27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АМАНДЫҚ БАТАЛОВ НЕГЕ БАТЫЛСЫЗДЫҚ ТАНЫТТЫ?

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ НЕГЕ БАТЫЛСЫЗДЫҚ ТАНЫТТЫ? Соңғы кездері Жетісу өңірі әкімдерінің жүйкелері жиі сыр беріп жүр. Әрине, әр әкімнің ел басқару тәсілі әр түрлі ғой. Дегенмен де қазір заман басқа, жағдай басқа. Баяғы кеңшардың бастығы сияқты бұйыра сөйлеп, қол астындағыларды қуырып, екі аяғын бір етікке тығып, зыр жүгіртетін заман өткен. Қазір елдің көзі ашық, қолы жылдам. Әкімдер әлі күнге әлеуметтік желінің құдіретін түсінбеуде...

Сонымен, алдымен Алматы облысындағы Қапшағай қаласының әкімі Сәтжан Қиқымов елдің назарына ілікті. Үлкен бір жиында жергілікті тұрғынға «сен» деп, даусын көтере сөйлеген қала әкімінің тірлігі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Әрине, әкім «табиғи даусым осындай, жасы кіші болғаннан кейін «сен» деп сөйледім, халық дұрыс түсінбеген» деп ақталып-ақ бақты. Тіпті кешірім сұрады.

Бірақ әдеп жөніндегі кеңес бір сәт қана «сен» деп еркінсіген Сәтжан Қиқымовтың тірлігін кешіре алмады. Көп ұзамай ол жұмысынан босады.

Әлеуметтік желіде әжептеуір «жұлдыз» болған келесі әкімнің бірі – Алматы облысы Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылының әкімі Сәуле Амитова еді. Шаруа қожалығының басшысымен дөрекі сөйлесіп, балағаттаған ауыл әкімі осы жайттың бәрін біреу ұялы телефонға түсіріп тұрғанын байқамаған сияқты. Байқаса, ойда-жоқта арқырап кеп қалған ашуын тежеп, аттың басын тартар еді ғой.

Жұмыс барысында түрлі жағдай болады, кім біледі... Бірақ ауылдағы бұл айқай-шуды әдеп кеңесі тағы кешіре алмады. «Әкімсің-ау», «әйелсің-ау» деген жоқ, С.Амитоваға да жаза арқалатып жіберді.

Осы көктемде Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округінің әкімі Бақытгүл Дүйсебекова жолдың «жырын» айтып келген орыс азаматшасына мінез көрсетіп, «Маған десең Путинге бар» деп зілденгені ақпарат құралдарында аз талқыланған жоқ. Артынша ауыл әкімі өз өтініші бойынша қызметімен қоштасты.

Осыдан кейін «ойпырмай, әдеп кеңесі әкімдерді әй-шайға қаратпай жазаға тартып, әділдігін айтатын мекеме болды-ау» деп елдің сүйсініп қалғаны рас. Сөйтіп жүргенде әлеуметтік желіде Ұйғыр ауданының әкімі Алимжан Тохтасунов туралы «біртүрлі» әңгіме бұрқ ете қалды.

Тохтасунов та ашуға мініп, «тоқтай» алмай қалған сияқты. Аудиожазбада осы әкімнің даусына ұқсайтын бір ашулы адам өзімен әңгімелесіп отырған кісінің жер-жебіріне жетіп әбден балағаттайды. «1 желтоқсаннан Арленді, 31 желтоқсаннан Қапаровты жұмыстан қуамын» деп қоқан-лоқы көрсетеді. Сол-ақ екен, Алимжан Имтахунұлынан зәбір көргендер шу ете қалды.

Бақсақ, бұл әкім бұған дейін де бірнеше мәрте қол астындағы қызметкерлерді «жұмыстан қуамын» деп аузына келгенін айтып, тіпті өзінің кейбір орынбасарларын балағаттап, жерден алып, жерге салған көрінеді. Оның дөрекі, оспадар қылықтарын айтып тиісті мекемелерге шағымданғандар да бар екен.

