29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



САҚАЛЫҢДЫ ҚЫСҚАРТ, БАЛАҒЫҢДЫ ҰЗАРТ! (ВИДЕО)

САҚАЛЫҢДЫ ҚЫСҚАРТ, БАЛАҒЫҢДЫ ҰЗАРТ! (ВИДЕО) Астанада ІІ-Республикалық имамдар форумы өтті. Келелі кеңесте ел мен дінге игілікті екі бірдей құжат қабылданды. Біріншісі - «ХХІ ғасырдың зияткерлік имамы», екіншісі – «Әбу Ханифа мәзһабы, Матуриди сенімі Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» деп аталады. Демек, дін жолындағы бағытымыз тағы да нақтыланды. Дін басыларымен жүздескен Елбасымыз өзекті мәселелерді өзі айтты. Тақырыпты тарқатсақ....

Зайырлы десе, зайырлы қоғамда өмір сүріп келеміз. Бұл заңдылық та.
Қазақстандағы келімсек секталардың арасында Исламның атын жамылған ағымдар қауіпті боп тұр. «Дінді ұстай білсең – қасиетің, ұстай білмесең - қасіретің» деген рас.

Жалпы халықтың шынайы діннен бейхабарлығы талайға тамұққа түсіруде. Өздерімен-өздері шала бүлінгендерімен қоймай, ел ішін де алатайдай бүліндіріп жатыр, олар. Әлеуметтік теңсіздіктің бас көтерушілерінен де қауіптісі діннен шыққан бүлікшілер болады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Жазықсыз жандардың қанын төгу - қай дін, қандай ағым ақтай алатын қылмыс, бұл? «Мұсылман бір адамды өлтірсе, адамзатты өлтіргенмен тең». Қазір, мұсылман мұсылманды өлтіріп жатыр. Нағыз біздің дінімізге балта шабатын сол. Біздің дініміз нағыз алдыңғы қатарлы дін, ең соңғы дін. Біздің Пайғамбарымыз да сондай. Соған сай болуымыз керек. Жастарды білімге баулу керек. Білімді болмасақ, жастарымыз білімді болмаса, еліміз, халқымыз білімді болмаса, ертең біз көштің артында қаламыз. Сондықтан мұндай мәселеге келгенде әр адамның ішкі сүзгісі болу керек. Сарапқа салуы үшін білімі болуы керек. Осыны халыққа түсіндіру керек.

Жақында ұлым бір досының балағын әкесі кесіп тастағанын айтып келді. 15 жастағы оқушы ендігі кейіпінен ұялып, сабақтан тыс уақытта көшеге шығуды, достарымен араласуды бірден доғарған. Баланың психологиясына кері әсер етеді, әсіредіншілдік.

Балақ тұрмақ, сақалдың ұзындығының өлшемін білмейтіндер, кезінде белінен төмен түсіріп алғаны бар еді. Әнебір жылы Дін туралы заң біршама күшейтілгенде, әлгі тақуасымақтарымыз, бір метрге жететін сақалдарынан бір қарыс та қалдырмады. Балақтарын ұзартып тастады.
Солардың киіну үлгісі көз алдарында қалып қойғандар қаз-қалпынан айнымай жүр, әлі. Ал, сол сәләфи-уахабилердің кесірі ханафилердің әдеттегі әдептерді ұстануларына да зиянын тигізе бастады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Бізде соңғы кезде өрімдей жас жігіттер сақалын сапситып қойып, балақтарын шорт кесіп келеді. Бетін тұмшалап бүркеп, қап-қара көйлек киген қыздардың қатары көбейді. Бұл біздің ұлтымызға да, сана-сезімімізге де, дәстүрімізге де сай келмейді. Қазақта қараны кісі өлгенде киеді, «Қара жамылып отыр екен» деп. Үйдің иесі өлді немесе бала-шағасы қырылды деген сөз, бұл. Әрине, әркім не кием десе, өзі біледі деген бостандығымыз бар ғой, бірақ ол басқа нәрсе. Мынау әдейілеп тұрып, бізге қарсы шығатын, қазақты бөледі. Құдай деген адамның жүрегінде болуы керек емес пе?» - деді.

