24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ӘКЕСІНЕ ЖЕТЕ ТУҒАН АҚМАРАЛ

ӘКЕСІНЕ ЖЕТЕ ТУҒАН АҚМАРАЛ Ақмарал Ғаниқызы Оңтүстік Қазақстан облысының киелі өңірі Түркістан қаласында 1990 жылы маусымның 18 жұлдызында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы №4 орта мектептің табалдырығын аттағанында, тұңғыш рет қолына қалам ұстатып 42 әріпті танытқан, тәрбиелеген ең алғашқы ұстазы әрі аяулы анасы Роза Ертуғанова болатын.

Тумысында ана тілінің уызына қанығып өсуіне, өмір құбылысын ұғуды үйреткен, ақындықтың әліппесімен таныстырған, шығармашылыққа баулыған асқар тауы әкесі – ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Ұстаз», «Түркістан ұланы» газетінің тұңғыш рет іргесін қалаған редакторы, сондай-ақ қалалық білім бөлімінде әдіскер қызметін атқарған Ғани Ысқақовтың игі әсері мен ықпалы зор болды.

Отбасында Ақмарал ерке, еркін, білімге құштар, елгезек те зерек, бала кезінен бастап арманшыл, әділет құмар, байқампаз, аналитик боп өседі. «Журналист» болсам деген үлкен арманына темірқазықтай болған әкесі қолдау көрсетеді.

«Арқалағаны алтын, жегені жантақ» дегендей, журналистік мамандықтың қызық та қиын екенін ата-анасы біле тұра перзентінің мамандық таңдауына қарсы келмейді. «Кісі болар баланы кісесінен танисың...» дегендей, мектеп қабырғасында оқып жүргенінде-ақ тырнақалды туындыларын там-тұмдап БАҚ беттеріне жариялай бастайды.

Жақсы мінез-құлық пен ақыл, адамшылық қасиеттері қалыптасқан Ақмарал сөзімен өлең өріп поэзия саласына да нық қадам басады. Көкірегіне тәңірден жыр құйылған Ақмаралдың «Сағынышым жырыма қанат берген» атты алғашқы жыр жинағының тұсауы кесіліп жарық көреді. Бұл жинақта марқұм әкесіне деген сағынышын көсіле жырлап көркем шынайы терең сезіммен жеткізе білген.

Ақмарал Ғаниқызы 2007-2011жыл аралығында Қ.А.Ясауи атындағы ҚХТУ-дің «Журналистика» бөлімін мемлекеттік грант негізінде оқып тәмамдайды. Университет қабырғасында оқып жүргенінде оқу озаты атанып, қосымша атаулы «Әл-Фараби» атындағы шәкіртақының иесі болды. Сонымен қатар, студент шағында ерекше белсенділігімен, іскерлігімен тас-түйін «дайын кадр» ретінде назарға ілігіп, өңірдегі жергілікті басылымдарға жұмысқа арнайы шақыртылады.

Журналистік қырын кеңінен ашу үшін жазғы демалыс кезеңінде Созақ аудандық «Теріскей» редакциясында еңбекке етене араласып, тәжірибесін шыңдайды. Осы мезетте «Жас қазақ үні», «Мұқағали», «Үркер» сынды газет-журналдарға да құнды мақалалары жарияланады.

2011-2012 жылдары өзі түлеп ұшқан университетте баспасөз бөлімінің жетекшісі қызметін атқарады. 2012 жылдан бастап Түркістан қаласындағы «Тұран-Түркістан» телеарнасында дикторлық, журналистік қызметтерді қалтқысыз атқарады. Оның тапқырлықпен, дәл нысаналықпен зерделеп түсірген әртүрлі тақырыптағы репортаж хабарлар рейтингісі өте жоғары деңгейде өсіп, телеарнаның беделін арттырады.

Бүгінде «Егемен Қазақстан», «Астана қаласының мәдениеті» т.б. басылымдарға мақалалары ұдайы жарияланып тұрады. Сонымен қатар, «Ресми фактор» газетінің Түркістан өңіріндегі меншікті тілшісі.

Қазіргі таңда әкесінің салған сара жолымен қалалық білім бөлімі жанынан шығатын «Ұстаз», «Түркістан ұланы» газеттерінің тілшісі әрі корректоры болып жауапкершілікпен қызмет атқаруда.

