28 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



КӨКШЕТАУДА БАСПАНАСЫЗДАР ҚАТАРЫ АЗАЙМАЙ ТҰР

КӨКШЕТАУДА БАСПАНАСЫЗДАР ҚАТАРЫ АЗАЙМАЙ ТҰР Көкшетауда тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың саны 8 мыңнан асып отыр. Қалада құрылыс жүрмей тұр деуге болмайды. Алайда, жоспарланған көрсеткіш үйге мұқтаж адамдардың сұраныстарын қамтамасыз етуге мүлдем жеткіліксіз, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қалалық құрылыс бөлімінен алынған мәліметтерге үңілсек, тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін «Сарыарқа» шағын ауданында тоғыз қабатты 45 пәтерлік тұрғын үй құрылысы жүруде. Осы ауданда жас отбасылар үшін отыз пәтерлік 3 тұрғын үй салынуда. Биылғы жылдың шілде айында Көктем шағын ауданында 45 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталды. Сондай-ақ Центральный шағын ауданында тоғыз қабатты 45 пәтерлік үй салынуда.

Қоғамдық қабылдауларда жатақханамен қамтамасыз етуге көмек сұрай келетіндердің де қатары көп. Сондай-ақ, үйі барлар да үй сұрап жүр. Көпшілігі үйді кезексіз алудан да үмітті.

«Заңға сәйкес, тұрғындар пәтерді кезекпен ғана ала алады. Біз үшін барлық тұрғынның жағдайы бірдей, біреудің тұрмыс жағдайының ауырлығына қарап, кезекте тұрған өзге адамды ығыстыруға құқымыз жоқ. Мүгедектер мен жетім балаларға, сондай-ақ, аз қамтылғандарға да мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықтар заң шеңберінде жалғаса береді», – дейді қала әкімінің орынбасары Иван Юрченко.

Үй алуға мүмкіндік туғызып отырған банктердің бірі – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі». Бірақ банктің аты айтып тұрғандай, алдын ала пәтер бағасының тең жартысын жинауыңыз қажет. Әйтсе де қазіргі күні пәтерді айына 60-70 мың теңгеге жалдап тұрып жатқан жандар үшін бұл пәтерлі болудың бірден-бір жолы. Дегенмен, ондай үйлерге қол жеткізу де оңай болмай тұр.

«Бұл бағдарламаның да машақаты жетерлік. Жас отбасы, мемлекеттік қызметкер, тағы да басқа топтарға жататын және ең бастысы, жалақың үй үшін төлейтін ақшаға жететін болуы қажет. Оған ай сайын үйдің көлеміне байланысты кем дегенде 45-50 мың теңгені табысыңнан жырып беріп отырасың. Жылуың, ыстық-суық суың, газ, жарық, басқа да ұсақ-түйектер жетіп артылады. Ал, оны әркімнің жағдайы мен қалтасы көтере ала ма?», – дейді Шолпан Елемесова есімді қала тұрғыны.

«Нұрлы жол» бағдарламасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, салынған кредиттік тұрғын үйлердің 50%-ы жергілікті атқару органдарында кезекте тұрғандар арасында бөлінуі тиіс. Оның үстіне, олар аталған банктің салымшылары болуы керек.

«1 бөлмелі пәтердің 1 шаршы метрі 100 мың теңге, яғни, 46 шаршы метр 1 бөлмелі пәтердің құны 4 миллион 600 мың теңгені құрайды. Осы ретте салымшы 2 миллион 300 мың теңге жинақтауы тиіс. Негізі пәтер құнының 50 пайызын жинау керек. Алайда пәтердің толық сомасын жинағандардың баспана алуға мүмкіндігі жоғары екенін баса айтқым келеді. Бұрын жергілікті атқарушы органдарда тізімде тұрғандардың алдыңғылары пәтер алып келді. Енді «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрғандардың арасында банк салымшылары арасындағыдай конкурс өткізіледі. Егер сіз кезекте 500-ші болып тұрсаңыз да депозитте жинаған қаражатыңыз болса пәтер алуға мүмкіндігіңіз де жоғары болады. Көкшетаудағы Абылай хан даңғылы, Сарыарқа ықшам аудандарында 216 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысы жүруде. Бұл пәтерлердің кілті тек «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" клиенттеріне беріледі. Яғни, сатып алушының міндетті түрде аталған банкте есепшоты болуы керек. Және онда жылжымайтын мүлік құнының 30 пайызы болуы шарт»,– дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Ақмола облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Нұржан Әлібеков.

Банк арқылы баспана алудың ең басты жолы – салымшы болу. Қаражат жинағандардың ғана пәтер алуға мүмкіндігі бар.

«Банктен шотты жай ғана ашып қою жеткіліксіз. Жеті жыл бұрын ашып, 10 мың теңге ғана салған тұрғындар да бар. Сондықтан да, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде кезекте тұрған азаматтар өздері туралы мәліметтерді қайта тексерткендері жөн. Өйткені кей азаматтарда ЖСН болмайтын жағдайлар кездесіп жатады», – дейді Н.Әлібеков.

Банк өкілінің айтуынша, бұған дейін пәтерлердің 50 пайызы жергілікті атқарушы органдарға кезекте тұрғандарға, 50 пайызы банк салымшыларына беріліп келген. «Нұрлы жол» бойынша баспана алу үшін міндетті түрде алатын пәтер құнының 30 пайызын жинақтау қажет. Айталық, 1 бөлмелі пәтер құны 4 миллион теңгеге жуықтаса, 1 миллион 200 мың теңге қаражат жинауға тиіссіз.

Үй алғысы келген азаматтар қолындағы бар ақшасын «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» жинап жатыр. Алайда, көп салымшылар жиналған ақшаларының тұрғын үй алуға жетпейтіндігіне алаңдаулы.

«Қалада бір пәтерден екінші пәтерге көшіп жүргенімізге он жылдан асты. Үй бағасы шарықтап кетті. Пәтер жалдау бағасы да одан кем түсіп жатқан жоқ. Осыдан үш жарым жыл бұрын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» ашқан жинақ шоттағы қаражатым тек бір бөлмелі пәтерге ғана жетеді екен. Банк мамандары мұның себебін осы үш жылдың ішінде пәтер құны қымбаттағанымен түсіндіріп отыр»,–дейді Ермек Құрманов есімді қала тұрғыны.
Просмотров материала: 2 187

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 478 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 317 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 305 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 243 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 198 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 609 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 395 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 311 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 220 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 266 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 378 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 418 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 969 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 908 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031