27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



МЕДСАҚТАНДЫРУДЫҢ ТИІМСІЗДІГІ: ОШАҚБАЕВТЫҢ 12 УӘЖІ

03 август 2017, 15:29
МЕДСАҚТАНДЫРУДЫҢ ТИІМСІЗДІГІ: ОШАҚБАЕВТЫҢ 12 УӘЖІ Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына бір ай өтті. Бұл сақтандыру қорына ай сайын ақша салып тұрмасаңыз, жедел жәрдемнен өзге, ешқандай дәрігерлік көмек ала алмайсыз. Сарапшы, экономист Рахым Ошақбаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен жуырда теледебатқа шығып, жаңа жүйеге қарсы 12 уәжін алған тартқан еді. Шектеулі уақыт, шеңберлі талапқа толы телеэфирде дерек пен дәлелдерді толық айтып шығу мүмкін еместігін ескеріп, Рахым Ошақбаевтың «Талап» орталығымен бірігіп, міндетті медсақтандыру жүйесіне қарсы уәждерін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

ЖАҢА САЛЫҚ

Сонымен, медсақтандыру қорына миллиондаған тұрғын айына мың жарым теңгеден жарна салмақ. Бұл қорға «сақтандыру» деп айдар тақты. Бірақ экономикалық тұрғыдан қарағанда ол шын мәніндегі қор емес. Себебі қорға аударылуы тиіс жарнаның көлемін белгілегенде адамдардың жас мөлшері, зиянды әдеттері, ауру-сырқауы сияқты сақтандыру шарттары мүлдем ескерілмейді.

Үкіметке «тықпалап» өткізілген міндетті медсақтандыру жүйесі тыңғылықты дайындалмаған. Ол бар болғаны халықтан міндеттеп жинап алатын салықтың жаңа түрі ғана. Міндетті медсақтандыруға жұмыс берушілер еңбекақы қорынан 1 пайыз (2018 жылдан бастап – 1,5 пайыз), жеке кәсіпкерлер айына 2446 теңге, жұмыспен бейресми қамтылғандар айына 1414 теңге төлеуі тиіс. Бұл ең ірі салық реформасы емей не дейсіз!? «Жаңа салық» халықтың жартысына жуығына – 7,7 млн адамға (жалдамалы жұмысшылар, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) салынады. Денсаулық сақтау министрлігінің болжамды есебінше, қорға жеке сектор шамамен 116 млрд теңге аударады. Ал жұмыс берушілер 2018 жылы 82 млрд, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі еңбекпен қамтығандар 33 млрд, сондай-ақ бейресми жұмысшылар 0,6 млрд теңге жарна салады.

2,2 млн адам, яғни әлеуметтік санаттағы ең әлсіз топ – таксистер, үй шаруасындағы әйелдер, бала күтушілер, мал бағып, шаруашылықпен күнін көретіндер үшін мың жарым теңге көп ақша деп жатыр. Осы 2,2 млн адамның 1,4 млн-ы ауылда тұрады. Табыстары төмен оларға «жаңа салықты» төлеу қиынға соқпақ. Статистика комитетінің дерегінше, өзін-өзі жұмыспен қамтыған ауыл тұрғындарының 75 пайызында айлық табыс 40-60 мың теңгеден аспайды.

Бір қызығы, статистика комитеті ауылдағы ағайынның табысын есептегенде ақшалай емес өнімді де есепке қосады, яғни олар тауықтың жұмыртқасын да ақшаға балайды. Енді, міне, ауылдағы көрінбейтін табысты тасадан шығарамыз деген жалаң ұранмен халықтың мойнына және бір салықты артып қоймақ.
Президент соңғы жолдауында салық көлемін өсіруге тыйым салды. Менің ойымша, денсаулық сақтау министрі салық жүктемесіне жауап беретін экономика министрлігінің соңғы екі басшысы, «Болашақтан» шыққандардың (Қуандық Бишімбаев пен Тимур Сүлейменов) жастығын пайдаланып, шала жобасын өткізіп жіберген немесе әлгі екі министр ұсынылған медсақтандыру жүйесі жаңа салық екенін аңғармаған. Болмаса Бишімбаев пен Сүлейменов «реформатордың» екпініне дес бере алмаған.

