29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕДЕРГІ ЖЕТЕРЛІК

16 май 2017, 10:04
КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕДЕРГІ ЖЕТЕРЛІК Үкімет өңірлердегі кәсіпкерлікті дамытуға ден қойды. Осы мақсатта қолға алынған жаппай кәсіпкерлікке тарту бағдарламаларынан іскер халықтың үміті зор. Алайда бұл бағыттағы жұмысқа кедергі келтіретін факторлар аз емес.

Басты проблема – кепілзат

Кәсіпкерлікке тарту бағдарламасы аясында берілетін несиелерді алуда бизнесмендер ең алдымен кепілзаттың жоқтығын алға тартады. «Даму» қорының беретін қарызын алу үшін керек қаражаттан екі есе қымбат мүлікті кепілдікке қою керек. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған факторлардың тізімін жасаған республикадағы 10 өңірдің 7-і осы кедергіні ең үлкен проблема ретінде көрсеткен.

Банктер кепілзатсыз қаржы бермейді.

Бұған қоса екінші деңгейлі қаржы ұйымдары тек Алматы мен Астана секілді мегаполистердегі бизнесмендермен жұмыс істегісі келеді. Банктер өңірдегі кәсіпкерлерге көп жағдайда сенім білдіре қоймайды.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2015 жылы елдегі жалпы бизнеске берілген қарыздың 70% - ы Алматы мен Астананың кәсіпкерлеріне тиесілі болса, 30% - ы 5ана қалған 14 облыстың үлесінде екен.

Ал, 2016 жылы бұл мәселе тіпті күрделеніп, республика бойынша кәсіпкерлерге берілген қаражаттың тек 23%-ы ғана өңірлердегі кәсіпкерлерге бұйырған. Астана қаражаттың 29 %-ын алса, қалған жартысына жуық қаражат Алматы қаласының кәсіпкерлеріне аударылған.

Айтпақшы, жақында Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов оңтүстік өңірлерге жасаған жұмыс сапары барысында жағымды жаңалық жеткізді. Бұдан былай шаруа қожалықтарының кепілзатсыз-ақ несие алатынын мүмкіндігі болады. Ол үшін жалғыз шарт – кооперативке қосылу.

Кәсіп ашуға қаражат жоқ

Зерттеу қорытындысының нәтижесі көрсеткендей, кепілзат мәселесінен кейінгі тағы бір үлкен кедергі кәсіпкерлердің өз қаражатының болмауы. 5 облыстың әкімдігі осы мәселені елдегі бизнестің «бас ауруы» деп таныды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша, шағын бизнестің материалдық шығындарының көлемі бойынша облыстардың үлесі 56,8% болса, былтыр республика бойынша бизнесмендердің өздері құйған қаржының 57,5 %-ы 14 облысқа тиесілі болған.

Маман тапшы

Кәсіпкерліктің дамуына үшінші кедергі – білікті мамандардың жоқтығы. Бұл проблеманы елдегі 14 облыс ең басты мәселе ретінде атап көрсетті. 2016 жылы шағын бизнестегі жалдамалы қызметкерлердің саны 179,5 мыңға ұлғайып, 1 млн адамнан асты. Соның ішінде 58 %-ы (634,5 мың) өңірлерге тиесілі.

Бір жыл бұрын өңірлердегі бұл көрсеткіш 57,3 % болған еді. Жұмыс істеп тұрған шағын бизнестің саны жағынан да облыстарда алға ілгерілеу бар. 2015 жылы өңірлердегі жұмыс істеп тұрған шағын бизнес субъектілерінің саны 14 мыңға артып, 107,8 мыңға жетті.

Қағазбастылық

Кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіретін тағы бір фактор – қағазбастылық. Осы келеңсіздікті жою мақсатында «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасы Үкіметке бірқатар ұсыныс тастап, оның алғашқы нәтижелері де көріне бастады.

Мәселен, 2016 жылы бизнеске кедергі келтіретін әкімшілік кедергілердің 60%-ы алынып тасталған. Бұл туралы Алматы кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер бойынша директордың орынбасары Қайрат Құдайберген айтты. Оның айтуынша, палатаның ұсынысымен мемлекеттік актілерге 125 өзгеріс енгізіліп, қазір олар қолданысқа түсті.

Сонымен қатар биыл Алматы бөлімшесі мен Алматы қалалық прокуратурасы Бас прокуратураға бизнеске жайлы жағдай жасайтын тағы 30 ұсыныс тастаған.

«Әкімшілік кедергілердің 60%-ы жойылды. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмысты жалғастыра береміз. Бұл біз үшін маңызды. Дүниежүзілік банк рейтинг жасағанда тек Алматының көрсеткішіне ғана қарайды. Сол үшін мұндағы 187 мың бизнес субьектісіне қолайлы орта қалыптастыру керек», – деді Қайрат Құдайберген.

Өз кезегінде Алматы прокуроры Жандос Өмірәлиев кәсіпкерлердің негізсіз түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылатынына шағым айтатынын тілге тиек етті.

Өнім сату да оңай емес

Еліміздегі кәсіпкерлердің 73% өнімдерін тек өздері тұрақтаған өңірлерге ғана өткізеді. Кәсіпкерлердің 16,1% көршілес өңірлерге өнім жібереді. Олардың 8,1% ғана өнімдерін бүкіл Қазақстанға таратады. Отандық кәсіпкерлердің шамамен 3% ғана жақын және алыс шет елге, оның ішінде ЕАЭО елдеріне экспорттайды.

Бұл туралы таяуда жасалған «Іскерлік ахуал» рейтингінде жарияланды. Ресей Федерациясымен шекаралас өңірдің, атап айтқанда Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары кәсіпкерлерінің ЕАЭО елдеріне өнім экспорттауы өзге өңірлермен салыстырғанда жоғарырақ.

Қостанай облысы кәсіпкерлерінің 2,5% Қазақстан мен ЕАЭО елдеріне экспорттаса, Солтүстік Қазақстан облысында – 2,6%, ал Павлодар облысы кәсіпкерлерінің 3,5% ЕАЭО елдеріне шығады. Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстары кәсіпкерлерінің ЕАЭО елдеріне экспортқа шығу көрсеткіші 1%-дан төмен.

Жақын шет елдерге экспорт көрсеткіші Астана қаласы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында жоғары. Ал алыс шетелге өнімдерін жеткізуде Ақтөбе (4,1%) мен Жамбыл (2,3%) облысы белсенді. Үштікті Шығыс Қазақстан облысы түйіндеп тұр. Бұл облыстағы кәсіпкерлердің 1,4 % - ы алыс шетелге тауар жөнелтеді.

Дереккөзі: abctv.kz

Матрица.kz
Просмотров материала: 2 187

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 526 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 365 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 353 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 291 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 246 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 620 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 277 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 429 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031