25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



МЕНІҢ АРМАНЫМ!

27 апрель 2017, 14:17
МЕНІҢ АРМАНЫМ! Болғанда ақылың дария, кеудең кеме,
Кемесіз дариядан өтем деме.
Кеудеңде санаң болса, талап ізде,
Талапсыз мақсатыңа жетем деме.
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлының мына өлең жолдарында әрбір саналы адамның талапты болуы керектігі, талапсыз ешқандай мақсатың мен арманың орындалмайтындығы туралы анық айтылған.

Ұстазым: «Өзіңнің арманың туралы эссе жазып кел»,- деп тапсырма берген кезде мен көп ойландым. Әрине, ештеңе де оңай емес… «Көз қорқақ, қол батыр» деп іске кірістім.

Адам баласының қайталанбас кезі – бақытты балалық шағы. Біз, сол бақытты күндерді басымыздан кешіп жатырмыз. Аллаға мың рет шүкіршілік айтып, ризашылығымды білдіремін. Себебі, еліміз тыныш, жұртымыз аман, ата – анам мен бауырларым жанымда. Осы бақытты күндерімді босқа өткізбей, сапалы білім мен саналы тәрбие алуға тырысып жатырмын.

Қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абай атамыз өзінің он бесінші қарасөзінде: «… Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен – өзің есеп ал!» — деп айтқандай, күніне бір мәрте өз – өзімнен есеп аламын. Әр күнгі атқарған іс – әрекеттерімді ой елегінен өткізіп, ертеңгі күнім, болашағым туралы қиялдаймын.

Менің арманым … Шәкірттердің сүйікті ұстазы болу …

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін – өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптасты-рып, дамыту үшін жауапты»,- деген болатын.

Елбасымыз ұстаздар уақытпен санаспай еңбек етіп, үздіксіз білім алып, педагогикалық шеберліктерін шыңдап қана қоймай, жан – жақты білімді, шығармашыл тұлғаны дамыту үшін жауапты екенін атап көрсеткен.

Өмірдегі көп мамандықтың ішінде жан – жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, шәкіртін сүюді, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық. Өйткені, ол мамандық ғылым негіздерін үйретіп, шәкірттердің арманы мен қиялын ұштап, олардың тағдырына басшылық етуді мойнына жүктеген мамандық.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқан өлең жолда-рында терең мағына жатыр.
Ұстаз – өз пәнін, өз кәсібін, өз шәкіртін шексіз сүйетін мейірімді жан. Үнемі тынымсыз еңбек, ізденіс үстінде жүретін, ешқашан шаршауды білмейтін адам екеніне көзіміз жетіп келеді. Әр ұстаздың еңбегі мен төккен тері ешқашан зая кетпейді. Менің ойымша, ұстаз – мәртебесі биік адам.
Осындай ұстаздардың бірі – Отарғалиева Қамарсұлу Серікболатқызы.

Мен ұстазыма еліктеп қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болуды армандаймын. Қиял жетегінде жатып кейде тележүргізуші де болғым келеді. Қамарсұлу Серікболатқызының бізге түсіндірген әрбір сабағы, бізді өмірге қанаттандырып айтқан ақыл – кеңестері, өмір туралы айтқан әңгімелері ойыма орала береді. Қамарсұлу Серікболатқызының: «Қандай мамандық иесі болсаңыздар да өз мамандықтарыңызды шексіз сүю керексіздер, сонда ғана армандарыңыз орындалып, мақсаттарыңызға жетесіздер»,- деген сөздері әрқашан жадымда тұрады.

Мені ұстазым көркемсөз оқуға, пәнді терең меңгеруге баулып келеді. Аудандық көркемсөз оқу байқауларына, пән олимпиадаларына қатынастым. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аудандық пән олимпиадасынан жүлделі І орын иелендім. Бұл – ұстазымның еңбегінің жемісі. Қамарсұлу Серікболатқызы – болашағыма жол сілтер ақылшым.

«Арманына адаспаған жетеді», — дейді дана халқымыз. Осы армандарым мені адастырмаса екен.
Менің ойымша, барлық адамның да арманы орындалады. Оған білім мен еңбек және төзім керек деп ойлаймын.
Үлгі тұтатын мамандық иелерінің өмірлеріне жүргізген зерттеуім

Мен өзім үлгі тұтатын екі адамның өмірлеріне зерттеу жүргіздім.

1. Тележүргізуші Дана Нұржігіт
2. Ұстазым қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамарсұлу Отарғалиева Серікболатқызы

Дана Нұржігіттің өмірбаянын ғаламтор желісінен іздедім. Бірақ өмірбаяны туралы толық мәлімет ала алмадым. Дана Нұржігіттің журналистермен жүргізген сұхбаттарын оқып, мәлімет жинадым.