БЮДЖЕТТІК БАҚЫЛАУДАН ҚАШУ

Айналып келгенде, реформаның түпкі мәні – бақылаудан тыс, көзден таса қор құру болса керек. Бұл – жақында ғана басшысы «5 млрд теңге ұрлады» деген күдікпен ұсталған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) жаңа бір түрі болмақ. Реформаны сылтауратып халық денсаулығын сақтауға бөлінетін мемлекеттік шығындарды, бизнес пен халықтан ай сайын түсетін ақшаны бюджеттік процедуралардан бөліп алып шығудың амалы. Ол аз ақша емес – 1 триллионнан асатын теңге!

Бұл қаржы денсаулық сақтау министрі мен оның қол астындағылардың иелігіне өтеді. Медсақтандыру деп аталатын жалған қордың нендей ерекшелігі бар? Медициналық қызметтерді төлеу комитетінен бұл жалған қордың қай қызметі артық? Ештеңесі де артық емес. Оның негізгі міндеті – бюджет қаржысын таратуда үйлестіруші қызметін атқару. Айырмашылығы – енді бюджеттік процедурасыз үйлестіреді. Қосымша өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендерден ақша жинайды.

Денсаулық сақтау министрі қордың қаржы таратуы бюджеттік заңнамамен салыстырғанда тиімді әрі оңай өзгере беретінін айтқан еді. Бірақ әңгіме қордың ақшасы бақылауда болмайтынынан басталуы тиіс. Шын мәнінде министр алдымен бюджетті сауатты жоспарлау, сосын бекіткен бюджетінің орындалуын қаржы, экономика министрліктерінің алдында қорғап, үкімет пен республикалық бюджет комиссиясының алдында есеп бергісі келмейтін сияқты.

Ол есеп комитетінің денсаулық сақтау саласына түсетін триллион теңгенің қалай жұмсалғанын тексеріп, тәуелсіз бақылау жүргізгенін қаламайды. Журналистер министрден «Бұған дейінгі медициналық қор мен БЖЗҚ-да болған ақша жымқыру ісінің қайталанбасына кім кепіл?» деп бірнеше мәрте сұрады. Біртановтың айтуынша, бұған заң, Ұлттық банк және ішкі бақылау жүйелері кепілдік береді. Онысы өте күлкілі.

Министрдің пайымдауынша, жаңа қор ақшаны бюджеттік мекемеге қарағанда әлдеқайда тиімді таратады. Яғни қор – бюджет пен ауруханалардың арасындағы делдал ғана.

Бұл қор біздің түсінігіміздегі медсақтандыру қоры емес. Себебі міндетті жарнаны тағайындау кезінде сіздің жасыңыз да, зиянды әдет пен ауру-сырқауыңыз да мүлдем ескерілмейді. Барлығы кәдімгі салық секілді бірдей сома төлейді. Қорда ақша жинау, сақтау қызметі болмайды, түскен қаржы бірден таратылады. Дегенмен де бұл қорға 80 пайыз ақша бюджет арқылы келетін жарнадан түседі. Жеке сектордың үлесіне тиетін қаржы шамалы ғана. Міндетті медициналық сақтандыру қорының бюджеттік мекемеден жалғыз айырмашылығы – онда бақылау жоқ. Яғни 1 трлн-нан астам теңге бюджеттік барлық процедурадан босатылып, парламенттің бақылауынан шығады.

ШЫҒЫН КӨП, ТИІМДІЛІК ЖОҚ


Әрине, денсаулық сақтау саласына көбірек қаржы бөлінгенін қолдаймыз. Бірақ оны бизнес пен халық есебінен өндіру дұрыс емес. Оның үстіне жұмсалатын қаржының нәтижесі мен тиімділігі туралы сұраққа жауап жоқ.

Соңғы үш жылда денсаулық сақтау саласына республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 64 пайызға артты. 2017 жылдың өзінде бұл салаға өткен жылмен салыстырғанда 34 пайыз көп ақша жұмсалды.

Қазір бюджеттен 1 трлн теңге алып, шығынды одан әрі өсірмек. Қордың қаржы моделін мұқият тексеріп, министрліктің соңғы бюджеттік өтініштерін қарап шықтық. Сонда байқағанымыз, алдағы үш жылда денсаулық сақтау саласының шығыны 31 пайызға артпақ. Бірақ одан тиімділік бар ма? Медициналық қызмет сапасының өскенін әлдекім көрді ме?

