЖУРНАЛИСТИКА ӘРКІМНІҢ ТАЛАУЫНА ТҮСІП БОЛДЫ Кеше "Хабар" агенттігі кезекті бір бағдарламасының түсіріліміне шақырған соң барғанбыз. Сонда, байқалғаны - телевизия саласы журналистика мамандығын әркімнің талауына беріп, әбден жұлмалап, ит терісін басына қаптап-ақ жатыр екен, түбі тыныш болсын. Телехабарға қатысатын 7 адамға 3 тележүргізуші тағайындапты. Әлгі үшеуі де журналист емес, бірі - актриса, екеуі - бизнес саласының өкілдері. Ал, тақырып - білім. Оның өзінде орта мектепте жалпы білім беру мәселесі. 7 қонақтың ішінде үшеуіміз ЖОО-да сабақ бергеніміз болмаса, орта мектепке қатысымыз жоқ адамдармыз. Мейлі, "сөйлеп үйренген ауыздар ғой, жыбырлағанын қоймас, бірдеме айтар" дегендері шығар.

Хош, сонымен түсірілімді бастап кеп жіберсін. Үш жүргізушіміздің де беттері жылтырап, киім киіс, жүріс-тұрыстары мен көріктері көз тартып тұрғанымен сөздері сүріндіре бастады. Телехабарды бастау үшін суфлердегі мәтіннен бизнесмен жүргізушіміз бақандай 5 рет жаңылып, қайталады да соңғы реткісі мәтінді ежектеп оқығандай үзіп-үзіп айтса да "болды" дестік. Келесі жүргізуші жігіт те қатырмады. Өзі де тым момақан бала екен, қайталап жүріп, міңгірлеп бірдемелерді зорға жеткізген болды.

Ал, бәріміз үміт артқан актрисаның әрекеті ана екеуінен де сорақы болды. Театрда арнайы қойылған дауыспен суфлердегі мәтінді судыртып оқып шықпақшы болған, обалы нешік. Қырсық шалғанда сала құлаш құрамалас сабақтас сөйлемдерге демі жетпей орта жолда тұншығып қалды. Ол да бірнеше рет қайталап оқуына тура келді.

Жүргізушілермен салыстырғанда, қанша дегенмен аудиторияда сабақ беріп жүрген ұстаздар емес пе, қонақтар қамшы салдырмады. Сөздерін жік-жігімен тастап, ойларын тәуір-ақ жеткізіп жатыр. Бірақ, режиссерден "жарлық" түсіп оларды да қайталап сөйлетуге тура келді. Себебі, техникалық ақау шыққан, микрофон істемей қалған тағы бірдеме. Арасында жүргізушілер бізге сұрақ қойып алады да жауабын толық тыңдамастан орта жолдан үзіп әкетіп, әлде бір сюжет көрсете салады. Сюжеті сюжет-ақ екен. Айтып сөз шығындауға тұрмайтын, сын көтермейтін нәрсеге бас қатырмай-ақ қойдық.

Онда да кәсіби журналистер емес, өзге саланың мамандары сұхбат жүргізіп отырғаны тіпті таңданыс тудырды. Мұғалімдер отбасынан түсірілген бір сюжетте философ ғалым стенд-апқа шығып, кейіпкерлерін әңгімеге тартып отыр. Келесі сюжетте бизнесмен жігіт ауыл мектебінен репортаж жүргізіп тұр. Сонда, бұл жігіттерде журналистикадан өзге айналысатын шаруа қалмаған ба? Әлде, журналист мамандардың бәрі елде қалмай ғарышқа ұшып ғайып боп кеткен бе?

Осылайша, бірнеше сағат уақытымызды зая кетіріп, бір бағдарламаға қатысқан болдық. Оның не болып шығатынын кезінде көре жатармыз. Айтайын дегенім, "шымшық сойса да қасапшы сойсын" дейтін халық едік қой. Телеэфирді қашанғы бейкәсіби жандарға ойрандатып, көрерменді үркіте береміз? Айналайын, редактор әріптестер! Телевизия мәтініне құрмалас сабақтас сөйлем қолданылмайтын әлемдік стандарт қайда?! Мейлінше, ауыз екі тілге жақындау қысқа да нұсқа жай сөйлемдер жазылуы қажет екенін шынымен де білмейсіздер ме? Телемәтін - қарапайым болуы керек, бірақ, қарабайыр емес. Бірақ, бұған бас қатыратын тірі жан телевизия ауылынан табыла қоймайды-ау!

Қуандық Шамахайұлының фейсбуктегі жазбасынан
Просмотров материала: 1 968

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 337 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 158 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 129 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 071 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 056 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 496 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 252 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 276 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 740 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 874 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 083 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 601 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 749 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930