Әп, бәрекелді... Әдеп кеңесі әдеттегідей бұл әкімнің де соңына шам алып түсіп, қызметін біржақты ететін болды ғой деп ел алақанын ысқылап қалған. Бірақ бетің бар, жүзің бар демей, турасын айтып жүрген бұл кеңестің осы жолы үні жарқын-жарқын шықпай қалды. Тіпті Тохтасуновқа байланысты істің соңы не болғанын елдің өзі әлі күнге жақсы түсінбей жүр...

Әкімнің әлеуметтік желідегі дөрекі әңгімесі ел ішін әжептеуір дүрліктіргені әсер етті ме, әйтеуір, Алимжан Тохтасуновтың алғашқы күндері жүні жығылып, көңіл күйі болмай, салы суға кетіп жүріпті. Тіпті аудандық әкімдіктің алқа мәжілісінде: «Мен қызметімнен кететін болдым.

Арызымды жазып бердім, маған басқа қызмет қарастырып жатыр», – деп ағынан жарылып, «артық кеткен жерім болса кешіріңдер» дегендей жұртқа жалтақ-жалтақ қарап, жұмсақ-жұмсақ сөйлеген екен. Әкімдік қызметкерлері арасында «бұл ауданнан кеткен әкімнің бәріне «Құрметті азамат» дегенді беруші едік, Тохтасуновты не істейміз?» дегендей әңгімелер өрбіп, бірі «онсыз да кетіп бара жатқан әкімнің көңілін бұзбай, ауданның құрметтісі ете салайық» десе, енді бірі «қай еңбегін сыйлап береміз?» деп әжептеуір қырықпышақ болған көрінеді.

Бұл аралықта кейбір ақпарат құралдарында «Ұйғыр ауданының әкімі қызметінен босатылды» деген ақпараттар да жарияланып кетеді. Сөйтіп жүргенде аудан әкімі ауырып қалып, денсаулығына байланысты демалысқа шыққан ба?..

Одан «қызметтен екі айдан кейін кететін болыпты» деген әңгіме гу ете қалды. Қысқасы, Тохтасунов туралы әңгіме сиырқұйымшақтанып созыла берді, созыла берді... Қазір Ұйғыр ауданының әкімі қызметінен кетуді ойламақ түгіл, қайтадан күшіне мініп, жұмысын жалғастырып жатыр.

Әшейінде дұрыс толтырылмаған бір құжат үшін мемлекеттік қызметкерді әлекке түсіріп, жұмысынан босатуға дейін жаза ұсынатын әдеп кеңесі дәл осы Алимжан Тохтасуновқа келгенде тәспісінен жаңылысып қалды. Әйтеуір, Ұйғыр ауданының әкіміне әлі келмеді.

Әдеп кодексінде «басшы өз қарамағындағы қызметкерлермен қарым-қатынас кезінде негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіз және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс» деп айтылған. Осыдан кейін әдепті ысырып қойып, жалғанды жалпағынан басатын бейәдеп басшылардың қатары көбеймесіне кім кепіл?

Ал Алматы облысының әкімі Амандық Баталов басы бар, аяғы жоқ бұл істе батылдық танытып, аяғына дейін табандап тұра алмаған сияқты ма, қалай өзі...

Әйтсе де облыс әкімі бұл мәселеге қашанғы көз жұма қарайды? Әлде «мықтының арты диірмен тартады» дегеннің кері осы ма? Ұйғыр ағайындардың да үлкендері баршылық қой. Әйтеуір, аудан әкімінің сыйынғанынан гөрі сүйенгені мықты болды ма, әл-әзірге қызметіне төнген қауіп жоқ секілді.

Бірақ «аудан әкімі дүйім елдің алдында «қызметтен кетемін» деп неге айтты?» деген сұрақ бәрінің көкейінде тұрғаны анық.