Балақ мәселесіне тоқталсақ. Баяғының корольдері жамылғыларының ұзындығын жер сүріп жүретіндей етіп киген. Оның етегін құлдары көтеріп жүрген. Ол шариғатта тәкаппарлыққа жатады. Пайғамбарымыз (с.а.у) мұсылмандар сондай тәкаппарлықтан сақтансын деген ниетпен сахабаларына шапандарының етегі корольдердікіндей ұзын боп кетпеуін ескерткен екен. Қазір ондай шапанды кім киеді?

Ал, шалбардың балағы жамылғының ұзындығындай болмасы анық қой. Ол сол арабтардың еркектері киетін сүннет киімнің үлгісі, әлі күнге дейін сақталған. Пайғамбарымыз с.а.у шалбардың балағы емес, шапанның етегі туралы айтқанын ұғынса екен, осы жұрт.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Біз дінімізбен бірге ұлттық дәстүрімізді мықты ұстауымыз керек. Біздің қыздарымыз атам заманнан бері қарай бөрік киген, келіндері орамал салған, аналарымыз кимешек киген, міне біздің салтымыз. Ешқандай дін де, ештеңе де одан бөлінген жоқ. Тағы да айтайын, қазақта шымқай қара киіну жаман ырым. «Кісісі өліп, қара жамылып отыр» деген сөз бар. Сонда біздің жастарымыз осындай бізге керек емес, ата-бабамыздан қалмаған өсиетке қарай жүретін болса, еліміздің болашағы не болады? Біз оған жол бермейміз. Мына тәуелсіздігімізді оларды тайраңдатып қояйық деп жасап отырған жоқпыз. Бізге Қазақстанның бірлігі керек, болашағы керек, өсіп-өркендеп, зайырлы мемлекет болуымыз керек.

Қара киінудің қайдан келгенін айтсақ. Сол заманда Меккенің бір саудагері мата сатып алуға барса, қара түстісінен басқасы қалмааған екен. Содан не керек керуен-керуен қара мата алып қайтыпты.
Бұрын соңды ондайды көрмеген Меккенің әйелдері қара түсті ұнатпапты да, көз қырын салып қарамапты да. Сөйтіп әлгі сатушының саудасы тоқтап қалады. Шығынын шығаруы керек қой.

Сол жердің бір ақынына барып матасын мақтатып, өлең жаздырып алады. Ертелі-кеш «Қара түс қара түндей қандай әсем» деп әндете беріпті. Арабтың әйелдері әлгі әккінің әніне еліріп, матасын талап әкетіп қалады да, бір түнде жаппай қара киініп шыға келеді. Қара киінудің тарихы осы ғана.

Ал, Құранда қара киінбек тұрмақ, бетті тұмшалау турасында ешбір аят жоқ. Пайғамбарымыз да с.а.у ештеңе демеген. Бірақ, әйелдерге әуретті жерлерін жауып жүру - парыз. Ол парызды бұрынғы аналарымыз етек-жеңі ұзын бүрмелі көйлектер мен әппақ кимешек киіп-ақ орындаған.

