8 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚЫТАЙДЫҢ ЖАҢА САЯСАТЫ: ДІННЕН БЕЗДІРУ МЕ, ҰЛТТЫ ЖОЮ МА?

04 август 2017, 16:25
ҚЫТАЙДЫҢ ЖАҢА САЯСАТЫ: ДІННЕН БЕЗДІРУ МЕ, ҰЛТТЫ ЖОЮ МА? ҚХР Президенті Ши Жинпиң (қазақша осылай жазылатын атты орысша Си Цзньпин деп жазғандарға таң қалмау мүмкін емес) 2013 жылды Астана сапары кезінде Азия мен Еуропа арасындағы тарихи сауда жолы “Жібек жолын” жаңғырту жөніндегі “бір белдеу – бір жол” жобасын әлемге паш еткен еді. Қытаймен Орталық Азия, Ресей, Еуропа мен Африканы байланыстыратын бұл жоба 60 мемлекетті, 4,5 миллиард адамды қамтуда. Осы елдердің жалпы эконамикалық әлеуеті 21 триллион доллар көлемінде.

Кейбір мамандар 21 ғасырдың ең ірі даму жобасы деп жоғары бағалаған бұл идея бұрынғы жібек жолы бойындағы бүкіл елдерді елең еткізді. Осы орайда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан да қолдау тапқаны баршаға белгілі.

Алайда Қытайдағы қазақтардың тіліне, дініне тіпті атамекенмен байланыстарына қысым жасалып жатқаны жөнінде соңғы уақыттары жиілеп кеткен хабарлар бұл жоба туралы толқу-тебреністерді су сепкендей сөндіріп жатқан сыңайлы. Мұндай ақпараттар Ши Жинпиңнің саясаты “бір белдеу - бір жол” емес, “өзге ұлттарды белдеп басып жою саясаты ма?” деген күдіктерді туғыза бастады. Өзінің стратеялық әріптесі және “бір белдеу - бір жол” жобасының ең маңызды серіктесі Қазақстанмен байланыс орнатқан өзінің этникалық қазақ азаматтарына жеңілдік көрсетіп қолдаудың орнына қысым жасап кедергілік келтіріп отырғаны айтылуда. Тіпті газеттер Қазақстанға көшіп келген Қытай қазақтарының сол елде қалған таныс-туыстарының және Қазақстан азаматтығын алып қайта барған этникалық қазақтардың “саяси тәрбие” науқанынан қысым көріп, “қамауға алынып жатқанын” алға тартуда.

Сонымен қатар 4 қала, 24 аудан 150-ге тарта ауылы бар Іле Қазақ автономиялы облысындағы 1 млн 600 мың қазаққа 2000 жылға дейін ерекше құрметпен қарайтын Қытай үкіметінін соңғы жылдары тырнағын батырып дінінен бездіріп, тілінен айырып қытайландыруға күш жұмсағаны аталып өтілуде. Атап айтқанда, ондағы 1000-ға тарта қазақ тілді мектеп жабылып қытай тілді мектептерге қосылған. Жоғары оқу бітіріген қазақтың ұл мен қыздарына жұмыс туған қалаларында емес, қытайландыруға жағдай жасау үшін Қытайдың ішкі қалаларында ұсынылуда.

Олардың этникалық қытайлармен үйленуіне де ынғайлы жағдай жасалуда. Сонымен бірге Қазақтардың мұсылманшылық ғибадаттарын орындауына да тиым-шектер күн сайын қатайтылуда екені алға тартылуда. Мұсылманшылықтың негізгі парыздары намаз оқуға, ораза ұстауға, мешітке баруға тыйым салынып жатыр екен. Тіпті, 19 жастағы бір студент қыздың ұялы телефонынан Құран табылғаны үшін тұтқындалғаны айтылды.

