28 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АНА ТІЛІМІЗДІҢ ҚАДІРІН БІЛЕЙІК

03 август 2017, 17:53
АНА ТІЛІМІЗДІҢ ҚАДІРІН БІЛЕЙІК «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген екен атам қазақ. Қанша тіл білсек те өзіміздің ана тіліміздің дәрежесін олардан биік қоюымыз керек. Олай болса, тілді құрметтеуді өзімізден бастауымыз қажет. Өз жерімізде өзіміз ана тілімізді қастерлеп, қазақша сөйлессек, өзге ұлттың азаматтары да бізге еліктеп, үлгі алатын болады. Егер де біз тілді шұбарлап, не орыс тілінде, не болмаса ағылшын тілінде сөйлеп тұрсақ, сырт көз – сыншы емес пе, «өз тілін менсінбеген қазақтың ана тілі кімге керек?» деуі әбден мүмкін. «Әуелі өздерің қазақша сөйлеп алыңдар» дейтіндері де табылатынына күмәніміз жоқ.

Еліміздің алып шаһарларына бара қалсақ, ұл-қыздарымыздың орысшаны қойып, ағылшынша сөйлеп, бір-біріне іле жауап беріп жатқанын көреміз. «Көп тілді білу – байлық» деп, іштей қуанып та қаламыз. Ағылшынша тілін бұрап тұрғандарды көрген «көрермендердің» еріксіз ауыздары ашылып, таңданыс білдірері шындық. Қазақтың балаларының, әсіресе бойжеткендердің көшеде өзге тілде сөйлеуін – «өз тілімізді менсінбегені ме, әлде сәнге айналған ба?» деп қаларыңыз анық.

Алаштың ардағы Міржақып Дулатов өз заманында-ақ «Қазақ тілінің мұңы» деген еңбегінде: «Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, ділмар, бабаларымның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Енді мен қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып барамын, жасыдым, мұңайдым…» деген екен.

Міржақып бабамыз өз заманында-ақ тілдің тағдырын осылайша суреттеп, тілдің болашағын ойлап, толғанған. Одан бері де қилы заман өтті, тіл де талай-талай тауқыметті басынан кешірді деуімізге негіз бар. «Сол кезде кірленіп-былғанған, жасып-мұңайған, бүгінде кейбіреулер менсіне қоймайтын ана тілімізді ертеңгі келер ұрпаққа қандай күйде аманаттаймыз?» деген ой баршамызды мазалауы тиіс.

Әркімнің сауатты жазуы, әуезді сөйлеуі – ана тіліне көрсетілген үлкен құрмет болса керек. Мұндай құрмет көрсеткен азаматтарды өз ана тілін толыққанды біледі деуімізге болады. Сөз арасына нақыл, шешендік сөздерді, мақал-мәтелдерді қосып, отырсақ, қандай жақсы.

«Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл» деген нақыл сөз барлығымызға да қатысты. Үлкенді-кішілі жиналыстарда ел тізгінін ұстап жүрген азаматтарымыздың сөйлеген сөзіне көпшілік іштей баға беріп отыратыны айтпаса да түсінікті.

«Бізге ана тілімізден асқан тарихи мұра жоқ. Ендеше, оны жан аямай қастерлеуден асқан парыз жоқ» деген Елбасымыздың сөзін жадында ұстаған Кербұлақ ауданының әкімі Бағдат Байшалұлы Әлиевтің әрбір жасаған баяндамасын аудан тұрғындары сілтідей тынып, сүйсіне тыңдайды. Бұл – шындық. Өйткені ол біріншіден, отыз-қырық беттен тұратын баяндаманы оқып, созбақтап, өзінің де, өзгенің де алтын уақытын алмауға тырысатыны, екіншіден, сөз арасында керекті асыл сөздерді дәл қолданып, түсінікті қарапайым тілімен сөйлейтіні – көптің көңілінен шығуда.

«Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын», «Жақсының жанында жүрсең, шарапаты тиеді» дегендей, сөзімен де, ісімен де көпке үлгі бола білген Бағдат Байшалұлына аудан тұрғындары ризашылықтарын білдіруде.

«Ана тілі – халық болып жа­сал­ғаннан бері оның жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерек» деп Алаштың ардақтысы Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, үлкен-кіші, бәріміз, ұлттың жаны — тілдің қадірін түсіне білейік.

Айнаш ҚАСЕНОВА

Дереккөз: ult.kz
Просмотров материала: 2 130

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 468 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 308 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 295 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 234 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 189 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 318 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 606 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 394 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 310 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 220 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 263 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 377 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 415 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 969 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 908 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031