25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Академик ағамыз – 60 жаста

Академик ағамыз – 60 жаста Болатхан ағамызды нағыз академик дейтін себебім, ол кісінің мен білгелі бері, барлық жағдайларда, әр уақытта пендешіліктен, қазіргі кезде жаппай кең тараған «прагматизмнен» биік тұрғандығы. Мінезінің сыпайылығы мен жұмсақтығы, кішіпейілділігі өз алдына бөлек әңгіме. Бірақ осындай жұмсақ мінезі «принципиальный» тұғырнамалық ғылыми мәселелерге келгенде «жұмсақ» болмай қалады.

Осындай ғаламат азаматты, ғалымды соңғы жылдарға дейін Қазақтың емес, Моңғолияның ғылым академиясы өз мүшелігіне алып, жоғары бағалап жүргені, шынымды айтсам, аздап мазалап жүр еді. Құдайға шүкір, Қазақтың Ұлттық Ғылым академиясы да Болатхан ағамызды өз мүшелігіне қабылдады. Бұл бір әділ, дұрыс шешім болған сияқты.

Болатхан ағамызбен менің жақын танысып, араласқаныма 8-9 жылдай болды. Ал кейінгі 6-7 жылдан бері біз творчестволық тығыз қарым-қатынастамыз десе де болады. 2010-2011 жылдары ол кісі «Адам және жануарлар физиологиясы институтын» басқарып тұрған кезде, мен директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Институттың даму тарихындағы бұл кезең «драмаға толы» болатын.

Соған қарамастан соңғы 10-15 жылдағы Институттың ең табысты жылдары болды. Ең алдымен, Болатхан аға Министрліктегі басшыларды өзінің дәйекті уәждеріне сендіріп институттың қаржыландыру көлемін 2 есе арттыруға қол жеткізді. Бұл «Адам және жануарлар физиологиясы институтының» кадрлық және құрылымдық тұрғыдан толыққанды жұмыс істеп, маңыздылығын қалпына келтірген кезі болатын. Болатхан ағамыз көптеген кедергілерді жеңіп осы институттың жанынан диссертациялық кеңес ашты.

Сол диссертациялық кеңесте бірнеше ондаған диссертациялар қорғалып, физиологиялық ғылымның кадрлық құрамы мен білікті мамандарының іргесі ғылыми бағдарламалар мен жобалар қалыптастырылып, «жоғарыға» ұсынылып та еді. Бірақ, әттеген-айы сол – Болатхан ағамыз Институт басшылығын тастап, басқа жұмысқа ауысты. Мен жұмыс істеген 1,5 жылда Институтта әртүрлі деңгейдегі 11 тексеру жүргізілді. Сол тексерудің бір де біреуінің дәйекті қорытындысы болмады. Әншейін құр айғай, бос сөз. Ерекше атап өтетіні – сол пендешілік айғай-сүреннен Болатхан ағамыз жоғары бола білді. Менің ойымша, Болатхан Махатұлының кеткенінен, жалпы алғанда, физиология институты ұтылды; физиология ғылымы ұтылды, Қазақтың биология ғылымы да ұта қойған жоқ. Бүгінгі физиология институтының жайы-күйі – соның айғағы.

Ұлттық аграрлық университетке ауысқан соң байланысымыз одан әрі нығая түскендей. Соңғы 4-5 жылда Болатхан-ағаның бастамасымен 5-6 ірі жобалар мен бағдарламалар дайындалып ұсынылды. Бұл жобалар өңірлер мен аймақтардағы ауыл-шаруашылығындағы мәселелерді шешудің ғылыми негізін қалауға арналған еді. Осы жобалар мен бағдарламалар көптеген тың идеялар беріп, аймақтық ауыл-шаруашылығына жаңа ғылыми серпін әкелді, идеялармен байытты. Сол идеялармен қаруланған соң олардың бірқатары іске асырыла бастады. Бірақ, бізсіз – осы идеяларды жинақтап, қалыптастырған ғалымдарсыз. Мен ғылыми жетекшіміз Болатхан-ағаға келіп, өзімнің аздаған өкпелі екенімді білдірдім. Сондағы оның маған айтқан уәжі мынандай болды:

«Бірде Қожахмет Яссауиге бір оқушысы келіп: «Елін шын сүйетін адам қандай болуы керек?» – депті. «Ол күн сияқты болуы керек» – депті Қ.Яссауи.

– Сонда қалай?
– Күн бәріне жарығын, һәм жылуын береді, бірақ ешкімнен ақы сұрамайды – деген екен.

Біздің айтқан идеяларымыз іске асып жатса, оның Қазаққа пайдасы тиіп жатса болды емес пе?» – деп өзіме қарады.

Қазір, Болатхан Махатұлы ел ағасы болып, 60 жасқа келіп отыр. Ғалым ретінде, азамат ретінде әбден толысқан уақыты. Осы уақытқа дейін елге сіңірген еңбегі аз емес. Бірақ бергенінен көп берері алдында екені даусыз. Ұзақ, бақытты ғұмыр тілеймін. Болашақта толайым творчестволық табыстарға жететініне сенімдімін, себебі оның өмірлік пәлсапасы – «Күн сияқты болу»».

P.S. Менің оралымды ойлар мен пікірлерді жинақтап жүрген киіз кітабым бар. Сол кітабыма 2004 жылы 4 сәуірде, түнгі сағат 01.15-те былай деп жазыппын:

«Ғылымның нәтижесі тауар дедік те, оның рухани-идеологиялық маңызына «крест» қойдық. Содан бері ақша санап жүрміз». Иә, солай! Ақша санап жүрміз.

Тек, Болатхан-аға ақша санамайды.
Себебі, ол – нағыз академик!

Биология ғылымдарының докторы,
профессор Аралбай Н.К.
Просмотров материала: 2 010

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 208 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 029 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 001 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 942 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 924 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 489 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 243 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 269 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 731 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 858 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 034 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 315 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 312 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 558 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 706 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 832 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930