20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 126 ОТБАСЫ ҮЙСІЗ-КҮЙСІЗ ҚАЛУЫ МҮМКІН

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 126 ОТБАСЫ ҮЙСІЗ-КҮЙСІЗ ҚАЛУЫ МҮМКІН Бас жоспардың кесірінен баспанасынан айрылмақ. Алматы облысында жүзден аса үй қызыл сызықты басып кеткені үшін қиратылуы мүмкін. Бірнеше жыл бұрын жер сатып алып, үй салған Кемертоған ауылының тұрғындары енді қоныстанып, рахатын көре бастағанда жергілікті басшылық жерді босатыңдар деп отыр. Оның орнына шенеуніктер ауылдықтар үшін арнасы кең асфальт жол төсемекші. Алайда тұрғындар әкімдік айтты екен деп орнынан көшкісі жоқ,-деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Алматыдан аттам жердегі Кемертоған аулында жер дауы өршіп тұр. О баста учаскесін жанжалсыз-ақ заңдастырып, баспанасын салып алғандар айдың-күннің аманында тығырыққа тірелді. Бас жоспардың картасында мына үйлердің барлығы дерлік қызыл сызықтан асып кетіпті.

"Менің балам сатып алған. Осы Алматыда жұмыс істеп жүріп, адал бейнетіне сатып алды осы жерді. Сосын ауылдағы үйімізді сатып, осы жерге там салдық, кредит алдық. Сонымен енді бір жылдан кейін келіп, мына жерлерің жолда түсіп тұр, жол-жол деп содан басталды. Міне, 4 жыл болды ма, 5 жыл болды ма сол жолдың дауы басталып келіп жатыр ғой",-деді Кемертоған ауылының тұрғыны Гүлзахира Жүнісова.

Ауыл жұртын әбігерге түсірген бірнеше қара жол. Бұрқырап шаңы шығып жатқан жер алдағы уақытта заманауи тасжолға айналуы керек.

Бірақ, жоспарға сай, ені ауқымды асфальтқа айналғанда шетте тұрған құрылыстың бәрі қиратылмақ.

Әкімдіктің бас жоспары бойынша, мына тұрған жер үйдің үстінен ені 30 метр жол түседі. Ол мына біз тұрған тастақ қара жолмен қиылысуы тиіс. Бұл жолдың да ені 15 метрге кеңеюі керек. Ал екі көшенің қиылысында тұрған мына әйдік үйдің екі жағы да қызыл сызықты басып тұр. Демек бұл үйдегілер де баспанасынан айрылады деген сөз.

Ақ жағалылардың айтуынша, бұл мәселеде бас қатыратын ештеңе жоқ. Тұрғындар шаруашылық мақсаттағы жерлерге үй тұрғызған.

"2015 жылы осы мәселе көтеріліп, облыс әкіміне дейін жеткен еді. Содан облыс басшысы жоспарды түзетуге рұқсат берді. Ол уақытта 211 құрылыс нысаны заңсыз орналасқан болатын. Былтыр біз сол жоспарға өзгеріс енгізіп, қызыл сызықтағы үйлердің санын 126-ға дейін қысқарттық,-дейді Қарасай аудандық сәулет-құрылыс бөлімінің бас маманы Ермұхан Дәрішев.

Ал тұрғындардың сөзіне сенсек, жапатармағай үй тұрғызып жатқанда жоғарыдан мыналарың заңсыз деп келген біреу болмапты. Қызыл сызықтағы 126 үйді түгел қирату мәселесі де тағы біразға созылайын деп тұр. Өйткені жергілікті басшылықтың батылы бармаған болу керек, түйткілді мәселенің шешімін тағы да облыс басшысына қалдырыпты.
Просмотров материала: 2 202

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 744 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 567 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 536 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 469 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 453 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 447 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 208 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 233 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 668 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 801 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 755 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 466 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 378 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 307 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 446 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 458 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930