Денсаулық сақтаудағы негізгі сапа көрсеткіші – өмір сүрудің ұзақтығын алайық. Біздегісі – 72 жас. Халықаралық ұйымның (Дамушы елдердегі экономикалық серіктестік және даму ұйымы) жалпы рейтингінде 113-орында – Бангладеш пен Гватемаланың қақ ортасындамыз. Біз табысы аз Беларусь, Колумбия, Шри Ланка, Вьетнам мен Қытай секілді елдердің шаңын жұтып, олардан әлдеқайда төмен тұрмыз. Экономикалық серіктестік және даму ұйымына мүше елдерде орта жас – 80.

Яғни дамушы елдердің тұрғындары қазақстандықтардан сегіз жыл көбірек өмір сүреді. Біз 1980-жылдары осы көрсеткішке жақын едік.
Ал өлім статистикасына қарасақ, оның азайғанын байқаймыз. 2015 жылы 131,3 мың адам қайтыс болса, оның 34 мыңы (26 пайызы) қан айналымына қатысты аурулардан көз жұмған. Екінші орында тыныс алу органдарының дертінен өлгендер саны – 18 мың адам (14 пайыз). Одан кейін қатерлі ісік: обырдан 16,5 мың адам (13 пайыз) қайтыс болған.

Соңғы үш жылдағы динамика оң болғанымен, кейбір ауру түрлері алаңдаушылық тудырады. Мәселен, соңғы екі жылда тыныс алу органдарының дертінен қайтқандар 61 пайызға немесе 7 мыңға артқан. Ас қорыту органдарының ауруынан көз жұмғандар 21 пайызға немесе 2,2 мың адамға өскен. Қан айналым жүйесінің ауруларына қатысты да тап осындай өсім байқалады.

Министрдің өзі де бұған дейін соңғы 10 жылда обырмен күресте дамудың жоқтығын, жарақат пен уланудан өлу дамушы елдермен салыстырғанда 13 пайызға көптігін, тіпті ана өлімінің әлі нақты түсімі тіркелмегенін айтқан еді. Осы жерде заңды сұрақ туады. Денсаулық саласына бөлінетін қаржы көбейсе де, емдеуде сапа жоқ екені айқын көрініп тұрғанда халықтан не үшін қосымша қаржы жиналмақ? Қарапайым тұрғындардың пікірін тыңдап та көрдік. Азаматтарды жаңа қордың күмәнді жұмысы емес, кезек күту, білікті дәрігер, қате диагноздар мен дәрінің қымбаттығы алаңдатады. Демек, екінші қорды құру денсаулық сақтау саласындағы қыруар мәселені одан әрі ушықтырмаса, дұрыс шеше алмайды.

ҚОРДЫҢ ШЫҒЫНЫ (БАСШЫСЫ 1,7 МИЛЛИОН ЖАЛАҚЫ АЛМАҚ)

2018 жылы қор ішінде төленетін комиссия көлемі – 8,3 млрд теңге. 2019 жылы 8,8 млрд, 2020 жылы 9,3 млрд, 2021 жылы 13,4 млрд теңге болмақ. Бұл – қорға біз құйған жарнадан, яғни жаңа салықтан алынатын ақшаның көлемі. Қордың жалпы құрылымы, қызметі қандай? Орталық аппараттағы 68 адамға әдемі, жылы кабинеттер бөлінбек.

Олар қымбат көлік мініп, жоғары сыйақы, одан бөлек, жылына екі рет өтемақы алмақ. Бұдан басқа, әр аймақтан нақты жұмысы жоқ өкілдіктер ашылып, онда 183 қызметкер жұмыс істемек. Медсақтандыру қоры басқармасының басшысы айына 1,7 млн теңге (!) жалақы алады. Басқарма директорлары айына салық төлеушілердің қалтасын қағып, 1,1 млн теңге жалақы алып жүреді. Енді салыстырып көрелік, әзірге жаңа қордың жұмысын 242 қызметкері мен 700 млн теңгелік бюджеті бар медициналық қызметтерді төлеу комитеті атқарып жатыр. Ал 5146 қызметкері бар денсаулық сақтау министрлігі бар-жоғы 17 млрд теңгені жаратып отыр.

