6 декабря 2021 г.

Мы в соц сетях:



Бүгін Мағжан Жұмабаевтың дүниеге келгеніне 124 жыл

Бүгін Мағжан Жұмабаевтың дүниеге келгеніне 124 жыл Бүгін Кеңес өкіметінің билігі тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі - Мағжан Жұмабаевтың туған күні. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде идеологиялық қудалауға ұшырады.

Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдыры аса күрделі белестерді бастан кешірді. Мағжан Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында туған. Әуелі ауыл молдасынан сабақ алады. Бұдан соң әкесі Бекен Мағжанды Қызылжардағы Бегішев медресесіне оқуға береді.

Мұсылмандық орташа дәрежелі білім беретін бұл медресені бес жылдай оқып бітірген соң, 1910-1913 жылдары Уфа қаласында «Ғалия» медресесінде оқиды. Осында жүріп «Садақ» журналын шығарысып, өзінің өлеңдерін жариялайды. Абайдың өлеңдер жинағымен танысады, татар ақын-жазушыларымен достасады.

Араб, парсы, түрік тілдерін оқып үйренуін жалғастырады. Орыс тілінен сабақ алады. Абай үлгісімен Шығыс пен Батыс поэзиясынан бірдей нәр алады.

1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны үздік бітіреді. Омбыда оқып жүрген кезінде сондағы жастармен тізе қосып, «Бірлік» әдеби үйірмесін құрысып, оның «Балапан» атты қолжазба әдеби журналын редакциялайды.

1917-1923 жылдары «Бостандық туы», «Ақжол» газеттерінде және «Шолпан» журналында істеп жүріп халық ағарту жұмысына белсене араласады. 1923-1926 жылдары Мәскеуде көркем әдебиет институтында оқиды.

1927-1929 жылдары Бурабайда, одан соң Петропавлда оқытушылық қызметтер атқарады. 1912 жылы Қазан шаһарында «Шолпан» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. «Батыр Баян», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Өтірік ертегі», «Шын ертегі» поэмаларында адам жанының, психологиялық әлемнің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын асқан шеберлікпен кестелеп өрнектей білген.

Кеңес жылдары екі өлеңдер жинағын жариялаған. Алғашқысы - 1922 жылы Қазанда, екіншісі Ташкентте басылып шыққан. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап «Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» еңбектерін жариялаған.

1929 жылы Жұмабаев «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесілген. 1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға оралып, Петропавл қаласындағы мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген.

1937 жылы наурызда Мағжан Жұмабаев Алматыға келіп, аударма ісімен айналысқан. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілген. М. Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма» өлеңін Мұстафа Шоқай «Яш Түркістан» журналында жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең пайдалы өлең деп бағалаған.

Жұмабаев - философ ақын. Ақын «Қорқыт» поэмасында философиядағы мәңгілік тақырып - өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы түрінде суреттеген.

Жұмабаев Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу үлгілерін жинауға жәрдемдескен. Ол әлемнің және орыстың ақын-жазушылары И. Гете, Г. Гейне, Әбу Фирас, А. Кольцов, М. Лермонтов, А. Фет, И. Дмитриев, И. Мятлов, А. Блок өлеңдерін, М. Горький, В. Иванов, Д. Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударған.

Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізген. Әдеби шығармаларымен бірге Мағжанның қаламынан туған ғылыми еңбектер, оқу құралдары да кезінде халқының қызметіне жарап, елеулі мәнге ие болды. Жастарды оқу, білімге шақырған қаламгер педагогика саласында бірқатар еңбек жазды.

1923 жылы Ташкентте "Педагогика" атты кітап шығарды. Сонымен бірге 1928 жылы Мәскеуде төменгі сынып шәкірттеріне арналған "Сауатты бол" атты оқулығы жарық көреді. Ақын 1960 жылы ақталған соң, кітаптары Түркияда жарық көре бастаған. Қазақстанда Жұмабаев шығармалары 1989 жылы ғана қайтадан жариялана бастады.

Алматы, Астана және Петропавл қалаларында көшелерге Жұмабаев есімі берілген. Петропавл қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған. Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Булаев ауданы М. Жұмабаев ауданы болып аталды.