Рухани-адамгершілік тұрғыда айтар болсам, Ақмарал үнемі ізгілікті істер атқарудан, жаны жаралы жандарға көмек қолын созудан шаршамайды. Мүмкіндігі шектеулі таңдайына бұлбұл ұя салған әнші досы Гүлхая Жуашбаеваны жігерлендіріп арманына қол жеткізуге көмек береді. Елімізге танымал әнші Мадина Садуақасованың шақыртуымен Алматы қаласына барып оның концертіне Гүлхая Жуашбаеваның қатысуына мұрындық болады.

Сондай-ақ, Гүлхаяның өмірге деген құштарлығын халыққа көрсету мақсатында Бейсен Құранбектің «Айтуға оңай» бағдарламасына да екеуі түсіп қайтады. Тіпті Гүлхаяның «Менің сәуле ғұмырым» атты ән кешінің сценариін өзі жазып, Республика көлемінде әр аймақта өткізілген ән кешінің басты жүргізушісі болады.

Нәтижесінде Ақмарал мен Гүлхая халықтан толайым алғыс алып қайтады. Қазір қоғамда ынсап, әділет, ұят, мейірімнің кемшін екенін мойындасақ, бұл атқарылған ізгі істері Ақмаралдың рухани ілімді дәріптеуінің белгісі және адамзатқа берер үлгісі дер едім.

Ақмарал Ғаниқызы облыстық, қалалық жыр мүшайраларының бірнеше дүркін жеңімпазы. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі Баспасөз мерекесі қарсаңында қала Әкімінің марапатына ие болып жүр. Нұр Отан партиясының мүшесі, «Жас Отан» жастар қанатының өкілі ретінде жастар арасындағы бірқатар проблемаларды қолға алып, оны шешу жолында қалам тербеп, аянбай атсалысып келеді.

Әсіресе, жастардың көкейтесті, тіл саласына қатысты өзекті мәселелерді бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау арқылы күрмеулі істердің шешілуіне өз септігін тигізуде. Қоғамда мемлекеттік тілдің абыройын асыруды басты ұстанымы еткен Ақмарал әртүрлі шараларға белсенді атсалысады.

Осының айқын дәлелі –2014жылы «Ең үздік» журналист атанды. 2015жылы өткен Елбасының форумына делегат болды. ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының Алғыс хатын иемденген.

Журналистік қырымен дүйім жұртқа танымал Ақмарал Ғаниқызы көкірегі ояу, рухани жаны таза, өзінің бойына адамдық қасиеттерді терең сіңірген, өз кәсібін жетік меңгерген, қаламы қарымды ақыл-ой, парасат иесі. Оның арқалаған қаруы –қаламы, оғы – сөзі.

Ақмаралдың қаламгерлікке қадам басқаннан бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері – тынымсыз еңбек пен шығармашылықтың нәтижесі. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, қос жағымды жаңалықты айтайын, халықтың көз алдында өмірлік тұлғасы қалыптасқан Ақмарал Ғаниқызы Ысқақова жуырда заңды түрде Қазақстан Республикасы Журналистер Одағына мүшелікке қабылданды, сонымен қатар «Аймақ» атты қалалық газеттің бас редакторы атанды.

Жұмбақ ақын әлемі,
Сезімі тұнық әдемі,
Тал бойында жоқ міні,
Қызыл тілі- шипа емі.
Сыр көмбеге енеді,
Жыр көбесін сөгеді.
Шер өлеңін төгеді,
Бойға рухын егеді.
- дей келе, әкесіне жете туған ойы ұшқыр талант иесі Ақмаралды осы жеңіс пен жетістігімен шын жүректен құттықтаймын!

Қанына сия тамған әріптесім – Ақмарал Ғаниқызына қаламың – мылтык, сөзің –оқ, жүрегің – от боп қоғамның игілігі үшін елге тынымсыз қызмет ете бер!-дегім келеді.

Несіпкүл ӨТЕБАЕВА, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Түркістан қаласы
Просмотров материала: 21 239

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 010 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 833 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 804 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 743 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 723 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 477 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 233 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 260 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 717 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 845 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 964 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 309 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 306 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 494 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 644 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 189 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930