26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ТАЗАБЕКОВ: АЙГҮЛДЕ НЕМ БАР?!

21 июль 2017, 16:24
Тазабековтың әлеуметтік желіде жариялаған бір ғана жазбасы үлкен шу тудырды, ақыры. Өзін уахабит дегендерді және осы уағызды ел арасына тықпалап жүр деушілерді сотқа тартатын түрі бар Тазабековтың.

Тазабеков не дейді?

ТАЗАБЕКОВ: АЙГҮЛДЕ НЕМ БАР?!


Әлеуметтік желідегі бөліскен жазбасына қатысты діни арнаның директоры былай деп түсініктеме берген.

«Serke.orq сайты менің әлеуметтік желіде бөліскен (репост жасаған) жазбам туралы мақала жариялаған екен.

Мақаланың қысқаша мазмұны – үндістандық бір ғалымның қайтыс болғаны мен оның жаназасына миллионға жуық адам жиналғанын хабарлаған «әсіре радикал ой айтып жүретін адамның» жазбасынан «қатты әсерленіп», оның «қауіпті адам екенін біліп тұрып бөліскенім» және «он мыңдаған адамды жат ағыммен улап жібергенім» туралы.

Бұған қоса, бүркеншік есім жамылған автор мені «уахабилік уағызды халыққа тықпалап жүр және мұны мойындамайды» деп айыптап, Ақтөбе мен басқа аймақтарда болған террорлық акті жасаушылармен байланыстырған жəне енді «құтылып кетуі неғайбыл» деп жазады.
Сонымен қатар, осы мақаланы бөліскен Айгүл Орынбек қарындасымыз өз постында мені «дін саласында қаншама жыл стажы бар адамның ақпаратты бөліскенде шатасуы мүмкін емес» дей келе, «нағыз террористің жазбасын бөлісуші» заң алдында жауап берсін деп үміттенген екен» дейді Тазабеков.

«Асыл арнаның» директоры өзіне тағылған айыптауларды жоққа шығарып отыр. Айтуынша, фейсбукте миллиардтан асып жығылатын қолданушы бар. Мұндағы жұрттың бәрін жете танып, олардың бағыттарын біліп жүру мүмкін емес.

«Әдетте, әлеуметтік желіде ақпарат бөліскен уақытта авторы емес, жазба контентіне көңіл бөлеміз. Ал аталған жазба жаназа туралы және онда заңға қайшы келетін, «құтылып кетуім неғайбыл» дүние болмағанын айтқым келеді.

Пост авторымен таныс емеспін және оның басқа жазбаларымен танысып, ұстанымын білген бетте, жылдам парақшамнан алып тастадым. Тиісінше, оның «қауіпті адам екенін» біліп тұрып жариялауым және аз уақыттың ішінде «он мыңдаған адамды жат ағыммен улап жіберуім» əсте мүмкін емес.
Сондықтан заң алдында жауап берсін деген «үміттердің» де орынсыз екенсіз айтқым келеді.

Керісінше, мақала мен оны бөлісушілердің менің атымды Ақтөбе мен басқа аймақтарда болған террорлық актілермен байланыстыруы және уахабилік уағызды тықпалап жүр деуі — көрінеу жəне беделімді түсіретін ақпарат деп білемін. Аталған жағдайға байланысты ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес өз абыройымды қорғау мақсатында құқық қорғау органдарына шағым түсіру құқығым барын жəне заңгерлермен кеңесу жасап жатқанымды хабарлаймын» дейді Тазабеков.

Орынбек не дейді?

Тазабеков бөліскен әлеуметтік желідегі жазба жұрттың назарына бірден іліккен. Алғашқылардың бірі болып бұл туралы заңгер, әлеуметтік желі белсендісі Айгүл Орынбек жазған.

ТАЗАБЕКОВ: АЙГҮЛДЕ НЕМ БАР?!


«Ауылдың балдары репост пен лайк үшін қамалып кетіп жатыр, ал Мұхаметжан Тазабекке заңды түрде жаза жоқ па?» деген блогер бұл жазбаның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы К.Мəсімовтың назарына ілігуі керектігін айтқан.