Дана Нұржігіт 1972 жылы 22 наурызда Сыр бойында, яғни, Қызылорда облысында дүниеге келген. 1979 жылы Қызылорда қаласындағы №198 мектепке 1 – класқа қабылданып, одан әрі отбасының Есік қаласына көшіп келуіне байланысты Алматы қаласындағы А. Жұбанов атындағы музыка мектебіне оқуын жалғастырады.

Дана Нұржігіт отбасындағы үш баланың тұңғышы, өзінен кейінгі сіңлісі Элиза, інісі Рүстем (Рүстем Нұржігітті сахнадан көріп жүрмін). Үшеуі де А. Жұбанов атындағы музыка мектебінен білім алған. А. Жұбанов атындағы музыка мектебінен көп нәрсені, өнерді, адам тануды үйренген. Әкесі қайтыс болған, анасы өмірде бар.

Ең алғаш тікелей эфирге 1997 жылдың 18 ақпаны күні шыққан. Тележүргізуші болғанға дейін концертмейстер және ұстаз болған.
Поэзияны, көркем шығарманы сүйіп оқиды. Соңғы оқыған кітабы Қадыр Мырза Әлидің өлеңдері.
Дана Нұржігіт адамдарды адамгершілігіне қарай бағалайды, орынды сынды да қабылдай алады. Шыншыл, адамгершілігі мол адамдарды ұнатады, өзімшіл, екіжүзді, ісі мен сөзіне жауап бере алмайтындарды ұнатпайды. Телевизия үлкен жауапкершілікті талап ететінін түсінеді. Өз елін сүйетін ұлтжанды азаматша, өйткені қанша көп қаржы төлеймін десе де, өзге елге жұмысқа барғысы жоқ. Сыйлас, сырлас адамдары бар.

Қамарсұлу Серікболатқызы бұрынғы Орал облысы, Тайпақ ауданы Калмыков ауылында 1972 жылы 30 қазанда дүниеге келген. 1989 жылы орта мектепті аяқтап, Орал қаласындағы А. С. Пушкин атындағы педагогикалық институтқа оқуға түседі. 1993 жылы филология факультетін тәмамдап, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын алып шығады. Қырыққұдық орталау мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастайды, 1994 -1995 оқу жылынан бері Ғ. Махамбетов атындағы ОЖББМ өз мамандығы бойынша қызмет атқарып келеді. Отбасындағы төрт баланың тұңғышы, екі інісі (Таран Закаров, Біржан Серікболатов), бір сіңлісі (Қамқа Закарова) бар.

Анасы он жасында қайтыс болып, әжесі мен әкесінің тәрбиесінде болған. Ата – анасы да қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болған, ұстаздық мамандықты таңдауына әкесі ықпалы еткен.
Қамарсұлу апайымыз ата – анасын жиі есіне алады. Көркем шығармалардағы әке, ана бейнесін оқытқанда көзіне жас алып, ата-ана қадірін ұғындыруға тырысады.

Талапшыл, шыншыл, ізденімпаз, тынымсыз еңбектенеді, өмірден жақсылық күтеді. Тіл жанашыры ретінде оқушыларына ана тілін терең меңгертуге тырысады.
Көркем шығармаларды көп оқиды, соңғы оқып жатырған кітабы Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романы.
Жолдасы Отарғалиев Ержан қарапайым жұмысшы, Ұлдары Асылбек Серіков — инженер –техник, Жанқылыш Серіков – студент.
Мен үлгі тұтатын екі кейіпкерім Дана Нұржігіт пен Қамарсұлу Серікболатқызының туған жылдары тышқан жылы болғандықтан шығар, екі кейіпкерімнің бойындағы кейбір қасиеттердің ұқсастығын байқадым.
Өмірбаяндарға зерттеу жүргізген: Ғұмаров Дәурен Асанұлы


ҮЛГІЛІ ТҰЛҒАҒА ХАТ!

Сәлеметсіз бе, аса құрметті Дана Нұржігіт?! Қал – жағдайыңыз, денсаулығыңыз қалай? Жұмыс барысыңыз қалай? Отбасыңыз, бауырларыңыз, ұлыңыз аман ба ?
Менің қал – жағдайым жақсы. Сіз мені танымайсыз. Мен сіздің өнеріңізді, өзіңізді үлгі тұтқан балаларыңыздың бірімін. Шалғайдағы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базаршолан ауылындағы Ғ. Махамбетов атындағы орта жалпы білім беретін мектептің 9 –класс оқушысымын. Аты – жөнім Ғұмаров Дәурен Асанұлы.

Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін ұстазым Қамарсұлу Серікболатқызы өзіңнің арманың туралы эссе, өзің үлгі тұтатын адамның өмірбаянын зерттеп, үлгілі тұлғаға хат жаз деп тапсырма бергенде мен көп ойландым.

Балалақ шақта адамның арманы көп болады ғой. Мен де сондай арманшылмын. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болуды армандаймын, кейде журналист, кейде тележүргізуші болғым келіп, қиял жетегінде жүремін. Армандарымның біреуінің орындалатынына сенемін.
Мен ең бірінші маған өмір сыйлаған, түн ұйқысын төрт бөліп бағып – қаққан ата – анама, екінші білім нәрімен сусындатып, талабымызды құптап, жетістіктерімізге қуанып, өмірге қанаттандырып отыратын ұстаздарыма қарыздар екенімді жақсы түсінемін.

Сіз «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын, «Дара жол» атты бағдарламаларды жүргізіп келесіз. Осы бағдарламаларды ауылдағы тұрғындардың бәрі сүйсініп тамашалайды. Біздің отбасы мүшелері де үзбей қарайды.

Наурыз мерекесі қарсаңында Н.Қоянбаевтың «Түнгі студиясына» кездесуге келге-ніңізде сіздің туылған күніңіздің жыл басы деп есептелетін 22 наурыз күні екенін білдім. Сіздің өміріңіз туралы зерттеу жүргізгенде жұлдыз жорамалдарды да оқыдым. Жұлдызшылардың жорамалдары да шындыққа жақын деп есептеймін.

Бұрынғылар әлем ағашын – Бәйтерек, өмір – төр деп атап, 21 ағашқа өздерінше мән бергені жұлдызшамадан белгілі. «Дүние есігін 21 -31 наурызда ашқандар – Емен. Дәрі – дәрмектерді ұнатпайды. Адамгершілігі мол, батыл, төзімді болғандықтан оның бұтақтары әлсіздерге сая. Қиындыққа төзімді, оны жеңе білуге дайын. Махаббатқа сенгіш біртуар жандар»,- деп көрсетілген.

Мен сіз жүргізген теледидар бағдарламаларын тамашалап отырып, сіздің бір сөзді, қайсар, ізденімпаз, батыл, шыншыл адам екеніңізді байқаймын.
«Түнгі студиядағы» кездесуде сіз еңбекақысыз жұмыс істегеніңізді, өзіңіз сүйген мамандыққа қол жеткізу үшін талай белестерді бағындырғаныңызды, ән айта білетініңізді айттыңыз. Бұл да сіздің өз кәсібіңізді шексіз сүйіп, өз мақсатыңызға жетіп, арманыңыз орындалу үшін талмай еңбектенгеніңіздің арқасы деп түсінемін.

Сіз жүргізетін «Дара жолда» қазақтың біртуар перзенттері атақты ғалым, ұлағатты ұстаз, белгілі актер, ақын – жазушылар, теледидар майталмандары, әншілермен жүргізген сұхбаттарыңыз өте әсерлі, мазмұнды болады. Әр кейіпкеріңіздің ашылмаған сырларын ашып, жаңа бір қырынан танытасыз. Әр жексенбіні асыға күтіп, сіздің бағдарламаңызды тамашалаймын. Сіздің кейіпкелеріңізге қойған сұрақтарыңыз, сөйлеу шеберлігіңіз бен әдемілігіңіз, мәдениеттілігіңіз маған ұнайды. Мен сіз сияқты тұлғаларды пір тұтамын.

«Арманына адаспаған жетеді»,- дейді халқымыз. Мені де армандарым адастырмаса екен. Мен де әділ, турашыл, өз ісінің білгірі, мамандығын шексіз сүйетін азамат болғым келеді. Әрине, ол үшін үлкен еңбек керек екенін жақсы білемін.

Дана Нұржігіт! Сіз өте тамаша жансыз! Сіздей тележүргізушілер еліміз үшін аса қажет деп ойлаймын. Сіз әлі талай бағдарламаларды дүниеге әкелетініңізге сенемін. Еңбегіңіз жана берсін. Отбасыңызбен аман болып, ұрпағыңыздың қызығын көріңіз. Хош сау болыңыз!

Ыстық сәлеммен хат жолдаушы: сіздің өнеріңізді үлгі тұтқан балаларыңыздың бірі Дәурен деп білерсіз.
7 сәуір, 2017 жыл.

Матрица.kz
Просмотров материала: 4 635

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 167 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 988 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 959 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 899 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 880 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 487 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 242 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 268 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 727 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 855 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 021 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 314 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 309 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 546 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 135 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 694 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 831 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 959 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 276 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930