25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҰЛТЫ НЕМІС ПОЛИЦЕЙ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮШ АЙДА МЕҢГЕРІП АЛДЫ

ҰЛТЫ НЕМІС ПОЛИЦЕЙ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮШ АЙДА МЕҢГЕРІП АЛДЫ Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық ІІБ жол-патрульдік полицияға жетекшілік ететін Николай Викторович қазақ тілін небары үш айдың ішінде толық меңгеріп шыққан, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ресей жерінде неміс отбасыда дүниеге келген Николай Трошин бала кезінде әкесінің жұмыс бабына байланысты Ақтөбе өңіріндегі Хлебодар елді мекеніне қоныс аударған. Осы жерде орыс мектебін бітіріп, 2000 жылы Таразға әскери міндетін өткеруге аттанған Н.Трошин дәл осы кезде әскердегі алғашқы үш айда-ақ қазақ тілін толық үйреніп шыққан.

«Таразға әскерге барғанымда батальонның барлығы жүз пайыз қазақ, тек мен ғана неміс ұлтынан болдым. Барлық бұйрықтар, командалар — қазақша. Орысша сөйлеп жатқан бірде-бір адамды көрмедім. Содан не керек, намысқа тырысып, ортама бейімделіп, алғашқы айда-ақ қазақша түсіне бастадым, келесі айда өзім де қазақша сөйлейтін деңгейге жеттім, ал үшінші айда қазақтардан ешбір айырмашылығым болмай қалды.

Әскерде түрлі қазақша әндерді үйреніп, айта бастадым. Сол кезде мен қазақ тілінің соншалықты әуезділігі мен әдемілігіне, қазақ тілін үйренудің жеңіл екендігіне көз жеткіздім. Менің қазақша тез үйреніп кеткеніме әскердегі әріптестерімнің бәрі өзіммен бірге қуанды. Бөлімше командирі болдым. Екі жыл әскери борышымды өтеп, үйіме оралғанда, шынымды айтайын, орыс тілін мүлде ұмытып қалдым. Ата-анамнан бастап, барлық орыс тілді достарым таң-тамаша болды. Орысша қойылған сұрақтарға түсініңкіремей, біраз ойланып барып жауап беретін болдым», — деп жымия еске алған Николай бүгінде 2 тілді де жетік біледі.

Ефрейтор шенімен әскерден оралғаннан кейін кейіпкеріміз Ақтөбе аумағында күзет полициясында біраз жыл қызмет етіп, мұнда бөлімше командирі болған. 2014 жылдан бері Мәртөк ауданы ішкі істер бөліміне абыройлы қызмет етуде.

«Мен жол-патрульдік полицияның жұмысын қадағалайтындықтан, әрбір қызметкердің қазақша білуіне мән беремін. Себебі, патруль — полицияның айнасы деуге болады. Олар күнбе-күн халық алдында жүреді. Бірінші көзге түсетін, алдыңғы шепте болып, көмекке алғаш болып асығатындар да солар. Сондықтан халықтың тілін түсіне білу аса маңызды» — деп, қазақ тілін білу халыққа жақын болуға ықпал ететінін алға тартқан аға лейтенант Н.Трошин өзінің балаларын да қазақ балабақшаларына берген.

«Жұбайым екеуміз үш бала тәрбиелеп отырмыз. Жұбайымның ұлты орыс болғанымен, үйімізде үнемі қазақтың ұлттық тағамдарын әзірленеді. Шаңырағымызда аптасына міндетті түрде ет асылып, бауырсақ пісіріледі. Балаларым қазақ балабақшаларына барып, қазақша ән айтады, батаны да береді. «Балалар — біздің болашағымыз» деген сөз тегін айтылмаған.

Біз өз балаларымызды қалай тәрбиелесек, еліміздің келешегі де сондай болатыны рас. Мысалы, балаға кішкентай кезінен қоқысты көшеге тастамауды, арнайы қоқыс жәшіктеріне тастауды үйретудің өзі — туған жерін құрметтеуге, көше сыпырушылардың еңбегін бағалауға, тазалыққа ұмтылуға ықпал етеді. Өзіміз қандай болсақ, балаларымыз да сондай болады» дейді ол.

«Біздің елімізде, неге екенін білмеймін, ұлты қазақ емес азаматты көрсе, қазақ азаматтар бірден орысша сөйлей бастайды. Сондай стереотип қалыптасқан. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын, керісінше, қазақ тілді ортаның болуы, менің басымнан өткен оқиға сияқты, қазақ тілін тез меңгеріп кетуге ықпал етеді. Мысалы, менің бет әлпетімнен қазақ емес екендігімді көрген ауыл азаматтарының өзі орысша сөйлеуге тырысады. Қазақ тілінде сөйлегенімді көргенде таң қалады. Бұл ешқандай да ерекше жағдай емес деп есептеймін.

Қазақ тілі — шетел тілі емес, мемлекетіміздің тілі. Сондықтан маған жиі қойылатын «қазақ тілін кім үйретті, қазақ тілін қалай үйренуге болады» деген сұрақтарға кейде әзілмен «Әскерге Таразға барыңдар» деп жауап беремін. Әрине, бұл — қалжың, мұның астары — қазақ тілді ортада көп болу дер едім. Тілдік орта болған кезде алдымен түсінуді, кейін сөйлеуді үйреніп кету оңай. Қазір ағылшын тілін үйренуде «Work and travel»(жұмыс жасау және саяхаттау) бағдарламасы қолданылып жүр.

Мұнда жастарымыз ағылшын тілді мемлекеттерге барып жұмыс жасау арқылы ағылшын тілін үйреніп келіп жатыр. Біз болсақ, Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан да, қазақ тілді ортаны қалыптастыруымыз керек» — деп тұжырымдаған Н.Трошин бәсекеге қабілетті болу үшін елімізде әрбір азаматтың қазақ тілін меңгеруін маңызды деп санайды.
Просмотров материала: 2 055

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 107 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 930 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 900 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 840 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 821 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 483 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 238 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 264 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 722 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 851 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 998 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 312 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 525 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 675 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930