26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



СЕЙСМОЛОГТАР АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ НЕЛІКТЕН ДАБЫЛ ҚАҒЫЛМАҒАНЫН ТҮСІНДІРДІ

СЕЙСМОЛОГТАР АЛМАТЫДАҒЫ ЖЕР СІЛКІНІСІ КЕЗІНДЕ НЕЛІКТЕН ДАБЫЛ ҚАҒЫЛМАҒАНЫН ТҮСІНДІРДІ Еліміздің бірнеше облысында сезілген жер сілкінісі жұртты шошытты. Қытайда болған жойқын зілзала бүгін оңтүстік, орталық және шығыс өңірлерін де біраз сілкінткен. Магнитудасы 7 балдан асқан дүмпу елімізге 4 балдық күшпен жетіпті. Одан зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. Дегенмен, зілзаланың ошағындағы жағдай мүшкіл. Қытайдың екі аймағында болған дүмпулерден 19 адам қаза тауып, келген шығын көлемі миллиондап есептелуде, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Таңғы жерасты дүмпуі еліміздің біраз өңіріндегі жұртты қобалжытты. Бұл жолы жер сілкінісі Алматы, Талдықорған және Жаркентте 4 балды, ал Өскенмен мен Қарағандыда 2 балды құраған. Құдай сақтап, өлім-жітім жоқ. Ал магнитудасы 7 балға жеткен жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 485 шақырым жерде, Қытайдың Шыңжаң автономиялық ауданында тіркеліпті. Алматы жұрты дүмпуді бірінші рет таңғы сағат 5 жарымдарда, сосын араға бір сағат салып екінші рет сезді. Сейсмологтар таулы аймақ үшін бұл қалыпты жағдай дегенді алға тартуда.

"3-4 балдық жер сілкінісі бізге қайырлы күн тілеумен бірдей дүние. Туғанынан Алматыда тұратындар бұған оянбайды да. Біз барлығын білдік, халыққа қауіп төнбейтін болғандықтан дабыл қағылмайды. Мұндай зілзаланың күші нысандарды қиратуға жетпейді",-деді Сейсмология институтының директоры Әнуар Боранбаев.

Мамандар мұндай жер сілкінісі әзірге қайталанбайды деп сендіріп отыр. Ал Қытайда соңғы тәулік ішінде екі күшті дүмпу тіркелген. Оның артынан 40-қа жуық афтершок болыпты. Біріншісінің магнитудасы 7 балға жетсе, екіншісі 6,6 балл. Қазір Қытайдағы табиғат апатының салдарын жоюға барлық күш жұмылдырылып, 40 мың адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Мынау – зілзала болған сәтте түсірілген кадрлер. Үрейленген жұрт баспанасынан, кеңсе мен дүкендерден қашып шығуда. Олардың барлығы ғимартаттардың жер сілкінісіне төтеп берер-бермесін білмей, алысырақ кетуге асыққан. Сичуань провинциясындағылар бүгінгі түнді көліктерінде немесе тігілген шатырларда өткізді. Ал таңның атысымен тура осындай зілзала елдің солтүстік-батысындағы Шыңжаң автономиясында қайталанған.

Ресми ақпарат бойынша екі жер сілкінісінен 19 адам қаза тауып, 200-ден астамы жарақаттанған. Көз жұмғандардың ішінде Франция мен Канада азаматтары бар. 140 ғимарат толығымен қираса, мыңға жуығы қатты зардап шегіпті.

Жергілікті билік қара тізім толығуы мүмкін деп отыр. Себебі, зілзала эпицентрінде болған туристер тобынан әзірге дейін хабар жоқ. Құтқарушылардың күші жеткіліксіз болғандықтан, оларға көмекке әскерилер, полиция мен өрт сөндірушілер тартылған. Көрші провинциялардан ауыз су, азық-түлік, дәрі-дәрмек пен киім-кешек жеткізілуде. Апат аймақтарында тұратын жұрттың үйіне қашан оралатыны белгісіз. Себебі, Қытай сейсмологтары жер сілкінісі әлі де қайталануы мүмкін деп отыр.
Просмотров материала: 2 549

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 393 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 212 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 184 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 127 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 111 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 499 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 255 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 279 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 743 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 878 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 101 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 617 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 145 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 765 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930