ТЕГІН КӨМЕК АЗАЙМАҚ

Жалпыға бірдей медициналық тегін көмек бар. Оны бәріміз білеміз. Осы көмек міндетті медсақтандыру қоры жұмысын бастаған соң айтарлықтай қысқарады. Себебі министрдің өзі «сақтандыру қорына ақша салмасаң, жедел жәрдемнен өзге ештеңе алмайсың» деп мәлімдеді. Министрдің бұйрығына сәйкес, мемлекет кепілдік беретін медициналық қызмет түрлері жедел жәрдем мен шұғыл көмекке және туберкулез сияқты әлеуметтік маңызы бар ауруларға дейін қысқарады. Яғни сақтандыруға ақша салмағандарға амбулаториялық және стационарлық көмек көрсетілмейді. Бір қызығы, сақтандыруға жарна салғандардың өздеріне қосымша қызмет түрлері төленбейді. Мәселен, тіс емдеу, кешенді тексеру мен дәрінің көп түрі сол баяғы қалпы – ақылы болып қала береді.

ХАЛЫҚ ШЫҒЫНЫ КӨБЕЙЕДІ

Біз жеке адам шығынының 35-40 пайызы денсаулық сақтауға кетуі дегенмен келісеміз. Дегенмен ресми деректер мен статистика комитетінің сауалнамаларын қарасақ, ауыл тұрғыны бір жылда денсаулығына 9,7 мың теңге жұмсайтынын (оның 46 пайызы дәріге, 18 пайызы тіс емдеу мен аурухана қызметіне, 9 пайызы парамедициналық қызмет) көреміз.

Ауылда өзін жұмыспен қамтып жүргендер 2018 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру қорының қызметін пайдалану үшін жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Немесе жылына 17 мың теңге көлемінде жарна төлеуге міндетті. Төлемеген жағдайда қазір пайдаланып жүрген тегін қызметтер оларға бұдан былай тегін көрсетілмейді. Осыдан келіп ауыл тұрғыны жылына 27 мың теңге жаратуға мәжбүр болады. Бұл жеңіл-желпі емделуге қазір жұмсап жүрген ақшасынан 2,5 есе көп. Сонымен қатар жұмыссыз ретінде тіркелу мен жарнаны ай сайын Қазпошта немесе банктер арқылы төлеуге кететін қосымша шығынды да есептеу керек. Мұндай шығын ауыл тұрғындарына қаншалықты тиімді?

Мәселен, Алматы облысындағы Ақсу ауданының Құрақсу ауылын алайық. Бұл ауданда 1 142 жұмыссыз тіркелген. Жұмыспен қамту орталығы Жансүгіров ауылында орналасқан. Жансүгіров ауылының әкімшілік орталығына дейінгі аралық 140 шақырым, оның жолақысы шамамен – 300 теңге. Жұмыссыз ретінде тіркелу мен міндетті медициналық сақтандыру қорына жарна аудару үшін баруға жолақысы шамамен 3000 теңгеге жетеді. «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңға сәйкес, жұмыссыз адам еңбекпен қамту орталығына айына кем дегенде алты рет (аптасына 1-2 рет) барып, әлі қызметке орналаспағанын айтып тұруы қажет.

ТАҢҒАЖАЙЫП ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Міндетті медициналық сақтандыру қорын әлемде әбден мойындалған, одан басқа жол жоқ, ең ұтымды жалғыз шешімдей түсіндіріп жатыр.
Экономикалық серіктестік және даму ұйымына мүше елдердің тәжірибесін зерттеп көргеннен кейін министрге сұрағымыз көбейіп кетті. Себебі министр мұндай қор құру тәжірибесі Германия, Франция, Корея мен Жапонияда бар дегенімен, әрқайсысының жүйесі әр алуан болып шықты. Қазақстанға енгізбек «жалғыз сақтандыру қоры» моделі министр айтқан 35 елден тұратын әлгі ұйымның сегізінде ғана (Корея, Польша, Эстония, Греция, Венгрия, Люксембург, Словения, Түркия) қолданыста.

