29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН ДЕПУТАТТАРҒА ҚАЗАҚТЫҢ КӨНЕ ЕСЕБІН ШЕШУДІ ҰСЫНДЫ

28 июнь 2017, 13:34
БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН ДЕПУТАТТАРҒА ҚАЗАҚТЫҢ КӨНЕ ЕСЕБІН ШЕШУДІ ҰСЫНДЫ Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдап, фольклордың өзіндік бір тармағы ретінде халықтың көне есептерін зерттеуге қолдау көрсетуді сұрады. Ол бұл мәселенің маңыздылығын айта келе, әріптестеріне қазақтың байырғы есептерінің бірін шешуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елбасы "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында "Жаңғыру бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрге шекеден қарамауы керек. Керісінше замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу керек. Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды" деп жазды.

Елбасының осы бастамасын жалғастыру мақсатында және осы бастамада көрсетілген міндеттер мен тапсырмаларды іске асыру үшін бір топ гуманитарлық және нақты ғылымдар мамандары, атап айтсақ, филология, әдебиеттану, математика, физика, IT-технология, техника және басқа да ғылым мамандары, ғылым докторлары мен кандидаттары

"Ұлы далалық байырғы қазақи көне есептер – қазақ фольклорының қасиетті рухани құндылығы" атты ғылыми жобаны жүзеге асыруға ұсыныс беріп отыр", — деді Бекболат Тілеухан мәжіліс отырысында.

Депутаттың айтуынша, фольклор тек қана аңыз, қисса, ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш қана емес, оның ауқымы өте үлкен.

"Мәселен, жұмбақтар дегеніміз дедукция және индукция әдістерімен шешілетін математикалық логика есептері екені баршамызға мәлім. Демек, халықтың байырғы көне есептері фольклордың өзіндік бір тармағы болып табылатын дүние. Өкінішке қарай, бұл тақырып осы күнге дейін бізде ғана емес, барлық елдерде де зерттелмеген. Тіпті, зерттелуі басталмаған проблема. Демек, халықтың көне есептерін зерттеу, оны бір жүйеге келтіру өз алдына жаңа ғылыми бағыт болып табылмақ", — дейді ол.

Халық қалаулысының сөзінше, қазақтың көне есептері қарапайым арифметикадан бастап, геометрияны, жоғары математиканы, тіпті сандар теориясын қамтиды. Оның ішінде Абылай хан, Бәйдібек, Төле би, Қазыбек би, Саққұлақ шешен сияқты тарихи тұлғалардың есімдерімен аталатын есептер өзіндік келбетімен ерекшеленіп тұратынын айта келе, депутат әріптестеріне қазақтың көне есептерінің бірін шешіп көруді ұсынды.

"Бір үлкен ас болыпты, сол асқа мың адам қатысыпты. Астың шарты былай болған: төреге төрт табақ, қожаға қос табақ, төртқараға бір табақ. Сол аста 650 табақ тартылыпты. Сонда кімге қанша табақтан келді? Осыны шешу керек. Осыны каникулға шейін шешіп, ойланып көріңіздерші", — деді Бекболат Тілеухан.

Бұған қоса депутат кеңес одағы кезіндегі белгілі малшы-селекционер Жазылбек Қуанышбаевтың есепке алғырлығын мысалға келтірді.

"Жазылбек Қуанышбаевты білесіздер, мың қойды бар болғаны 3-4 минуттың ішінде есептеп шыққан. 20, 30 қойды топтап санайтын болған. Фотографиялық жад деген біздің ата-бабамызда болған нәрсе. Ментальдық арифметика дегенді қазір айтып жатырмыз. Ол ата-бабамызда баяғыда болған дүние. Осыларды қайта қалпына келтіруге болады ғой. Осыға кірісу өте маңызды", — деген халық қалаулысы Үкімет басшысынан ғалымдарға қолдау көрсетуді сұрады.
Просмотров материала: 2 199

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 514 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 353 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 341 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 279 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 234 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 619 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 276 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 428 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031