20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ҚАТЫНҚАМАЛҒА ТУРИСТЕРДІ ТАРТУ ҚАЖЕТ

ҚАТЫНҚАМАЛҒА ТУРИСТЕРДІ ТАРТУ ҚАЖЕТ Түрлі дәуір парақтарында таңбаланған Қаратаудың нақты «жасын» ешкім дөп басып айтқан емес. Бірақ осы жатаған ғана таудың қазақ тарихындағы орнын ешкім жоққа шығара алмасы анық. Кешегіге қарайық, әйгілі Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» поэмасы «Мың жеті жүз жиырма үшінші жыл, қазақтың Сыр бойында жүргені анық...» деп басталады. Белгілі өлкетанушы, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Мыңжасов осы Қаратаудағы Қатынқамал үңгірін толыққанды зерттеу қажеттігін айтады.

Аңыз айтады...

«Ескіден жеткен аңыз сонау «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның» заманында жүздеген жан осы үңгірді паналап, жоңғардың қисық қылышынан аман қалған деседі. Қатынқамалды бірде қорған, бірде үңгір дейтіні сондықтан,»–деп бастады әңгімесін ғалым.

Жоңғар мен қазақ қысқа күнде қырық қидаласқан жаугершілік кез екен. әуелгіде жарағы сайлы жаумен қазақ қолы біртіндеп Сыр бойына қарай ойысыпты. Қарайғанды қағып салып келе жатқан жоңғар тым аяусыз, тұтқиылдан тап берген жауға төтеп бере алмаған қазақ тым қорғансыз кез болса керек.

Есеңгіреген ел есін осы Қаратаудың етегінде жиыпты. Елдегі еркеккіндікті әйел-баланы таудың биігіне жеткізіп, өздері ойда қалады. Тау етегінде Ұзынбұлақ, Садырқамал, Қатынқамал атты алапат ұрыстар өтіпті. Ал қан сасыған даладан қашқан қыз-келіншектер мен балалардың зары Тәңірдің құлағына шалынып, таудың бір бүйірінен үлкен ойық пайда болыпты. Сол үңгірді паналағандар кейін жау кеткесін ойға түсіп, жұртымен қауышыпты деседі.

– Үңгір жайлы ертеден белгілі болғанмен баспасөз беттерінде өткен ғасырдың соңғы ширегінде ғана жазыла бастады,– дейді ғалым. – 1975 жылы жергілікті журналист Құдайберген Ертасов аудандық газетке өзі көрген Қатынқамал жайлы мақала жариялайды.

Үңгірдің ауызы өте тар. Адам еңкейіп, зорға кіре алады. Әйтсе де ары қарай жол кеңейе түседі. Тереңдей түссеңіз, түкпіргі бөлігінде жел соғып тұратын саңылау сезіледі. Үңгір ішінен кейде қыш ыдыстардың қалдығы табылып қалып жатады. Бірақ, Қатынқамалды ғылыми тұрғыда зерттеу жағы әлі кемшін соғып жатыр.

Қойнауы толы қазына

– Қаратаудың жақпар тастарында петроглифтер өте көп. Осы тұрғыдан қарағанда Қатынқамалдың жоңғар шапқыншылығынан бірнеше ғасыр бұрын пайда болған деп болжам жасауға болады,– дейді өлкетанушы.– Бұл кенеттен пайда болған қуыс емес, адамдар арнайы жасаған пана болуы әбден мүмкін. Өйткені, үңгір аузы төменнен қарағанда көрінбейді, жоғарыдан көз салсаңыз да бұта далдалаған қуысты бірден таба қоюыңыз неғайбыл.

Сонау Әмір Темір заманынан сыр шертетін әйгілі «Зафир наме» кітабында Қаратаудың батысындағы Ақсүмбе айрықша аталады. Атақты қолбасы Дешті Қыпшақ жорығын осы арадан бастаса керек.

Қатынқамалды жанай ағып жатқан Ақүйікті өрлесеңіз Естекбелден шығасыз. Өзгеше бел үстінде күзетші мұнарасы секілді ғажап құбылыстың орны бар. Бауырлап жатқан адамға төрт тарап бірдей көрінетін белде тастан қаланған шағын қорғанның ізі жатыр. Осының бәрі Қаратаудың, Қатынқамал маңайының жоңғар шапқыншылығына дейін де берік қорғаныс орны болғанын көрсетіп тұр.

Ел аузындағы әңгіме Қатынқамал үңгірінің бір басы 18-20 шақырым қашықтықтағы Талдысу өзені бойынан шығатынын айтады. Қатынқамал маңайында Мұрын деген үлкен қуыс бар. Бір қарағанда адамның танауына ұқсайтын осы үңгірдің Қатынқамал жолымен түйісуі әбден мүмкін. Тіпті Қаратаудың әр бұрышындағы жерасты жолдарының бір-бірімен жалғасып жатуы да ықтимал.

Туризмдегі табысты орын болар еді

Туризм саласына ерекше мән беретін өркениетті елдерде мұндай орындар көзден таса қалмайды. Ал біз тарихтың тәбәрігіндей Қатынқамалға жеткілікті мән бере алмай келеміз. Қаржы бөліп, айналасын абаттандырса, алып үңгір маңайы туризм үшін табысты орынға айналар еді.

Бүкіл құпиясын қойнауына бүккен Қатынқамал, оның айналасындағы таңбалы тастар аңыздың ақиқатқа айналар уақытты күтіп үнсіз мүлгіп тұр...

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

Матрица.kz
Просмотров материала: 1 860

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 773 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 596 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 565 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 499 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 482 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 448 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 209 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 234 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 670 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 802 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 766 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 317 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 468 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 908 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930