Әрине, бір аудан әкімінің қызметтен кету-кетпеуіне қадалып, қызығып жүрген біз жоқ. Алайда осы апта басында Ұйғыр ауданына барған сапарымызда А.Тохтасунов туралы жұрт айтқан мына әңгімелерге бейжай қарай алмағанымыз рас.


ӘКІМ МАРАПАТТАУДЫ ӨЗ ӘКЕСІНЕН БАСТАДЫ
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ НЕГЕ БАТЫЛСЫЗДЫҚ ТАНЫТТЫ?– Аудан әкімдігінде өткен бір жиында ауыл әкімінің бірі үзіп-жұлып орысша сөйледі, – дейді бізбен әңгімесінде «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жәнет Керімқұлов. – «Екеулерің де қазақша түсінесіңдер, мемлекеттік тілде-ақ сөйлесе берсеңдерші» деп бір ауыз айтып қалып едім, басым бәлеге қалды. «Орысша сөйлесе не бопты?» деп аудан әкімі дікеңдей жөнелді.

Тіпті әңгіме «соңғы кездері үндемеген сайын басқа шығып барасыз, осы залдан қуып жіберемін» дегенге дейін барды.

«Оу, бұл сенің жекеменшік үйің емес, бұл әкімдіктің ғимараты... Қалай қуып шығасың?» десем, аузына келгенін айтып, тіптен бой бермейді. Бұған дейін де әкімнің жөнсіз тірліктерін сынап жүрген болатынмын. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында мазаққа айналған марапат туралы да ашық айтылған.

2016 жылдың желтоқсанында ауданның біраз азаматы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекелік медалін» алатынын естіп-білдік. Бұл марапатқа осы ауданға еңбегі сіңген, осы өлкенің дамуына атсалысқан жандар ие болатын шығар деп ойлағанбыз.

Сөйтсек, аудан әкімі А.Тохтасунов марапаттау рәсімін туған әкесі Имтахуннан бастап, 50 адамға табыстады. Әкімнің өзі мен әкесінің, нағашысының осы медальді кеуделеріне жарқырата таққанын кездейсоқтық деп ойламаймын. Бір үйден екі адамнан алғандар бар. «Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса» деген мақал осындайда айтылса керек.

Тіпті өмір бойы осы әкімдікте еңбек етіп келе жатқан қызметкерлердің тасада қалып, аудан әкімдігінің жас мамандары, Үлкен Ақсу ауылдық округіне кеше ғана жұмысқа алынған маман мен сол округке жаңадан әкім боп тағайындалған шенеуніктің осы медальмен марапатталуын қалай түсінеміз? Негізі, кімге марапат беруді арнайы комиссия шешуі керек емес пе? Ал бізде тізімнің бәрін аудан әкімінің жалғыз өзі шеше салған сияқты.

«МҮГЕДЕК БОЛҒАН СОҢ АЯП ОТЫРМЫН» ДЕДІ...
– Мен ІІ топ мүгедегімін, – деп жазыпты Шырын ауылының тұрғыны Жамал Оқаева аудан прокурорына жолдаған арызында. – Мүмкіндігім шектеулі болса да, кәсіп игеріп, елдің дамуына өз үлесімді қосып келемін.

Ауданда алғаш болып қазақ халқының қолөнер шеберханасын аштым. 2016 жылы аудандық мәслихатқа депутат болып сайландым. Бірнеше ауылда жекеменшік балабақшаның ашылуына мұрындық болдым. Міне, осы еңбегімді жоққа шығарып отырған аудан әкімі Алимжан Тохтасунов намысымды таптап, үлкен жиында дөрекелік танытты.

Аудан әкімінің есеп беру жиынында мен мына мәселелерді көтердім: мәдениет үйі қашан жөндеуден өтеді, Шырын ауылының кіреберіс жолын ауыр көліктер жарамсыз етіп тастаған, ол қашан бүтінделеді, ауылдағы балабақша құлағалы тұр және ауылдағылар үшін несие алудың қиындығын айттым.