Оның айтуынша, мұндай ақпаратты бөліскенде дін саласында қаншама жыл стажы бар адамның шатасуы мүмкін емес.

«Дүрдей бір діни арнаның директоры «Білмей қалдым «- деп баланың əңгімесін айтпай -ақ қойсын! Нағыз террористтің жазбасын бөлісіп, оқырмандарына не айтқысы келді екен? Заң бəрімізге ортақ! Бөліскен посты үшін заң алдында жауап берсін! Бас Прокуратура немқұрайлы қарамайды деп үміттенемін!» деген-тұғын Орынбек.

Іс насырға шапты ма?

ТАЗАБЕКОВ: АЙГҮЛДЕ НЕМ БАР?!


Бұл іске осымен нүкте қойылуы да мүмкін еді. Алайда Айгүл Орынбектің айтуына қарағанда, оған қоқан-лоқы жасаланып жатыр. Әлеуметтік желіден жалған парақша ашқан бөтен біреулер оны қорқытып-үркітпек болған. Бұл туралы заңгер былай деп жазды.

«Маған жекеге жалған парақшалармен ашылған адамдардан қоқан лоқы жасалынып жатыр.

Маған қандайда қастандық жасалынатын болса, Мұхаметжан Тазабектен оның артынан еруші шəкірттері ма , тыңдаушыларыма солардан күдіктенемін!
Себебі кеше мен Мұхамеджан Тазабек экстремизм бағытын таратушы адамның постын бөліскені үшін заңды түрде жазасын алсын деген болатынмын! Ал ол кісі өзінің қателесіп бөліскен посты үшін мені сотқа берем деп пост жазыпты. Соның септігі болар Мұхамеджан ағамның уағызын тыңдап жүрген шабармандар маған шауып, қоқан лоқы жасап жатқаны.

Бүкіл келген хаттарды скриншоттап ҰҚК -ға арыз дайындап жатырмын!».

Тазабеков жауап қатты

Іле-шала заңгердің жазбасына Тазабеков жауап қатқан.

«О заманда бұ заман, қазақ қыз баласына қоқан-лоқы жасап қорқыта ма екен? Қызды қорқытпақ түгілі, қыздың алдында артық сөйлеуді ар санайтын ерлердің ұрпағы емес пе едік… Еркелесін… Ойындағысын айтсын… Арманда қалмасын…
Егемен елде, еркіндік алаңы әлеуметтік желіде айтпағанда қайда айтады. Өз сөзі өзінікі…Шынымен мен ренжіп қап, біреуге өтініп, бірдеңе жазғызып жатыр, деп, жұрт ойлап қалар. Әлеуметтік желі ашылғалы бері қорғанумен келе жатыр екенмін. Біреуге тұра ұмтылған кезім жоқ. Ешкімге қамшымды шиырып, қаламымды ұштап көрмеппін», – деді Тазабеков.

Оның айтуынша, кісіге жұмсайтын тобы жоқ.

«Ақымды алып кеп бер, дейтін адамым жоқ.

Сиынарым да, сүйенерім де- жалғыз Алла!

Айгүлде нем бар?

Солай ойлады, сосын жазды…» деп жазыпты ол.

Құспан не дейді?

ТАЗАБЕКОВ: АЙГҮЛДЕ НЕМ БАР?!


Ал Орынбекке қолдау көрсеткен әріптесі Абзал Құспан «олар қарындасымыздың өміріне қауіп төндіре бастады, әзірге сөз жүзінде, ал ертең іске асыра бастамасына кім кепіл?» дейді.

Оның айтуынша, Айгүлге жасалған қоқан-лоққы, Қазақстандағы жаңа қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғамға көрсетілген доқ, нақты қауіп.

«Сол себепті Ұлттық қауіпсіздік комитетін Айгүлдің арызын жан-жақты, толық, объективті тексеруге шақырамын. Айгүлдің жеке басына қатысты жағдай барша қоғам қадағалауында екенін ескертемін! » деп жазыпты Абзал Құспан.

Дереккөз: Dalanews.kz
Просмотров материала: 2 274

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 311 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 132 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 103 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 045 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 029 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 495 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 251 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 275 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 738 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 873 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 075 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 594 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 139 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 942 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 151 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 741 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930