29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"КӨРШІНІҢ ҚЫЗЫ КЕРЕМЕТ ЕДІ..."

02 август 2017, 16:29
"КӨРШІНІҢ ҚЫЗЫ КЕРЕМЕТ ЕДІ..." Өткен аптада қаймана қазақты көршілес өзбек еліндегі жаңалық дүр сілкіндірді. Мирзияев басқарған жаңа саяси режим араға бір жыл салып кеше ғана иығымен аспан тіреген, қабағымен қара бұлт қаптатқан Ислам Кәрімовтің ерке қызы Гүлнара Кәрімоваға ауыр айып тағып, кемі бес жылға соттаған екен. «Апырай, ә! «Өлдің Ислам-әкә, қор болдың» деген осындай болады екен-ау» десті қазекең. Енді біреулер «біздегі жағдай қалай болады екен?» деп қалың ойға шомды...

Қазақтың бұлай деп айтып, терең ойдың тұңғиығына үңілетіндей жөні бар. Себебі өзбектің басындағы жағдайды қазақ жатқа айтып бере алады. Өйткені кешеге дейін өзбек пен қазақ басшылары ғана бәсекелес болған жоқ, олардың қыздары да бақталас, бәсекелес болды. Екеуінің аузына бір адам түкіріп қойғандай, бір-бірімен жарысып, бір-бірін қайталап отырды. Саясатқа да араласты, партия да құрды, мемлекеттік қызметке де таласты, бизнеспен де айналысты, телеарналардан да түспеді, ән айтып, би де биледі. Екеуі де әкелерінің бас ауруына айналып, екі ел басшылары айналасының зығырданын қайнатты. Ендігі жағдайы мынадай...

Әншейінде сөзге шорқақ, жаңалыққа бейжомарт прокурор жұртшылығы осы жолы ақпараттан аянбады. Өзбекстанның бас прокуратурасы таратқан екі беттік баспасөз баянын оқып отырып амалсыз жағаңды ұстайды екенсің. Ерке қыз «ерліктерінің» шежіресі іспеттес осы құжатқа біз де бір үңіліп көрейік.

Өзбек прокурорлардың айыбына сенсек, Гүлнара Кәрімова талай жылдардан бері ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше болып, Terra Group, Prime Media, Gamma Promotion сияқты компаниялар арқылы мемлекет заңдарын бұзып, 2001-2013 жылдар аралығында қыруар қаржыны қымқырған-мыс. Г.Кәрімова басқарған және қадағалаған осы қылмыстық топ:

– жұртты қорқытып, бопсалау арқылы жекелеген азаматтардың, кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің 54,1 миллиард сомды құрайтын мүлігін, қаражатын, акцияларын тартып алған (оның ішінде Ташкенттегі темір-терсек қалдықтарын өңдейтін кәсіпорын, «Ангрен-цемент» кәсіпорны, солардың иелеріне тиесілі 4 миллион АҚШ доллары, екі пәтер, төрт үй, сегіз автокөлік т.т.);

– жекешелендіру науқаны кезінде мемлекеттік мүлікті заңсыз басып алу, оны тым төмендетілген бағамен сатып алу арқылы 344,6 миллиард сомды құрайтын («Уздунробита» (49%) – 131,9 млрд сом, Coca-Cola Ichimligi Uzbekistan LTD (67,1%) – 14,6 млрд сом, Rubicon Wireless Communication (30%) – 9,6 млрд сом, 50-ден астам жылжымайтын билік кешендерін – 20,4 млрд сом) мүлікті иемденген;

– салықтан жалтару арқылы 2 триллион 91,4 миллиард сомды құрайтын қаржыға иелік еткен.

Осы эпизодтар бойынша Г.Кәрімоваға Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабын бұзған деп айып тағылды (165, 167, 179, 184, 227 т.т.). Осы айыптар көптеген құжаттар мен куәгерлердің түсініктерімен дәлелденіп, нәтижесінде Ташкент облыстық сотының үкімімен Г.Кәрімова бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар Г.Кәрімоваға қарсы тағы бір қылмыстық іс ашылып, «ұйымдасқан қылмыстық топқа белсенді түрде көмектесті» деген айып та тағылып отыр. Осы қылмыстық іске сенсек, аталмыш топ:

– алаяқтық жасай отырып мемлекеттік органдардың радиожиіліктерді тарату жөніндегі уәкілеттіліктерін заңсыз басып алу, байланыс операторларының қосымша қаражатты бопсалау арқылы 1 триллион 256,7 миллиард сомды иеленген;