Оның үстіне жыл сайын көктемгі егістік мәселесі барлық шаруа қожалықтары басшыларын алаңдатады. Су мәселесі дау болған сайын әкім өзі келмейді, үнемі орынбасарын жібереді. Әйтпесе халыққа берген уәдесін орындап, елмен өзі келіп жолығып кетсе болады ғой. Мен мүмкіндігім шектеулі болса да, ешкімнен нан-шай сұрап жүргенім жоқ.

Аудан әкімі бірнеше рет жасымның үлкендігіне, мүгедектігіме, ана екеніме қарамастан, намысымды таптады. «Сіз керек емес сұрақ қоясыз, көп сөйлейсіз» деп қолын сілтеп, айқайлап кетті. Одан кейін де үлкен жиында аудан әкімдігі қызметкерлерінің көзінше тағы да тілдеп, дөрекілік көрсетті. Тіпті «жиыннан шығып кетіңіз, сізді көргім келмейді, мен сізді бекер сайлаппын, «отказ» жасауым керек еді, мүгедек болған соң аяп отырмын» деген ауыр-ауыр сөздер айтты.

ӘЛДЕБІРЕУЛЕРДІҢ СОЙЫЛЫН СОҒАТЫН СИЯҚТЫ
Тиляпжан Рахмаев, еңбек ардагері:

– Өзім осы Шонжы ауылының тумасымын. Өмір бойы санэпидемиология саласында жұмыс істедім. 1983 жылы осы аудандық санэпидстансаның бас дәрігері қызметіне тағайындалып, оны 32 жылдан астам уақыт абыроймен атқарып, 2015 жылы зейнеткерлікке шықтым. Ауданның бүкіл өсіп-өркендеуі, дамуы көз алдымда өтті. Жеті аудан басшысымен бірге жұмыс істедім.

Қазіргі әкім Алимжан Тохтасунов та осы ауданның тумасы, бірақ бұл өңірде бұрын-соңды жұмыс істемеген. Оның ағасы да бір кездері осы ауданның әкімі болған. Ол кісімен жақсы қарым-қатынаста болдық. Ағасы аудан халқымен түсінісіп, бірлесіп жұмыс істеді. Ал қазіргі әкім ешкімді тыңдамайды, тек менің айтқаным болады дейді.

Бұл қалай сонда? Әкімшілік деген коллегиялық орган емес пе? Мемлекеттік қызметкердің этикасына жатпайтын қылықтар жасайды. Өзіне бағыныштылармен тіл табысып, сөйлесе алмайды. Ауыл-аймақты аралағанда адамдарды боқтағанын талай мәрте көрдім. Әйел екен, жас екен демейді. Намысқа тиіп сөйлейді.

Президенттің өзі мемлекеттік қызметкердің өте сыпайы, мәдениетті болуы керек екенін күн сайын айтып жатыр емес пе? Аудан әкімі әлдебіреулердің сойылын соғатын сияқты. Мен мәселені үнемі ашық түрде айтамын. Тіпті аудан әкімінің өзіне де айтамын.

АҒЫН СУДЫҢ АҚЫСЫ КӨТЕРІЛІП КЕТТІ
Тоқатай Иманалиев, шаруа қожалығының төрағасы, Тасқарасу ауылы:

– Бізді биыл ағын судың мәселесі қатты алаңдатып отыр. Осыдан үш жыл бұрын аудан әкімдігі біздің меншігімізде тұрған арық-каналдарды алып, «Казводхозға» беріп, бәрін тазалап, жөндеп береміз, тазалаймыз деген.