Казинформ
Просмотров материала: 2 680

Поделиться материалом


12:57 Подростка сбили насмерть на пешеходном переходе в Актобе... 773 Просмотров

12:40 Начато расследование в отношении птицефабрик Карагандинской... 763 Просмотров

12:28 Как изменился курс доллара... 736 Просмотров

12:16 Молодой человек пропал после допроса в Атырау... 781 Просмотров

12:00 Сотрудницы "Казпочты" присвоили миллионы тенге,... 729 Просмотров

11:38 В Атырау браконьеры убили краснокнижных сайгаков на 1,6... 730 Просмотров

11:22 Сирот вычеркивали из списков очередников на жилье в... 727 Просмотров

11:12 «Қазір бағаны бірқалыпты ұстап тұру мүмкін емес»: Министр... 840 Просмотров

11:08 Шымкентте балалары кредит алдырып, үйден қуып шыққан әжей... 9 580 Просмотров

11:05 УЕФА "Астанаға" 150 мың евро айыппұл салып, еурокубоктан... 732 Просмотров

11:00 Убийство Аяжан Едиловой: подозреваемый не признает своей... 734 Просмотров

10:52 Атырауда жауап алуға шақырылған жігіт полиция ғимаратынан... 1 046 Просмотров

10:48 Аяжан Еділованың өлімі: күдікті зорлық жасамағанын мәлімдеді... 1 682 Просмотров

10:45 20 человек умерли от коронавируса в Казахстане за сутки... 681 Просмотров

10:30 Первый артхаусный фильм IVI Originals «Белый кит» попал в... 684 Просмотров

10:25 Қазақстанда COVID-19-ды жұқтырушылар саны 974 мыңнан асты... 424 Просмотров

10:22 686 новых случаев заболевания коронавирусом выявлено в... 414 Просмотров

19:05 Глава государства Касым-Жомарт Токаев принял председателя... 650 Просмотров

18:51 Более 3 миллионов тенге перевели казахстанцы мошеннику из... 647 Просмотров

18:38 55-летнюю женщину держали в рабстве в Костанайской области... 693 Просмотров

18:26 При подаче заявления до конца года действует текущий порог... 670 Просмотров

18:15 Кей қазақстандықтар зейнетақы жинағын биыл пайдалана алмады... 633 Просмотров

18:10 Штормовое предупреждение объявлено в шести областях... 618 Просмотров

17:56 Четыре человека пострадали в массовом ДТП в Актюбинской... 641 Просмотров

17:51 Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді... 744 Просмотров

17:38 Нұр-Сұлтанда Жаңа жыл шыршасы қашан жағылатыны белгілі болды... 644 Просмотров

17:35 БҚО-да кәсіпорын басшысы 150 млн теңгенің салығынан жалтарды... 641 Просмотров

17:32 Пойыз купесінде дәрет сындырған еркек 3 тәулікке қамалды... 629 Просмотров

17:22 Инициатива по раздаче пенсионных средств изначально... 608 Просмотров

17:00 "Требуется еще 1 млрд долларов": LRT планируют достроить в... 584 Просмотров

16:57 Мектеп директорларын ауыстыру қашан басталады?... 863 Просмотров

16:55 Алматыда тағы бір адам 12 қабаттан секіріп кетті... 642 Просмотров

16:46 Скандал с попыткой суицида: уволенного прокурора... 507 Просмотров

16:43 Ақтауда көлік қызды қағып кетті – оқиғаның видеосы... 557 Просмотров

16:38 2022 жылы қанша адам зейнетақы жинағын пайдалана алады?... 567 Просмотров

16:31 Сколько человек смогут снять пенсионные в 2022 году,... 504 Просмотров

16:30 Үкімет зейнетақы қорына қатысты шешімді халықпен ақылдаспай... 546 Просмотров

16:24 А.Күрішбаев: жоғары оқу орындарында кадрларды дайындау... 504 Просмотров

16:22 Қызылорда облысында екпеге қарсы әйел дәрігерлерге жұмыртқа... 566 Просмотров

16:19 Алматылық аферист әйелді алдап, 11 млн теңгесін алды... 524 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031