19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"ОППОЗИЦИЯ ТЕК ӘБІЛЯЗОВШЫЛ БОЛУЫ КЕРЕК" ДЕГЕНГЕ ҚОСЫЛА АЛМАЙМЫН

17 июль 2017, 16:42
"ОППОЗИЦИЯ ТЕК ӘБІЛЯЗОВШЫЛ БОЛУЫ КЕРЕК" ДЕГЕНГЕ ҚОСЫЛА АЛМАЙМЫН Осы аптада шетелде бас сауғалап жүрген Мұхтар Әблязов қараптан-қарап маған тиіспесі бар емес пе? Фейсбукте: «Енді билік Әміржан Қосановты көшбасшы етіп жаңа қозғалысты іске қоспақшы…» Сондай-ақ, оның айтуынша, «бұл – арнайы қызмет комитеті жасаған қозғалыс».

Жауабымды бердім. Оның түйіні мынада: «Мен биліктің ешбір саяси жобасына қатысқан емеспін».

Әрине, бір елде өмір сүріп жатқандықтан, билік өкілдерімен де кездесіп тұрамыз. Баршаға мәлім позициямызды айтып, қоғамдағы ахуалды талқылап жатамыз.

Әңгімені осымен тәмамдауға болар еді. Бірақ әлеуметтік желідегі біршама қызу талқылауды көріп, онда айтылған сұмдық жорамалдармен танысып, мынадай ойларға қалдым.

Маған осындай ауыр айып тағу Мұхтарға не үшін керек болды? Бәлкім, басты себеп ол құрып жатқан (интернетте) Қазақстан демократиялық таңдау (ҚТД) қозғалысын ашық қолдамауымда шығар. Өйткені мен «Алматыда болып жатқан сотта адам таңғаларлық небір фактілер айтылып жатыр, өзіне тікелей қатысты іс болғандықтан, Мұхтар солардың бәріне нақты жауап беруі керек» деген едім. Әлде ол «оппозиция деген – мен ғана, ал қалғандары – биліктің құйыршықтары» дегісі келе ме?

«Жығылғанға жұдырық» болып, онсыз да шет жақта жүріп, бәледен басын ала алмай қиналып жүрген Әблязовқа жөнсіз тиісуден аулақпын. Керісінше, ол 2001 жылы ҚДТ қатарына кіргеннен бастап оны және оның серіктестерін ашық қолдап келемін. Сотында болдым, оны қолдау акцияларына қатыстым.

Бірақ басқаларды негізсіз қаралап, күйе жағуға болмайды. Ең бастысы, оппозицияның өзінде монополия болмауы тиіс.
Сөз жоқ, оппозицияшыл ұйым құрып, билікке өткір сын айтып, қоғамдық ойға қозғау салып жүргені дұрыс. Оның үстіне Әблязов биліктің қайнаған ортасында болды, ондағылармен тонның ішкі бауындай араласты, сондықтан қарапайым жұртқа беймәлім небір жайттарды алдымызға жайып сала алады. Мұның өзі биліктің шынайы бет әлпетін әшкерелеудің мықты мүмкіндігі емес пе?! Өзінің орасан зор қаржылық әлеуетін кешегі әріптестеріне қарсы емес, биліктің шынайы бетпердесін ашуға жұмсасын. Талай жыл бойына билікті сынап жүрген бізді ұрып-соғар, арандатар басқа күштер де жетіп жатыр.

Бірақ «оппозиция тек қана әблязовшыл болуы керек» дегенге мен қосыла алмаймын. Ақордасыз да, олигархтарсыз да пайда болып, өзін көрсете алатын қоғамдық күштер тарихта болды, әлі де болады.
Әлеуметтік желідегі талқыда «қазіргі Қазақстанда қолға алынған кез келген қоғамдық бастаманың артында билік тұрады, сондықтан оған сенуге болмайды» деген де тұжырым айтылып жатты. Әрине, шетте жүрген оппозицияшыл жолдастарға мұндай тезис майдай жағады. Өйткені солардыкі ғана дұрыс боп шығады емес пе? Бірақ шетел аспай, сотталса да, қиналса да, қарны ашса да Отанынан безбей, ел ішінде жүріп билікке ашықтан-ашық сын айтып жүрген таза адамдарға осы тезис тиіп кетпей ме?! Меніңше, бұл мәселеде біржақтылыққа салынбау керек.

«Оппозиция тек ақшаға жұмыс істейді» деген жалған тұжырымнан арылуымыз керек. Елге танымал тұлғаларды айтпағанда, ел ішінде, ауыл-аймақта, нақты елді мекенде сол жердегі әділетсіз әкімнен бастап, толайым саяси жүйеге қарсы пікір білдіріп, күресіп жүрген азаматтар қаншама?!

Сондықтан да өзіне қатысты емес кез келген қоғамдық бастамаға күмән келтіріп, оны қаралау дұрыс емес. Ондай әдет елде демократиялық үрдістер мен дәстүрлерді дамытуға кесірін тигізеді. Өз басым оппозиция бірлігін жақтаймын, бірақ сол оппозиция біркелкі немесе бір ғана адамға телініп қалуына қарсымын. Бәлкім, кезінде идеялар емес, нақты көсемдерге (негізінен, кешегі бастықтар мен қалталыларға) бағынышты боп қалған саяси күштердің ақыр соңында сұйылып, із-түзсіз жоғалып кетуінің бір себебі осы болар. Өйткені жеке адаммен «жұмыс жүргізуге», алдап-сулауға, сатып алуға, қорқытуға болады, ол кейін (әртүрлі себептермен) өз ойынан айнып кетуі мүмкін. Ал идеяны жоя алмайсың. Бұқараны ерте алатын кез келген идея, Маркс айтпақшы, материалдық күшке айналады.

Саяси тұғырнама не ұстанымына, нақты қоғамдық қимыл-әрекетіне емес, адамның жеке басына тиісіп, бар мәселені соған ғана аудару – қазір де өзін оппозиция санап жүрген кейбір адамдарға тән қасиет. Оның үстіне қазақ деген шағын ғана халықпыз: саяси алаңда жүргендер кезінде бір-бірімен тәжікелесіп, cөз бен іске келіп, бас жаққа барысып қалған кездері де жоқ емес шығар. Енді соның бәрін саяси күрес қазанына тұздық ретінде салып, өзекті мәселелермен бірге сапырылыстырып жібереді. Ондай таңсық «тағам» тоғышарларға таптырмас тарту екені де рас.

Шынын айту керек, онсыз да ырду-дырду, тоз-тоз боп кеткен оппозицияға қатысты сын айтқым келмейді: бізге бірлік керек. Бірақ баяғыда ауылда жүргенде, төбелес бола қалса үлкендер «кім бастады?» деп сұрайтын. Және соны кінәлі санайтын…

ДЕРЕККӨЗ: DALANEWS.KZ
Просмотров материала: 2 694

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 688 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 511 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 480 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 415 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 398 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 444 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 206 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 231 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 665 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 799 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 733 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 288 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 443 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 438 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930