18 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ 1,7 МЛН ТЕҢГЕ ЖАЛАҚЫ АЛАДЫ

24 июль 2017, 15:52
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНЫҢ БАСШЫСЫ 1,7 МЛН ТЕҢГЕ ЖАЛАҚЫ АЛАДЫ Былтыр ғана құрылған «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның басшысы 1,7 миллион теңге жалақы алатын көрінеді. Бұл туралы кеше «Хабар» телеарнасында өткен дебат барысында танымал экономист Рахым Ошақбаев мәлімдеді, – деп жазады sn.kz.

Еске салайық, күні кеше Рахым Ошақбаев пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тікелей эфирде Міндетті медициналық сақтандыру тақырыбында дебат өткізген болатын. Экономист аталған реформаны енгізуге әлі ерте десе, министр одан тек пайда келетінін айтып отыр.

Осы жарыссөздер барысында Ошақбаев биыл 1 шілдеден бастап енгізілген осынау медициналық реформаны үге-шүгесіне дейін зерттеп шыққанын көрсетті. Оның пікірінше, мұны медициналық сақтандыру деп айтқаннан көрі, салықтың жаңа түрі деп атау қажет.

«Реформа аясында сіздер миллиондаған қазақстандықтан 1,5 мың теңге көлемінде ай сайын алып отырмақсыздар. Бұл қаражат міндетті медициналық сақтандыру қорына жиналады. Сіздер мұны сақтандыру қоры деп атайсыздар. Бірақ, мен экономист ретінде айтайын, бұл ешқандай да сақтандыру қоры емес. Сіздердің халықтан жинап жатқан ақшада сақтандырудың ешқандай белгілері жоқ. Яғни, бұл қорға жиналған қаражат біздің жасымызға, ауруымыздың түріне, денсаулығымызға байланысты емес. Бұл жай ғана жұрттың бәрінен бірдей көлемде жиналып жатқан салық», – деді Рахым Ошақбаев.

Ол сондай-ақ, әңгіме барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жылдық шығыны тым көп екеніне назар аударды. Айтуынша, алғашқы жылдағы қордың шығыны 8,6 млрд теңгені құраса, 2020 жылдан кейін бұл көрсеткіш 13,4 млрд теңгеге жетеді екен. Ал, Қордың орталық аппаратындағы қызметкерлердің саны 70-ке де жетпейді.

«5 146 қызметкері бар Денсаулық сақтау министрлігінің жылдық шығыны 17 млрд теңгенің шамасында. Ал, 251 қызметкер жұмыс істейтін қордың шығыны не үшін мұншама көп? Өйткені, олардың бәрі өте қымбат кеңсені жалдап, аса қымбат көліктерде жүретін болу керек. Жалақылары да өте жоғары болады. Мысалы, қор басшысының айлығы 1,7 миллион теңге. Ал, басқарушы директорлары 1,1 млн теңге алады ай сайын. Мұның бәрі сіз бен біздің ай сайын медициналық сақтандыруға деп беретін ақшамыз», – деді танымал экономист.

Денсаулық сақтау министрі болса жалақы мәселесін жауапсыз қалдырды. Алайда, алдағы уақытта (нақты қашан екені белгісіз) дәрігерлердің жалақысы 1 мың АҚШ долларынан кем болмайтынына уәде берді.
Просмотров материала: 1 893

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 460 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 284 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 252 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 188 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 167 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 432 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 196 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 221 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 651 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 782 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 652 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 290 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 459 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 370 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 220 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 439 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 371 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 820 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 976 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 184 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930