«Никаб» деген сахараның күнінен қорғану және күңдердің, биші қыздардың жүздерін жасыру үшін ойлап тапқан бір «маска» ғана.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Шет елдерде өз беттерінше білім алуға кеткен кейбір жастарымыздың жат ағымдардың арбауына түсіп, елге теріс идеяларымен келу қауіпі бар. Алдап-сұлдап, дүниеде әрнәрсеге қолы жете алмай қалған жұмыссыз жастарды біраз ақша беріп алып кетіп, соғысқа салып, ана жерде қырылып жатыр шетінен. Егерде жаман жолға түсіп, экстремизм-терроризмге осы жақтан кететін болса, ол Қазақстанға қайтып келмейді. Ата-аналары да, бәрі де білулері керек. Барғаннан кейін өкініп, бармағын тістеп жатқандар да толып жатыр, білемін оны»


Саудияда оқитын студенттеріміздің ақидадан адасып кететіні рас. Өйткені ондағы елдердің көбі уахабизмге жақын сенімді ұстанады. Ал, шейіттер мен жиһадшылардың барлық әрекеті Исламға қайшы. Халифат құруды көксейтіндер - жоқ іздеп жүрген пақырлар.

Халифаттықтың дәуірі Хазіреті Әбу-Бәкір, Омар, Әли, Осман халифалардың дәм-тұзы таусылғанда-ақ тәмәм болған. Өзінен кейін төрт қана халифа болатынын Пайғамбарымыз с.а.у көзінің тірісінде айтып кеткен.
Ал, Құранда жер бетіндегі елдердің мемлекет пен әмірліктер болып құрылатыны анық айтылған. Демек, мына заманда ешқандай халифат болмайды.

Біздегі сәләфи-уахабилер дінді алға тартып, қазақы әдет-ғұрыпты дарақы санап, жоққа шығарады. Алла Тағаламыз Құранда бұған да жауап берген. Ағраф сүресінде әр ел өзінің игі дәстүрін дінмен сабақтастырып өмір сүру заңдарын құру керектігі анық жазылған. Хақтың сөзін жан баласы өзгерте алмайды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

-Сырттан ықпал етудің бір тәсілі - бізге жат діндерді тарту. Кейінгі кезде осындай ахуал бар. Қазіргі заманға сай болып жатқан тартыс, сөз салыстыру, ана жақ, мына жақ, осының бәрінің егжей-тегжейін сауатты білетін имамдар ғана елдің бетін бері қайыра алады. Зайырлы білімді білу керек. Басқа діндерді де білуі керек. Сонда салыстыра келе адамдарға түсіндіре аласыздар. Сондықтан сіздерге артылатын жауапкершілік өте үлкен болады. Жамағатқа сөзін өткізу үшін имамдардың беделін көтеру керек. Өздері инабаттылық пен тазалықтың үлгісін көрсетулері керек.

Имамдарды емес, мешіттің сыртын торыған «диуаналарды» тыңдап, солардың жетегінде кеткендер, өздерінің қайда адасып жүргендерін де білмейді. Шейхсымақтарын тыңдайды. Құран сүрелерінің тәпсірлеріне үңілмейді, бірақ аяттарына таласады.

Құран негізінен екі бөліктен тұрады. «Муһкам» және «Муташабих» аяттарға бөлінеді. Яғни, біріншісі адамзатқа тән, екіншісі Алла Тағаламызға ғана мағынасы аян аяттар.

Сәләфилер де, басқасы да Құранды арабша оқығандарымен, мағынасын түсінбейді. Түсінбегендіктен, адасады. Пасықтықтарымен қоймай, сауатты имамдармен айтысады. Алланың мекенін бұлдағандардан не сұрайсың? Солардың сыртынан қарасаң, «есалаң» көргендей боласың.

Мешітте әдеп сақтамау, имамдарға бағынбау – үлкен күнә. Бұл енді қылмыс саналатын болады. Біздің елде қоғамдық орында тыныштық бұзғандарды жазалайтын заң бар. Ал, мешіт - қоғамдық орын. Дін үшін қатаң заң қабылданғанша, қолда бар құжаттарды «қару» етуге тура келеді. Елбасы имамдарға сенім артып, бір демеп қойды. Енді дін қызметкерлеріне «сегіз қырлы, бір сырлы», «бес аспап» маманға айналу міндеті күтіп тұр.