Оның үстіне халықаралық ұйымдағы 35 елдің 14-інде міндетті медсақтандыру жоқ. Олар тек қазіргі біздегідей бюджеттік жүйеде, яғни салық есебінен медициналық қызметтердің ақысы төленеді. Мұндай мемлекеттердің арасында Австралия, Канада, Ұлыбритания, Швеция, Норвегия, Финляндия, Италия, Дания, Исландия, Ирландия, Жаңа Зеландия, Португалия, Испания, Латвия бар. Ең қызығы, осы мемлекеттер ХХ ғасырдың екінші жартысында әлеуметтік медсақтандыру жүйесін қолданыстан алып тастаған.

Міндетті медсақтандыру жүйесін зерттеген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ерікті әлеуметтік медсақтандырудан міндетті жүйеге көшу көптеген елде он шақты жылға созылғанын, Германияның 127 жыл әлек болғанын анықтаған. Міндетті медсақтандыруда халықты тұтас қамту өте маңызды. Бұған қол жеткізу үшін ондаған жыл кеткен. Мәселен, Кореяда медсақтандырудың алғашқы актін қабылдағаннан соң 14 жыл бойы ерікті жүйе жұмыс істеп, кейін міндеттелді. Оның өзінде 500 адамнан көп қызметкер жұмыс істейтін компанияларға ғана сондай талап қойылды.

Тек төрт жылдан кейін ғана бұл шама – 100, екі жылдан кейін 16 қызметкерге дейін түсірілді. Байқаған шығарсыз, әңгіме әзірге тек ресми түрде жұмыспен қамтылғандар туралы ғана. Коста-Рикада міндетті медсақтандырумен халықтың 83 пайызын қамту үшін 50 жыл кетіп, тұрғындардың 17 пайызын әлі қамтамасыз ете алмай келеді. Бұл біздің халыққа шаққанда 3 млн адамға жетеді (елдегі өзін-өзі жұмыспен қамтығандардан (2,2 млн адам) да көп).
Ал біздің шенділер 2-3 жылдың ішінде жаңа жүйені енгізе аламыз деп армандайды. Бұл жүйе дұрыс орнығу үшін 20-30, тіпті 50 жылға созылуы мүмкін екенін ескермейді. Бүгінгі Қазақстан бұл реформаға дайын емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуі бойынша, міндетті сақтандыруға өту үшін елде мынандай шарттар жақсаруы қажет:
– экономикалық өсім мен халықтың табыс деңгейі өсуі,
– негізгі сектордың көлемі,
– урбанизация деңгейі,
– аралас қаржы нарығының дамуы,
– қоғамдағы ынтымақтастық деңгейі,
– мемлекетке деген сенім.

Енді осы айтылғандарды қысқаша тарқатып көрелік. Қазақстанның жалпы ішкі өнімі жан басына шаққанда 7,6 мың долларға шығады. Ал дамыған елдерде – 36,3 мың доллар. Яғни біз бес есе (!) арттамыз. Экономиканың даму қарқыны бәсең – 2010 жылы өсім 7 пайыз еді, өткен жылы небәрі 1 пайызға зорға жетті. Биылғысы – 4,2 пайыз. Бірақ ол мұнай өндіру мен металлургия есебінен өсті. Бұл өсім тұрақсыз, ойнамалы. Бәсекесі мықты, дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін бізге 5,5 пайыздық өсім қажет. Біз одан әрі дамуымызға септігін тигізетін табысқа жете алмай жатып, керісінше, дамуға кедергі жасайтын радикалды реформаны іске қосып жатырмыз.

Көлеңкелі сектордың үлесіне қарасақ: Батыс Еуропада ол 5 пайыз, Шығыс Еуропада шамамен 15 пайыз. Ал бізде 28 (!) пайызға жетеді. Яғни көлеңкелі экономикадағы үлесіміз Польша мен Словакиядан екі есе, Бельгия мен Франциядан 4-5 есе көп. Статистика мен салық комитеті есепке ала алмаған халықтың үштен бір бөлігін жаңа медсақтандыру қоры қалай қамтымақ? Көлеңкелі экономикада жүрген халықтың үштен бір бөлігі жарыққа шығып, медсақтандыруға жарна салады дегенге кім сенеді?!

Медсақтандыру реформасына урбанизация мәселесі де кедергі келтіреді. Халқымыздың жартысы ғана (53 пайызы) қалада тұрады. Дамыған мемлекеттерде қала тұрғынының үлесі – 75-80, кейбірінде тіпті 90 пайыз. Оларға медсақтандыру қызметін көрсету оңай әрі арзан, себебі халық бір жерге шоғырланған. Бізде ше? Жерінің көлемі бойынша әлемде 9-орындағы елдің әр бұрышында тарыдай шашырап жатқан тұрғындардан жарнаны қалай жинамақпыз? Мұның шығыны қандай болмақ?