– әртүрлі шетелдік және отандық компанияларды салықтан босату, олардың қаражатын оффшорлық есепшоттарға тығу үшін «откат» алып, қылмыстық жолмен табылған қаражатты шетелге шығару сияқты көптеген заңсыз кассалық операцияларды өткізгені үшін 1 миллиард 942,8 миллион АҚШ долларының қаражатын жасырған;

– өз мүмкіндіктері мен билігін пайдалана отырып экспорт-импорт операцияларына «крыша» болу арқылы елдің кедендік заңнамасын өрескел бұзып, 607,3 миллиард сомның қаржысын жымқырған;

– мемлекеттің сауда және қызмет көрсету заңнамасын бұзу арқылы 572,9 сомның қаражатын талан-тараж қылған.

«Осыны жүзеге асыру мақсатында Г.Кәрімова бастаған қылмыстық топ құжаттарды қолдан жасаған, алаяқтыққа барған, заңсыз жолмен табылған қаражатты заңдастыру мақсатында көптеген жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алған» дейді өзбек прокуратурасы.

Екінші ашылған қылмыстық іс бойынша Гүлнара Кәрімоваға Қылмыстық кодекстің 168, 178, 182, 189, 228 және 243-баптары бойынша айып тағылып отыр. Осы орайда, жүздеген адам тергеліп, 14 отандық компания мен 16 оффшорлық фирманың құжаттары тәркіленіп, тиісті сараптамалары жасалып жатқан көрінеді.

Аталмыш екі қылмыстық іс бойынша мемлекетке келген шығынның жалпы сомасы 3 триллион 746 миллиард 800 миллион сомды құрап отыр.
Екі қылмыстық істің аясындағы зерттеу, сараптау жұмыстары кезінде аталған қылмыстық топтың шетелдік 12 мемлекеттегі легализацияланған мүлкі мен есепшоттары анықталған. Ол мүлік пен қаражат 1 миллиард 394,1 миллион АҚШ долларын, 63,5 миллион евроны, 27,1 миллион британ фунтын, 18,5 миллион швейцария франкін құрайды екен.

Соның ішінде:
Швейцарияда – 777,8 миллион АҚШ доллары мен Колони қаласындағы 18,5 миллион франк тұратын элиталық жылжымайтын мүлік;
Швецияда – 30 миллион АҚШ доллары;
Ұлыбританияда – 4,2 миллион фунт, Лондон қаласындағы 22,9 миллион фунт тұратын пәтерлер, үйлер;
Францияда – Париж қаласында орналасқан пәтерлер мен «Шато де Грусси» сарайы, курортты Сантропе қаласындағы виллалар. Ортақ бағасы – 52,5 миллион евро;
Латвияда – 16,5 миллион АҚШ долларын құрайтын қаражат пен акциялар, Рига қаласындағы 9 миллион евро тұратын ойын-сауық кешені;
Ирландияда – 300 миллион АҚШ долларын құрайтын қаражат пен акциялар;
Мальта аралында – 48,8 миллион АҚШ доллары тұратын қымбат ұшақ;
Германияда – 2 миллион евроның қаражаты;
Испанияда – 82 мың АҚШ долларының қаражаты;
Ресейде – 6 миллион АҚШ доллары, Мәскеу қаласындағы бағасы 2 миллион АҚШ долларлық элиталы пәтерлер;
Гонконгта – 67 миллион АҚШ доллары, The Arch атты көпқабатты үйдегі пентхаус – бағасы 15 миллион АҚШ доллары;
Біріккен Араб Әмірліктерінде – 32 миллион АҚШ доллары, 31,5 миллион АҚШ долларын құрайтын алтын мен алтын сертификаттары. Дубай қаласында – пентхаус, екі вилла, екі қонақүй кешені. Бағасы 67,4 миллион АҚШ доллары туралы ақпарат анықталған.

Бүгінде сол қаражаттарды Өзбекстанға қайтару мақсатында көрші елдің прокуратурасы тиісті мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен қарым-қатынасқа түсіп, аталған мүліктер мен қаражатты тұтқындау турасында жұмыстанып жатыр екен. Өзбекстандағы жағдай осы.

