26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ДҮКЕН АШЫП, ДІКЕҢДЕГЕНДЕРДІ ДЕ КӨРДІК! БАТАЛОВТЫҢ СӨЗІ ӨТПЕЙ МЕ?

ДҮКЕН АШЫП, ДІКЕҢДЕГЕНДЕРДІ ДЕ КӨРДІК! БАТАЛОВТЫҢ СӨЗІ ӨТПЕЙ МЕ? Алматы облысында ауыл мектебінің ішінен дүкен ашып, саудасын қыздырған кәсіпкерді 50 мұғалім соттасып жеңе алмай жүр. Тіпті директоры шағымын облыс әкімінің өзіне де жеткізген. Алайда, аудандағы басшылар кәсіпкердің сөзін сөйлейді екен. Бұл туралы «КТК» телеарнасына ұстаздар шағымданған. Ұстаздардың айтуынша, дүкен иесі соңғы кезде мектептің ішкі жұмысына да араласа бастаған.

Жүнісбай Қайыпов атындағы орта мектептің сауда-саттық орталығына айналғанына екі жылға жуықтаған. Дәл кіре берістегі мына дүңгіршекте кеңсе тауралары мен басқа да тұрмысқа қажетті заттар сатылады. Алайда Зәмзәгүл Мамырбаева ол үшін мектепке көк тиын да төлемейді дейді директор. Керісінше кәсіпкер электр жарығы, су, күзетші секілді қызметтерді тегін пайдаланады екен.

Мектепке мүлдем қатысы жоқ кәсіпкерден көресіні көрдік деген ұстаздар дүкенді жабуды талап етіп, сотқа да шағымданған екен. Тіпті осы мәселені айтып, облыс әкіміне дейін барған. Бірақ аудан басшылары бұл тапсырманы орындаудың орнына ұстаздардың басына әңгіртаяқ ойнатқан.

Бибігүл Сейсебаева, мектеп директорының орынбасары:

-Облыс әкімі бұл сауда –саттық жасайтын жер емес деп аудан әкіміне тапсырма берді. Үш күнде шара қолданып, мектептен шығарасыз деген деді.

Шарафат Орынбаева, мектеп директоры:

- Батталовқа дейін бардық. Кейін мені әкім орынбасары Бибаев Айдос шақыртып , ұжымыңызға ие болыңыз тыныш отырсын деді. Егер қолыңыздан келмесе, орныңызды босатып өтінішпен шығып кетіңіз деді.

Ал, директор атын атаған шенеуніктерді жұмыс орнынан таба алмадық. Түрлі сылтау айтып, жан-жаққа кеткен. Дауға себепкер болған кәсіпкермен де көзбе-көз мүмкін болмады. Тілшілер келетінін естіген кәсіпкер дүкенді жауып кетіпті. Телефон арқылы тілдескенде, тіпті дүрсе қоя берді.

- Ашсам маған рұқсат берген. Қолымда келісім бар. Оны әкімнен барып сұраңыз. Мен ұрланып кіріп алған жоқпын ол жаққа. Мен саған кішкентай баламын ба, ойыншықпын ба ?

Бизнесін білім ошағында дөңгелеткен кәсіпкердің әрекетінен бүкіл аудан басшылары хабардар екен. Бірақ оны жауып тастауға әзірге ешқайсысы дәрменсіз. Тіпті облыс әкімі мектептегі сауда-саттықты тоқтату туралы аудан басшыларына тапсырма берген. Оның өзі әзірге орындалмай отыр. Сондықтан «қырық адам бір жақ, қыңыр адам бір жақ» болған мектептегі тартысты кімнің тоқтатары белгісіз боп тұр.

Дереккөз: «КТК» телеарнасы

Матрица.kz
Просмотров материала: 2 811

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 351 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 172 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 143 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 087 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 071 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 497 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 252 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 276 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 741 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 874 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 087 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 487 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 605 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 753 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930