Аралас қаржы нарығы мен қоғамдағы ынтымақтастыққа қатысты күрделі тақырыпты қозғамай-ақ қоялық. Оның қандай деңгейде екенін көру үшін адал еңбекпен ақша тауып, спортпен айналысып жүрген, жағымсыз әдеттен ада жанның еңбекке келгенде еріншек, ынтасыз, қоғамға масылдарды мойнына мінгізіп асырауынан, яғни әлеуметтік әділетсіздіктен-ақ көруге болады.

Соңғы шарт – мемлекетке деген сенім. Сөзді көп созбайық. Біздің қоғамда пікірсайыс бар ма? Әркім ойын ашық айта ала ма? Медсақтандыру жүйесі іске қосылған соң, үш аптадан кейін ғана министр телеарнада ашық дебатқа шықты. Осының өзі билік пен халықтың қарым-қатынасын айқын көрсетсе керек.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҮНЕМДІ БІЛМЕЙДІ

Денсаулық сақтау министрлігінің бюджетіндегі 99 млрд теңгенің медициналық көмекке еш қатысы жоқ. Министрлік 27 млрд теңге қарыз алып, 2017-2020 жылдарға арналған «Әлеуметтік медсақтандыру: қолжетімділік пен сапаны жақсарту, экономикалық тиімділік пен қаржылық қауіпсіздікті арттыру» жобасын жасамақ. Онда шығынның 80 пайызы консалтингтік қызметтер мен салыққа кетеді. Министрліктің құрамында 46 ұйым бар.

Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы, республикалық электронды денсаулық сақтау орталықтары бюджеттің ақшасына күн көретін квазимемлекеттік құрылымдар. Осы екі орталықтан 2017 жылы бюджет есебінен құны 1,6 млрд теңгелік қызмет сатып алу қарастырылған. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы елдің барлық өңірінде жұмыс істейді және неге екені белгісіз, әлі күнге дейін мемлекеттің мойнында.

Осы орталықтың қызметін әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жеке секторға әлдеқашан беретін уақыт жетті. Дәрі-дәрмек нарығындағы дәрілердің 9,6 пайызы ғана отандық. Қазақстан ұлттық дәрі формулярында бар-жоғы 715 патенттелмеген дәрінің атауы бар, ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында дәрінің 7000-ға жуық атауы бар.

БИЗНЕСКЕ САЛМАҚ

Міндетті медсақтандыру қорының бір бөлігі онсыз да бюджетке салық төлеп жүрген жеке кәсіпкерлердің есебінен толмақ. Біздегі шағын және орта бизнестің мүшкіл жағдайын түсіну үшін 2015 жылдан бері 85 мың бизнес субъектісі жұмысын тоқтатқанын, жеке кәсіпкердің саны 131 мыңға азайғанын айтсақ та жеткілікті шығар. Сауда-саттық саласында 100 мың кәсіпкер кәсібін тоқтатты немесе көлеңкеге кетті. Көлік пен қойма бизнесі саласындағы кәсіпкерлер саны 23 мыңға кеміді.

2015-2016 жылдары шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің саны 264 мыңға азайған.
2020 жылы кәсіпкердің еңбекақы қорына түсетін салмақ қазіргі 28,5 пайыздан 37 пайызға дейін артады. Министрдің есебінше, 2018 жылы жұмыс берушілер 82 млрд теңге жарна төлейді. Жеке кәсіпкерлер мен өнімді еңбекпен қамтылғандар қорға 33 млрд теңге, белсенді емес азаматтар 0,6 млрд теңге аударады. Яғни жеке сектор, жалпы алғанда, 116 млрд теңге қаржы төлейді.

Бұл ақшаның ауқымдылығын анықтау үшін мына дерекке көз жүгіртейік: ұлттық компаниялардың кейбірін қаржыландыруға 2018 жылы 205 млрд теңге көзделген. Оның ішінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» ВҚ – 29 млрд теңге, «Аграрлы кредиттік агломерация» АҚ – 60 млрд теңге, «ҰБК «Бәйтерек» АҚ-ға 116 млрд теңге беру қарастырылған.