Ержан қажы Малғажыұлы, Бас Мүфти

- Бүгінгі таңда жамағатымыз сауатты болып кетті. Солардың сұрақтарына, солардың ұсыныстарына сай болуы үшін имам тек қана діни іліммен шектеліп қалуға болмайды. Сонымен қатар зайырлы ілімді де қоса игерген имам болуы керек. Оған бірнеше талаптар қойылады. Жалпы болашақта ХХІ ғасырдың имамы осы болды дегендей болуы керек. Ол тек діни саланы ғана білуі ғана емес, зайырлылық принциптерінің барлығын қолдаған, сыртқы-ішкі саясатты білетін, жалпы халықпен ете байланысатын кете алатын үлкен бір тұлғаға айналуы керек. «Абу Ханифа мәзһабы, Матуриди ақидасы Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» деген құжат қабылдадық. Егер «Дәстүрлі Ислам» десек, әркім әрқандай пікір айтуы мүмкін. Бірақ бұл Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы – Ханафи мәзһабы. Ата-бабамыз ұстанып келе жатқан, біз осы атадан балаға келе жатқан бұл мазһаб елдің бірлігін, халықтың ынтымағын сақтап келген мәзһаб.

Елуге жуық адамның арасында сауалнама жүргізіп, біраз жағдайға көз жеткіздік. Қазір бәрі ғаламтордың қай желісіне болмасын қалта телефондары арқылы қосылады. Ал, «You Tube» деген «төбеде» кім жоқ? Пәленің бәрі сол әлемде. Жат ағымдардың «пірлерін» де сол жерден табасың.

Олардың уағыздарын тыңдасаң, кәдімгі мұсылманшылықты әңгімелейтін сыңайлы естіледі. Ал, сауатсыз зейінмен тыңдасаң, қалай солардың арбауына түсіп қалғаныңды байқамай да қаласың. Бір аптада сәләфи боп шыға келесің.

Біз сауал салған 50 адамның 37-сі, оның ішінде ересектері мешітке барып, имамдардан намаз оқу тәртібін үйренуге ұялатындарын айтты. Сөйтіп, ғаламтор арқылы сауат ашуға кіріседі де кетеді.

Дарын Мубаров, Ділмұрат, Наил, Құрбанәлі сықылды Қазақстанда ресми бекітілмеген уағызшыларды тыңдайды. Өйткені олардың аты танымал. Әрі олармен байланысу да оңай. Шейхтарына қай уақытта хабарласса да, сол мезетте сұрақтарына жауап ала алады, бұлар. Міне, осылайша жат ұстанымдағылар жұмыс істеп келеді. Діни сауатсыз адам әркімге ерсе адаспай қайтсін?

Мұхаммед Пайғамбарымыз с.а.у жәннаттық деп атаған «Әһли сунна уәл жамаъа қауымы» 4 мәзһабқа бөлінеді. Мұсылмандар осы төртеуінің бірінің ұстануы шарт. Әлемдегі 1,5 миллиард мұсылманның 55 пайызы Әбу Ханифа мәзһабын ұстанады.

Егер сіз біреуден қай мәзһабта екенін сұрасаңыз, ол адам «Қандай мәзһаб болса да бәрібір емес пе? Ең бастысы Құран мен хадиспен жүріп-тұрсақ болды ғой» - деп жауап берсе, егер қазақтың нақылын айтсаңыз: «Ол шариғат емес, қазақтың әншейін бір мақалы ғой» - десе, ол жерден тұра қашыңыз. Сізді сәләфи жетектеп кетуі әбден мүмкін. Адасқандарда мәзһаб та, дәстүр де болмайды.

САҚАЛЫҢДЫ ҚЫСҚАРТ, БАЛАҒЫҢДЫ ҰЗАРТ! (ВИДЕО)Мөлдір Нұрман, Матрица.kz


Просмотров материала: 11 599

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 619 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 458 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 444 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 381 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 337 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 640 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 397 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 313 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 226 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 296 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 380 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 450 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031