Бірақ үш жылдың ішінде ештеңе істеген жоқ. Енді биылдан бастап судың ақысы көтеріліп кетті. Қазір «Казводхоз» мекемесі «бізбен келісімшартқа отырмасаң, су бермейміз» деп қысуда. Амал жоқтықтан, келісімшарт жасастық. Бұрын бір жылда су ақысына 50-60 мың теңге төлесем, биыл бұл сома 1 миллион теңгеге жетті.

Биылдан бастап ауыл шаруашылығына берілетін субсидиялар тоқтады. Жанармай тағы қымбаттады. Енді, міне, судың бағасы да жағадан алуда. Бұл жанашырлық емес қой. 260 гектар суғармалы жерім бар. Оның 200 гектарына жүгері, 50 гектарына көпжылдық жоңышқа еккенмін.

ӘКІМ О БАСТА ТІРЛІГІН ЖАҚСЫ БАСТАДЫ
Мэльс Ахметжанов, еңбек ардагері, Кіші Диқан ауылының тұрғыны:
АМАНДЫҚ БАТАЛОВ НЕГЕ БАТЫЛСЫЗДЫҚ ТАНЫТТЫ?– Ауданда атқарылып жатқан тірліктер де, кемшіліктер де бар. Аудан әкімі о баста тірлігін жақсы бастады. Кейіннен «кеңесшілері» көбейіп кетті ғой деймін. Солар әкімді басқа жаққа бұрып кеткен сияқты. Әрине, әкімнің дөрекі екенін елден естіп жатамын. Өз басым ондай мінезін көрмедім. Әкімнің іскерлік қабілеті бар. Қанша дегенмен ғалым адам.

Талай мәселені айттым. Түсінді. Біздің ауыл, негізінен, мал шаруашылығымен айналысады. Қазір жекенің мал саны кешегі кеңес заманы кезіндегі мемлекеттің малынан да асып кетті. Осыдан кейін ауылда мал жайылымы мәселесі бар.

ҚАЙТА-АЙТА ӘБДЕН ШАРШАДЫҚ
Иманқұл Байтілепов, еңбек ардагері, Үлкен Диқан ауылының тұрғыны:

– Бір жылдан бері біздің ауылға «ауызсу құбырын жүргіземіз» деп жолдың бәрін қазып тастады. Көлік жүре алмайды. Үйілген топырақтардан үй көрінбейді. Әкімдік не жолды тазалап бермеді, не ауызсу құбыры тартылмады.

Ауызсуды бұрынғыдай сайдағы өзеннен тасып ішіп жатырмыз. «Жұмысты қолға алған мердігерлер ақшаның бәрін жұмсап қойыпты» деген әртүрлі алыпқашпа әңгімелерді естиміз. Қайсысы рас, қайсысы өтірік екенін бір Алла біледі. Ауылда 180-дей отбасы бар. АМАНДЫҚ БАТАЛОВ НЕГЕ БАТЫЛСЫЗДЫҚ ТАНЫТТЫ?Негізінен, жер өңдеп, мал бағумен айналысады.

Ауылдың басында тұратындар жайылымдық жерге су шығарып алды. Соның салдарынан төменгі жаққа ағын су жетпейді. Жайылымдық жерлерді қоршап-қоршап алып, мал жүрмейтін қып тастады. Үш жылдан бері осы мәселені аудан әкіміне айта-айта әбден шаршадық. Биыл ғана ептеп сең

бұзылып, бірқатары жерлерін тастап кетті. Аудан басшысы аралап кеп, «мәселені шешеміз» деп кетеді. Дегенмен де жайылымдық жерлерді бермей отырғандар аудандағы бір дөкейлерге арқа сүйейтін сияқты. Ал ауыл жолдарының тас-талқан боп жатқанын айтып бармаған жеріміз қалмады. Осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын біздің ауылдан құдық қазып, қойшыларға жерасты құбырлары арқылы су жеткізген. Былтыр бір мекеме сол жерлерді қазып, құбырларды шығарып алды.