Қытай жергілікті басқару орындары осындай өрескел шараларына лаңкестік пен діни әсірешілдікке қарсы күресті желеу етуде. Рас, осындай күресті тек Қытай емес, бүкіл әлем елдері, тіпті мұсылман елдері де жүргізіп жатыр. Бірақ оның жолы бүкілдей мұсылмандық ғибадаттарға тиым салу емес. Діни әсірешілдік пен қарапайым адамның дәстүрлі мұсылманшылығын айыра білу керек. Егер Қытайда мұны ажырата алатын мамандар жоқ болса, онда мұсылман елдерден көмек сұрауы қажет. Әйтпесе бұл қазақтарды қасақана дінінен бездіру шарасы ретінде Қазақстанда да, өзге мұсылман елдерінде де теріс бағаланбақ. Сонда бұл жалпы халық саны 1,5 миллиярттан асатын әлем мұсылмандарының да, дін бостандығын адами қақ-құқықтардан санайтын өзге халықтардың да наразалығын тудырмай қоймайды.

Қытай үкіметінің заманымыздан бұрынғы 2-3 ғасырлардан басталып заманымыздың 16-17 ғасырларына дейін жалғасқан тарихи жібек жолының тек тауар алмасуын қамтамасыз етуден ғана емес, сонымен қатар рухани қажеттіліктен де туындағанын ескергені жөн. Бұрынғы жібек жолы Шығыс өркениетінің Батысқа, Батыс өркениетінің Шығысқа таралуына мүмкіндік беріп адамзаттың бүгінгі даму деңгейіне жетуіне негіз болған. Әлем халықтары әртүрлі діни, әдеби, мәдени және саяси ойларын еркін алмасып ғылым мен мәдениетте үлкен жетістіктерге қол жеткізген.

Негізінде сауда-саттық еркіндікті сүйеді. Еркіндік, сенім және әділеттілік болмаған жерде даму да болмайды, шаруашылық та гүлденбейді. Бүгін әлемнің бірінші орындағы экономикалық елі АҚШ соңғы уақыттарға дейін еркіндіктер және мүмкіншіліктер елі деген атаққа ие болып келген еді. Енді оның орнына бірінші ел болуды армандап отырған Қытай елі рас экономикалық тұрғыдан одан озу әлеуеті болғанымен рухани және мәдени жақтан одан әлдеқайда артта тұрғаны байқалып отыр.

Құстың екі қанаты болғанындай, тарихи жібек жолының да материалдық және рухани екі қанатымен дерлік екі мың жыл адамзат игілігіне қызмет істегенін ескеріп Қытай үкіметінің адами құндылықтарды күшейтуге мән бергені дұрыс болар еді. Әйтпесе оның “бір белдеу - бір жол” атты жобасынын көздеген мақсатқа жетпей сәтсіздікке ұшырауы ғажап емес.

Қорыта айтқанда, бүгінгі техника мен ғылымның дамудың шарықтау шегіне жеткен жаһандану кезінде ешбір ел өзіндегі азшылықта қалып отырған ұлттардын тілін, дінін және мәдениетін жабайы өктем жолдармен жоя алмайды. Қытай да қанша қысым жасаса да, өзіндегі этникалық қазақтарды ұлттық болмысынан ажырата алмақ емес. Қайта өзінің бес мың жылдық тарихында алғаш рет жаһандық бір жобаға жетекшілік етуіне мүмкіндік берген “бір белдеу - бір жол” бастамасының сәтсіздікке ұшырап, құлдыруына себеп болады. Сондықтан өзіндегі ұйғыр, қазақ, дүнген сынды мұсылман және өзге азшылықтардың адами қақ-құқықтарын құрметтеуі сол азшылықтардан көрі ең алдымен ол жобаның баянды келешегі үшін Қытайға қажет.

Әбдіуақап Қара

Тарих ғылымының докторы, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры

Дереккөз: ult.kz
Просмотров материала: 2 048

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 94 113 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 93 926 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 93 897 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 93 833 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 93 826 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 587 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 333 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 363 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 863 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 9 023 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 785 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 374 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 521 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 426 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 169 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 344 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 10 226 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 147 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 497 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 184 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 157 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 096 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 948 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 156 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 121 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 375 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 853 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 990 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 199 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 440 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 928 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 967 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 019 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 921 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 158 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 286 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031