ЖЕМҚОРЛЫҚ

«Фармация» ӘК мен фармация комитетіндегі жемқорлық дауын бәріміз білеміз. 2016 жылдан бері денсаулық сақтау министрлігіне тікелей бағынатын тоғыз лауазымды қызметкерге жемқорлық бабымен айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған. 3 шілдеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро фармация комитетінің төрағасы қызметін атқарушы Л.Пакты, Павлодар облысы бойынша фармация департаменті жетекшісі З.Қажынованы, фармация комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бас маманы П.Имамходжаевты және бас сарапшы Д.Ибраеваны жүйелі түрде «жалпы сомасы 10 млн теңгеден асатын пара алған» деген күдікпен ұстады. Мемлекеттік қызмет істері мен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпараты бойынша, денсаулық сақтау саласы Қазақстандағы жемқорлық жиілігі бойынша алғашқы бестікте. 2017 жылдың 3 ақпанында мемлекет басшысы «Фармация» ӘК қызметкерлерін жұмыстан шығаруға тапсырма беріп, бұл саланың іші мафия болып кеткенін айтқан еді.

ЖҮЙЕ ДАЙЫН ЕМЕС

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті жарна жиналады дегеніне қарамастан, жүйе оған әлі мүлдем дайын емес. Қажетті заң актісі толық бекітілген жоқ. Әзірге жобалар мен бұйрықтардың бір бөлігі ғана жарияланып жатыр. Негізгі ақпараттық жүйе 2018 жылдың соңында ғана дайын болады. Денсаулықтың электронды паспорты 2020 жылға қарай бекітіледі. Денсаулық сақтау ұйымдарының 53 пайызында ғана интернет қолжетімді. 2018 жылғы қаңтардың 1-інен бастап адамдар медсақтандыру бойынша көмекті қалай алады? Оған дәрігерлер дайын ба? Бұған ешкім жауап бермейді. Кәсіпкерлер медсақтандыруға жарна төлей алмай жүргенін айтып шағымданған. Төлем жүйесіндегі бағдарлама қателіктеріне байланысты жарналар қайтып келген. Енді біреулер ақшасының түскен-түспегенін біле алмай жүр.

БЮДЖЕТТІ ҮНЕМДЕУ

Біз министрліктің шығынды көбейтетін жаңа салықты қойып, халыққа қажетті нақты мәселені шешуін, оның ішінде сауатты диагноз жасау мен ерте сауықтыру жүйелерін дамытқанын қалаймыз.

Осы түйткілді міндетті жаңа қор құрмай-ақ, қазіргі бюджеттік жүйемен де шешуге болады. Мәселен, 2017 жылдың бюджетіндегі қаржы бөлістерін талдай келе, 600 млрд теңгені үнемдеп, оңтайландыруға болатынына көз жеткіздік. Бұл соманы ең алдымен квазимемлекеттік құрылымдар мен мемлекеттік аппараттың жасанды шығындарынан үнемдеп шығаруға болады.

Өткен жылдың өзінде квазимемлекеттік сектордың жарғылық капиталын қалыптастыру мен оны несиелендіруге шамамен 500 млрд теңге жұмсалған. Бұл қаражатсыз-ақ квазимемлекеттік сектор өмір сүре алар еді. Қазір қаржы сұрап тұрған білім беру мен денсаулық сақтау салалары бар. 2017 жылдың 14 маусымында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының құрылтайы өтті. Онда міндетті медсақтандыру жобасын енгізуді екі жылға кейінге қалдыруға ұсыныс айтылды. Біз де бұл ұсынысты қолдаймыз. Осы уақыт ішінде министрлікке бюджет шығындарының тиімділігін арттырып, сондай-ақ оны тексеру үшін министрліктің жұмыс тобының, ұлттық кәсіпкерлер палатасы, депутаттар, сарапшылардан арнайы жұмыс тобын құруды ұсынамыз. Шығынды үнемдеген соң ғана салықты көбейту қажет. Әйтпесе бәрі бекер.

Дереккөз: zhasalash.kz
Просмотров материала: 1 998

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 432 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 251 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 223 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 167 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 149 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 501 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 256 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 281 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 745 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 881 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 116 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 631 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 779 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930