Орнын жабуды тағы ұмытып кетті. Менің екі гектардан астам жерімді осылай қақ бөліп, бүлдіріп тастады. Ештеңе еге алмадық. Өйткені ортасындағы шұңқырлардың кесірінен жерімнің жартысына ағын су жетпейді. Ауылдағы осы шұңқырларды ретке келтіруге ешкімнің шамасы келмеді. «Кінәлі адамдарды өздерің тауып келіңдер» дейді. Біз қайдан табамыз?

Кезінде «не үшін қазып жатырсыңдар?» деп сұрағанбыз, сонда олар «бізде аудандық әкімдіктен, басқа да құзырлы мекемелерден рұқсат қағаз бар» деп аузымызды аштырмаған еді. Шұңқырдың тереңдігі – 1,5, ені – 1,5 метр. Егер қараңғыда атпен шауып бара жатқан адам абайсызда түсіп кетсе, әй, аман қалуы қиын-ау...

Міне, ауыл тұрғындары осылай дейді. Ауданда шешілмей жатқан мәселе көп. Иманқұл ақсақал айтқан ауызсу құбырлары, шынында, үлкен проблема боп тұр екен. Үлкен Диқан ауылына ауызсу құбырын тартуды міндетіне алған «Шахстрой» ЖШС жұмысты аяқтауды тым кешіктіріп жібергендіктен, бұл компанияға қатысты сот тергеуі жүріп жатыр.

161,3 млн теңге бөлінген бұл құрылыстың қазіргі дайындығы 65 пайызды құрапты. Былтырғы жылдың қазан айында пайдалануға берілуі керек еді. Алда бұл құрылысқа байланысты қым-қиғаш сот істері жүретіндіктен, ауылға таза судың қашан келетінін ешкім дөп басып айта алмайды. Сондай-ақ Кетпен ауылында салынып жатқан мектеп құрылысында да кедергілер кездесуде.

Жобалық құны 326 млн теңгені құрайтын бұл ғимараттың құрылысын жүргізуді «Азамат құрылыс» фирмасы қолға алғанымен, тендерде жолы болмаған басқа фирма сотқа сүйреп, әуре-сарсаңға салған. Осыдан кейін құрылыс қарқыны бәсеңдеп, тіпті аудандық білім бөлімінің есепшоты уақытша жабылып та қалған көрінеді.

Қазір екі айдан бері аудандағы балабақшалардың 461 қызметкері жалақысын ала алмай жүр. Бұл проблема аудан әкімін қаншалықты ойландырады?

Шонжы ауылының тұрғыны Мақсат Қабиұлы бұл ауданға қоныс аударған 200 оралман отбасымен бірге көшіп келіпті. Мал асырап, ет сатуды мақсат тұтқан Мақсат аудан әкімінен жер сұраған. Енді үш жылдан бері «әне беріп қалады, міне, беріп қаладымен» үмітін үзбей күтіп жүр. Отаным деп келген оралман бауырларға жер жоқ, ал басқаларға инвестициялық мақсатта деген желеумен жер беріліп жатыр.

Соның арқасында «Шоңжыагро» серіктестігі 800 гектар жерді иемденіпті. Басқа да фирмалар жерге иелік еткен. Бірақ солар, шынында, жерді игеріп, тірлік жасап жатыр ма?

Осы сапарымызда Ұйғыр ауданының әкімі Алимжан Тохтасуновтың өзіне жолығып, жұртты наразы еткен мәселелердің жайын сұрап, өз аузынан жауап естімек болғанбыз. Бірақ «Астанаға ЭКСПО көрмесін аралауға кетті» деген аудан басшысының ұялы телефонына қоңырау барғанымен газет беттеліп біткенше тұтқаны көтере қоймады.

Дереккөз: Жас Алаш
Просмотров материала: 2 806

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 445 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 264 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 236 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 181 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 162 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 502 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 257 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 282 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 746 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 884 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 120 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 321 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 634 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 782 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 838 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 150 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930