29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚОШ БОЛ, РЕСЕЙ!

02 август 2017, 15:23
ҚОШ БОЛ, РЕСЕЙ! Америкалық Stratfor компаниясы 2015-2025 жылдарға арналған геосаяси болжамын жария етті. Болжамда Орталық Азия және Қазақстан туралы айтылмайды. Есесіне Қазақстанмен іргелес екі ірі мемлекет – Ресей мен Қытай туралы әрқайсысына жеке-жеке тоқталыпты. Сонымен, Stratfor болжамына сенсек, алдағы 10 жылда Ресей бөлшектенеді.

Ыдыраудың басты себептері экспортқа тәуелділік, құбылмалы мұнай бағасы және құлдыраған демография болмақ көрінеді. Әуелгі екі себеп ресми Мәскеудің федерация аумағындағы мемлекеттік аппаратты ұстап тұруын қиындатып, Кремльдің күшін әлсіретеді. Себебі экспорттан түсетін қаражат Мәскеу арқылы аймақтарға бөлінеді.

Бұл бөліністің өзі әрқилы: біреуге көп, біреуге аз. Экономикалық қиындықтар тереңдеген сайын Кремльдің шөміші де тарыла түседі, ал ол орталық биліктің әлсіреуіне әкелуі әбден мүмкін. «Ортақ қазаннан алатын үлесі азайған аймақтар орталықтан қайыр болмайтынына көзі жеткен сайын өз күндерін өздері көру үшін ресми және бейресми автономияларға бөлінуге талпына бастайды» дейді Stratfor.

Ресейге қатысты болжам мұнымен тұйықталмайды. Кремльдің күш-қуаты қайтып, алып аумақты алып жатқан федерацияны бір орталықтан басқару құрылымы бірте-бірте әлсіреген сайын Ресей іштей бөлшектеніп, бөлінеді. Мәселен, ресми Мәскеу уақыт өте келе Солтүстік Қапқазды бақылауға шамасы келмей қалады. Оның үстіне Қиыр Шығыс өз алдына дербес саясат ұстанып, Кремльмен емес, Жапония, АҚШ-пен байланыс орната бастайды. Stratfor «Ресейдің басына осындай алмағайып заман орнағанда Орталық Азия да тұрақсыздыққа ұшырайды» дейді. Демек, Ресейдің бөлшектенуі Қазақстанды да айналып өтпейді деген сөз.

Айналып өтпегені былай тұрсын, экономикаға үлкен әсері тиіп, ел ішіндегі қоғамдық-саяси тұрақсыздыққа апаруы да ғажап емес. Ал оның алдын алу үшін Қазақстан өзінің саяси бағытын көпвекторлық пен бұлыңғырлықтан арылтып, нақты әрі ашық бағытты стратегия түзуі керек болады. Болашақта Ресей ыдырай қалса, бүгінгі солқылдық саяси бағыт геосаясаттағы ірі ауқымдағы өзгерістерге төтеп бере алмауы мүмкін.

Ресейдің бөлшектенуі өзге елдердің тарихи есесін қайтаруға да жол ашатындай. Мәселен, Польша Еуропадағы қозғаушы күшке айналып, бір кездері орыс басқыншылығы салдарынан Ресейге өтіп кеткен аймақтарын даулайтын көрінеді. Тарихи жер дауына Польшамен бірге, Румыния, Венгрия да араласады. Егер бұл болжам расқа айналып, жағдай солай өріс алып жатса, Қазақстан да қарап қалмас...

Ресейдің бөлшектенуі хақындағы болжамның қауіпті тұстары бар. Ол қауіп – ядролық арсенал. Федерация аумағында шашырай орналасқан орасан зор ядролық арсенал елдің бөлшектенуі кезінде халықаралық қауымдастықтың зәресін алып, мазасын қашыратын ең үлкен өткір мәселеге айналады-мыс. Stratfor бұл қауіппен күрескер ретінде АҚШ-ты көрсетіпті.

Stratfor болжамына қарағанда, алдағы 10 жылдың көлемінде Қытай өзінің ішкі әлеуметтік-экономикалық мәселелерінен артыла алмайтын сықылды. Бұл ел еңбек күші арзан, экономикасы қуатты ел дейтін атағынан ептеп айырылып, саяси және әлеуметтік қарсылықтар бас көтеретін көрінеді.

Екі жақтағы екі үлкен көрші мемлекет болжамдағыдай күйге түссе, одан туындайтын қиындықтар бізге де тікелей әсер етері сөзсіз. Қытай Қазақстан үшін үлкен нарық болып есептеледі. Алайда ол нарыққа әлі толық кіре алған жоқ. Оған елдің экономикалық қуаты жетпейді. Оның үстіне Қытайдан алған қарыз көлемі де аз емес.

Күні ертең Қытай қысылғанда қарыз сұраса, қызықтың көкесі сонда болады. Өйткені экономикасы мұнайға тәуелді, өндірісі дамымаған Қазақстанның алдағы 10 жылда қарыз қайтаратындай жағдайы бола қалуы неғайбыл. Мұнайдың бағасы болса құбылмалы қалпынан әзір танбайтын сияқты. Ол аз десеңіз, Stratfor Ресейді бөлшектейтін фактордың бірі – мұнайдың айнымалы бағасы деп көрсетеді. Демек, мұнайға сенген Қазақстанның жағдайы адам қызығарлық болмайтындай.

Әрине, бұл тек болжам ғана. Бірақ көк базардағы құмалақшының емес, америкалық барлау-сараптамамен айналысатын жекеменшік компанияның болжамы. Бұл компанияның сараптамаларын АҚШ-тан бастап, көптеген елдер назарына алып, саяси бағыттарына толықтырулар мен өзгертулер енгізіп отырады. «Жаман айтпай – жақсы жоқ» дегендей, біздің билікте мұндай сараптама болжамдар төңірегінде арагідік ойланып тұрса артық болмайды-ау.

ҚАЗАҚСТАН: ҚОШТАСҚЫМ КЕЛМЕЙДІ

Америкалық Stratfor компаниясының 2015-2025 жылдарға жасаған геосаяси болжамының Ресейге арналған бөлігін оқығаннан кейін «сонда біз Ресеймен қалай қоштасар екенбіз?» деген сауал ойыма орала берді. Мұндай сұрақтың шығу тегі бар: Совет Одағы 1991 жылы 8 желтоқсанда күйреді. Одақтас елдердің бәрі тәуелсіздігін жариялады.

Күйреген Совет Одағының үйіндісінің үстінде жалғыз Қазақстан ғана қалды. Сол үйіндіде қираған Совет өкіметінің шырақшысындай болып тағы да сегіз күн отырды. Ақыры Совет Одағының «тірілмейтініне» әбден көзі жетіп, көңілі суып, «жетісін» өткізіп, 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялады. Сөйтіп, Совет Одағымен қимай-қимай әрең қоштасып еді.

Егер Stratfor-дың болжамы расқа айналып, Ресей бөлшектенсе, Қазақстан көз алдында күйрейтін Кремльмен қалай қоштасар екен деген сауалдың ойды қытықтайтыны содан. Алдағы 10 жылда біз де өзгерерміз, қимай емес, қуана қоштасатын билік болады деп көңіл жұбатуға болар еді. Бірақ өзгерістің ауылы көз ұшыңда тұрмаған соң көңілің сенбейді.

Таңатар ТАҒАН

Дереккөз: zhasalash.kz
Просмотров материала: 2 766

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 584 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 424 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 412 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 349 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 303 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 629 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 220 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 225 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 285 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 439 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031