20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚАЗАҚ ПЕН МАЗАҚ: ЭКСПО-ДА ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҒЫМЫЗҒА ДАҚ ТҮСІРГЕН КІМДЕР?

02 август 2017, 14:38
ҚАЗАҚ ПЕН МАЗАҚ: ЭКСПО-ДА ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҒЫМЫЗҒА ДАҚ ТҮСІРГЕН КІМДЕР? ЭКСПО-ның жақсы өтуі тек Елбасымызға, тек мемлекетімізге ғана емес, барша қазақстандықтарға сын. Рас, әлемдік көрме өткізу оңай емес екендігін біз, халық, қатты сезіндік.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қанша қиналсақ та, ЭКСПО ғимараттарын көздің жауын алатындай, ұялмай әлем қонақтарына көрсететіндей етіп салдық. Енді мінеки, шетелдік қонақтар да, өзіміз де оның қызығын көріп жатырмыз.

ЭКСПО-да не көп, қызық көп. Тек қалтаңда мыс-мыс ақшаң болсын!

Бірақ ЭКСПО басталмай жатып мені де, ұяты мол өзгелерді де масқара жағдайға ұшыратып отырған бір мәселе осы мақаланы жазуға мәжбүр етті. Марко Поло деген саяхатшы осыдан пәлен ғасыр бұрын қазақ жерін аралағанда таң қалыпты деседі. Сөйтіп, ол таңданысын қағазға түсіріпті. «Қазақ деген таңғажайып елді көрдім. Ондай қонақжай халық әлемде жоқ. Егер халықтың бәрі сол қазақтың пейіліндей болса, онда бүкіл әлемді тегін аралап шығуға болар еді». Бұл жазба бүкіл төрткүл дүниені шарлап кетті. Оны біз мақтаныш еттік. Шынында да біз қонақжай, мәрт халық едік қой.

Өкінішке орай, мына ЭКСПО тойында сол қонақжайлылығымыз сыр берді. Қысқасын айтқанда, абыройымыз айрандай төгілді. Алдымен жемқорларымыз халықтың тірнектеп жиған ақшасын жеп, бір масқара болдық. Ал көрме басталмай жатып таксишілеріміз ауыздарын арандай ашып, қонақтарымызды тал түсте тонады. Бір таксишіміз шетелдік қонақты әуежайдан қалаға әкелгені үшін 40 мың теңге сұрап, бірден «даңққа» бөленді. Ең жоғары рекорд осы болды.

«Пайда ойлама, ар ойла!», «Малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы» деген қазақтың ұранды сөздерін ұмытқан арсыздар бұдан кейін көбеймесе, азайған жоқ. Мысалы, бір күнгі пәтерақы құнын 45-50 мың теңгеге аспандатқандарға не дерсің? Көрме жаймаларындағы тамақ та тым қымбат екенін газеттің бәрі жамырап жазып жатыр. Ауа мен судан ақша жасаушылар көбейіп кетті. Біздің ауылдың бір топ тұрғындары барып, аштан өліп қала жаздапты. Масқара! Бұл паңдық па, арсыздық па, не сонда?

Біздіңше, әншейінде жәрмеңкенің бағасын төмендетуге шебер мемлекеттік қызметкерлер ай қарап жүр ме? Неге бұл жолы олар алыпсатар мен саудагерлерді ауыздықтамады? ЭКСПО шынында да еліміздегі басқа этностардан гөрі қазаққа үлкен сын еді ғой. Біз осында ғасырлардан келе жатқан қонақжайлылық дәстүрін жарқыратып көрсетуіміз керек-тін.
Болашақ туризмді жандандыруға ЭКСПО алтын қақпа екенін біз неге ұмыттық?

Ар-ұятты ұмытып, таразыдан жегені үшін, алыпсатарлықта бағаны қымбаттатқаны үшін Алла Тағалам оларды тасбақаға айландырыпты деген аңыз бар. Қазір біздің елімізде бұрын-соңды болмаған қымбатшылық қысып тұр. Теңгеміз сабан ақшаға айналып бара жатқанын қалың бұқара зар жылап айтып жатыр. Мемлекет қымбатшылықты тоқтатуда қауқарсыз. Енді міне, бұл қымбатшылық, арсыздық ЭКСПО-ға да салқынын тигізді. Дегенмен әлі де біршама уақытымыз бар.

Ең болмаса бағаны ЭКСПО-да ауыздықтайық. Қашаннан да жаба тоқуға шеберміз. Осы «шеберлігімізді» неге осы ұлы тойда көрсете алмай қалдық? Қазақты мазаққа айналдырғандарды тезге салу, намыссыздықтарын бетке басуды ұмытпауымыз керек. Себебі қазағымызда келешекте не көп, ұлы тойлар көп. Сол тойларда тағы да ұялып, төмен қарап қалмайықшы, ағайын!

Қазағымыз сұрапыл аштықта да «Малымды алсаң да, пейілімді алма!» деп Алласына жалбарынған. Мазаққа айналу оңай, ал оны жөндеу қиынның қиыны.

“Қазақстан-заман” газеті, Ертай Айғалиұлы
Просмотров материала: 3 593

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 777 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 600 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 569 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 504 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 486 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 450 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 210 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 235 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 671 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 803 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 768 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 294 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 318 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 469 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 908 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930