Ал Қазақстандағы жағдай не болмақ? Қазақстандағы саяси транзит қалай өтеді деген сұрақ әрбір есті, ойлы қазақты мазалап отырғаны ешкімге де құпия емес. Екі жиынның бірі осы сұрақпен аяқталатын жағдайдамыз. Көрші, бауырлас елдің бірінші президенті көз жұмғалы мұндай әңгімелердің саны тіпті артып кетті. Кешегі Гүлнараның тұтқындалып, абақтыға қамалуы неше түрлі күңкіл әңгіменің тарауына сеп болды.

Шындап келетін болсақ, Қазақстандағы жағдай осы Өзбекстандағы сценариймен өтеді деген болжам бар. Күндердің күнінде президент Назарбаев та биліктен кетеді. Оның қалай, қандай жолмен болатынын, әрине, ешқайсымыз дөп басып айта алмаймыз. Ол адамның ісі емес, Құдайдың шаруасы. Оған араласпай-ақ қоялық, болғаны, бұйыртқаны, пешенеге жазылғаны болар деп топшылай бергеніміз дұрыс шығар.

Алайда Назарбаевтан кейінгі Қазақстан турасында ойлану, ой қозғау, саяси транзиттің форматы мен бағыты, ережесі мен тәртібі туралы ойлануымыз міндет. Басты мәселе – әрине, біреу. Ширек ғасырдан бері күшейіп келген, бір адамға ғана негізделіп, жасақталған суперпрезиденттік билікті шектеулі президенттік билікке трансформациялау, демократиялық стандарттарға, мемлекет мүддесіне сай қылу. Шынымды айтайын, өз басым кейбіреулер көксеп жүрген парламенттік жүйені қолдай алмаймын.

Әлі де шешілмеген көп мәселе бар, ел бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік биліктің ақыл-есін, қауқары мен әлеуетін сақтау, оларды парламенттік популизмге жықтырмай, құрбаны қылмай алып шығу – басты саяси міндеттің бірі.

Ертеңгі күні билік ауысады, жаңа басшылар билік басына келеді. Назарбаевтан кейін де қазақ болады, Қазақстан деген мемлекет дәулетін құрады. Қазақ болғанынан боладысы көп, өткендерден келетіндердің саны көп ұлт болуы тиіс. Олай болатын болса, көрші елдердегі оқиғалардан клан немесе отбасы ретінде сабақ алмауымыз керек, ұлт, қоғам болып сабақ алып, қажетті қорытынды жасауымыз абзал.

Ол үшін көптеген идеалистік, әсірешіл көзқарастар мен стереотиптерден бойымызды аулақ ұстағанымыз абзал. Қанша жерден дұрыс десек те, бүгінгі Қырғызстан мен Украинаның кебін кимегеніміз дұрыс. Себебі осы елде болған революциялар қоғам санасын өзгерте алмады, қарапайым тілмен айтсақ, бір сүмелектердің орнына басқа сүмелектер қонжиған замана болды. Біздің көксеп-армандайтынымыз эволюциялық өзгерістер, бүгінгіден шын түңіліп, шынайы түрде санамызды жаңартып-жаңғырту.

Шын өзгерістер орынтаққа басқалардың келуі ғана емес, қоғамның өзгеруін, сана революциясын тудыратын өзгерістер. Ұмтылатын бағытымыз сол жақ, ідейтініміз осы болуы керек.

Сөзсіз, ашығын айтайық, бүгінгі президент отбасысының болашағы не болады деген сұрақ та қоғам ішінде туындап отыр. Олар абыроймен ел ішінде жүре ала ма? Әлде ертеңгі күні қуғын-сүргінге ұшырап, жылдар бойы жинағанынан қағыла ма? Өздері құрған саяси жүйенің озбырлығы мен репрессиясының қатардағы құрбаны бола ма?

Бұл сұраққа тек президент Назарбаев пен оның отбасы, айналасы ғана жауап бере алады. Тарих деген – аса қызық ғылым. Әлем тарихына үңілсек, жалпыға ортақ сүрлеу мен жол көрінбейді. Әр қоғам өз болашағының архитекторы, инженері, құрылысшысы, болмаса тіпті қабіршісі бола алады. Біз осының қайсысын таңдаймыз? Ол таңдауды жасайтын басқа емес, осы өзіміз. Біз – қазақ халқы! Қалай шешсек, солай болады. Басқаша болуы мүмкін емес. Тек осы жауапкершілікті сезініп, сол жауапкершілікке сай еңбектеніп, әрекет етуіміз міндет.

Айдос Сарым

Дереккөз: zhasalash.kz
Просмотров материала: 2 245

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 568 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 408 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 396 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 333 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 287 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 622 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 220 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 223 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 432 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031