25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



ШЫМКЕНТТІҢ ШЫЖЫҒЫ…

ШЫМКЕНТТІҢ ШЫЖЫҒЫ… Шымкентте шешімін күткен шаруа шаш етектен. Әкімінің арманы алыстағы Лас-Вегаста. Мұрынның астындағыны біреу айтпаса, көз көре бермейді ғой, негізі. Жас басшылар көп қабатты үй көтеріп, велосипедке арнап жол салынса, Шым-шаһар шынайы мегополис бола қалады деп топшылайтын шығар, бәлкім...

Кез-келген өркениетті елдерде ең алдымен халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартады. Ал, Шымкентте мемлекеттік мекемелердің қызметіне жүгінсең, жүгіресің де жүресің. «Бір терезе» жүйесі жүзеге асырылғанымен, сарылған халық әлі сабылған күйі келеді.

Қаланың басым бөлігі жеке тұрғын үй массивтерінен құралған. Әлі күнге жеке меншік монополистерге күні қараған шағын аудандар бар. Жылда қара күзде біресе үкіметтің газын, біресе суын кіргіземіз деп көшелерді қазып жатады. Оның орнын дұрыстап жауып та кетпейді. Қыс бойы ми батпақ болады. Жолдың жиегіне жету мұңға айналады.

3-4 жыл бұрын ғана жаңаланған су құбырлары көбінесе «жарылғыш», электр желілері «үзілгіш», әйтеуір. Мұны айтқанда әкімнің осы жұмыстарға жауапты орынбасарының мердігерге тендерді біз беріп, сапасыз жұмысты біз қабылдап алғандай дүрсе қоя бергені бар.

Қалада жарығы жоқ, тас қараңғы көшелер өте көп. Есесіне ұрлық өршіп тұр. Талай үй мен дүкендер тоналды. Жұрттың несиеге алған тұрмыстық техникаларын «тасып» кеткен. Ол ұрыларды қашан ұстайды? Қашан жұрттың мүлкін қайтарады?

Ұрылардан қалған жұрттың жүйкесін газ бен жарықтың бақылаушылары жұқартумен келеді. Олар ойда жоқ сандарды құрап, тұтынушыларды белшеден қарызға батырып жатыр. Бұл екеуінің де есептеуіш құралдары үй ауласында тұрады. Жұмыс уақытында көрсеткіштерді айтатын адам болмай қалса, әлгі «контролерлер» есікті тепкілеп, одан қалса үйдің сыртынан тон пішіп, ойына келген сомманы жазып кете береді. Сөйтіп ай соңында 50, 60, 100 мың теңгеге шейін қарыз деген төлем-түбіртектерін әкеп тастайды.

Сол баяғы «ҚазтрансГаз» бен «Энергопоток» ЖШС-нің жыры бітпей келе жатқан. Былтыр 30 шақты бақылаушы жұмыстан босатылса да, одан ешқандай нәтиже шықпады. Әлбетте, өңшең не үйдің шаршы метрін, не көгілдір отынның кубын өлшеуді білмей0тін біреулерді жинап алса, ондайлар жарықтың киловатын есептеп қарық қылсын ба?

Екі ортада әуре-сарсаңға түсетін тұтынушылар. Монополистер де қып-қызыл бюрократтар. Мәселен, есептеуіш құралдарының көрсеткіштерін бір мекеменің бақылаушысы жазып алса, түбіртектерді екінші бір мекеменің қызметкерлері үлестіріп кетеді. Тура сол сияқты жарықты да біреу сөндіріп кетеді, басқа біреу қосып береді. Қызықты қараңыз, өздері уақытылы түбіртекті жеткізбейді. Сөйтеді де, әр айдың 25-жұлдызынан кейін өсімақы қосыла дейді. Егер әлдеқандай себептермен төлем ақысын кешіктірсеңіз, электр қуатынсыз қаласыз.

«Өзім дегенде өгіз-қара күшім бар» деген ғой. Өздері дегенде тым пысықай, абоненттерге қызмет көрсетуге келгенде өте жайбасар. Мәселен, сөндіріп кеткен жарық үшін сол күні айыппұл төлесеңіз де, үш тәуліксіз қайта қосып бермейді. Үйіңізде жарыққа тәуелді пешіңіз болса, қыс ауасында сондай күйге түссеңіз үсіп өлесіз.

Неге бұлай екенін сұрасақ, «заңда солай» деп жауап береді, бұлар. Үнемдеген түрі ме, қайдам, бірқатар аудандарда ауық-ауық жарық өшіп тұрады. Арнайы қоңырау шалмасаң, қоспайды. Қазір, енді кей массивтерде сағат 11:00 мен 18:00 арасында суды да өшіріп жатыр екен.

Сервисіңнің сиқы осындай болса, Лас-Вегастың ауылы алыс қой, әлі!

Мөлдір Нұрман, Матрица.kz

Просмотров материала: 2 795

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 115 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 938 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 908 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 848 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 829 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 484 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 239 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 265 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 723 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 852 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 000 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 312 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 526 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 676 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930